Агроөнеркәсіптік кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 09:51, курсовая работа

Описание работы

Өзектілігі: Агроөнеркәіп кешені дегеніміз не және оның құрамына кіретін салаларға, қандай ерекшеліктері мен оның құрамына қандай салалар жататынын анықтауға бағытталған.

Мақсаты: Ауыл шаруашылығын өңдеу, оларды сақтау, сапалы өңдеу және дер кезінде халыққа жеткізуң маңызын ашу.

Міндеті: Курстық жұмыстыжазу барысында мынадай міндеттемелер ескрілді:
Экономикалық аудандардағы шаруашылықтың орналасу ерекшелігі
Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салалар
Жер жырту технологиясы
Жалпы АӨ К мәнін ашу және оған қандай салалар жататынын анықтау

Содержание

Агроөнеркәсіп кешні
Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама
Экономикалық аудандардағы шаруашылықтардың орналасуы
Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта.
Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салалар

Агроөнеркәсіп кешеніне жалпы сипаттама.
Дәнді – бұршақ және техникалық дақылдарды жинау.
Зианкестер мен ауруларға қарсы күрес шаралары
Жер жырту технологиясы.
Қазақстанның жер қоры.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

АӨК.курсовая.doc

— 213.00 Кб (Скачать)

   Жеңіл өнеркәсіптің де дамуы ауыл шаруашылық шикізаттарын өндеумен байланысты болып, халықтың тұтыну затгары, яғни мата, түрлі киім түрлеріне деген қажетін қамтамасыз етеді. Ауылшаруашылығымен бірге бұл   сала   ауыр   өнеркәсіптің   химия,   машина   жасау   т.б.   салаларымен

байланыста  больш, оларды өндірістік тұрғыда өнімдермен қамтамасыз етеді. Сондықтан женіл өнеркәсіптің аудандардың әлеуметтік - экономикалық дамуында маңызы зор.

    Қазақстан жеңіл өнеркэсібінің дамуы XIX ғасырда мал шаруашылығының тері және жүн шикізаттарын одан кейін өсімдік, яғни шитті-мактаны өңдеумен байланыста қалыптасты. Жеңіл өнеркәсіптің алғашкы пайда болған саласына былғары өндірісі жатып, ол Семей және Акмола облыстарында ХХ-ғасырдың басында пайда болды. Одан кейін жүнді алғашқы өңдеу дами бастап, жуылған жүнді Ресейге шығару мақсатында ондаған жүн жуу орындары іске қосыдды. Мол шикізаггың, табиғи су көзінің, электр энергиясы және арзан жұмысшы күшінің болуы, 1910 жылы қазіргі Алматы облысы Қарасай ауданының Фабричный поселкасында ең алғашқы шұға фабрикасын салуға мүмкіндік берді.

    Одан кейінгі кезеңде шикізатты өндеуден жартылай фабрикатты даяр өнім алғанға дейін біртіндеп өңдеу стадиясына көшумен байланысты еліміздің түрлі аудандарында тоқыма, трикотаж, тігін, былғары, аяқ киім т.б. салалардың жаңа фабрика жәңе зауыттары салынды. Солардың алғашқылары болып Ақтөбе жоғары трикотаж фабрикасы, Семей былғары зауыты және Алматы аяқ киім фабрикасы болып табылады.

    Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдары еліміз аумағында жеңіл өнеркәсіптің түрлі кәсіпорындары қалыптасты. Соның мысалы ретінде 1960 -1980 жылдары іске қосылған Алматы мақта-мата, Қостанайдың камзол-шұға комбинаттарын атауға болады.

    Жеңіл өнеркәсіп салаларына тігін, трикотаж, былғары-аяқ киім, тоқыма, мех, фарфор-фаянс  т.б. салалар жатады. Жеңіл өнеркәсіп салаларында да тамақ өнеркәсібі сиякты әйелдер еңбек ресурсы басым болып келеді.

    Жеңіл өнеркәсіп салалары шикізат көзі және тұтыну аудандарына бағдарлануына қарай үш топқа бөлінеді.

  1. Бір мезгілде әрі шикізат, әрі тұтынушыга бағдарланатын салалар, яғни жүн, жібек, мақта-мата, трикотаж т.б. өндірістері.
  2. Тұтынушыға бағдарланатын салалар, оған тігін және аяқ киім жатады.
  3. Шикізатқа бағдарланатын салалар, оған былғары, зығыр талшығы өндірістері.

    Республикадағы  жеңіл өнеркәсіптің бүгінгі хал-ахуалын  Шығыс Қазақстан облысы, дәлірек айтқанда, Семей қаласы жеңіл және тамақ өнеркәсібі негізінде көрсетуді мақсат тұлтық. Себебі, ол Алматы, Щымкентпен қанаттас халық тұтынатын тауар шығарудың маңызды орталығы болып табылады. Соғыстан кейінгі жылдарда мұнда автоматтандырылған техникамен жабдықталған ірі кәсіпорындары бар куатты енеркәсіп құрылды. Жылдар бойы ол қала экономикасының тынысын анықтап отырды. Осындағы кәсіпорындар үлесіне Қазақстанда өндірілетін халық тұтынатын тауарлардың 35 пайызы тиетін. Алайда нарық қатынастарына көшу кезінде Семейдегі жеңіл өнеркәсіп алыптары қатаң бәсекеге дайын еместігін, түтыну сүранымының өзгеруіне жауап қайтаруға кабілетсіз екенін танытты. Кәсіпорындардың амалсыз тоқтатуы әлі жалғасуда. Көбі - толық емес және қысқартылған жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Кезінде мәртебесі жоғары сала тоқырауға ұшырады. Осындай жағдайға әкеп соққан себептердің бірі - жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашлығы және өңдеу, әсіресе, тамақ өнеркәсібінің көптеген салалары арасьшдағы дәстүрлі байланыстың жойылуы болып табылады. Мысалы. Семей ет комбинаты тоқтағалы - былғары зауытында шикізат жоқ, осыған байланысты былғары-тері бірлестігі, аяқ киім фабрикасы токтап түр. Жүнді алғашқы өңдеуден өткізу фабрикасы (осындай фабрика республикамызда санаулы - Тараз бен Ақтөбеде ғана) жұмыс істемейді, мәуіті-шүға бірлестігі, шүлық фабрикасы тоқтап тұр, тоқымашылар жұмыссыз қалды. Бұлар бір тізбекке тізілген барлығы аграрлық секторға тәуелді. Ал ауьш шаруашылығындағы жағдай белгілі. Бүрынғы Семей облысында қой басы 73,2 пайызға, Шығыс Қазақстан облысында 72 пайызға төмендеді. Семей облысында шошқаның 9,5 пайызы ғана қалды. Өндірілетін жүн мен былғары

республикадан тыс елдерге, көбіне Қытай мен  Түркияға шығарылады.

   Жергілікті  инвесторларды тартқанға карамастан өндіріс көлемінің құлдыррауы тоқталған жоқ.

    Тігін жеңіл өнеркәсіптің саласы бола отырьш, калалық және ауылдық едді мекендерде де орналаса береді. Сондай кэсіпорындарға Алматы, Көкшетау т.б. тігін фабрикалары жатады.

    Мақта-мата кәсіпорындары әрі шикізат көзі, әрі тұтыну аудандарында орналасады, соның мысалы, Алматы, Шымкент мақта-мата комбинаттары болып табылады.

    Кілем және кілем бұйымдарын шығару (өндірісі) республика жеңіл өнеркәсібінің құрамдас бөлігі. Қазақстанда кілем току фабрикалары Алматы, Қызылорда қалаларында қалыптаскан. «Алматыкілем» АҚ-ның тарихи негізі 1936 жылы «Ковровщица» артелі ретінде пайда болған. 1960 жылы механикаландырудың енуімен байланысты артель кілем тоқу фабрикасьша айналды. 1961-1965 жыддары фабрикада механикаландыру интенсивті жүріп, аппараттық-иіру цехында жаңа жабыктар, «Текстима» деп аталатын кілем току станогі қойылды. Ал 1993 және 1996 жылдар аралығында тоқу құралдары ішінара техникалық қайта жарақтаңдырылып, осы заманғы тоқу станоктары орнатылды. Соған сай республикада кілем тоқу көлемі едәуір арта түсті.

    Бірақ соңғы жылдардағы ресми рұқсат және «челноктык» Түркия мен Иран арзан кілемдері және кілем өнімдерімен ішкі нарыктың толығуы отандық кілем өндірісі көлемінің елеулі темендеуі және тауар өндірушілердің өнім өткізуін қиындатып, ірі тұтынушылардың импорттық тауарға бағдарлануы орын алуда.

   Мех өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары Алматы, Орал және Семей қалаларында. Республика мех өнімінің 50 пайызын Алматы мехкомбинатына келеді.

   Былғары фабрикалары Павлодар, Петропавл, Тараз  жэне Қостанайда шикізатқа бағдарланып орналасқан.

    Аяқ киім фабрикалары тұтынушылық фактордың  мысалы ретінде Қызылорда, Тараз, Алматы, Қарағанды және Талдықорган қалаларында.

    Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе және Шымкент трикотаж өнеркәсібінің орталықтары болып табылады.

    Фарфор-фаянс өнімдері Астана, Қапшағай қалаларында шығарылады.

    Шымкент, Қарағанды шөлкей-носки, ал Қостанай мен Өскемен химиялық талшықтар  өндірістерінің орталықтары. 
 
 
 
 

Тамақ өнеркәсібі 

   Тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеп, халыкты тұтыну заттарымен, яғни тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді. Тамақ өнеркәсібі шикізатты өңдеп тамақ өнімдерін шығаруда ауыл шаруашылығы және балық кәсіпшілігімен байланысты.

    Шикізат түріне карай тамак өнеркәеібі 4 топка  бөлінеді:

   Бірінші, мал шикізатынан алынатын өнімдер тобы. Оған ет және сүт өнімдері жатып, жалпы тамақ өнеркәсібі өнімінің 50 пайызын береді. Бұл топқа жататын салалардың ішінде ет өнеркэсібі жетекші орынды алып, Қазақстан оның өнімінен ТМД елдерінің ішінде Ресей, Украинадан кейін үшінші орында. Ет комбинаттары Петропавл, Алматы, Лисаков, Екібастұз, Жетігеңде (Алматы облысы) орналасқан.

    жаңа  жүмыс орындары ашылады.

    Сүт өнімінің түрі де, көлемі де көбеюде. Мұның  ең басты сыры - ел рыногында сүт өніміне деген сұраныстың жоғары екендігі. Шет мемлекеттерден сүт өнімдерін вагондап тасымалданғанның өзінде қашанда бұл өнімге сұраныс үлкен. Өйткені, бұл күнделікті тұтынатын тауар. Мэселен, бір ғана «ФудМастер-Алматы» фирмасьшың өзі тәулігіне 34-50 тонна сүт өңдейді. Ондаған өнім түрі - айран, қаймақ, ряженка, сүт, кілегей, сүзбе, сүзбе ірімшігі, йогурт, йогурт сусыны мен балмұздақ шығарады. Астанадағы «ФудМастер-НС» компаниясында да негізгі сүт өнімі түрлерімен бірге өткен жылдан бастап йогурт, йогурт сусынын және балмұздақ шығара бастады. Күн сайын бұл зауытта да 35-40 тонна сүт өңделеді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысындағы Георгиев май-ірімшік зауыты мен Жамбыл облысының Қордай елді мекеніндегі «Май-ірімшік» АҚ-да жылдан-жылға өнім түрін көбейтіп келеді. Георгиев май-ірімшік зауыты сүзбе, шаруа майы,

«Ленгер»  және «Чечил» ірімшігі, брынза мен ірімшік сүзбесін, ал Қордайғы «Май-ірімшік» зауыты «Голландық», «Костромдық» ірімшігін, шаруа майын, сүзбе өндіреді. Компанияның Есік пен Астана қалаларындағы екі зауыты өзінің өндіріс қуаттылығын толық пайдаланып отыр. Олар өндіріс көлемін жаңа, емдік және диеталык «ВФВ», «Био-с» айрандары арқылы арттырды. Таяу уақытта компания қатты ірімшіктің өнім көлемін арттыруды және осы өнімнің бағасын төмендетуді жоспарлап отыр.

    «ФудМастер» компаниясының сүт өнімінен бөлек  үлкен бірі саласы табиғи сусын өндіру. «ФадМастер-Асептик» зауытында айьша 1 млн доллардың (сату бағасы) сусынын өндіруге мүмкіндік бар қазір. Сусын түрі де жетерлік. Әсіресе, таньшалы - апельсин сусыны. Сондай-ақ, алма, шабдалы, банан және ананас сусындары да тұтынушының талғамын толығымен қанағатгандырады. Қазір Ресей, Балтық жағалауы елдері, Германия мен Венгриядан әкелінетін шырын сусындардың орнын толтыруға күш салынуда. Қазір жаңа йогурт-микс өнімі өндіріле бастады, Мамандардың есебінше, бұл өнім жоғарғы сұранысқа ие болуы тиіс. Өйткені, йогурт-микс алдыңғы жылы ғана алғаш рет Францияда өқделіп, рьшокка шығарылған жаңа өнім. 1998 жылы Парижде өткен Халықаралық көрмеде организмге өте пайдалы өнім деген жоғары баға алып, алтын медаль иемденді. Йогурт-микстің құрамында 75-80 пайьгз табиғи шырын мен 15-20 пайыз йогурт бар. Бұл өнім құрамындағы витаминдер адамды жасартады, қабілеттілігін арттырады, өсуін қалыпқа келтіреді, тәбетін ашып, шөлін басады. Ол Еуропа мен Америкада маусым «хитына» айналып отыр. Технологиясы күрделі болған соң әзірге бұл өнімді дүние жүзі бойынша 4 зауытта ғана өндіреді. Соның бірі - қазақстандық «ФудМастер» компаниясы. Компанияның алдағы жылдарында айранның жеміс-жидек қосылған жаңаша түрлерін шығару, Оңтүстік Қазақстан облысындағы негізгі базаны пайдаланып, жеміс-жидекті өндеу, консервілеу бар.

    Тамақ енеркәсібінің екінші тобы өсімдік шпкізатын өңдеумен байланысты. Оған қант, ұн-жарма тарту, арақ-шарап және спирт, май шайқау-сир, жеміс-көкеніс консерві, темекі т.б. өндірістері жатады.

    Қазақстанда кант, қант қызылшасы және импорттық қант шикізатынан алынады. Қызылша өндірісі Жамбыл, Алматы облыстарының оңтүстігінде шоғырланған. Құмшекер қант және шақпак қант республиканың 8 зауытыңда шығарылады. Қант зауыттарының қуаты орташа сеткесіне 2600-2700 тонна шикізат өңдеу, ал ірі кәсіпорындарда 4000 тонна {Шу, Тараз).

   Бұрын қант шикізатын және даяр қантты Қырғызстан, Ресей, Украина, Ұлыбритания, Қытай, Польша, Австрия, Германия, АҚШ, Швейцариядан тасымалдаған болатын.

    Қазақстанның  әрбір зауыты жылына 100 мың тонна, ал барлық зауыттың 800 мың тонна шикізатты өндеп алу мүмкіндігі бар. Ал Қазақстан халқының қант өніміне қажеттігі 400 мың тонна. Кеңес жылдарында қант қызылшасының егіс көлемі қант зауыттарының қажеттігін 20 пайыз ғана қамтамасыз етіп, қалған шикізатты одактың басқа аудандарынан жоспарлы алып отыратын.

   Ал  казір республика күшімен зауыттар қажетінің тек 10-12 пайызын ғана қамтамасыз етіледі. Сондықтан Қазақстан қант мамандары әлемдік қант нарқын зерттеп үйрене отырып, қант құрағын Куба, Аргентина, Бразилия және Австралиядан тасымалдауда.

   Темекі  өнеркәсібі. ҚР темекі нарқына Американың «Филипп Морис» компаниясы 1993 жылдың желтоқсанынан енді. Ол тек фабриканы ғана емес, бүкіл Қазақстан темекі нарқын алды (иемденді). Темекі негізінде Алматы облысының Еңбекшіқазак (Шелек) және Талғар аудандарында, сондай-ақ Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да өсіріледі. Америка Алматы облысының шығысында темекі өсіруді қаржыландырады. 

    ¥н-жарма  тарту астықты аудандарға бағдарланып, оның ірі кәсіпорындары Астана, Көкшетау, Семей т.б. басқа қалаларда орналасқан. Жарма тартудан Ақтөбеде тары, Қызылорда да күріш ақтау кәсіпорындары жұмыс істейді.

    Арақ-шарап  және спирт жасаудың алғашқы сатысы қант өнеркәсібі сияқты шикізат көзінде, ал соңғы сатысы тұтыну ауданында орналасады. Шараптың шикізаты жүзім, жеміс-жидектер. Сондықтан оның кәсіпорындары осы шаруашылыктар кең дамыған республиканың оңтүстігіндегі Алматы, Тараз, Шымкент, Талдықорған сияқты облыс орталықтары мен кей Түрген, Есік, Капланбек т.б. аудан орталыктары мен басқа да елді мекендерде орналасқан.

   Арақ-спирт  жасаудын шикізаты астық, картоп. Соған  бағдарланған оның кәсіпорындары Алматы, Талғар, Өскемен, Айдабол (Көкшетау маңы), Петропавл, Лисаковск, Тараз т.б. қалаларда орналасқан. Қарағанды шампан жасау зауыты тұтыну ауданының мысалы.

    Май шайқау өндірісінің Өскеменде күнбағыс, ал Шымкентте мақта -майын айыру комбинаттары жұмыс істейді. Мұндай мемлекеттік кәсіпорындарда өсімдік шикізатын өндеу барысында май алудың үлесі 70 пайыз болса, республикада толып жатқан мемлекеттік емес шағын кәсіпорындардағы оның үлесі 30 пайызды кұрайды.

    Оңтүстік  облыстар орталыктары және басқа қалалар мен ірі ауьлдык елді мекендерде, олардың маңында көкөніс, бау шаруашылықтарының орналасуымен байланысты жеміс-көкөніс консерві шығару кәсіпорындары жұмыс істейді. Мысалы, Алматы және Түлкібас т.б. комбинаттары.

Информация о работе Агроөнеркәсіптік кешен