Коммерциялык банктер операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 22:19, курсовая работа

Описание работы

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3

1 КОМЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Коммерциялық банктердің активті операциялары ............................................5
1.2 Банктің активтік операциялары және оларды басқару ....................................8

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ («ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА)

2.1 «Халық Банкі» АҚ-ның жалпы сипаттамасы, активтері және оларды басқару саясатын талдау .........................................................................................................14
2.2 Банктің активтерді басқару саясатының сапасына баға беру ........................21

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ

3.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің активті операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы, оларды жетілдіру мен экономиканы дамытудағы маңыздылығы ............................................................................................................27
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарысқа қарсы басқару динамикасы ...32

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................................................................39

Работа содержит 1 файл

Коммерциялық банктердің активтік операциялары (АНБ) Нурсултан 2009-00.doc

— 403.00 Кб (Скачать)

2006 жылды Халық Банкі “Интернет-Банкинг” бойынша төлемдерді аударатын ұйымдардың тізімін ұлғайтты. Бүгінгі таңда олардың саны 35 жетті: Қазақстанның 17 аймақтарынан 32 және 3 жалпыреспубликалық ұйымдар.

2006 жылдың сәуірінен бастап Халық Банкі өз клиенттеріне дискета мен смарт-карточкалардан басқа Minikey (USB) жаңа кілттік құрал мен жұмыс істеуге мүмкіндік берді.  Мамыр айынан бастап Интернет арқылы несиені төлуге, қараша айынан бастап Қазақстанның кез-келген зейнеткерлік қорына ерікті төлемдер аударуға мүмкіндік берілді.

Сонымен қатар “Интернет-Банкинг” жүйесінің табыстары 2005 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда (21%-ға өсті) 51,7 млн. теңгеге дейін өсті. Интернет-шоттары теңгеде соммалық айналым жыл ішінде 13-тен 15,4 млрд. теңгеге  дейін өсті. Ал басқа валютада мынадай көрсеткіштерге жетті: USD – 3,5 млн, EUR – 3,3 млн, RUR – 29,7 млн, GBR – 0,4 млн. Интернет арқылы ашылған депозиттер саны 39% өсті. [14, 39 б]

Соңғы көрсеткіштерге сүйенсек “Халық Банкі” Қазақстанның жеке тұлғалары бойынша электрондық банктік қызметтер нарығында 70%-дан жоғары бөлікті қамтиды.

Халық Банкі келесідей қызмет көрсетеді:

Несиелеу:             

- 24 айға дейінгі негізгі және айналым капиталды ұлғайтуға жұмсалатын несиелік сызықты ашу;

- ссудалық, пре-экспорттық қаржыландыру (шетел агенттіктерінің және банктің несиелік сызығын пайдалана отырып қаржыландырады);

- овердрафт ашу;

Халық Банкі консультациялық-қаржылық қызметтер сонымен бірге вексельдік операциялар жүргізеді. [14, 24 б]

Қазіргі таңда Халық Банкімен келесі несиелеу бағдарламалары ұсынылған:

- Бизнес Lights;

- Кіші бизнесті ЕҚҚДБ несиелік сызығы бойынша несиелеу бағдарламаасы;

- Отандық тауар өндірушілер мен қызметкөрсетушілерге банктік займды ұсыну бағдарпламасы;

- «Ауылшаруашылық өнімді қайта өндірумен айналысатын кәсіпорындарға айналым құралдарын толтыруға субсидияланған сыйақы мөлшері бойынша несие беру» бағдарламасы;

- Кәсіпорындарды овердрафт формасы бойынша қысқа мерзімді несиелеу бағдарламасы.

Бизнес Lights. Кіші бизнес субьектілерін несиелеуге бағытталған бағдарлама: заңды және жеке кәсіпорындар.

Бағдарламаның негізгі артықшылығы несиені жылына 12% -бен 7 жылға дейін мерзімге беру болып табылады. Жұмыс істеп тұрған және жұмысқа кірісетін бизнес несиеленеді. Несиені алу мерзімі – несиелік сызықты ашқан күннен бастап 6 айға дейін. Сонымен бірге басқа банктен $100 000 дейін алған заемды қайта қаржыландырады. Кепіл ретінде жылжымайтын мүлікті және депозиттерді қабылдайды. Несие АҚШ долларында беріледі.

Кіші бизнесті ЕҚҚДБ несиелік сызығы бойынша несиелеу бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты кіші және орта компанияларға қаржылық қолдау көрсету.

Бұл бағдарлама бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар, сонымен бірге сауды қызметімен айналысатындар, микро- немесе кіші кәсіпорындар, компаниялар, фирмалар, жеке кәсіпорындар, заңды тұлғалар несие ала алады. [40]

Несиелер мына мақсатқа беріледі:

- тауар, шикізат және материалдар алуға;

- өндірісті ұлғайтуға немесе қызмет көрсетушілердің көлемін ұлғайтуға;

- құрал-жабдықтар және транспортты сатып алуға;

- жылжымайтын мүлікті коммерциялық қызмет көрсету мақсатында сатып алуға, салуға және жөндеуге;

- басқа да капиталды салымдар үшін

ЕҚҚДБ-нің несиелеу бағдарламасының өзгешілігі бизнес-жоспардың болуы шартының жоқтығында. Бұл бағдарлама бойынша клиентке консультация беру, қаржылық талдау, шотты ашу жүзеге асырылады.

Кепіл ретінде айналымдағы тауарлар, құрал-жабдықтар, автотранспорттар, кепілдіктер, жылжымайтын мүлік, депозиттер, жеке мүліктер алынады.

Несие қолма-қол және қолма-қолсыз түрде теңге немесе АҚШ долларында беріледі. Несиені қайтару пайыздарды және негізгі қарызды бөліктермен төлеу арқылы жүзеге асырылады.

ЕҚҚДБ несиелеу бағдарламасы несиенің 2 түрін ұсынады: [19, 112 б]

1. «Кәсіпкерлер» несиесі:

Несие соммасы: $200 000 дейін

Несие мерзімі: 3 айдан 4 жылға дейін

Сыйақы мерзімі: АҚШ долларында айына 1,25%-дан жоғары, теңгеде айына 1,34%-дан жоғары

Шешім қабылдау мерзімі: 2-5 күн

Несие соммасы қамсыздандырудың құнынан 80%-дан жоғары несиені қайтару кезінде қарыз көлемі азаяды, соған сәйкес сыйақы мөлшері де азаяды.

2. «Блиц» несиесі:

Несие соммасы:100-ден 5000$ дейін

Несие мерзімі: 3 айдан 12 айға дейін

Сыйақы мерзімі: АҚШ долларында айына 1,92%-дан жоғары, теңгеде 2,33%-дан жоғары

Шешім қабылдау мерзімі: 2 күнге дейін

Несие соммасы қамсыздандырудың құнынан 80%-дан жоғары несиені қайтару кезінде қарыз көлемі азаяды, соған сәйкес сыйақы мөлшері де азаяды.

- Жылжымайтын мүлікті кепілге берудің қажеті жоқ

- Құжаттардың аздығы

Отандық тауар өндірушілер мен қызметкөрсетушілерге банктік займды ұсыну бағдарпламасы. Бағдарлама отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді экономикалық көтеруге негізделген.

Сыйақы мөлшері займдық қаражаттарды мақсатты қолдануына байланысты:

- айналым капиталын толтыру – жылына 10%

- негізгі капиталды ұлғайту – жылына 8%

Несие тек қана АҚШ долларында беріледі. Бір жобаны қаржыландырудың максималды көлемі қарыз алушының бизнесінің көлеміне байланысты:

- кіші және орта бизнес үшін – 100 000 АҚШ доллары

- ірі кәсіпорындар үшін – 6 000 000 АҚШ доллары

Қамсыздандыру ретінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік алынады.

«Ауылшаруашылық өнімді қайта өндірумен айналысатын кәсіпорындарға айналым құралдарын толтыруға субсидияланған сыйақы мөлшері бойынша несие беру» бағдарламас. Бұл бағдарламаның мақсаты қарызгердің банкке төленетін сыйақысын азайту болып табылады. Азайту республикалық бюджеттің субсидияларының арқасында жүзеге асырылады. [24, 23 б]

Кәсіпорындарды овердрафт формасы бойынша қысқа мерзімді несиелеу бағдарламасы. Овердрафт банктің клиентке ұсынатын қысқа мерзімді несие түрлерінің бірі болып табылады. Овердрафты АҚШ долларында немесе теңгеде 25 күнге дейін береді. Өзгеше жағдайда ғана қамсыздандыруды қажет етеді.

Несие бөлімінің қызметіне несиелік өтінішті экономикалық бағалау, несиені беру мен қайтаруға дейінгі процедураны жүзеге асыру кіреді.

Несиені берудің негізгі схемасы:

-    Клиенттің өтінішін менеджердің талдауы;

- Керекті құжаттарды дайындау (несиелік өтініш, қарыз алушының сауалдамасы), клиенттен жобаны талдауға және т.б. өткізу үшін қажетті құжаттарды алу;

-  Клиент берген құжаттарды Заң қызметі, Бағалау қызметі, Қауіпсіздік қызметі және Қазынашылық қызметтерінің тексеруі;

-  Жоба бойынша несиелік пакетті банктің Несиелік комитетіне беруге дайындау;

-   Несиелік құжатнама құру.

Міне, осының бәрі актив бөлігінде орналасқан несие бабы тәуекелі өте жоғары баланс саясатына жататындығын дәлелдеп отыр.             

 

2.2 Банктің активтерді басқару саясатының сапасына баға беру

 

«Халық Банкі» АҚ-ның активтерді басқару саясатына талдау жиі жүргізіліп, банктің несиелік портфелін басқару саясатының негізін қалайды. Банктің несиелік портфелін басқару саясаты, өз кезегінде банктік тәуекелдерді несиелік салымдардың диверсификациясы есесінен төмендету мен несиелік нарықтың тәуекел деңгейі жоғары секторларын айқындауға бағытталған. «Халық Банкі» АҚ-ның несиелік портфелін талдау кезіндеріне төмендегілер жатады: [40]

1)несиелік портфельдің құрамына кіретін ссудаларды бағалау критерийлерін таңдау;

2) таңдаған критерийлер негізінде ссудаларды бағалау жүйесін жасау;

3) сапасын бағалау негізінде ссудаларды классификациялау;

4) несиелік портфельдің құрамын анықтау;

5) классификацияланған ссудалар топтарының әрқайсысы бойынша тәуекел процентін анықтау;

6) жалпы банк бойынша және ссудалар тобының әрқайсысы бойынша несиелік тәуекел деңгейінің абсолютті мөлшерін есептеу;

7) ссудалар бойынша мүмкін болатын шығындарды жабатын арнайы жеткілікті резерв мөлшерін анықтау;

8) несиелік портфельдің сапасына талдау жасау;

9) несиелік портфельдің сапасын көтеруге арналған шаралар жасау мен жеткілікті резерв мөлшерін құру.

«Халық Банкі» АҚ-да несиелік тәуекелдерге байланысты банктік шығындардың орнын толыруға провизиялар құрастырылады. Бұл есептелген провизиялар «провизияларды қалыптастыру ассигнацияларың 5450 шотында көрініс табады.  Кестеде көрсетілгендей банкте құрылатын провизиялар жеті топқа бөлінеді. Олар: стандартты, күмәнді және үмітсіз.

Стандартты несиелер бойынша 0-2% провизия құрастырылады да, ал үмітсіз несиелер бойынша 100% провизия құрастырылады. Күмәнді несиелер 5 категорияға бөлінеді де олар бойынша құрастырылатын провизиялар 5%-тен 50%-ке дейін несиенің категориясына байланысты өзгеріп отырады. [28, 42 б]

Провизия барлық активтер мен міндеттемелерге жеке шоттарда есептеледі. Кестеде көріп отырғанымыздай 01.01.2007 жылы 01.01.2008 жылмен салыстырғанда заңды және жеке тұлғаларға банк тарапынан берілген несие сомасы 144140646 мың теңгеден 239716245 мың теңгегедейін өскендігі байқалған. Жалпы өсім сомасы 95575599 теңгеге (239716245-144140646) немесе 60,13%-ға жоғарлаған (5-кесте).

Банктің 2007 жылдағы несиелік іс-әрекетінің шығындарына байланысты провизиялар толығымен құралған. Несиелік портфелдің жіктелуіне байланысты 01.01.2008 жылы банкке 12814806 мың теңге резерв қажет болды, бірақ банк 1323618144 мың теңге резерв құрды. Оның ішінде: стандартты несие бойынша 2571739 мың тыңге, күмәнді несиелер бойынша 8176741 мың теңге, ал үмітсіз несиелер бойынша 2488334 мың теңге резерв құрылған. Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей заңды және жеке тұлғаларға берілген банктік несие сомасы 01.01.2007 пен 01.01.2008 жылдар аралығында 60,13%-ға өссе, ал олар бойынша құрылған провизия 01.01.2007 жылы 6815366 мың теңгеден 01.01.2008 жылы 13236814 мың теңгеге жоғарлаған, яғни құрылған провизиялар 6421448 мың теңгеге немесе 51,49%-ға өскені айқындалып отыр [28, 45 б].

Сол сияқты, «Халық Банкі» АҚ-да басқа да пайда болуы мүмкін шығындарға резервтер құралады. Ондай шығындар банк тарапынан екіге бөлінген: берілген несиелер бойынша мүмкін шығындар және банктің басқа да операциялары бойынша мүмкін шығындар.

Банк-бәсекелестер мен Халық Банкінің заңды тұлғаларға қойылатын тарифтерін салыстырайық. Шотты ашу үшін Халық банкінде заңды тұлғаларға 8200 тг. төлеу керек болатын болса, БанкТуранАлемде – 9000тг, Казкоммерцбанкте - 10 000тг, АТФ банкте – 5000 тг. (алғашқы екі шот үшін), ал БанкЦентрКредитте тегін. Ал аударымдарға келетін болсақ, оның ішінде теңгедегі банкішіндегі аударымдар үшін сыйақылар Халық банкінде 16:00 дейін –тегін, 16:00-18:00 - 250тг; ал БанкТуранАлемде, Казкоммерцбанк, БанкЦентрКредит және АТФ банктерінде – тегін. Аккредетив бойынша төлемге келетін болсақ Халық Банкінде басқа банктермен салыстырғанда ең төменгі пайыздар: шетел валютасында – 0,15% min4100тг, max65600тг, теңгеде – ақшалай аударымдардың тарифы бойынша. [39]

''Халық Банкі'' АҚ банк несиелік портфельді жіктеуде түрлі критерийлер мен белгілер қолданады. Несиелік портфельдің бөлігін 1 жылға дейін берілетін несиелер алып жатыр, бұл жағдай Қазақстан Республикасындағы экономикалық тұрақсыздықтың орын алу мен байланысты екені белгілі. Банктер өздерінің несиелік тәуекелден сақтап қалу үшін өтелуі жақын арада болатын несиелерді беруді жақтап отыр.

 

Кесте 1 – «Халық Банкі» АҚ-ның 2007-2008 жылдардағы несиелік портфелінің жіктелуі.

                                                                                                             мың тенге

Жіктелуге байланысты категориялар

01.01.07 ж.

01.01.08 ж.

Ауытқу

(+/-)

Міндет-темелер

үлесі %

Міндет-темелер

үлесі %

Стандартты

115838609

80,36

138781406

57,89

-22,47

Күмәнді – 1

11778703

8,17

75372813

31,44

+23,27

Күмәнді - 2

5681195

3,94

7521983

3,14

-0,80

Күмәнді – 3

3022258

2,10

13275763

5,54

+3,44

Күмәнді – 4

1795965

1,25

853396

0,36

-0,89

Күмәнді – 5

2838100

1,97

1422550

0,59

-1,38

Үмітсіз

3185816

2,21

2488334

1,04

-1,17

Барлығы

144140646

100

239716245

100

-

Ескерту – «Халық Банкі»' АҚ-ның 2007-2008 жылдардағы есептемелері бойынша құрастырылған

Информация о работе Коммерциялык банктер операциялары