ҚР-ның мемлекеттік бюджетін жақсарту шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 20:34, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттік бюджет — ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1 БЮДЖЕТТІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ…………………..........5
1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы……………………………...........5
1.2 Бюджет жүйесінің түрлері және орындалуы……………………….............9
1.3 Бюджет тапшылығы…………………………………………………...........12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ
ОРЫНДАЛУЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН АНЫҚТАУ……………....……..15
2.1 ҚР бюджет жүйесінің орындалуы……......…………………………..........15
2.2 Республикалық бюджеттің орындалуы есебі…………………….............16

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
БЮДЖЕТІН ЖАҚСАРТУ………………………………………………….21
3.1 ҚР-ның мемлекеттік бюджетін жақсарту шаралары..............................21
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………

Работа содержит 1 файл

КР БЮДЖЕТ ЖУЙЕСИ 2003 ?м_т.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

    Тетенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мөслихаттар шешімдерінің қолда-нылуы тоқтатыла түрады.

    Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.

    Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылған-нан бастап республикалық  және жергілікті бюджеттердің атқа-рылуы  тиісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте  төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.

    Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізуге төтенше жағдай-дың зардабы үлттық мүдделерге және республиканың экономи-калық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған.

    Бюджет  жүйесінің жүмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара  байланысына негізделеді және оларды жос-парлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

    Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік  бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қағидаттарына негізделеді.

    Бюджеттің бірлігі қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет жүйесінде неғүрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуы-мен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бүл қағвдат біршама әлсіреді. Бюд-жет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қоддауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.

    Бюджеттердің  бірлігі бірыңғай бюджет заңнамасын қолда-нумен, соның ішінде Үкімет бекіткен бірыңғай бюджеттік сы-ныптамасын, бюджет процесін жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалык саясат арқылы іске асырылады. Бюджет жүйесінің жүмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жос-парлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

    Алайда  бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін  құрудың маңызды қағидаты болып  отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестігі қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді және оларды жүмсаудың бағыттарын анықтайды.

    1.2 Бюджет жүйесінің түрлері және  атқарылуы 
 

    Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурс тарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы — бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы — бюджет құрылысын құрайды.

    Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік  бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне  және нақтылы мемлекеттің басқа  айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

    Бюджет  құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді.

    Әр  түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

    Бюджет  жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік  құрылымымен анықталады. Мемлекеттің  федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

    Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

    мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті.

    Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық тілімен  анықталады, өйткені Қазақстан —  федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

    Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі  бюджеттерді қамтиды.

    Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен  жергілікті бюджеттер дербес жұмыс  істейді (2 сызбаны қараңыз).

    

   2 сурет. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы 

    1991 жылы Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюд-жетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

   Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған./2, 12 б./

   Республикалық бюджет — бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.

     Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) — облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық, маңызы бар қалалардан басқасы), аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюджеттері.

   Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

      Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы және жариялығы қағидаттарына негізделеді.

     Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді.         

        Бюджеттің дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.

    Биліктің  әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері  мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құкықтар белгіленген. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың (аймақтың) әлеуметтік-экономикалық даму мөселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады.

    Бюджеттің толықтылығы (толымдылығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын шоғырландыруды, әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдері мен шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық тізбесінің және шығыстарының бюджеттерде міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпы мемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың — зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, жол халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының қаражаттары енгізілген.

    Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көп нұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық  бағалау есепке алынуы қажет.

    Бюджеттердің  жариялығы бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.

    Жариялылық  елдегі адам құқығын, демократиялық  өзгерістерді сақтаудың маңызды  шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы) бюджет ре-сурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізу субъектілерінің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін салады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң өткен кезеңдегі бюджеттің атқа-рылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады.  
 

    1.3. Бюджет тапшылығы 
 

    Әр  бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін  тендестірген, яғни баланстандырған  дұрыс. Баланс — бұл  тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды асып түсуі бюджет артығын құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден (шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан) асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың  едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

    Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің  жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3 % мөлшері  саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік  қарыздар шығарудың немесе кағаз  ақшалар эмиссиясының көмегімен  біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.

Информация о работе ҚР-ның мемлекеттік бюджетін жақсарту шаралары