Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірбиесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 12:36, курсовая работа

Описание работы

Қаржы –нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.
Қаржы туралы ғылым ретінде экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................
1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі ............................................
2. Қаржы ресурстары мен қорлары ............................................................
3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіжәне оны ұйымдастыру ұйымдастыру, құрылымы,қағидаттары ....................................................
3.1 Мемлекеттік қаржылар ..............................................................................
3.2 Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы ....................................
3.3 Үй шаруашылығының қаржысы .................................................................
4.Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту ................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................
ҚОСЫМШАЛАР ............................................................................................

Работа содержит 1 файл

Курсов Асем.doc

— 285.00 Кб (Скачать)
t-align:justify">       Елдiң үдемелi индустриялық-инновациялық дамуы жөнiндегi, сондай-ақ қаржы секторының тұрақты дамуы және оған деген сенiмдi нығайту үшiн жағдайлар жасау жөнiндегi мiндеттердi iске асыру үшiн қаржы ресурстарын тартуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар дағдарыстан кейiнгi кезеңде қаржы секторын дамыту жөнiндегi iс-шаралардың толық болуы мен жан-жақты аясы қолданыстағы Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын пысықтау кезiнде қамтамасыз етiлуi тиiс. Бұл ретте жаһандық қаржы дағдарысы сабақтарынан шыға отырып, халықаралық институттар мен ұйымдардың әзiрленiп жатқан ұсынымдарын ескеру қажет.

Осы Тұжырымдаманың iс-шаралары қаржы секторының барлық сегменттерiнiң дамуына ықпал етедi. Атап айтқанда, банк жүйесi активтерiнiң дағдарысқа дейiнгi деңгейiнде жалпы iшкi өнiмге арақатынасы көрсеткiшiне жетуi және одан асып кетуi банк секторының қалпына келуiн сипаттайтын көрсеткiштердiң бiрi болады. Бұл ретте активтердiң құрылымы мен сапасы қаржы құралдарының салалары мен түрлерiн әртараптандыру жағына қарай айтарлықтай түрiн өзгертетiн болады.

       Мемлекет қаржы секторын қалпына келтiру үшiн барлық жағдайларды жасайтын болады, бұл, өз кезегiнде, тұтастай алғанда елдiң экономикасының бұдан әрi дамуының қозғаушы күштерiнiң бiрi болады. Қалпына келтiру кезеңiнде мемлекеттiк қолдау сақталады, өйткенi қаржы институттарының әлi де инвестициялық қаражатқа деген бар сұранысты өздiгiнен қамтамасыз етуге мүмкiндiгi жоқ. Қалпына келтiру барысына қарай тiкелей мемлекеттiк ықпал етудiң рөлi, жеке бастамаға бiрте-бiрте жол бере отырып төмендейдi.

Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдар кезеңiне арналған мақсаттары мен мiндеттерi

Қазақстанның ТМД және Орталық Азияда қаржы секторында өңiрлiк көш басшылыққа қол жеткiзуi үшiн 2007-2011 жылдар кезеңiнде бiрiншi кезеңде негiзгi күш Қазақстанның қаржы секторын нығайтуға, оның тұрақтылығын арттыруға, кәсiпорындар мен халықты қаржы секторының қызметтерiмен қамтуды кеңейтуге, оның жеке сегменттерiн одан әрi дамытуға бағытталады, бұл iшкi нарықта қазақстандық қаржы ұйымдарының көзқарасын күшейтедi және өңiрде және ауқымды өңiр экспансиясында қаржы тарту орталығы ретiнде оның қалыптасуына түрткi болады.

Осыған байланысты, қазақстандық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлердiң бiрi бола тұрып, бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру мәтiнiнде қаржы секторының ролi едәуiр кең және Қазақстанда экономикалық қатынастарды жаңғыртуға маңызды қатысушылар көзқарасы жағынан анықталуы тиiс.

Осылайша, қазақстандық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру және ұзақ мерзiмдi қаржы секторын iске асыру жөнiндегi стратегиялық мәселелер мәтiнiнде республиканың қаржы секторын одан әрi дамыту 2007-2011 жылдар кезеңiнен бастап мыналарға бағытталады:

                  қаржы секторының және оның институттарының тұрақтылығы мен қалыптылығын арттыру;

                  қаржы секторы қызметтерiнiң және олардың қол жетiмдiлiгi сапасын арттыру;

                  өтiмдi қор нарығын және оның құрауыштарын қалыптастыру;
қаржы секторын реттеу стандарттарын арттыру;

                  қаржылық қызметтер нарығында бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру мақсатында қаржы секторын ырықтандыру.

Бұдан басқа, қаржы секторында адал бәсекелестiктi дамытуға, сондай-ақ қаржы қызметтерiн тұтынушылардың заңды құқығы мен мүдделерiн қорғауға бағытталған қаржы ұйымдарын монополияға қарсы реттеудi жетiлдiру орынды болып табылады.

Мемлекеттiк саясаттың тиiстi шараларын iске асыру арқылы қойылған мәселелердi шешу қаржы секторының экономика субъектiлерiнiң iс-әрекетiне маңызын және әсерiн елеулi арттыруы тиiс.

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын дамыту

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын (бұдан әрi - қаржы орталығы) құру мақсаттары бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен шоғырлануы, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды тарту қазақстандық капиталдың шетел бағалы қағаздар нарығына шығуы болып табылады.

Қаржы орталығының мiндеттерi шетел де, қазақстандық та инвесторларды, бағалы қағаздар шығарушыларды және кәсiби қатысушыларды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына тарту, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының тиiмдi дамуы үшiн жаңа қаржы құралдарын әзiрлеу және енгiзу, сондай-ақ қаржы орталығын одан әрi дамыту болып табылады.

Қазақстан Республикасының қаржы секторын реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаты

Қазақстанның қаржы секторы жүйелiк сипаты бар факторлардың әсерiмен қалыптастырылады және жұмыс iстейдi. Түрлi факторлардың жиынтықты әсер етуi қаржы секторы институттары қызметi практикасы әзiрленетiн және бекiтiлетiн ортаны құрады, яғни қаржы секторының экономиканың нақты секторына және бәсекелі қабiлеттiлiкке әсер ету деңгейiн анықтайды.

      Осыған байланысты мемлекет саясатының басымдығы қаржы институттарының қызметi практикасын қалыптастыруға ұзақ мерзiмдi әсер ететiн жүйе құрушы факторларды жетілдiру болуы тиiс:
мемлекеттiк реттеу сапасы;

      корпоративтiк заңнама сапасы;

      бағалы қағаздары бағалы қағаздар нарығында айналымдағы қаржы ұйымдарының да, нақты сектор кәсiпорындарының сенiмдi және сапалы ақпараты болуы (оның iшiнде қаржы есептiлiгi), сондай-ақ оған еркiн қатынау;

      қаржы секторы инфрақұрылымның даму деңгейi;

      халықтың қаржы секторының қызметтерi туралы сенiмдiлiгi мен хабардарлығы деңгейi;

      қаржы нарығы үшiн кәсiби кадрларды даярлау;

      қаржы нарығы мен қаржы құралдары қатысушыларының бухгалтерлiк есебi мен салық салуын жетiлдiру.

Қаржы секторын мемлекеттiк басқарудың сапасын нығайту мен арттыру

Қаржы секторын реттеу мен қадағалаудың 2007-2011 жылдарға арналған негiзгi мiндеттерi қаржы секторын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру мынадай мемлекеттiк органдарға бекiтiлген: оларға заңнамалық бекiтiп берiлген функциялар мен өкiлеттiктер шеңберiнде Yкiмет, ҚҚА, Ұлттық Банк және Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi агенттiк.

Осы мемлекеттiк органдардың жұмысы мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

      қызметкерлердiң кәсiбилiгiн арттыруға және қаржы секторы институттарының мониторинг сапасын арттыру үшiн мүмкiндiктер құруға бағытталған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiн институционалдық нығайту;

      тәуекелдердi бағалау негiзiнде (risk based supervision) қадағалау әдiстерiн енгiзу жолымен қаржы ұйымдарын пруденциалдық реттеу және қадағалау жүйесiн жетiлдiру;

      мүмкiн реттеушi тәуекелдердi талдау және олардың қаржы жүйесiне әсер етуiн азайту;

      шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру;

      қаржы ұйымдарының тәуекелдердi басқарудың iшкi жүйелерiн дербес және тәуелсiз сыртқы бағалауын жүргiзу үшiн жағдайлар қалыптастыру;

      акционерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;

      Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес қаржы ұйымдарында бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiк жасау жүйесiн одан әрi жетiлдiру, және нақты сектор ұйымдарында ХҚЕС енгiзу;

      елдiң банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиiмдiлiгiн арттыру;

                       халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң уәкiлеттi органдарымен өзара iс-қимыл жасасу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша Б

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша В

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы, -Алматы, Қазақстан, 2007

2.      Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының  Үкіметінің актілерінің жинағы

3.      Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексі. Қазақстан Республикасының кодексі, Егемен Қазақстан, 6 мамыр, 2008

4.      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). –Алматы: ЮРИСТ, 2002

5.      С.Құлпыбаев. Қаржы. Жоғары оқу орнына арналған оқулық. Алматы, 2007 45-57 беттер

6.      Р.О.Смағұлова, Қ.Ә.Мәдіханова, Ә.Қ.Тұсаева, Ж.М.Сатыбалдиева. Қаржы, ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2008, 180-183 беттер

7.      Қ.Қ.Ілиясов., С. Құлпыбаев. Қаржы. Жоғары оқу орындарына

арналған оқулық. Алматы, 2005

8.      С.Б.Баймұханова. Қаржылық есеп. Оқулық. Алматы, 2007 ж.

9.      Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. –Алматы: Экономика, 2004

10. Заяц Н.Е., Фисенко М.К., Бондарь Т.Е. и др. Теория финансов. Учебное пособие. –Мн: Высш. Шк., 2003

11. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая  система: содержание и механизм использования. –Алматы, Қаржы-қаражат., 2005

  1. www.stat.kz
  2. www.minfin.kz

14. www.minplan.kz

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірбиесі