Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірбиесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 12:36, курсовая работа

Описание работы

Қаржы –нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.
Қаржы туралы ғылым ретінде экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................
1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі ............................................
2. Қаржы ресурстары мен қорлары ............................................................
3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіжәне оны ұйымдастыру ұйымдастыру, құрылымы,қағидаттары ....................................................
3.1 Мемлекеттік қаржылар ..............................................................................
3.2 Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы ....................................
3.3 Үй шаруашылығының қаржысы .................................................................
4.Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту ................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................
ҚОСЫМШАЛАР ............................................................................................

Работа содержит 1 файл

Курсов Асем.doc

— 285.00 Кб (Скачать)


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Халықаралық Бизнес Университеті

Кафедра «Менеджмент»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірбиесі»

 

 

 

 

 

 

       Орындаған: 2 курс

Нуракова А.Б

 

 

                                        Тексерген: Азимбекова А.К

 

 

 

 

 

 

 

Алматы-2012 ж

 

 

Жоспар

       КІРІСПЕ  ........................................................................................................

1.      Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі   ............................................

2.      Қаржы ресурстары мен қорлары  ............................................................

3.      Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіжәне оны ұйымдастыру ұйымдастыру, құрылымы,қағидаттары ....................................................

3.1 Мемлекеттік қаржылар     ..............................................................................

3.2 Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы   ....................................

3.3 Үй шаруашылығының қаржысы  .................................................................

4.Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту   ................................................................................................

 

     ҚОРЫТЫНДЫ     ..............................................................................................

     ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................

     ҚОСЫМШАЛАР    ............................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қаржы –нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.

Қаржы туралы ғылым ретінде экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып ұлттық  табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары  туралы ілімге негізделеді.

Қаржы туралы ғылымды және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі- материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады. Ол нақты тарихи жағдайларды  ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.

Қаржының мән-мағынасы болып қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорларды, табыстарды  жасаумен,  ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар табылады.

Қаржының объектісі болып қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа да ұйымдары оның субъектісі болып табылады.

Курстық жұмыстың басты мақсат- қаржы жүйесінің ғылыми-методологиялық негіздерімен  қатар тәжірибесін де танып-білу, қаржы қатынастарын ұйымдастыру; оның әдістемесін, теориялық негіздерін, механизімдерін, тәсілдері мен мәнін терең білу; олардың нақты тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қандай да болмасын ел экономикасын дамытуда қолданылуын бағалау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті – нарықтық экономика жағдайында қаржы жүйесі мен оның механизімдерін жұмыс істеуіндегі басты ерекшеліктерді айқындау; қаржы жүйесі қызметін тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастырып, олардың қолдану жолдарын ашып көрсету; қаржы жүйесін жетілдіругі мемлекеттің саясатын,  мақсат-міндеттерінің қажеттілігін көрсетебілу.

Курстық жұмыста қаржы жүйесін ұйымдастырудың мәні мен мазмұнына,  қаржы жүйесінің қызметінің мақсаты мен міндеттеріне, қаржы ресуурстары мен қорларына, қаржы жүйесінің құрылым және оны қағидаттарына, қаржы жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру жолдарына, оны ұйымдастыру түрлері мен нысандарына жіте тоқталдық.

Курстық жұмысты жазу барысында экономикалық әдебиеттер мен нормативтік құжаттарды пайдаландық.

Осы жазылған курстық жұмыс алдағы уақыттарда дипломдық жұмысты жазуға өз септігін тигізеді деп ойлаймыз.

 

 

 

Курстық жұмыстың құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады:

Курстық жұмыстың құрылымы:

    Кіріспе  ............................................................................................................

1.      Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі   ..........................................

2.      Қаржы ресурстары мен қорлары  ...........................................................

3.      Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру, қаржы жүйесініңқұрылымы, қағидаттары ..............................................

3.1 Мемлекеттік қаржылар     ....................................................................

3.2 Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы   ..........................

3.3 Үй шаруашылығының қаржысы  ........................................................

4.      Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту  .........................................................................................

 

 

     Қорытынды      ..................................................................................................

     Пайдаланған әдебиеттер тізімі   .....................................................................

     Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia  сөзінен алынған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айырықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды   қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. 

Бұл терминнің авторы    1577 жылы  «Республика туралы алтын кітап» басып шығарған француз ғалымы Ж.Боден. Қаржы туралы  жұмыстың авторы («Афин республикасының кірістері») алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж) болды

Аристотельдің (б.э.д 384-322 жж) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. 

Қаржы ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалқы қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономикалық жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын- ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

Қаржы –ақша қатынастарының ажырамас бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастырын білдіреді. Сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты. Қаржының басты белгілерінің бірі- оның тұлғалануының ақша нысаны  және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі.

Ақша қорлары қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.

Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық  заңдардың іс-әрекетті болып табылады.

Қаржының қажеттілігі – тауар-ақша қатынастарының  болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.

Қаржының экономикалық рөлі

Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:

-                     қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;

-                     кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;

-                     қаржы ақша қорларын бөлу мен қайта  бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамассыз етеді;

-                     қаржы ұлттық табыстарға қорлану мен тұтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;

-                     қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме  қаржының рөлін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:

-                     ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамассыз ету тұрғысынан;

-                     қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;

-                                              қаржыны әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде пайдалану тұрғысынан.

Қаржының функциялары және рөлі.

Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән  қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айырықша әдістерін білдіреді.

Қазіргі уақытта  қаржының екі тұжырымдамасы бар:

2.      бөлгіштік

3.      ұдайы өндірістік

бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында- ақша нысанындағы қоғамдық өнімдің құнын бөлу процесінде пайда болады. Осыған байланысты қаржы екі функцияны атқарады:

1.      бөлу

2.      бақылау

Блу функциясы арқылы қаржы  шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет  арнаулы мақсатты ақша қорларымен қамтамассыз ету функциясын орындайды.

Қаржының бөлгіштік функциясындағы объектілері болып қоғамдық өнімнің құны және ұлттық байлықтық бір бөлігі, ал субъектілері - өндірістік процеске қатысушылар болып табылатын заңи  және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорын, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) саналады.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты бөлу  және қайта бөлу  процесінде пайдаланған кезде көрінеді.

Қаржының көмегімен бөлгіштік процесс қоғамдық  өмірдің барлық салаларында- материалдық өндірісте, айналыс және  тұтыну сфераларында өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін: жалпыұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске бөлінудің әртүрлі түрлерін- ішкішаруашылық, ішкісалалалық, салааралық, аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.

Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен туындайды. Ол жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланыстарды  қамтамассыз ету; табыстар мен қорларды қалыптастыру, ақша қорларын жасау.

Қоғамдық өнімді бөлу:  алғашқы және кейінгі немесе қайта  бөлу болып ажыратылады.

Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен  орнын толтыру қоры (материалдық және амортизациялық аударымдар) шығарылып тасталынылады және жаңадан жасалған құн – қалыптасады.

Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді бөлудің сан алуан процесін қамтиды.

Қаржының көмегімен ұлттық табысты бөлу  және қайта бөлу  екі әдіспен жүзеге асырылады:

-                     Қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде;

-                     Несиелік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізінде кредиттер беруді білдіреді.

Ұлттық табысты қаржының көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары:

-                     өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамассыз ету;

-                     елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы  ресурстарын мақсатты бөлу;

-                     қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын қамтамассыз ететін басым түрде салааралық бөлу;

-                     қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әртүрлі рентабелділігімен және күрделі жұмсалымдардың  құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырылады.

Ұлттық табысты қаржының көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарын ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлілігін қамтамассыз етеді.

Қаржы бөлгіштік функциясы арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру және қаражаттарды  жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттіктердің экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір  қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірбиесі