Қаржының мәні, объективтік қажеттігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 23:22, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың биылғы 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық пен Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі агенттік компаниялардың жарғылық қорындағы үлестері аз инвесторлардың, акционер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау туралы заң әзірленсін»- дап атап көрсетті.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

І. ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІК ҚАЖЕТТІЛІГІ----------6

1.1.Қаржының мәні, қаржы жүйесінің құрылымы----------------------------6
1.2 Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі -------------------------------8
1.3 Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері-----------------------------9


ІІ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ----------------------------------13

2.1 Мемлекеттің қаржылық бақылау функциясының мәні--------------13
2.2 Мемлекеттің қаржылық бақылаудың сыныптамасы-----------------17

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ-------------------------------------------------22

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------28

Работа содержит 1 файл

Каржы мани -объективтик кажет-каржы кызмети.doc

— 158.00 Кб (Скачать)

Қаржылық бақылау әр түрлі негіздер бойынша мынадай  түрлерге бөлінеді:

1. Нысандары бойынша: 

а) Тікелей бақылау 

б) Жаңаша бақылау;

Тікелей бақылау нақты  бақылау объектісінде алғашқы ақша құжаттарын зерделеу және талдау, ақшаларды қайта есептеу, тауарлық-материалдық құндылыктарды түгендеу арқылы жүргізіледі.

Жанама бақылау бойынша, бақылау субъектісі мен объектісі  аумақ арқылы бөлінетіндіктен олардың  есеп беру және жопарлау құжаттарын тексеру  сырттай ойпатта жүзеге асырылады.

2. Жүзеге асыру уақыты  бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

а)    алдын-ала қаржылыкқ бақылау;

 ә) аңымдағы қаржылық  бақылау;

б)   кейінгі қаржылқк бақылау.

Алдын ала қаржылық бақылау  қандай да болмасын қаржылық шараларды  жүргізгенге дейін жүзеге асырылатын ескертпе бақылау;

Ағымдағы қаржылық бақылау  қандай да болмасын қаржылық шараларды  жүргізу процесінде жүзеге асырылатын жедел бақылау;

Кейінгі қаржылық бақылау  өз каржылық міндеттерін сапалы орындамағандарға және қаржылық құқық бұзушылық жасаған фактілерін айғақтау мақсатында қаржылық шаралар жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылатын бақылау.

3. Субъектілері бойынша:  арнайы және функциялық қаржылық  бақылау.

а) арнайы қаржылық бақылау  мемлекеттің арнайы уәкілетті органдары  жүзеге асыратын бақылау (мысалы, Қазакстан Республикасынын Қаржы Министрлігі, Қазақстаннық Ұлттық Банкі, Қаржы Министрлігінің қаржы бақылау комитеті және т.б.).

ә) функциялық қаржылык бақылау  мемлекеттік органдар жүзеге асыратын және олар үшін қаржылық қызмет пен қаржылык бақылау қызметтерінін бір бағыты ретінде көрініс табатын бақылау.

4. Қаржылық бақылау  аясына байланысты:

а) бюджеттік бақылау;

ә) банктік бақылау;

б) сақтандыру бақылауы;

в) валюталық бақылау;

г) салықтық бақылау;

д) қаржылық-шаруашылық бақылауы болып бөлінеді.

Қаржылық бақылауды  жүзеге асыру әдістеріне мыналар-жатады:

1. Ревизия; 

2. Алғашқы ақша құжаттарын  тексеру; 

3. Бухгалтерлік есеп  тіркеліміндегі жазуларды тексеру; 

4. Статистикалык және бухгалтерлік есептеулерді тексеру;

5. Жоспарлар мен сметаларды тексеру;

6. Тексеру кезінде  туындаған мәселелер бойынша  лауазымды адамдар мен материалдык  жауаптылық жүктелген тұлғалардан  жазбаша түсініктемелер алу; 

7. Негізгі қорларды, нақты  ақша қаражаттарын және тауарлық-материалдық  құндылықтарды түгендеу;

8. Банктер мен басқа  да есеп айырысу мекемелеріне  ресми сұраныс жасау; 

9. Құқық қорғау органдары  мен соттардан түскен ақпараттарға  талдау жасау.

Осы қаржылық бакылау  әдістерінің ішіндегі ен бастысы  ревизия болып табылады. Ревизия  деп тексерілетін объектілердің қаржылық-шаруашылық қызметтерін мұқият зерделеу арқылы олардың заңды түрде, мақсатқа сәйкес және ұтымды жүргізілген тексеруді айтамыз.

 Ревизия жүргізу  кезінде мына келесідей әдістер  қодланылады: 

1. тексеру объектісі  бойынша: құжатгық тексеру; факті бойынша, яғни жасалған жұмыстың көлемі мен сашсын, тауарлық-материалдык құндылықтардың бар жоқтығын тексеру.

2. тексеру объектісінің  қамтылуы бойынша: толық, жаппай  тексеру; ішінара, іріктеп тексеру. 

3. ұйымдастырылуы бойынша:  жоспарлы тексеру; жоспардан тыс тексеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. МЕМЛЕКЕТТІҢ  ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

2.1 Мемлекеттің қаржылық бақылау  функциясының мәні

Қаржылық бақылау деп  әдетте тиісті ақша қорлары бойынша  қоғамдық жалпы өнімді құндық бөлу және оларды белгілі бір мақсаттарға  жұмсаудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызметті айтады.

Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функционалдық элементтерінің бірі, ол басқарудың басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл оргаңдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.

Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға  тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.

Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты  болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.

Қаржылық бақылаудың өзгешелігі —  оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында. Табыстар мен қорланымдардың қалыптасу процестері, ақша қорларын құру және пайдалану оның тікелей объектісі болып табылады. Алайда, қаржылық бақылаудың іс-қимылы ақша қатынастарының аса кең аясына таралады, өйткені қаржы басқа экономикалық категориялармен: еңбекақымен, өнімнің өзіндік құнымен, табыспен, пайдамен, өндірістік құрал-жабдықтармен (негізгі, айналым капиталымен), күрделі жұмсалымдармен, инвестациялармен тығыз байланысты. Ал мекемелер мен ұйымдардың бюджет қаражаттарын дұрыс пайдалануын бақылау олардың барлық жағын — желі мен контингенттерді өрістетудің толықтығын, қаражаттарды жұмсаудың белгіленген нормаларын сақтауды қамтиды.

Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.

Бақылауды жүзеге асырудың негізгі  қағидаттары мыналар болып табылады:

      • бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
      • бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
      • әрекеттілік, нақтылық, жариялылық — бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
      • бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
      • бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.

Қаржы тәртібі — бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.

Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен  әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро- немесе макродеңгейде жүргізіледі.

Макродеңгейдегі қаржылық бақылау — бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:

    • ақшалай қаражаттардың орталықтандырылаған қорларын қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
    • қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объекгивті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
    • қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оптималды түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеггіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.

Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.

Құрама қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады.

Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.

Микродеңгейдегі қаржылық бақылау — меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.

Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:

кәсіпорындардың қаржы  саласындағы қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;

шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;

қаржы ресурстары өсуінің  ішкі өндірістік резервтерін табу;

ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржы көрсеткіштері (табыс, пайда, өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предметі болып табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорыңдардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл максатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.

Қаржылық бақылау нарықтық қатынастар жағдайында айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Жаңа экономикалық өзара қарым-қатынастар қаржы операцияларын, әр түрлі мәмілелерді үнемі тексеруді, қадағалауды жақтырмайды. Тегіс қамтитын бақылау қалыпты нарықтық қатынастарға тежеуіш болып келеді. Бірақ өтпелі кезеңнің қиыншылығы қоғам үшін қолайлы бағытта қаражаттар ағынының қозғалысын басқаруды және бақылауды ысырап етеді. Бұл жағдайда қаржы тәртібін, қаржы заңнамасын бұзудың тенденциялары күшейеді, мемлекеттік меншікті пайдалану жөніндегі қиянатшылық жиілейді. Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылық өмірдегі кез келген келеңсіз көріністерге берік тосқауыл болуы тиіс. Мемлекет қоғамдық мүдделерді, әлеуметтік әділдікті қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкіндіктерін реттеудің құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу процестеріне араласуы, қаржылық бақылаудың нысандарын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.

 

    1.   Мемлекеттің қаржылық бақылаудың сыныптамасы

 

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.

Мемлекеттік қаржылық бақылау  жалпы мемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы  мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік  билік пен басқару органдары  жүргізеді.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде  бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.т. болып ажыратылады.

        Қазақстан Республикасының қазіргі  қаржылық бақылау жүйесі оны  жүзеге асыратын субъектілеріне (бақылауды жүзеге асыратын органдарға  немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады (1 сызбаны қараңыз).

 

  1. сызба. Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы

 

Қаржылық бақылау

Мемлекеттік

 

Қоғамдық

Жалпы- мемлекеттік

 

Ведомстволық

Қоғамдық ұйымдарын: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғаластардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы

 

 

 

 

Ішкі-шаруашылық

Парламентік (депутаттық)

бақылау

Аудиторлық бақылау

Информация о работе Қаржының мәні, объективтік қажеттігі