Қаржының мәні, объективтік қажеттігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 23:22, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың биылғы 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық пен Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі агенттік компаниялардың жарғылық қорындағы үлестері аз инвесторлардың, акционер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау туралы заң әзірленсін»- дап атап көрсетті.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

І. ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІК ҚАЖЕТТІЛІГІ----------6

1.1.Қаржының мәні, қаржы жүйесінің құрылымы----------------------------6
1.2 Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі -------------------------------8
1.3 Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері-----------------------------9


ІІ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ----------------------------------13

2.1 Мемлекеттің қаржылық бақылау функциясының мәні--------------13
2.2 Мемлекеттің қаржылық бақылаудың сыныптамасы-----------------17

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ-------------------------------------------------22

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------28

Работа содержит 1 файл

Каржы мани -объективтик кажет-каржы кызмети.doc

— 158.00 Кб (Скачать)

 

        Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған. Бюджеттік бақылау тексерістік және талдамалық (аналитикалық) қызметтің мынандай түрлерін қамтиды: елдің негізгі қаржы жоспарының — мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету; өндірістік емес, мақсаттсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың  қозғалысы барысында, күрделі құрылыс  процесінде, кәсіпорындардың кассалық тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, нақты ақшасыз есеп айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік қадағалаумен (бақылаумен) кредит-есеп-қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылған.

Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау (қадағалау) сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтық қатынастарға қатынасушылардың барлығының орындалуын жүзеге асырады.

Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды кедендік ресімдеу кезінде  де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында  кедендік бақылауды жүргізеді; олардың  тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге немесе жүргізуге құқы бар.

Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің  жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде жүзеге асырады. Өкілетті органдардың жоспар-бюджет және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды, олар алдын ала, сессияға дейін бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды.

Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың бақылаушылық, соның ішінде қаржы-кредиттік қызметті ғана бағалап қоймайды, сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің өкілеттіктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды.

Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау-тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық жөне нысапсыздық фактілерін бұл тартпау.

Ведомстволық бақылау  шеңберінде ішкі шаруашылық бақылау  яғни нақтылы шаруашылық жүргізуші  субъектілерде (фирмаларда, компанияларда, ұйымдар мен мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау функциялары бұл жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты ретіндегі оның күн сайынғы процесімен байланысты. Бақылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының өндірістік капиталды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға жауаптылығын арттыруға жәрдемдеседі, ысыраптарды, қаржы тәртібінің әр түрлі бұзылуларын азайтуға бағытталған.

Ішкі шаруашылық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда, субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның барлық құрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкі шаруашылық бақылау қаржы стратегиясын талдап жасау, экономикалық диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын шешеді.

Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылық бақылау  оның бұрынғы ұғынысындағы өзінің мағынасын  жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік  кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалары және меншіктің басқа нысандарының кәсіпорындарыңда коммерциялық ынталандырмалар басуы тиіс. Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардан сақтануға көбірек кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке ынталылығы өзін-өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды.

Жүргізу нысандары мен  уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын  ала бақылау, ағымдағы және кейінгі  бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мұндай нысандары бақылаушы органдардың  көбісінің қызметіне тән.

Қаржылық алдын ала  бақылау ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі операциялар  істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан  оның қаржы тәртібін бұзуды алдын-ала  ескертуде зор маңызы бар. Бұл  жағдайда бекітуге және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізі болып табылатын құжаттар — бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың жобалары, кредит және касса өтінімдері және т.т. тексеріледі.

Ағымдағы қаржылық бақылау  қаржы жоспарларының атқарылу процесінде, шаруашылық-қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар-материал құндылықтары мен ақша қаражаттарын жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бұрын берілген ресурстардың пайдаланылуына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау шаруашылық-қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырылады.

 

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ  ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

       Мемлекеттік  бақылауды Қаржы министрлігінің  заңды тұлға құқығындағы Қазынашылық комитеті де орындайды. Қазынашылық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау болып табылады.

Қаржы министрлігінің Салық  комитеті, оның аумақтық органдары  есептен салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, өсімдер мен айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады.

Экономика мен қаржы  қызметі сферасында қаржы тәртібін сақтауға Қазақстан Республикасының Қаржы полициясының органдары да қатысады. Олар заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі сферасында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтаға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар болып табылады.

Қаржы полициясы органдарының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) өкілеттігі шегінде  мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін,  кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің,  қоғам мен мемлекеттің заңды  құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз  ету;

2) салықтарды төлеуден  жалтаруға байланысты қылмыстардың экономика мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

3) экономика саласындағы  сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа  қарсы күрес ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

4) қаржы полициясы  органдарының қарауына жатқызылған  мәселелер бойынша халықаралық  ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Қаржы полициясының төменгі  бөлімшелері жоғарғы тұрғандарына бағынатын бірыңғай орталықтандырылған жүйесі бар. Қаржы полициясының төменгі бірыңғай жүйесін:

1)  мыналарды:

орталық атқарушы органды (уәкілетті орган); Қаржы полициясының аумақтық және мамандырылған органдарын қамтитын қаржы полициясының органдары;

2) оқу органдары және  өзге де ведомстволық бағыныштағы мекемелер құрайды.

Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың  қаржы полициясының тиісті бөлімшелері, сондай-ақ қаржы полициясының аймақаралық, қалалық, қалалардағы аудандық бөлімшелері  қаржы полициясының аумақтық органдары болып табылады.

Қаржы полициясының көліктегі  тиісті бөлімшелері қаржы по-лициясының мамандырылған органдары болып  табылады.

Қаржы полициясының аумақтық және мамандырылған органдары тиісті өкімшілік-аумақтық бірлік шегінде  уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады.

Экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету мақсатында экономика  және қаржы қызметі сферасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың  алдын алу, оларды анықтау, жолын  кесу, ашу және тергеу жөніндегі  басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы уәкілетті орган болып табылады.

Уәкілетті орган:

1) қаржы полициясының  органдары мен ведомстволық бағыныштағы мекемелер қызметінің негізгі бағыттары бойынша олардың іс-қимылына басшылықты, оның үйлестірілуі мен келісімділігін қамтамасыз етеді;

2) қаржы полициясы  органдарының жедел-іздестіру, әкімшілік,  тергеу және анықтау қызметінің  практикасына талдау жасайды;

3) экономикалық және  қаржылық қылмыстарға қарсы күрестің  нысандары мен әдістерін жетілдіреді,  жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы  мен тактикасын белгілейді, қаржы  полициясы органдары қызметінің  тиімділігін арттыру жөніндегі  шараларды әзірлейді және іске асырады;

4) қаржы полициясы  органдары бөлімшелерінің жұмысына  бақылау жасайды;

5) Қазақстан Республикасының  экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз  ету жөнінде басқа мемлекеттік  органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

6) қаржы полициясы  органдарының мамандарын даярлауды және кадрларының біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

7) қаржы полициясы  органдары қызметінің басым бағыттарын  белгілейді, оларды іске асырудың  құқықтық, ұйымдық және экономикалық  тетіктерін әзірлейді;

8) экономикалық және  қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысады;

9) заңмен белгіленген  өз өкілеттігі шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.

Барлық деңгейлердің өкілдікті органдары (маслихаттар, депутаттардың жиналыстары) қаржылық бақылауды бюджеттерді және олардың  атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту поцесінде жүзеге асырады. Яғни олар бақылауды екі нысанда — алдын ала және кейінгі нысандарда жүзеге асырады. Ағымдағы бақылау бар болғанымен олардың қызметінде негізгі болып саналмайды. Бақылаудың негізгі әдісі тексерулер болып табылады. Бақылаудың объектісі ақша қаражаттарының жергілікті қорлары болады.

Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлық нысанда жүзеге асырылады және де алдын ала және ағымдағы бақылау оның айрықша нысаны болып табылады. Бақылаудың негізгі әдістері тексерулер және есептемені шоттық тексеру. Салалық басқармалардың (бөлімдердің) мамандары тексеріске ревизиялық бригадалар құрамыңда тартылады.

Ведомстволық қаржылық бақылауды республика министрліктері, ведомстволары, жергілікті органдардың  басқармалары мен бөлімдері ведомстволарға қарасты кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге жүргізеді. Ведомстволық қаржылық бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бақылаудың негізгі әдістері қаржы жоспарларының жобаларын қарау, тексерістер мен тексерулер болып табылады. Бақылау объектісі ақшалай қаражаттардың орталықтандырылмаған қорлары болады.

Информация о работе Қаржының мәні, объективтік қажеттігі