қаржылық жоспарлау мен болжау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:43, курсовая работа

Описание работы

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кәсіпорын. Меншіктің түріне, қызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын жоспарлаумен айналыса алады. Бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет. Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған басқару жүйесі кезіндегі

Содержание

Кіріспе: ........................................................................................................................

Негізгі бөлім:

Қаржылық жоспарлау мен болжау .....................................
1.1.Қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістері ....
1.2.Қаржы жоспарының жүйесі ...............................................
1.3.Қаржылық көрсеткіштер ....................................................
2.Жоспарды ұйымдастыру ........................................................
2.1.Бизнес жоспар моделі ...........................................................
2.2.Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары ..........................................................................................
3. «Қазақстан текстиль компаниясы» қаржылық жоспары ..........................................................................................

Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

каржылык жоспарлау жане болжау.doc

— 302.00 Кб (Скачать)

Кәсіпорын өз зияндарын  өзін-өзі қауіпсіздендіру негізінде  және тәуекелділіктің  белгілі бір  бөлігін қауіпсіздендіру компанияларына және ұйымдарға беру арқылы азайтуға болады.

 

2.2. Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары

 

Нарықтық экономикада  қаржылық жағдайдың беталысын анықтау  қажеттілігі туындайды. Кәсіпорынға  өзіндік қаржы стратегиясын құру қажет. Қаржы стратегиясы- бұл кәсіпорынның жалпы стратегиясының құраушы бөлігі болып саналады. Ол кәсіпорынды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-амалдардың бас жоспарын жасау мен оны іске асыру әрекетінен көрінеді. Қаржылық стратегия теориясы іс жүргізудің нарықтық заңдылықтарын зерттейді, кәсіпорынның жаңа ортада тіршілік ету, даму үлгісін жасайды. Қаржылық стратегияға мыналар кіреді: қаржылық жағдайды талдау; кәсіпорын мүлкін оңтайландыру; табысты бөлу, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру, салық және баға ұстану саясаты; құнды қағаздар саясаты.

  Қаржы стратегияларын басты және оралымды , басты стратегиялық мақсат және жекелеген стратегиялық міндеттерді орындау стратегиясы деп бөлінеді.

Басты қаржы стратегиясы да кәсіпорынның ұзақ мерзімді кезеңге арналған қаржылық іс әрекетін айтады.

Егер кәсіпорын өз тәжірибесінде ұзақ мерзімді, қысқа  мерзімді және ағымдық қаржылық жоспарлау  жүйесін қолданатын болса, онда жоспарлау  көлемі де тиісінше бөлшектелінеді. Отандық  тәжірибеде ол , негізінен: ұзақ мерзімді жоспарлауда – үштен бес жылға дейін, орта мерзімді жоспарлауда- бір жылдан үш жылға дейін; ағымдық (оралымды) жоспарлауда- тоқсанға, бір айға немесе ,егер қажет болса, одан да қысқа мерзімге жасалынады. Оралымды қаржылық стратегияның басты ерекшелігі - мұнда жоспарланған кезең ішінде барлық жалпы табыс пен шығын қаражаттары қамтылады. Табыстар мен шығындарды осылай мұқият есептеп жоспарлаған жағдайда ғана ақша ағының дұрыс үйлестіріп, пайданың шығыннан басым түсуіне қол жеткізуге болады.

Қаржының басты стратегиялық қызметі – кәсіпорынды оның мақсатын орындауға қажетті әрі жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.

Қаржылық стратегия басты стратегиялық мақсатқа қол жеткізетін тәсілдер мен іс-әрекеттерді қамтиды, атап айтқанда: қаржы ресурстарды құру және оны орталықтан стратегиялық тұрғыда басқару; шешуші бағыттарды анықтап, ресурстарды сонда шоғырландыру; мақсаттарды дәрежесіне қарай бөліп, оларға кезең-кезеңмен қол жеткізу; қаржылық іс-әрекеттің кәсіпорынның экономикалық жағдайы мен материалдық мүмкіндіктеріне сәйкес болуы; әрбір уақыт шегінде кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын шынайы түрде ескеріп отыру; стратегиялық резервтер құру және даярлау; кәсіпорынның және бәсекелестердің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін есепке алу; бәсекелестерінен жоғары дәрежеге қол жеткізу үшін күресу және әдіс-амалдар қолдану.

Демек, кәсіпорынның қаржылық іс-әрекеттегі табысы қаржы стратегиясының теориясы мен тәжірибесін ұштастырғанда, сонымен бірге, қаржылық стратегия  кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда ғана толық қамтамасыз етіледі.

          21

Қаржы стратегиясы кәсіпорынның қаржы жоспарын жасап, оны орындау  үдерісінде, яғни кәсіпорын ішіндегі қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру  барысында іске асады. Кәсіпорын  ішілік жоспарлауды ұйымдастыруда басым бағыттың бірі- отандық тәжірибеге бизнес-жоспар жүйесін ендіру болып табылады. Бизнес-жоспар кәсіпорын ішілік жоспарлау құжаты бола отырып, кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетінің барлық негізгі аспектілерін қамтиды. Кәсіпорын іс-әрекетінің барысында кездесуі мүмкін мәселелерді сараптап , соған қоса қаржылық-шаруашылық мәселелерді шешу жолдарын белгілейді. Қазіргі қолданыстағы заңнама бизнес-жоспарды міндетті етіп бекітпейді. Ал дамыған елдер тәжірибесі мен өз кәсіпорындарымыз жинақтаған әзірге тым аз тәжірибесі көрсеткендей, бизнес-жоспар құру - өмір талабы болып отыр. Осы тұста отандық кәсіпорындардың өндірістік-техникалық-қаржылық жоспарын әкімшілік басқару жүйесінде құруы мен іске асыруын және оның маңызды құраушы бөлігі- төлемдер күнтізбесін салыстырма түрінде келтіруге болады. Төлемдер күнтізбесі кәсіпорынның  барлық табысы мен шығысын өзара үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Күнтізбе құру міндетті емес, дегенмен, көптеген кәсіпорындардың үнемі төлем күнтізбесін жасауы оларға ауыр қаржылық жағдайы кезеңі туындайтынын алдын ала көріп біліп, уақытша қаржылай қиындықтарды жоюға қосымша ресурстар табу үшін дер кезінде қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. Бизнес-жоспарын қаржы бөлімінің төлемдер күнтізбесі секілді кәсіпорын ішілік жоспарлау құжатымен салыстыруға болмайды. Олардың тек жекелеген жоспарлау әдістері ғана ұқсас. Нақтырақ айтқанда , бизнес-жоспар оралымды және орта мерзімді жоспарлау мәселелерін шешетін және стратегиялық мақсатқа ие болумен қатар, шетелдік әріптестермен іскерлік қарым-қатынас орнаған жағдайда, сыртқы экономикалық мәселелерді де шешуге бағытталады. Бизнес-жоспар құрудағы шетелдік және отандық тәжірибеге сүйенер болсақ, оның ең маңызды бөлігі – қаржылық жоспарлау екендігіне көзіміз жетеді. Қаржылық бөлім қаржылық нәтижелер болжамын қамтиды, бұл- қосымша инвестициялық мұқтаждық және қаржыландыру көздерін құру; дисконтталған ақша қорларының үлгісі; залалсыздық нүктелерін анықтау және .тб. құжаттар жасау деген сөз.

Сонымен қатар, қаржылық жоспар құру кезінде кәсіпорынның қаржылық дамуына қажетті қаражаттарды анықтау үшін қаржылық жоспарды инвестициялық жоба ретінде бағалауды қажет етеді деп болжанады. Бұл дегеніміз- бизнес-жоспарда қарастырылған қаржы жұмсалымдары экономикалық тиімділік жағынан негізделген болуы тиіс. Жоспардың барлық бөлімдеріндегі барлық көрсеткіштердің негіздемесі  болғанда ғана қаржылық нәтижелер  болжамы нақты болады.  Мысалы, сатудан түскен табыс болжамдық бағаға сүйеніп анықталады және түбегейлі маркетингтік зерттелулерге негізделуі тиіс. Болжамдық есептеу дәлдігіне өндіріске жұмсауы жоспарланған материалдар мен шығындар көлемі көбірек ықпал етеді. Оны анықтау кезінде жоспарлық кезең ішінде орын алуы мүмкін өзгерістерді ескере отырып, есептеулерді бірнеше нұсқада жасау қажет. Сатылым көлемін, сатылған өнімді өндіруге жұмсалған шығындар, сатылымнан бөлек операциялардан келген табыс пен шығынды болжап, өндірісті дамытуға және өнімді өткізуге қажет қосымша резерв көздерін табуды көздеу керек. Мұндай қосымша мүмкіндіктер кәсіпорын іс әрекетінің бейіміне қарай құрылған бизнес-жоспарда  белгіленуі мүмкін.

22

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық іс-әрекетін талдау нәтижесінде анықталған қосымша қаржы мүмкіндіктері  шынайы бағалануы үшін оны жоспарлық  кезеңнің әр түрлі мүмкін жағдайын  ескере отырып. Бірнеше нұсқада жасау қажет.

Дисконтталатын ақша ағындары үлгісі қаржы-шаруашылық іс -әрекет нәтижелерін болжау негізінде құралады. Бұл жағдайда жалпы қаржылық нәтиже кәсіпорынды  сауықтыру қаржылық жоспарын іске асыратын әр жылдың дисконтталатын ақша ағындары және жоспарлық кезеңнен тыс ағымдық дисконтталатын құн жиынтығының реті есептеледі. Дисконтталатын ақша ағындары үлгісін құру мен оны бизнес-жоспарға енгізу қажеттілігі қаржылық нәтижелер болжамындағы шығындардың басым бөлігі төлемдер кезектілігін көрсетпейтіндігінен келіп туындайды. Дәлірек айтқанда, пайда әр қашан кәсіпорын есепшотындағы қаржы «артықтығын» білдірмейді, ал есепшотта қаржы болуы кәсіпорынға пайда түсті деген сөз де емес.

Ақша ағындары үлгісін құру арқылы болжаудың басты міндеті- ақша қаражаттары түсу және жұмсалуын белгілі бір уақыт кезінде бірдей болуын

 

ұйымдастыру, демек, кәсіпорынның келешектегі өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жоғарыда айтып өткендей, бизнес-жоспарды бағалау инвестициялық жоба ретінде бағалауды қажет етеді. Осы арада жобаны жүзеге асыру барысында инвестицияға жұмсалған ақша қаражаттарының орны кейінгі  жылдары сол инвестициядан түскен ақшалай табыс есебінен толтырылатындығын есте ұстау керек. Осы сомалар тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін нөлдік уақыт аралығында жобаны жүзеге асыру кезеңі ішінде инвестицияның қосымша қаражаттар құнына түзету енгізіледі. Аталған үдеріс дисконттау деп аталады. Нөлдік уақыт аралығындағы ақша қаражаттары мөлшері ағымдық құнын көрсетеді. Бастапқысынан басқа іске асырылатын барлық кейінгі инвестициялар да олардың ағымдық құнына келтіріледі. Ол үшін олардың құны дисконттау коэффициентіне көбейтіледі:

                                                                  n

Ағымдық құн коэффициенті = 1/ (1+p)     ,

Мұнда: р- таңдап алынған  дисконт мөлшерлемесі

             n- жылдар саны.

Ақша қаражаттарының қозғалысы кәсіпорын теңдестігінің  активі мен пассивінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетіп отырады, ал ақша ағыны – шаруашылық іс-әрекет үдерісіндегі табыстар мен төлемдерді теңестіреді.

Қаржылық нәтиже болжамына  сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру  кезеңі ішінде ақша ағындарының үлгісі құрылады. Мұнда ақша ағындары қалдық құнының ағындық (дисконтталған) құны ескеріледі. Ол барлық осы ағындардың жоспарлық кезеңнен тыс жердегі құнын білдіреді және Гордон формуласымен есептеледі:

                  Wост=CFn (1+g) / (r+g) ,

Мұнда: CFn – жоспарлық кезеңнің соңғы жылындағы ақша ағыны;

   g- ақшалай пайданың көбею қарқыны;

            (1+g) – ақшалай пайданың өсу қарқыны.     23

Есептеулер нәтижесінде  таза ағымдық (дисконтталған) құн мөлшері оң шама болуы тиіс, бұл дегеніміз- салынған инвестициялар дисконт мөлшерлемесі деңгейінде пайда табуға мүмкіндік береді деген сөз. Сонан соң пайданың ішкі мөлшері есептеледі. Есептеуде әртүрлі дисконт мөлшерлемелері қойылып, дисконтталған құн нөлдік мәнге мейлінше жуықтайды, бірақ теріс мәнге өтіп кетпеуі ескеріледі. Алынған нәтиже қандай уақыт аралығында болатындығы анықталады. Аталған кезең жоба өтелуінің дисконтталған кезеңі деп аталады. Қаржылық жоспардың осы бөлімінде  несиелік қарыздарды өтеу графигі де келтіріледі.Келтірілген құжаттарға қосымша графиктік және талдау әдістерімен залалсыздық нүктесі (табыстылық шегі) анықталады. Табыстылық шегі – кәсіпорынның сатылымнан түскен табыс бойынша залалға ұшырамайтын , бірақ пайда да келмейтін аралығы. Табыстылық шегін анықтау әдістері өте күрделі болғандықтан, іс жүзінде залалсыздық шегіне жетті деп тану үшін жай ғана кәсіпорынның таза пайдасы болса жеткілікті.

 

3. «Қазақстан текстиль компаниясы» қаржылық  жоспары

 

    “КТС” компаниясы 2007 жылдың  1 ақпанынан бастап жұмыс істеп келеді.Сол уақыттан бері халыққа сапалы қызмет көрсетіп жатыр.Қазақстан жеңіл өнеркәсібінде өзінің ерекше бағыт-бағдарымен танылған ”КТС” компаниясы қазақ халқының салт-дәстүрі мен қолөнер шеберлерінің ежелгі әдісін сақтай отырып,халық менталитетіне сай киім үлгілерін ұсынады.Сонымен қатар компания болашақта әлемдік брендтермен бәсекеге түсіп,әлемдік подиумдарда көрінуге мүмкіндігі туып отыр.

       Қаржылық жағдайы :

                                   Фабрикаға керекті машиналар

Атауы

Саны

Құны

Барлығы

Тігін машиналары

20

120000

2400000

Оверлок

5

99000

495000

Трикотаж тігін машиналары

5

135000

675000

Петелвный машиналар

5

60000

300000

Вышевальный машиналар

5

250000

1250000

Ауыр жүк машинасы

2

600000

1200000

Барлығы

   

6320000


 

                                   Фабрикаға керекті жиһаздар мен жабдықтар

Атауы

Саны

Құны

Барлығы

Қызметкерлерге үстелдер

15

10000

150000


                       

                                                                                                                           24

Қызметкерлер отыратын орындықтар

15

4000

60000

Компьютерлер

16

120000

1920000

Басшының үстелі

1

20000

20000

Басшы отыратын орындық

1

6000

6000

Барлығы

   

2156000


 

 Айына 1 бөлімшеге жіберілетін киім үлгілері

 

Атауы

Саны көлемі

Метр көлемі

Материалы

Футболка 

5*5=25

1м          5

Трикотаж

Вадаласка

5*5=25

1м          5

Хб трик

Джинсы шалбар

5*9=45

2м          10

Джинсы

Шалбар

5*9=45

2м          10

Хб

Бриджи

5*5=25

1м          5

Хб

Юбка

5*9=45

1м          5

Джинсы

Спорттық киім

5*5=25

3,5м       17,5

Баллон

Борцовка

5*5=25

1м          5

Трикотаж

Шорты

5*5=25

80см       4

Хб

Капри

5*5=25

1м           5

Джинсы

Көйлек

5*7=35

1,5м        7,5

Хб

Кофта

5*5=25

1м           5

Хб трик

Ласина 

5*5=25

1,5м        7,5

Трикотаж

Жейде

5*5=25

1,5м        7,5

Хб


                  Айына керекті материалдар көлемі

 

Атауы

Көлемі

Бағасы

Барлығы

Трикотаж

17,5

500

8750

Хб трикотаж

10

500

5000

Джинсы

20

800

16000

Хб

34

350

11900


25

Баллон

17,5

600

10500

Идеал жіп

2000 маток

150

30000

Қосымша аксесcуар

   

500000

Барлығы

   

2875050

Информация о работе қаржылық жоспарлау мен болжау