қаржылық жоспарлау мен болжау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:43, курсовая работа

Описание работы

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кәсіпорын. Меншіктің түріне, қызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын жоспарлаумен айналыса алады. Бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет. Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған басқару жүйесі кезіндегі

Содержание

Кіріспе: ........................................................................................................................

Негізгі бөлім:

Қаржылық жоспарлау мен болжау .....................................
1.1.Қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістері ....
1.2.Қаржы жоспарының жүйесі ...............................................
1.3.Қаржылық көрсеткіштер ....................................................
2.Жоспарды ұйымдастыру ........................................................
2.1.Бизнес жоспар моделі ...........................................................
2.2.Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары ..........................................................................................
3. «Қазақстан текстиль компаниясы» қаржылық жоспары ..........................................................................................

Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

каржылык жоспарлау жане болжау.doc

— 302.00 Кб (Скачать)

           Жиынтық қаржы балансы сөйтіп ұлттық шаруашылықтың қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштерінің жүйесі болып табылады. Жиынтық қаржы балансына қамтылатын көрсеткіштердің құрамы оның елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйлесімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудың тетігі болып табылатындығын көрсетеді. Бесжылдық мерзімге (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша-кредит қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын-ала айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштер бойынша оларды министірліктер мен ведомстваларға нақтылы бекітусіз жасалынады. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстын сомасын субъектілер, яғни мекен-жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстар да сондай. Бұл баланстың көмегімен

                                                                                                                                            11

 мемлекеттік бюджет  пен шарушылық жүзгізуші субъектілерін  қаржы жоспарларын

жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау үшін негіз қаланады.

           Дүние жүзінің барлық елдерінде оперативтік қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттігінен туындайды.

            Мемлекеттік бюджет қаржы жоспорлары мен болжамдарының жүйесінде бастысы болып келеді, өйткені олардың қалыптасуы мен орындалуына ол белсенді ықпал етеді, мемлекеттің түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен өзара қатыныстарын айқындай отырып, оларды үйлестіреді. Бюджет белгіленетін жалпымемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдармаларды орындауда, демек, мемлекеттің функцияларын, оның ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

          Бюджет баланс нысанына жасалады, онда ағымдағы кезеңге арналған елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламасына сәйкес бүкіл кірістері мен шығыстары жоспарланады. Сонымен бірге түсім көздерінің толық жиналуына,бюжет қаражаттарының ұтымды бөлуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңестірілуіне басқа назар аударылады.

           Аса маңызды оперативтік қаржы жоспары болып табылатын мемлекеттік бюджеттің жиынтық қаржы баланысынан бірқатар елеулі айырмашылығы бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері емес, тек оның орталықтандырылатын  бөлігі қамтып көрсетіледі. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер ірілендірілген түрде бүкіл ұлттық шаруашылық бойынша келтіріледі, ал мемлекеттік бюджетте олар тәптіштелініп (нақтыланып) көрсетіледі. Бюджетте оған түсетін төлемдердің нақты атауларымен оларды төлеушілер, арналымы және оларды алушылар көрсетілген.

         Шарушылық жүргізудің социолисттік жүйесі мен қаржы жүйесінің барлық буындарын мемлекеттендірудің жоғары дәрежесі жағдайында мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспары мен әлеуметтік сақтандырудың бюджеті сияқты орталықтандырылған қаржы жоспарлары да жасалады. Мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспары бұл ұйымның барлық ақша түсімдері мен тиісінше стихиялық апаттарды ескерту мен және оның зардаптарын жоюмен байланысты ұйғарылған шығындарды анықтайтын. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бюджеті (түгелдей КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне қамтылатын) әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын жасау мен бөлуді жоспарлайтын.       Ол кәсіподақ ұйымдарының барлық ақша ресурстарын, кәсіподақтардың, республикалық және облыстық кеңестерінің бюджеттерін, халықтың әлеуметтік қажеттерін, ВЦСПС – тің орталықтандырылған қаражаттарын біріктіреді.

          Кей жылдары бүкіл ұлттық шаруашылықтың,жеке республикалардың жиынтық қаржы жоспарлары да жасалады. Оларда бюджет ресурстарына, мемлекеттік сақтандырудың қаражаттарынан басқа мемлекеттік кәсіпорындардың қаражаттары есепке алынады.

           Дамыған нарық экономикасы  бар  елдерде бюджеттен басқа жалпы

                                                                                                                                            12

 мемлекеттік бағдарламаларды қаржымен қамтамассыз ету, сондай-ақ барлық бюджеттен тыс қорлардың бюджеттері түрінде басқа да орталықтандырылған қаржы жоспарлары жасалады. Жұртқа мәлім, көптеген елдерде әлеуметтік, табиғатты қорғау сипатындағы немесе басқа арналымдардың маңызды шараларын қаржыландырудың арнаулы көздері ретінде қалыптастырылады. Бюджеттен тыс қорлар, әдеттегідей, жалпы мемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады, айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функциялық міндеттерді орындауға жұмсайды. Содықтан олардың қаржы жоспарлары  ағымдағы жылға түсетін барлық түсімдер мен шығындарды анықтайтын құндық баланстар болып келеді.

           Жиынтық қаржы жоспарлары тек қаржы жүйесінің буындары бойынша емес,сонымен бірге қаржы ресурстары қозғалысының деңгейлері бойынша да: жалпы мемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және жергілікті) жоспарлары болып ажыратылады.

           Салалық (ведомстволық) қаржы жоспарларының жүйесі материалдық өндіріс салалары министірліктерінің (ведомстволарының) кірістері мен шығыстарының балансын, өндірістік емес салалар министірліктерінің (ведомстволарының) шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.б. қаржы жоспарларын кіріктіреді.

           Аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың жиынтық қаржы баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және т.б. жоспарлары.

            Қаржы жоспарларының барлық түрлері өзара байланысты: мәселен, салалық жоспарлар ведомствоға қарасты ұйымдардың жоспарларын біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарларының бөлігі болып келеді.

           Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үшжылдық, бесжылдық) және  перспективалық болып бөлінеді.Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.

             Шаруашылық байланыстар мен экономика теңдестігінің бұзылуына, дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі ұштылығына ( неғайбілдігіне) байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа өтпелі кезеңде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға жиынтық қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлар жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізілуі тиіс.

             Бастапқы қаржы жоспарларының саны жиынтық қаржы жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан, өзінің қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен қаржыландыруы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары. Бастапқы қаржы жоспарларының ортақтығы (бірлігі) олардың шаруашылық жүргізудің нақты субъектісінің ақша қаражаттарының жеке - дара айналымын негіздеу қабілеттігінде болып келетіндігі, осыдан барып олардың айрықша арналымын – бұл объектінің кірістері мен шығыстарын, оның қызметінің қаржылық нәтижелерінің және қаржы ресурстары қозғалысын ортақтастыратын қатынастарды анықтау.

                                                                                                                                            13

           Бастапқы қаржы жоспарларын топтастырудың негізінен кірістердің, шығыстардың құрамы мен оларды есептеудің әдістемесіне, сондай-ақ мемлекетпен және ұдайы өндірістік процесстің барлық қатысушыларымен қаржылық өзара қатынастардың қалыптасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер қойылуы мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады. Мәселен, мемлекеттік, жалгерлік, кооперативтік кәсіпорындардың, жеке меншікті фирмалардың, қоғамдық ұйымдардыың қаржы жоспарлары болып ажыратылады.

            Бұл топтардың әр қайсысының кәсіпорындарының бірқатар ортақтығымен қатар жеке субъектілердің қаржы жоспарлары салалық ерекшеліктеріне, өдіріс өзгешілігіне,  кәсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты нысанымен мазмұны жағынан айырмашылықтары шаруашылық саласы, қызмет түрі, басқару әдісі (коммерциялық есеп немесе бюджеттік қаржыландыру) қаржыландыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына, құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан оларды салалық, ведомстволық белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай-ақ кәсіпорындардың түрлері бойынша да (бірлестіктер, концерндер, ірі, орта, шағын кәсіпорындар және т.с.с.) топтастырған орынды.

Қаржы жүйесінің барлық сфераларының, буындарының қаржы жоспарлары болады және қаржы жоспарының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.

             Бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарлары смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары жасалыныды. Ұжымшылар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялары қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі денгейлердегі бюджеттерді жасайды. Коммерциялық (шаруашылық)  есепте жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бұрын кірістер мен шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл жоспарлардың құрлымы негізінен кәсіпорындар үшін де, сондай-ақ бірлістіктер үшін де бірдей болады. Олардың кіріс бөлігінде табыстар мен қаражаттардың түсімі, шығыс бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатын шығындар анықталады. Баланстың “Кәсіпорындардың бюджеттен өзара қарам-қатынастары ” бөлігі (алғашқы екі бөлімді – “кірістерді” және “шығыстарды” теңестіруші) бюджетке түсетін түсімдердің және бюджеттен қаржыландыруды көрсететін.

Қаражаттарының айналымы үлкен емес шаруашылық жүргізуші субъектілер екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы жоспарларын жасайды, оларда бюджеттен бөлінетін қаржы кірістердың құрамына, ал бюджетке төленетін төлемдер шығыстардың құрамына кіріктіріледі.

             Кәсіпорынның кірістері мен шығыстары балансының ерекшелігі сол, онда шаруашылық – қаржы қызметінің түпкілікті нәтижелері қамтып көрсетіледі, ал аралық нәтижелер – ақша қаражаттарының айналымдары болмайды.

             Есептеулер мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу (бекіту) арнаулы қаржы жоспарында – төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады. “Түсімдер” бөлімінде өнімді (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс банктердің қысқа мерзімді кредиттерінің, мерзімі өткен дебиторлық берешектің

14

түсімдері, ақша қаражаттарының басқадай түсімдері, кассадағы және есеп айырысу шотындағы қалдық қамтып көрсетіледі. “Шығыстар” бөлімінде тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға, еңбек ақыға, салықтарды төлеуге, банк несиелерін өтеуге, кредит үшін пайыздарды төлеуге жұмсалатын шығындар, басқадай шығыстар қамтып көрсетіледі. Сөйтіп, төлем күнтізбесінің көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналымдарының көлеміне қарай қысқа уақыт ішінде (бір айдан бес күнге дейін) оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге асырылыды. Төлем күнтізбелігі есеп айырысулар мезгілдерін нақтылау мен олардың дәйектілігі жайында кірістер мен шығыстар балансын толықтырады, бұл олардың уақыттылығын қамтамасыз етеді.

             Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше бастады. Әңгіме барлық белгіленетін шараларды қаржы мен қамтамасыз етуде маңызды орын алатын бизнес – жоспар жасау туралы болып отыр. Осы мақсатпен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.

           Қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды - өнім өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен кірістердің баланысын кіріктіреді. Кейбір кәсіпорындар активтер мен пассивтердің балансын және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процесті жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.

 

1.3.Қаржылық көрсеткіштер

 

          Басқаруды және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы-экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементін бейнелейді.

           Шаруашылық жүргізуші төменгі буындарында, мысалы, мынадай аса маңызды абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:

- өнімді (жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс;

- өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтердің) өзіндік құны;

- жалпы табыс;

- кезең шығысы;

- негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян);

- табыс салығының сомасы (төленген);

- таза табыс (немесе зиян)

            Мыналар шаруашылық жүргізуші субъектілердің көлемдік көрсеткіштері болып табылады:

- инвестициялар көлемі;

- жарғылық капиталдық мөлшері;

       15

- өндірістік және әлеуметтік даму қорларының (қолдану, тұтыну немесе соларға ұқсас резервтік, валюта жөндеу қорларының) мөлшері;

- Жабдықтанушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен есеп    айырысудың көрсеткіштері (кредиторлық және дебиторлық берешектер);

- Төленген дивиденттердің, үлестердің мөлшері;

- Айналым қаражаттары көздерінің көлемі;

Информация о работе қаржылық жоспарлау мен болжау