қаржылық жоспарлау мен болжау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:43, курсовая работа

Описание работы

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кәсіпорын. Меншіктің түріне, қызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын жоспарлаумен айналыса алады. Бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет. Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған басқару жүйесі кезіндегі

Содержание

Кіріспе: ........................................................................................................................

Негізгі бөлім:

Қаржылық жоспарлау мен болжау .....................................
1.1.Қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістері ....
1.2.Қаржы жоспарының жүйесі ...............................................
1.3.Қаржылық көрсеткіштер ....................................................
2.Жоспарды ұйымдастыру ........................................................
2.1.Бизнес жоспар моделі ...........................................................
2.2.Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары ..........................................................................................
3. «Қазақстан текстиль компаниясы» қаржылық жоспары ..........................................................................................

Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

каржылык жоспарлау жане болжау.doc

— 302.00 Кб (Скачать)

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе:  ........................................................................................................................

 

Негізгі бөлім:

 

  1. Қаржылық жоспарлау мен болжау .....................................

     1.1.Қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістері ....

  1.2.Қаржы жоспарының жүйесі ...............................................

  1.3.Қаржылық көрсеткіштер ....................................................

  2.Жоспарды ұйымдастыру ........................................................

  2.1.Бизнес жоспар моделі ...........................................................

  2.2.Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары ..........................................................................................

  3. «Қазақстан текстиль компаниясы» қаржылық  жоспары ..........................................................................................

 

Қорытынды.

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

                              

                                   

                                         Кіріспе

      Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кәсіпорын. Меншіктің түріне, қызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын жоспарлаумен айналыса алады. Бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет. Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған басқару жүйесі кезіндегі отандық экономикаға қарағанда, неғұрлым жоспарлы болып табылады. Нарықтық жағдай кәсіпорындағы жоспарлаудың белгілі бір мақсаты мен сипаты болуын талап етеді. Дер кезінде кәсіпорынға ықпал ететін  сыртқы факторларын ескеру, алдағы ғылыми- техникалық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, экологиялық, саяси және басқа да өзгерістердің ықпалын анықтауға ұмтылу керек.Жоспарлауды басқару функциясы ретінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда олардың және әрбір бөлімшесінің мақсатын белгілі бір кезеңге нақтылауда, міндетті қоюда және оған жету жолдарын таңдауда , қойылған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қажетті еңбек, қаржы, материалды ресурстарды анықтауда жүзеге асырылады. Жоспарлау болашақты және ағымдағы жоспарлаудың өзара байланысты жиынтығы түрінде жүзеге асырылады.

   Кәсіпорын жоспарының негізгі бөлігі қаржылық жоспарлау мен болжау болып табылады. Олар қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процесстермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.  Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

        Қаржылық болжау – мемлекеттік мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу).

        Шаруашылық  жүргізудің нарықтық жүйесінде  сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалар) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық – үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процессінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.

        Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Қаржы жүйесінің барлық сфераларының, буындарының қаржы жоспарлары болады және қаржы жоспарының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

                                                                                                                                              3

      Қаржылық  көрсеткіштер сан және сапа  түрінде белгілі бір қаржы-экономикалық  категорияны, қосалқы категорияны,  қаржы қатынастарының элементін  бейнелейді.

       Қазіргі  кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше бастады. Әңгіме барлық белгіленетін шараларды қаржы мен қамтамасыз етуде маңызды орын алатын бизнес – жоспар жасау туралы болып отыр. Осы мақсатпен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.

        Курстық жұмыстың мақсаты жалпы  қаржылық жоспарлаудың кәсіпорындағы  алатын орнын, қажеттілігін және  құрылуын анықтау болып табылады.

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                       

                                                                                                                                            4

                                 Негізгі бөлім

                    1. Қаржылық жоспарлау мен болжау

         1.1.Қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістері

 

      Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамассыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материялдық-заттай элементтері турасында ақшамен қоғамдық ұдайы өндірісте белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

      Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процесстерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шарушылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.

      Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.

          Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, құралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесс. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.

           Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.

         Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және  орталықтандырылмаған қорлар

                                                                                                                                             5

 арасында қаражаттарды  бөлуде оңтайлы үйлесімдерді  белгілеу және басқалары.       

Жоспарлау:

1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық   құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);

2) қарқындылығымен (кәміл  техника мен әдістерді қолдануды  түсінеді);

3) тиімділігімен (қорытындысында  қаржыны басқару қойған міндеттерге  жетудің қажетілігін білдіреді)  сипатталады.

Қаржылық жоспарлауда  мына тәсілдемелер пайдаланылады:

а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі.инфляция кезінде деректер инфляцияның коеффиценттеріне көбейтіледі).Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және әдеттегідей,уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;

ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып,өткен жылдардың санына бөледі);

б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі  тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).

          Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процесстерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.

           Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процессіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизімі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.

           Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процесстермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

            Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелер және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырылады.

            Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

            Қаржылық болжау – мемлекеттік мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл ) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам ) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын

                                                                                                                                              6

болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты – болжаған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

- Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:

- экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;

- Корреляциялық – регрессиялық талдау;

- Тікелей сипаттамалық бағалау әдісі.

          Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалар) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық – үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процессінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.

          Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізі алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстарын қалыптасты.

           Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кездегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді. 2001-2005ж. арналған  индикативтік жоспардың басты мақсаты – экономикада бәсекелестікті арттыру болды.

Информация о работе қаржылық жоспарлау мен болжау