Коммерциялык банктер операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 22:19, курсовая работа

Описание работы

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3

1 КОМЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Коммерциялық банктердің активті операциялары ............................................5
1.2 Банктің активтік операциялары және оларды басқару ....................................8

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ («ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА)

2.1 «Халық Банкі» АҚ-ның жалпы сипаттамасы, активтері және оларды басқару саясатын талдау .........................................................................................................14
2.2 Банктің активтерді басқару саясатының сапасына баға беру ........................21

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ

3.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің активті операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы, оларды жетілдіру мен экономиканы дамытудағы маңыздылығы ............................................................................................................27
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарысқа қарсы басқару динамикасы ...32

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................................................................39

Работа содержит 1 файл

Коммерциялық банктердің активтік операциялары (АНБ) Нурсултан 2009-00.doc

— 403.00 Кб (Скачать)

Ескертпе - Өнеркәсіп секторлары бойынша ссудалық қоржынының есептемесінен алынды.

 

Ссудалық қоржынның сапасы, сонымен қатар оның әр түрлі салаларға диверсификациялануына да тәуелді болып табылады. Экономикадағы құлдыраулар әр түрлі салаларда әр қилы көрініс табатындығы айқын, сондықтан да ссудалық қоржынның салалар бойынша диверсификациялануының дәрежесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым залалдардың пайда болу тәуекелділігі төмен болады.

Сонымен қатар, Қазақстандағы экономиканың нақты секторын несиелеуге бірқатар тежеуші фактолар әсер етеді.

 

 

3.2 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарысқа қарсы басқару динамикасы

 

Әлемдік қаржы дағдарысының белең алу мүмкіндігі туралы анда-санда бір айтылып келген әңгіменің көрігі тамыз айының басында АҚШ-тың ірі ипотекалық несиелеуші компаниясының операцияларын тоқтатқаннан кейін күрт қызды. Былтырғы жылы 59 миллиард доллар көлемінде ипотекалық несие берген American Home Mortgage компаниясындағы осы дағдарыс бұқаралық ақпарат құралдарының айтысына қарағанда, әлемдік қаржы дағдарысының басы ғана. Өйткені, ипотекалық рынокта басталған дағдарыс басқа салаларға да дереу «жұғып», несие ставкілері көтерілген. Қарапайым тілмен айтсақ, шамадан тыс көп мөлшерде таратылған несиенің мардымсыз қайтымы қаржы тапшылығына әкелген. Осыған байланысты ипотека секторындағы американдық өзге компаниялар мен банктер несиелеу ставкісін көтерген және қаржы тапшылығын еңсеру үшін көптеген қаржы құрылымдары өз активтерін нақты ақшаға айналдыруға кіріскен. Осының салдарынан ірі қор биржаларында индекстер түсе бастады. Мұның салқыны дереу Еуропа нарығына, одан асып күншығыстағы Жапонияға да тиіп үлгерді. Мысалы, «Литер» газеті тамыздың 17-сі күнгі нөмірінде Токио, Гонгконг, Сингапур биржаларының индексі өткен аптада 3 пайызға түскенін, дағдарыс Ресей рыногына да жетіп, ең алдымен Москоммерцбанк ипотекалық несиелеу ставкісін 0,5-1 пайызға көтергенін жазды.

Мұхиттың арғы жағынан басталған дүрбелеңнің Еуропа мен Ресейге де жеткенін Интерфакс-Қазақстан агенттігі мен Капитал.kz басылымдары да жарыса жазуда. Олардың деректеріне сенсек, Еуропаның орталық банктері қаржы тапшылығының алдын алу үшін қажетті іс-шараларды қолға алып жатыр.

Дүние өстіп дүрлігіп жатқанда, қазақстандық қаржы құлағын ұстаған банкирлер қаржы дағдарысы қазақ экономикасына салқынын тигізе алмайтындай жайбарақат болжамдар жасап, мейілінше сабыр танытуға тырысуда. Бірақ, Ұлттық банк тамыздың 29-ынан бастап, елдегі коммерциялық банктерге қатысты ең төменгі резервтік талап көлемін өзгертіп, олардың ішкі міндеттемелеріне қатысты көлемін 5 пайыз көлемінде белгілеп, сыртқы, яғни шетелдік қарыз берушілер алдындағы міндеттемелеріне қатысты минималдық резерв көлемін 10 пайызға бекітетіндігін мәлімдеді. Мұндай шара белгілі бір дәрежеде екінші деңгейлі банктердің сырттан мол қарыз алуын тежейтіндіктен, оны бір сөзбен сақтық шарасы деуге келеді. Өйткені, банктердің сырттан алатын қарыздарының көлемі бұдан былай олардың өздерінде бар резервтің шамасына тәуелді болады.

Біздегі жағдай қандай? Бізде халыққа несие ретінде таратылып жатқан қаражаттың барлығы дерлік сол банктердің өздері сырттан түрлі шарттармен алған заемдар. Олардың да өтеуі бар. Оның үстіне клиент үшін бәсекеде бұл банктер халықтың төлем қабілетін тексеру талабын да жеңілдетіп жіберді. Құдай сақтасын, ертең алған несиені қайтара алмау ықтималдығы жаппай белең алатын болса, АҚШ-тың кебі бізге де келуі әбден мүмкін. Бұл айқын қауіп. Алайда, қазақстандық банкирлердің есебі басқаша сияқты. Таяуда өткен баспасөз мәслихатында банкирлер Америка мен Қазақстандағы несие алушылардың айырмасы көп, ол жақта қарызын өтей алмайтынын біле тұрып, бірін екіншісімен жабуға үміттенетін қарыз алушылар 60 пайызды, бізде 3 пайызды ғана құрайтынын алға тартты.

Ал ең төменгі резервтік талапты өзгерту шарасына келсек, мұны отандық банктер қуана қабылдамаған сыңайлы. Мысалы, ТұранӘлемБанкінің сыртқы талдау және болжау басқармасының сарапшысы Сергей Скороходов Интерфакс-Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында Ұлттық банктің бұл қадамын қуаттай қойматынын білдіреді. Мұндай жағдайда ең соңғы тұтынушы үшін баға қымбатқа түсетіндіктен, банктердің несиелеу өсімі тежеледі дегенді айтады. Оның айтуынша, Ұлттық банктің ақша-несие саясатын қатайтуы АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс тудырған халықаралық қаржы рыногындағы тұрақсыздықпен, халықаралық ставкілердің көтерілуімен тұспа тұс келіп отыр. Осы екі факторды ескерсек, екінші деңгейлі банктердің сырттан алатын қарыздарының бағасы өседі, соның нәтижесінде ішкі рыноктағы несие ставкілері де көтеріледі. Осыған ұқсас пікірді ҚазКоммерцБанктің департамент директоры Сергей Мокроусов та айтқан. Оның сөзіне сенсек, мұндай ахуал инвестициялардың кемуіне әкеліп, экономика өсімін тежеуі мүмкін. Өйткені, біздегі шикізаттық емес секторға келетін инвестиция негізінен банктердің сырттан алатын қарыздары деуге болады.

              Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты еңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады.

              Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.                 Инфляцияны реттеудегі ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының  Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

              Бүгінгі таңда инфляцияны таргеттеудегі ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді.

2007 жылы несиелеудің жылдық өсім үлесінің күрт кемуі өзіміз белгілі бастауы АҚШ нарығында басталған бүкіл әлемдік қаржы дағдарысының әсері екендігі белгілі. Елімізде 2007 жылы қаржы саласы жылдың 1-ші тоқсанында қарқынды қызмет атқарғанымен, екінші тоқсанынан бастап, нақтылап айтсақ тамыз айынан бастап ұлттық қаржы, банк-несие жүйемізде дағдарыстық жағдай орын ала бастады. Бұл дағдарыс әсіресе бүкіл банктік жүйеде көрініс тауып, елде ипотекалық несиелеу мүлдем азайып кетті, жеке тұлғаларды несиелендіру процесі бұрынғыдай қарапайым әрі жеңіл жағдайда емес, мүлдем күрделі болып, несиелеу шарттары ауырлап кетті. Жалпы айтқанда жеке тұлғаларға несие беру мүлдем берілмейтіндей жағдайға жетті.

              Бүкіләлемдік қаржы дағдарысының ТМД елдері ішінде ең бірінші Қазақстанға әсер етуі еліміздің қаржы жүйесінің нарықтық жағдайларға толық өткендігін, ғаламдық қаржы жүйелерімен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Мұның бір себебі осы уақытқа дейін еліміздегі екінші деңгейлі банктер өздерінің қаражаттарының негізгі бөлігін әлемдік қаржы жүйелерінен, шетелдік ір банктерден төмен пайызбен алып, отандық экономика сұранысын қанағаттандырып отырды. Ал дағдарыс орын ала сала аталған шетелдік банктер дереу несипе беруді азайтты, немесе мүлдем тоқтатты, ол банктер өздерінің берген несиелерін, яғни қарыздарын талап ете бастады және олардың да несие пайызы өсіп кетті. Осының салдарынан отандық банктерде қаржы тапшылығы орын алып, қаржы саласы тоқырауға ұшырады.

              Бұл жағдай өз істерін енді бастап келе жатқан кәсіпорындарға, құрылыс компанияларына, жалпы экономика салалары мен халыққа бірден ауыр болды. Олай дейтін себебіміз салдары бүгінгі күнге дейін жалғасып отырған қаржылық дағдарыс ұлттық экономикамыздың өсуінің баяулауына, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне, елдің тұрмыс жағдайының ауырлауына, көптеген өз қызметтерін енді бастаған кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына, бір сөзбен айтқанда еліміз экономикасы алдыңғы жылдардағыдай қарқынды әрекет ете алмауына алып келіп отыр.

              Әлемдік қаржылық дағдарысты қалпына келтіру үшін ендігі жерде ұлттық экономиканы әлемдік экономикаға бағыныштылығын азайту, отандық инвестициялардың тартылуын ынталандыру, экономиканың шикізаттық бағытынан арылу, өңдеу өнеркәсібін дамыту, банк жүйесін одан әрі жетілдіру және Ұлттық Банк пен еліміздің екінші деңгейлі банктердің өзара ықпалдастықпен қызмет етуін ұйымдастыру болып табылады. 

Әлемдік қаржы нарықтарындағы және тұтастай алғанда әлемдік экономикадағы 2008 жылдың екінші жартысындағы қолайсыз жағдайлар еліміздің басшылығынан экономиканы тұрақтандыру және сауықтыру жөнінде ең шешуші шаралар қабылдауды талап етті. Әлемдік экономикадағы қазіргі ахуалдың маңыздылығы елдің өсіп отырған дағдарысқа жалғыз қарсы тұруға анық қабілетсіздігін, олардың дағдарыс үрдістерін игеру және экономикада рецессияға жол бермеу үшін бірігуге ұмтылуын дәлелдейді. Жақында Вашингтонда болған G-20 елдері көшбасшыларының саммиті бұған жарқын мысал болады, онда әлемдік жетекші экономикалық державалар (олардың жиынтық ЖІӨ жалпы әлемдік байлықтың 85 %-ын құрайды) жаһандық экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі жоспарды бірлесіп әзірлеуге ұмтылды.

Қалыптасқан жағдайда Мемлекет басшысы Үкіметтің 2008 жылғы 13 қазандағы кеңейтілген отырысында Үкіметке стандартты емес шешімдер қабылдау үшін ауқымды өкілеттік берді және экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Президент Н.Ә. Назарбаев: «Үкіметте экономиканы осы жағдайдан неғұрлым жетілген және күшті шығаруға зор мүмкіндік бар. Біз дағдарысты кезеңнің өзінде де экономика үшін пайда алуға үйренуіміз тиіс. Бұл  экономикалық дамудың сапасын арттыруды болжайды... Әлемдік дағдарыстың зардабын игеру Қазақстан үшін – бұл Үкіметтің 2009 – 2010 жылдарға арналған жұмысының негізгі күн тәртібі».

Премьер-Министр К.Қ. Мәсімов: «бастан кешіп жатқан қиындықтар уақытша сипатқа ие... Біз осы сәтті нақты түсінеміз және әлемдік қаржы дағдарысының теріс әсерін болдырмау үшін барлық қажетті құралдар бар. Ұсынылып отырған қолда бар активтер мен резервтерді шоғырландыру және жұмылдыру бағыты – бұл өзінше қорғаныш қамал, біздің экономикамызды әлемдік дағдарыстың жаңа толқынынан қорғайтын қорған».

Үкіметтік 2008 жылғы 13 қазандағы кеңейтілген отырысында стандартты емес шешімдер қабылдау үшін Үкіметке зор мүмкіндіктер берді және экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды әрі  «Үкіметте экономиканы осы жағдайдан неғұрлым жетілген және күшті шығаруға зор мүмкіндік бар». «Дағдарысты кезеңнің өзінде де экономика үшін пайда алуға үйренуіміз қажет. Бұл  экономикалық дамудың сапасын арттыруды болжайды». Сонымен бірге ол «Әлемдік дағдарыстың зардабын игеру Қазақстан үшін – бұл Үкіметтің 2009 – 2010 жылдарға арналған жұмысының негізгі күн тәртібі» деді.

Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларының кешені мемлекеттің активті рөлін болжайды. Іс жүзінде қолайсыз сыртқы экономикалық жағдайда Үкімет дамудың алдын алатын ішкі ресурстарды жұмылдыру саясатына көшеді.   

Қосымша тұрақтандыру шаралары шеңберінде бюджеттік шығыстарға қосымша Қазақстан экономикасы кемінде 19 млрд. АҚШ долл. Көлемінде мемлекеттік қолдау алады: Ұлттық қордың қаражаты есебінен (10 млрд. АҚШ долл.), Ұлттық Банктің шаралары (4 млрд. АҚШ долл.), жаңа Салық кодексінің қолданылу шеңберінде салық жүктемесін азайту (4 млрд. АҚШ долл.) және Стресті активтер қорын құру (1 млрд. АҚШ долл.).

Ұлттық қордың қаражаты мыналарға жұмсалатын болады:

1)  қаржы секторын тұрақтандыруға (4 млрд. АҚШ долл.);

2)  развитие жилищного сектора (3 млрд. АҚШ долл.);

3)  шағын және орта бизнесті қолдауға (1 млрд. АҚШ долл.);

4)  агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға (1 млрд. АҚШ долл.);

5)  серпінді инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға (1 млрд. АҚШ долл.).

Тұтастай алғанда, бұл шамамен елдің ЖІӨ-сінің 20%-ын құрайды.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен ҚҚА келесі бес негізгі бағыттарға шоғырланады:

1.                  Қаржы секторын тұрақтандыру

2.                  Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу

3.                  Шағын және орта бизнесті қолдау

4.                  Ауыл шаруашылығын дамыту

5.                  Серпінді инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру

Жоспардың негізгі тармақтарын бағыттар бойынша қысқаша баяндау:

Қаржы секторын тұрақтандыру

Мемлекет басшысы Үкіметтің ағымдағы жылдың қазанындағы кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде «маңызды міндет – бұл біздің еліміздің қаржы секторының орнықтылығын қамтамасыз ету» деп атап өтті.  

Мемлекет басшысы Ұлттық инвесторлар кеңесіндегі өзінің баяндамасында атап өткендей «Біздің еліміздің азаматтары, кәсіпкерлер мен инвесторлар Қазақстанның банк жүйесі қалыпты жұмыс істейтіндігіне, өз міндеттемелерін мүмкіндігінше және қажеттілігіне орай орындайтындығына сенімді болуға тиіс. екінші жағынан банктердің акционерлері өз банктерін нығайтуға ақша салуды жалғастыруға тиіс. немесе өздерінде бар активтерді сатуды жалғастыратын немесе басқа жинақтарды пайдаланатын болады, егер қарсы қозғалыс болса ғана үкімет қолданатын шаралар жұмыс істейтін болады». Бұл ретте ол «халық осының айналасында алыпсатарлық жасамауы қажет, бұл бюджеттің ақшасы, яғни халықтың ақшасы және олар жағдай тұрақтанған кезде пайдамен мемлекетке қайтарылатын болады».

Үкімет Қазақстанның банк жүйесін қолдау жөнінде қосымша шаралар қабылдауға ниет білдірді.

Тек банктер ғана экономикаға қаражат тиімді құю үшін қажетті пәрменді, ашық және нарықтық тетіктерді қамтамасыз ететін болады.

Информация о работе Коммерциялык банктер операциялары