Қазақстанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:19, автореферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңдағы өркениетті даму үрдісіне бет бұрған қазақ қоғамының өткен тарихын саралау үрдісі әр қилы. Тарих тағлымының саясатпен аралас қабаттасқан беттерінің бірі – бұрынғы Кеңес Одағына қараған кезеңіндегі білім беру жүйесінің қалыптасу тарихын өзіндік бағамда зерделеу және оған қазіргі көзқараста баға берудің сұранысы ерекше. Өйткені қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығын және жердің құнарлылығын зерттеу мен оны дамытуға арналған аграрлық білім беру жүйесінің тарихы таптық және партиялық көзқарас арқылы тануға, сондай-ақ осы ұстаным қоғам экономикасы мен әлеуметтік құрылымының болжытпас бірыңғайлы қағидаларына үстем болып жатты.

Работа содержит 1 файл

soj1.doc

— 289.00 Кб (Скачать)

   Зерттеу жұмысының мақсаты  мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің басты мақсаты Қазақстандағы аграрлық білімнің қалытасуы мен даму тарихын ғылыми талдау арқылы зерттеу, оның мақсатының нысанымен ұштастырылмақ. Осы мақсатты жүзеге асыруда бірқатар міндеттер туындайды:

   – 1918-1936 жж. Қазақстандағы алғаш орта арнаулы ауылшаруашылық техникумдарының  ашылуын және олардың оқу жүктемесі  мен жоспарларының құрылуы отандық білім беру жүйесінің алғаш қалыптасуына негіз болғандығын дәлелдеу;

   –  Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуда – аграрлық білім беру жүйесінің  қалыптасу алғышарттары мен даму тарихына, оның мазмұны мен ұйымдастыру  формаларына талдау жасау;

   – 1929-1930 жж. Қазақстанда алғаш ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарының ашылу тарихы мен дамуы, оның даму кезеңдерін қарастыру, ұлттық құрамда түзілу қарқынын жүйелеу;

   – 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары қазақ ауылдарының шаруашылығын қалпына келтіруде аграрлық оқу орындарының атқарған қызметін анықтау;

   – Елдің әлеуметтік-экономикасын қарастырып отырған кезеңдегі қоғамдық-саяси, мәдени жағдайын объективті деректік мәліметтер тұрғысында зерделей отырып, оның тәрбиелік маңызын айқындау;

   –  Республикада жоғары аграрлық білім  берудің қалыптасу және даму тәжірибесін  талдау негізінде ауыл шаруашылық мамандарын даярлауды жетілдірудің тиімді жолдарын белгілеу.

   Диссертациялық  жұмыстың ғылыми жаңалығы.

   - Зерттелген тақырыптың білім беру жүйесіндегі аграрлық білім беру жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдерін қамтып, бұрынғы кеңестік саясаттың жұмырындағы күрделі нысаналардан көрініс тапқан тұстарға арқау болған дерек көздері тұңғыш рет жаңаша көзқараста, мұрағаттық құжаттар негізінде жарыққа шығып ғылыми жаңалық ретінде енгізіліп отыр.

   - Қазақстандағы аграрлық білім беру жүйесінің қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарды шешудегі қажеттігі бүгінгі күн талабына сай жаңа тарихи көзқарас негізінде жан-жақты талданды.

   - Ауыл шаруашылық мамандарын даярлау тарихы алғаш рет кешенді әрі тарихи ғылыми тұрғыда зерттелді.

   - Қазақтанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен дамуын, оның қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметін мұрағат материалдары мен тарихшы-ғалымдардың зерттеулеріндегі жаңа көзқарастарға сүйене отырып қорытындылау негізгі алға қойып отырған мақсатымыз болғандықтан, аграрлық жоғары оқу орындарының қалыптасу алғышарттары бір жүйеге келтіріліп, тың құжаттар алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр.

   Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Қазақстандағы 1918 ж. алғаш ашылған Жетісу ауыл шаруашылық училищесінің ашылуынан 1990 ж. арлығын қамтиды. 1920 ж. Қазақ АКСР-ның құрылуына сәйкес келсе, 1990 ж. Қазақстан Республикасының егемендігін алу жөнінде Декларацияның қабылданған жылдарымен тұспа-тұс келеді. Қазақстанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихын белгілі бір кезеңмен бөліп қарастырмаса, бір дисертациялық еңбекпен ашып қөрсету мүмкін емес. Бұл тақырып осы уақытқа дейін таза мұрағаттық, тарихи еңбектер негізінде арнайы ғылыми айналымдағы назарға ілінген жоқ. 1918 ж. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы, 1989 ж. КСРО-ның ыдырауы, яғни Патшалық Ресей үкіметі мен Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылу тарихы аралығын қамтиды.

   Зерттеу жұмысының әдістемелік  негізі. Тарих ғылымының ұлттық рухын танып білуге дейінгі кезеңдегі кеңестік идеология тұрғысындағы болмысына қатысты болған қоғамдық жүйедегі, ғылымдағы ұстанымдарды жаңартуға негізделген. Қазіргі өркениетті елдер ғылымын жетістікке жеткізіп, көпшілік сұранысымен қанағаттандырып жатқан еркін ойлау қабілеттілігіне арналған отандық тарихшы ғалымдардың шынайы көзқарас, табиғи болмысқа сүйенген зерттеулеріндегі үлгі методологиясы басшылыққа алынды.

   Зерттеудің  методологиялық негізінде диалектика заңдылығымен тығыз байланыста тарихи объектілік, талдау, салыстыру, жүйелеу әдістері қолданылды. Мәселе нақты тарихи қажеттілік, тарихи тағылым, тарихи үрдістің объективтілігі тұрғысынан қарастырылды.

   Зерттеу жұмысының деректік негіздері мұрағат құжаттарын, мәліметтік жинақтарды, зерттеулерді, сол кездегі жариялымдар мен статистикалық жинақтардың мәліметтер, сондай-ақ мұрағат қорларындағы бұрын айналысқа енбеген мәселеге қатысты деректер құрайды. Қазақстандағы Аграрлық білім берудің қалыптасуы мен дамуы туралы жинақталған маңызды мұрағаттық деректер Қазақстан Республикасы Президенттік мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатының, Алматы Облыстық Мемлекеттік Мұрағаттарының қорлары, өзге де қорларда топтастырылған мұрағат құжаттарының мәліметтері тақырыптың маңыздылығын ашуда берері мол.

   Алматы  Облыстық Мемлекеттік Мұрағатының  қорларынан Қазақстандағы аграрлық білім беру жүйесінің қалыптасу  алғышарттары мен оның даму тарихына қатысты деректер мол жинақталған. Тақырыпты қарастыруда Алматы Облыстық Мемлекеттік Мұрағатының (281-қор), Қырғыз педагогикалық училищесі (363-қор), «Қосшы» одағының Жетісу губерниясы мен қалалық комитетінің (370-қор), Жетісу губерниясының кеңестік атқару комитетінің (489-қор), Жетісу губерниясының жер басқармасы жанындағы жерге орналастыру партиясының (488-қор), (829-қор), Талғар Ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру техникумы (875-қор), Талғар ауылшаруашылық техникумы, Қаз ССР Ауылшаруашылық Министрлігі (876- қор) қорларында Қазақстандағы аграрлы орта арнаулы білім беретін техникумдарда жүргізілген және қабылданған ережелердің іске асырылу барысы туралы құжаттар жинақталған. Әсіресе, 1918-1929 жж. аралығында елімізде ауыл шаруашылық мамандарының болмауы, ауылдық жерлердегі ветеринарлық стансаларға қажетті маман кадрларды жіберу облыс, аудан әкімшіліктерімен тікелей Халық ағарту ісінің төрағаларына жіберілген жолдамаларынан сол қиын-қыстау кезеңдегі халықтың, жалпы қоғамның жағдайын аңғаруға болады.

   Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік  Мұрағатының Қазақ КСР Совхоз Министрлігі (1421-қор), Қазақ ССР Жоғары Кеңесі (1481- қор), Қазақ АКСР-і Орталық Атқару Комитетінің (5-қор), Халық Комиссариатының Жер басқармасы (74-қор) қорлары қарастырылды. Бұл қорларда Қазақстанда облыстық және аудандық кеңестің сессияларының ауыл шаруашылығына байланысты қабылданған қаулылар мен шешімдер, ондағы саяси-әкімшілік басқармасының қазақ жерінде жаңа басқару ісін енгізуде іске асырылған жұмыстары мен оның нәтижелері туралы құжаттар жүйеленген. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің ашылуы, бір орталықтан басқару ісі кезінде қазақ халқының егіншілікпен айналысуы, аграрлық білімнің қалыптасуы, оның елдің ауылшаруашылық дамуына тигізген әсері мен басқа диссертация тақырыбына қатысты мәселелер жөнінде құжаттар жинақталған. Әсіресе, Қазақстанның ауыл шаруашылығы (30-қор) және Халық Ағарту ісі (81-қор) қорларында 1929 ж. Мал шаруашылығы институты мен 1930 ж. Ауыл шаруашылық институтының ашылу тарихы мен тәжірибелік жұмыстарға арналған жерлерді бөлу, оған қойылған басты талаптар, құрылыстық жұмыстарды жүргізу туралы деректер молынан кездеседі.

   Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының  (БК(б)П 141 және 139- қорларының) рөлі айрықша болды. Аталған қорларда мәдени ағарту комитетінің атқарған істеріне қатысты және халыққа білім беру қызметі жөніндегі деректер біздер үшін өте маңызды болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанның Орталық Компартиясының (708-қор) қорында кеңес үкіметінің 1970-1985 жж. жүргізген экономикалық саясаты туралы деректер топтастырылған, мұрағаттық құжаттарда ауыл шаруашылығын ғылыми жолмен ұйымдастыру жұмыстары туралы мәліметтер жинақталған.

   Ғылыми  жұмыстың зерттеу  нысаны. 1918 ж. іргесі училище болып қаланған Алматы қалалық Ауыл шаруашылық техникумынан басталып, еліміздегі аграрлық білім беретін жоғарғы оқу орындарының қалыптасуын зерттеу және оның қазіргі әлеуеті мен әлемдік тәжірибедегі алатын орны мен атқаратын қызметтерін тарихи тұрғыдан пайымдау болып табылады.

   Зерттеу пәні. Республика ауылшаруашылық саласын білікті мамандармен қамтамасыз етіп келген аграрлық оқу орындарының қалыптасуы, дамуы мен халыққа қызметін зерттеу болып табылады.

   Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы. Зерттеу жұмысының маңыздылығы кез келген прогрестің сабақтастықтан тыс жүзеге аспайтыны белгілі. Зерттеу жұмысының нәтижесін Қазақстан тарихы курсы немесе халықтың әлеуметтік-экономикалық тарихындағы ауыл шаруашылық мамандарын даярлаудағы аграрлық білім беру жүйесінің атқаратын қызметі туралы жоғары оқу орындарында, арнайы дәрістер мен семинар сабақтарын өткізген кездерде пайдалануға болады. ХХ ғасырдағы ауылшаруашылық мамандарын даярлау, Қазақстанның аграрлық білім беру жүйесі мен әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін зерттеген ездері және Қазақстан тарихы туралы жалпылама еңбектер жазған кезде де пайдалануға болады.

   Қорғауға  ұсынылатын негізгі  тұжырымдар:

   - ХХ ғ. басында Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту, оны білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында қалалық орталықтарда ауыл шаруашылық училищелері ашылып, дамыды;

   - Жергілікті Атқару комитеттері қабылданған реформаларға сәйкес ауыл шаруашылық училищелеріне техникум статусы беріліп, білім беру сапалылығы мен базасы біршама нығайтылды;

   - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарын шешуге бағытталған ұжымдастыру кезінде және 1928 ж. қабылданған алғашқы бесжылдықта жоспарланған жоғары оқу орындарын ашуды қолға алу ел экономикасының дамуына ықпалын тигізді;

   - Ауыл шаруашылық және Зооветеринарлық институттарының ашылуы, халықтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуының артуына септігін тигізді;

   - Қазақстандағы кәсіби мамандандырылған ауыл шаруашылық мамандарының қиын-қыстау кезеңде халыққа қызмет көрсетулері ғылым мен білімнің әр салаларын дамытуға және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен үлес қосты;

   - Қазақстандағы аграрлық ғылыми-зерттеу институттарының ашылуы негізінде аграрлық ғылым жоғары дәрежеде дами отырып, қазақстандық ғалымдармен өндіріске енгізген ауыл шаруашылығының техникалары мен мал шаруашылығының тұқымдарын алудағы жетістіктері көршілес елдерде қолданысқа ие болды;

   - Қазақстандағы аграрлық білім беру жүйесінің негізінде халық озық мәдениет үлгілерімен танысуға еркін қол жеткізе бастады.

   Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысы барысындағы алынған ғылыми нәтижелері, қорытындылары мен тұжырымдары ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 3 мақала жарияланды және халықаралық, республикалық деңгейдегі ғылыми-теориялық конференцияларда 3 баяндама жасалды.

   Жұмыс КР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңестік дәуіріндегі Қазақстн тарихы бөлімінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

   Диссертациялық  жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, негізгі мәселені қарастыратын үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

   ЖҰМЫСТЫҢ  НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ 

   Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі негізделіп, тарихнамалық бағыттағы зерттелу деңгейі мен деректеріне сипаттама беріліп, мақсат-міндеттері хронологиялық және аумақтық шеңбері, әдістемелік негізі, нысаны, ғылым жаңалығы, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдары, тәжірибелік құндылығы, құрылымы айқындалған.

   «Аграрлық арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылу тарихы» атты бірінші тарауда Қазақстандағы 1918 ж. басталған аграрлық білім беру жүйесінің даму тарихы, Кеңес өкіметінің халыққа білім беру аясында аграрлық білім берудегі мемлекеттік саясаты, Қазақстанда аграрлық арнаулы орта білім берудің ұйымдастырылуы мен міндеттері қарастырылады.

   1918 ж. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде жергілікті халықтың тіршілігінің көзі мал шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту сөз жүзінде бірінші орында болды. Қоғамдық-саяси жағдайларға байланысты отырықшылық өмірдің ерекшеліктерін меңгеру және оны әрі қарай дамыту мақсатында республикамызда аграрлық білім беру жүйесінің қалыптасуы 1918 жылдардан бастау алады. Алматы қаласында Жетісу орта ауыл шаруашылық училищесінің ашылуы дәлел бола алады. В.Ф. Баудер училище директоры болып сайланды.

   1920 ж. 24 сәуірінде Жетісу орта ауыл  шаруашылық училищесінің педагогикалық  кеңесінде В.Ф. Баудердің ұсынысымен  училищеге Иван Александрович  Стебут атын беру жөнінде шешім  қабылданады. 1920 жылдың 31 мамырында оқу жылының басталуын 1 қыркүйекке жоспарлап, мектептерді біріктіру жөніндегі ереженің бекітілуіне дейін шегеру және жалпы білім беретін мектептерде оқу жылы қашан басталатыны жөнінде анықтау жұмыстарын жүргізу қажет болған. Екі мектеп біріктіріліп И.А. Стебут атындағы Верный ІІ басымдық ауыл шаруашылық және бақшалық техникумы болып аталған [13, 88-бб.].

   1920 жылдың қаңтар айында  Жетісу  орта ауыл шаруашылық училищесінің  кеңесінде В.Ф. Баудер, А.В. Мухля,  М.Н. Растигаев, С.Н. Гричев,                    П.К. Сушковтардың қатысуымен мәжіліс өткізіледі. Онда Жетісудағы төменгі ауыл шаруашылық мектептерді орта мектептерге ауыстыру мәселесі қаралған [14, 110-б.]

   1924-1925 жж. елімізде болған межелеу кезінде Орынбор қаласындағы Ветзоотехникумында жерге орналастыру бөлімі ашылып, 1926 ж. бұл бөлім Ветзоотехникуммен бірге Алматы қаласына көшірілген [15].

   Кеңес үкіметі тарихының барлық кезеңдерінде ауыл шаруашылығы қазақ интеллигенциясының өкілдері өмірінің ұйтқысы болды. Сондықтан  аграрлық білім беру қызметінің маңызды бағыты – қоғамда ауыл шаруашылығын дамытуда белсенді мамандар даярлау ісі болып табылады.

Информация о работе Қазақстанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы