Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірбиесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 12:36, курсовая работа

Описание работы

Қаржы –нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.
Қаржы туралы ғылым ретінде экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................
1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі ............................................
2. Қаржы ресурстары мен қорлары ............................................................
3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіжәне оны ұйымдастыру ұйымдастыру, құрылымы,қағидаттары ....................................................
3.1 Мемлекеттік қаржылар ..............................................................................
3.2 Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы ....................................
3.3 Үй шаруашылығының қаржысы .................................................................
4.Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту ................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................
ҚОСЫМШАЛАР ............................................................................................

Работа содержит 1 файл

Курсов Асем.doc

— 285.00 Кб (Скачать)

Ұдайыөндірістік тұжырымдамасы қаржының  төмендегідей функциясын көрсетеді:

-                     ақшалай табыстар мен қорларды жасау

-                     ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану

-                     бақылау функциясы (қаржылық-шаруашылық, қаржылық-бюджеттік, кредиттік-банктік бақылау)

 

2. Қаржы ресурстары мен қорлары

Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Қаржы ресурстары – бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамассыз етуге пайдаланылады.

Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге  төленетін жарналар) және амортизациялық аударымдар алады.

Қаржы қорлары – қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты  ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары, ол ммелекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілетдің табыстары мен түсірімдері.

Қаржы ресурстарының құрамында олардың  аса маңызды  екі бөлігін  бөліп көрсетуге болады:

      мемлекеттің кірістері. Олар  республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің  кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, сыртқы  көздерден түсетін түсімдер.

      бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты.Бюджеттен тыс ресурстары автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болады. Бұл қорлардың қаражаттары экономиканы мемлкеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Қаржы ресурстары

Жалпы қоғамдық өнім

С

V

М

Материалдық өнім

Қажетті өнім

Қосымша өнім

ӨЗІНДІК ҚҰН (ШЫҒЫНДАР)

Амортизациялық аударымдар

Айналымдағы қаражаттар

Материалдық шығындар құрамындағы төлемдер

Ұлттық табыс

 

Әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар (әлеуметтік салық)

Таза табыс (пайда)

 

Халықтан алынатын салықтар. Қарыздар мен лотереялар. Ерікті жарналар

Жанама салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, басқалары)

Роялити, борнустар

Табиғи ресурстар  үшін төленетін төлемдер

Баждар, лицензиялар үшін төлемдер

Тіркеу алымдары

Табиғатты қорғау қорына төленетін төлемдер

Сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер

 

Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер

 

Сыртқы көздерден түсетін түсімдер (қарыздар, тарнсферттер, грантар)

 

Қаржы ресурстарының көздері макродеңгейде (мемлекет  деңгейінде) және микродеңгейде (шаруашылық жүргізуші субъект деңгейінде) іс-әрекет ететін көздер болып бөлінеді.

Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:

1.      жалпы ішкі өнім

2.      ұлттық байлық

3.      тартылған  (қарыз) ресурстары

Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:

1.      меншікті қаржы ресурстарының кздері: өнім өткізуден түскен табыс

2.      субъектінің сыртқы экономикалық қызметі; мүлік (сатуға болатын ғимараттар, жабдықтар және өзге активтер);

3.      шаруашылық жүргізуші субъектісінің меншікті қаражаттарына теңестірілетін қаражаттар: тұрақты пассивтер нысанындағы жалақы; қосымша жалақы- қызметкерлдердің демалыстарын  төлеуге  арналған ақша:

4.      тартылған қаражаттар ( бағалы қағаздар, несие капиталдары): акциялар мен облигацияларды сату; өқарыз қаражаттары;

5.      қаражаттарды қайта бөлу тәртібімен алынатын көздер: жоғары инстанциялардан (министрліктерден, бюджеттен алынатын) алынатын қаражаттар; сақтық өтеулер (сақтандыру -  қаражаттарды қайта бөлісу әдісі).

Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының  негізгі түрлері:  халықаралық валюта қорының және басқа халықаралық ұйымдардың кредиттері, Ұлттық банктің ішкі кредиттері; салықтар; бюджетке төленетін басқадай төлемдер; бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар.

Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының түрлері: шаруашылық жүргізуші субъектінің таза табысы-пайдасы; амортизациялық аударымдар, кредиттер, сақтық өтеулері, істен шыққан мүлікті сатудан түскен түсім-ақша, орнықты пассивтер, құрылыста ішкі ресурстарды жұмылдыру, серіктестіктер мен кооперативтер мүшелерінің үлестік және басқа жарналары, меншікті бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар, жоғарғы құрылымдардан  аударылған қаржы ресурстары, бюджеттік субсидиялар.

Қаржы ресурстары  орталықтандырылған және орталықтырылмаған болып екіге бөлінеді.

Орталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қамтамассыз етеді.

Ұлттық шаруашылықты қаржыландырудың мынадай бюджеттік әдістері бар:

1.      мемлекеттік күрделі жұмсалымдар (бұл әдіс экономиканы жандандыру, өндірістің жаңа салаларын жасау үшін пайдаланылады).

2.      мемлекеттік көтере сатып алу  (оның көмегімен жиынтық сұраным белгілінеді, мемлекет тауарлардың уақытылы өтуіне мүмкіндік туғызады).

3.      субсидиялар (өтеусіз берліген қаражаттар). Олардың түрлері: демеу қаржы, субвенциялар (мақсатты шығындарға жұмсалынатын субсидиялардың түрі); экспорттық сыйақылар (экспорттық тауарлардың бағасын төмендету үшін  пайдаланылатын субсидиялардың түрі).

4.      бірлескен кәсіпорындарға жұмсалынатын инвестициялар

5.      мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру.

Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасатын және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.

Қаржы ресурстарын өсірудің негізгі факторлары:

1.      қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру, бұл ұдайы өндіріс процесінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық еңбектің қаржылық нәтижесінің өсуіне жеткізеді.

2.      материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық бөліну үйлесімдері

Перспективада ақша қорланымдары (табыс, қосылған құнға салынған салық, акциздер), сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер қаржы ресурстарының негізгі көздері болып қалады.

 

3.Қаржы жүйесін ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін ұйымдастыру, оның құрылымы,  қағидаттары

«Қаржы жүйесі» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.

Жалпы институциондық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан-ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржылық қатынастардың жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.

Елдің  біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастырадың және бұл қатынастарды ұйымдастырушы органдардың жиынтығын қамтиды.

Қаржы жүйесі бұл  қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан- ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.

Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржылық қатынастар мен қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада-мемлекеттің қаржы мекемелерінің жүйесі

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан  өтті. Қаржылық қатынастардың пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен- «мемлекеттік бюджетпен» шектеледі. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін 2 негізгі буын- «мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады». Олар ақшалай қорларды қалыптастыруға  мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырады.

Қаржы жүйесі мынадай 3 бөлікті қамтиды:

1.                      Қаржылық қатынастардың жиынтығы

2.                      Басқарудың қаржылық аппараты

3.                      Ақшалай қорлардың жиынтығы

Өзінің дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында, соның ішінде КСРО-ның қаржы жүйесін  екі негізгі буын – мемлееттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындады.

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастырын құрайды.

Қаржы қатынастыры негізінен мына екі сфераны қамтиды:

1.                         мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;

2.                         кәсіпорындардың орталықтырылмаған ақша қорларының толық айналымын орталықтандыратын экономикалық ақша қатынасы.

Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтырылған және орталықтырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші  бөлігін құрайды.

Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, қаржылық бақылаудың және басқа қосалқы жүйелері.

«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.

Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

1) қаржы қатынастарының жиынтығы;

2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;

3)          басқарудың қаржылық аппараты.

Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

1.      мемлекеттік және муниципалдық қаржы;

2.      шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.

Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан –  бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.

Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға (ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен,  салалық бағыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.

Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.

Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірбиесі