Қазақстанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:19, автореферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңдағы өркениетті даму үрдісіне бет бұрған қазақ қоғамының өткен тарихын саралау үрдісі әр қилы. Тарих тағлымының саясатпен аралас қабаттасқан беттерінің бірі – бұрынғы Кеңес Одағына қараған кезеңіндегі білім беру жүйесінің қалыптасу тарихын өзіндік бағамда зерделеу және оған қазіргі көзқараста баға берудің сұранысы ерекше. Өйткені қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығын және жердің құнарлылығын зерттеу мен оны дамытуға арналған аграрлық білім беру жүйесінің тарихы таптық және партиялық көзқарас арқылы тануға, сондай-ақ осы ұстаным қоғам экономикасы мен әлеуметтік құрылымының болжытпас бірыңғайлы қағидаларына үстем болып жатты.

Работа содержит 1 файл

soj1.doc

— 289.00 Кб (Скачать)

   Республикамызда аграрлық орта арнаулы білім беру жүйесінің қалыптасуы 1918 жылдардан  бастау алады. Қазақстанда ауылшаруашылық техникумдарының ашылуы, онда ауыл шаруашылық мамандықтарын кең көлемде меңгеру арқылы ауыл шаруашылық оқу орындарымен берілген жер бөлімдерінде, суармалы шаруашылықтар, бақшалар, жайылымдық жерлерде тәжірибелік жұмыстарын өткізу, ауыл шаруашылық мамандарының білім сапасын арттыруға бағытталған еді [14, 105-107-бб.]. Қазақстанның ауылшаруашылық техникумдарын бітірушілер туралы мәліметтер Ташкент Жер шаруашылық комитетіне жіберіліп отырған Техникумдарда сабақ беретін оқытушылардың көпшілігі Ташкент қаласынан шақырылған [14, 111-б.].

   1924 ж. оқу қарсаңында Қазақстандағы кәсіптік білім беру жүйесінің Қазақ АКСР-і бойынша есебінде Ауыл шаруашылық техникумдары 8 болса, ондағы шәкірттер саны 758 болды [16].

     1925 ж. 22 қарашада Халықтық Ағарту ісі комитеті ауыл шаруашылық техникумдарына арналған қаулы қабылдайды. Онда Қазақ Орталық Комитетінің соңғы сессиясындағы: «Қазіргі ауыл жағдайын терең меңгеріп және оны дамытуда өндіріс күштерімен қамтамасыз ету» қажеттігі жөніндегі қабылданған шешімін жүзеге асыру жұмыстары қаралған. Осындай ізгі шаралармен халықтың назарына ауыл шаруашылық техникумдарының экспонаттары ғана емес, жалпы ғылым саласы негізіндегі ауылдық агромәдени мазмұнды ұстануды мақсат тұтты.

   Қаз КСР-ның Халық Ағарту ісі комиссариаты 1925 ж. 4 қарашада барлық жергілікті губерниялық атқару комитеттеріне техникум басқармасында қызметінен босатылған немесе жаңадан сайланған қызметкерлерді жергілікті кәсіподақтардың келісімімен тағайындау жөнінде бұйрық шығарған. Онда Алматы ветзоотехникумы, Ақмола қаласындағы Боровский атындағы орман шаруашылық техникумы, Орал қаласының педагогикалық техникумы, Семей орыс және Петропавл қазақ педагогикалық техникумдары, Жетісу ауыл шаруашылық техникумдарының жұмыстары жөніндегі баяндамалар құжаттық іс-қағаздар реттілігімен тіркеліп отырды.

   1930 ж. 19 шілдеде Халық Ағарту ісі Семей қаласындағы ауылшаруашылық және ветзоотехникумын қайта ұйымдастыруды қолға алды. 1929-1930 жж. Қызылорда қаласындағы шикізат техникумы да қаражаттың жоқтығынан, 1933 ж. Семей қаласына көшірілген.

   1930 жж. Қазақстанда ауыл шаруашылық мамандарын даярлайтын жоғары оқу орнының болмауынан, қазақ ауыл шаруашылық мамандары Ташкент Ауылшаруашылық Академиясында оқыған. 1931 ж. республикамыздың ауылшаруашылық техникумдарымен 1242 агроном, басқа да ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша мамандар даярланған. Халық Комиссарлар кеңесімен Павлодар Зоотехникумы, Қарқаралы Зоотехникумы, Петропавл Ветеринариялық техникумдарында ауылшаруашылық кәсіби мамандары мен оқытушылардың жетіспеушілігінен аталған техникумдарда білім беру деңгейінің сапасын арттыру жөнінде мәселелер қаралды. Ауылшаруашылық техникумдарында жүйелі басқару орындарының болмауынан, ауылшаруашылық техникумдарының білімін жақсарту мақсатында оларды бір қаладан екіншісіне, немесе қала орталығынан өндірістік ауылдық жерлерге еш жағдай жасалмастан үздіксіз көшірілуінің өзі орта арнаулы білім беретін техникумдардың жағдайының нашарлап кетуіне әсер еткен факторлардың бірі болған [17].

   Қазалы  және Қызылорда Ауылшаруашылық техникумдары 1935 ж. мемлекет тарапынан қаржыландырылмағандығы анықталған. Сол сияқты     1935 ж. Әулиеата Зоотехникумы (жылқы шаруашылығы) жабылып, Петропавл ветеринарлық және ауылшаруашылық техникумына біріктірілген. Ақтөбе облысындағы Мартұқ веттехникумы мен Қазалы зоотехникумдары 1935 ж. 15 шілдеде біріктірілген. Кейбір қалаларда бір мамандықты дайындайтын профилі бір екі-үш техникумдарға дейін ашылып кеткен.

   Мал шаруашылығын дамытуда мал азығының тұрақты мол қоры қамтамасыз етілді [18]. Бұл бір жағынан совхоздарды құруға ыңғайлы болса, екінші жағынан, қоныстанушыларды орналастыруға бос жерлер табылды.

   Бірінші тарауға қорытынды жасасақ 1918-1936 жылдардағы Қазақстандағы аграрлық білім алу жүйесінің уйымдастырылуы Қазақ халқы үшін әлеуметтік –  экономиканы дамытуға үлкен септігін тигізді. Қазақстандағы ірі қалалардағы оқу орындарының ашылуы және оны дамыту осы кезеңдегі еліміздің әлеуметтік – экономикалық шаруашылық байланысымен түсіндіріледі.Облыстардағы аграрлық институттар мен училищелердің оқу бағдарламалары өзгертіліп, жаңа әдіс – тәсілдер жайлы аз айтылмайды.Қазақ интеллегенциясының өкілдері өмірінің уйытқысы. Кеңес үкіметі барлық тарихи кезі аграрлық білім беру қызметінің маңызды бағыты – қоғамда ауыл шаруашылығын дамытуда белсенді мамандар даярлау ісі болып табылады. Ужымдастыру жұмысын жүргізу кезінде отырықшылық мал шаруашылығын күту, мал азығын дайындау жұмыстарын уйымдастыруда көптеген қйыншылықтар кездесті. Экономикаға айтарлықтай шығын әкелген түрлі жағдайлар, әсіресе ауыл жастарын оқуға тартуды оларды жатақханамен қамтуда қаржының аз бөлінуі де себеп болды. Қандай қиыншылық болсада аграрлық арнайы білім берілетін оқу орындары қиыншылықтарға қарамастан Қазақстанда өз дамуын халықтың әлеуметтік – экономикалық дамуына ықпал тигізді деп тужырымдаймыз.

   Екінші  тарау «Жоғарғы білім беретін аграрлық оқу орындарының ашылуы мен даму тарихы» деп аталады. Бұл тарауда ХХ ғасырдың 30-шы жж. еліміздегі халық-ағарту саласының даму ерекшеліктерін жекелеген аграрлық жоғары оқу орындарының ашылуы зерттеу қазақ халқының мәдени-әлеуметтік өмірі мен рухани даму үрдісін терең ұғынуға кең жол ашады. Мемлекеттік ауыл шаруашылық мекемелері мен кәсіпорындарын кәсіби мамандармен қамтамасыз ететін орын бұл техникумдар болды .

   Қазақстанда іргелі жоғары аграрлық оқу орындарының  ашылуы және оларды білім, сондай-ақ ғылым орталықтарына айналдыру Халық Ағарту ісін басқарған Ораз Қиқымұлы Жандосов 1929 ж. Қазақ мал дәрігерлік институты және 1930 ж. Қазақ ауыл шаруашылық институтын ашу кезіндегі жұмыстарды өзі басқарды. Агротехникум Алматыдан Талғарға көшірілген кезде Политехникум болып өзгертілген.

   О. Жандосов осы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының 1929-19 жж. директорлық қызметін атқарды. 1930 ж. тамыз айында Ауылшаруашылық институтының ғимаратын салудың 1930-1931 жж. шығын сметасы Мәскеу Халықтық Жерге орналастыру комисариатына берілген.

   Қорыта  айтқанда, жоғарыда аталған Ауылшаруашылық институтының бірнеше жылға созылған құрылыстық жұмыстары 1934 ж. басталып, 1936 ж. аяқталған [19, 18-б.].

   КСРО  Ғылым Академиясы қазақстандық базасының  республикада зоологиялық және ботаникалық секторлары болды. 1938 ж. КСРО Ғылым Академиясының қазақ бөлімшесі құрылды. Ұлы Отан соғысы басталар алдында мұнда 3 ғылым докторы мен 14 ғылым кандидаттары бар, 100 ғылыми қызметкерлер жұмыс істеді. Соғыс жылдары бөлімшенің құрамында 13 ғылыми-зерттеу институттары құрылып, ҚазКСР Ғылым Академиясын ұйымдастыруда орасан зор жұмыстар атқарылды. Қазақстан ғылымына академиктер В.А. Обручев, С.И. Вавилов, И.П. Бардин, В.Л. Комаров,           И.Ф. Григорьевтер зор үлестерін қосты.

   1917 ж. Қазан төңкерісінен басталған аграрлық арнаулы орта білім беретін ауылшаруашылық техникумдары, 1929 жж. күштеп ұжымдастыруға дейін, яғни алғашқы жоғарғы оқу орындарының ашылуын қамтиды. Әсіресе, күштеп ұжымдастырудың алғашқы баспалдағынан алапат аштық жылдары мен 1933 жылдардағы колхоз және мемлекеттік құрылымды орнықтыруды, отырықшылықты аяқтау сынды саяси-экономикалық шаралардың жүзеге асырылуымен жоғарғы ауылшаруашылық орындарын оқу ғимараттарымен, ондағы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары қатар жүргізілді.

   1930-шы  жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылығын  негізгі топырақты-климаттық аймақтары  бойынша көп қырлы зерттеу  үшін ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу  және өндірістік-тәжірибелік мекемелер  жүйесі құрылды. 1934 жылдың аяғында  ғылыми зерттеулерді басқару мақсатымен Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылым академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлімшесі ұйымдастырылды, ол 1957 жылдың қараша айына дейін жұмыс істеді. ХХ ғасырдың 40-шы жылдарына қарай республикамызда 12 жоғары оқу орны, 11 ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық ұйымдар, 2 жобалау институты, 2 ауылшаруашылық тәжірибелік стансалар, 6 зауыттық ғылыми-зерттеу және конструкциялық бөлімшелер, Алматы қаласында ботаника бағы және хайуанаттар саябағы болды. Ауыл шаруашылығының өзара тығыз байланысты негізгі екі саласы бар. Олар: өсімдік шаруашылығы немесе егіншілік және мал шаруашылығы.

   1946 жылы 31 мамырда «Қазақ ССР Ғылым  Академиясын құру туралы» қаулы  қабылданып, ірі ғылыми күштер  және де ЛБАШҒЗА-ның (ВАСХНИЛ)  Шығыс бөлімінің 14 ғылыми-зерттеу институттарында және үш республиканың ауыл шаруашылығы Министрлігінің ҒӨБ жиынтықталды. 1948 ж. республикада Бетпақдала қой шаруашылығы тәжірибелік стансасы, ауыл шаруашылығын механизациялау және электрмен жабдықтау ҒЗИ, мал азығы мен жайылымдар ҒЗИ, және 8 тәжірибе стансалары мен алты тәжірибе танаптары ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс істеді.

   Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда 20 жоғарғы оқу орны, 18 арнаулы орта оқу орындары болды. Қазақстанның жоғарғы мектептерінің алғашқы профессорлары мен оқытушылары Мәскеу, Ленинград, Киев, Саратов, Ташкент және басқа қалаларда білім алған.

   1950 жылы жер аударылғандарды Қазақстан  Республикасының алты облысы  Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,  Семей, Талдықорған және Оңтүстік  Қазақстанға қоныс аудару көзделді [20].

   Семей зоотехникалық-ветеринарлық институты  КСРО Министрлер Кеңесінің 1950 ж. 15 желтоқсанындағы  №4943 қаулысы мен КСРО Ауылшаруашылық Министрлігінің 1950 ж. 25 желтоқсандағы №1794 бұйрығы негізінде ашылған [21, 5-б.]. Институтты ашудағы басты мақсат Қазақстанның солтүстік-шығысында жоғары білімді білікті ауыл шаруашылық мамандарын даярлаумен қатар, ветеринария және зоотехникалық сала бойынша ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру болып табылған. Семей облыстық институтты алғашқы ашылған жылы үш кафедра жалдамалы мекемелерде жұмыс істеген. Институт ресми түрде 1952 ж. 1 қыркүйекте ашылған.

   Қазақстанда негізгі тың және тыңайған жерлер игерілгендіктен астық өндіруді арттыру жөніндегі басты және шешуші арна дәнді дақылдардың шығымдылығын арттыру болып табылған. Семей, Өскемен, Ақмола, Тараз, Қостанай және тағы басқа қалалар оқу орындарының ірі орталықтарына айналды. Аталған жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарының көпшілігі Қазақстанның оңтүстік және солтүстік аудандарында орналасқан.

   1957 ж. басында Шортанды ауылшаруашылық тәжірибе стансасының негізінде Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылып, кейін ол Бүкілодақтық астық шаруашылығы Ғылыми Зерттеу Институты болып қайта құрылған. Оның қызмет көрсету аймағына солтүстік облыстардың барлығы енгізілген және су, орман шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу Республикалық институттар осы кезде ашылған. Сондай-ақ, 1957 ж. Семей Зоотехникалық-ветеринарлық институтының тұңғыш түлектері 250 маман жоғары білім алып шыққан [22, 10-б.]. Институттың ректораты мен оқытушылары білікті мамандар даярлау жолында көптеген жұмыста атқарған.

   Кеңес өкіметі 1950-1960 жж. дәнді-дақылдарды көптеп өсіру бағытында бидай егісі солтүстік аймақтан оңтүстік аймаққа қарай, тіпті Қазақстанның шөлейт бөлігіне тарады. Тары егісі шығысқа қарай, сол сияқты Орталық Қазақстанға етек жайды, арпа дақылы тауға қарай, күріш Сырдария және Қаратал өзендерінің алқабында өсірілген. Астық өндірудің негізгі базасы ретінде солтүстіктегі бес облыс – Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары алынған, бұлардан басқа астық өндіретін Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жоғарыда аталған облыстардан едәуір кем өндірілген.

   1958 ж. Семей Зоотехникалық-ветеринарлық институтында сырттай оқу бөлімдері ашылса, 1968 ж. институттың 7 кафедрасында аспирантура [21, 12-13-бб.] ашылған.

   Ақмола  ауылшаруашылық институтының құрылу алғышарттары мен дамуы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде маңызды рөл  атқарған. Институт біртіндеп құрылымдық кезеңдерін бастан өткере отырып, ірі жоғары ауылшаруашылық білім орталығына, ғылым мен мәдениет ордасына айналдырылған. Мұндағы факультеттер мен кафедралар бірінен екіншісі туындай, тізбектеліп құрылған. Мысалға, 1963 ж. агрономия факультетінен 1975 ж. зоотехникалық факультетіндегі агрономия және жергеорналастыру факультеттері негізінде 1961 ж. экономика факультеті құрылған. Оның екі саласы: «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» және «Ауылшаруашылығының бухгалтерлік есеп жүргізу». 1965 ж. мехфакультетінен. ауылшаруашылығының электр жүйесімен қамтамасыз ету факультеті бөшлініп шықты. 1975 ж. бұл бөлім «Архитектура» факультеті болып құрылған. 1975 жылы Зооинженерлік факультетінен ветеринарлық факультеті туындаған.

   Қостанай  қаласындағы Целиноград ауылшаруашылық институтының филиалы ашылып, 1978 жылы өз алдына жеке институт болып құрылған. Ал Көкшетау қаласындағы филиал 1979 ж. ашылып, 1991 ж. өз алдына жеке институт болып құрылған. Ақмола ауылшаруашылық институты 25 жыл көлемінде осы екі филиалына басшылық жасаған. Институттың екінші филиалы Көкшетау қаласында болған. 50 жылдардың аяғынан бастап бұл институтта сырттай бөлім жұмыс жасаған. Ол оқу – кеңес пунктерінің функциясын атқарған. Қазақстанда мұндай пункт үшеу болған. Олар: Қарағанды, Арқплық және Атбасар.

   Республикамыз бойынша үшінші ауылшаруашылық жоғарғы оқу орны 1952 жылы Семей қаласында Семей зоотехникалық-ветеринариялық институты ашылған. 1956 ж. ауыл шаруашылығы ғылымы қайта ұйымдастырылды, қуатты аз тәжірибе танаптары мен стансаларының орнына Мемлекеттік облыстық ауылшаруашылық тәжірибе стансалары пайда болды.

   Қазақстанның  ауыл шаруашылық ғылымы дамуының қорытындылары  әртүрлі әсер ететін жаңа дәрілік  препараттар жасауға, топырақ құнарлылығын биологиялық үздіксіз арттыруда, аймақтардың  биоклиматтық әуелетін есепке алуда, ауыл шаруашылығы дақылдарының үлгісін жасауда, ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа түрлері мен тұқымдарын ойластырудың үлгілері аграрлық ғылыми-зерттеу орталықтары арқылы іске асырылады.

   Целиноград  ауданының Целиноград жеміс-сүтті  совхозы негізінде ҚазКСР Министрлігінің 1967 ж. 21 наурыздағы №181 қаулысы негізінде Целиноград совхоз-техникумы 1967 ж. ашылған. «Бухгалтерлік есеп, шаруапшылықтарға басшылық және сараптама жасау», «Агрономиялық» (агроном-экономист), «Ауылшаруашылығын механикаландыру», «Ауылшаруашылық өндірістік технологиясын ұйымдастыру» мамандығы бойынша мамандар даярланған.

Информация о работе Қазақстанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы