Қазақстанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:19, автореферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңдағы өркениетті даму үрдісіне бет бұрған қазақ қоғамының өткен тарихын саралау үрдісі әр қилы. Тарих тағлымының саясатпен аралас қабаттасқан беттерінің бірі – бұрынғы Кеңес Одағына қараған кезеңіндегі білім беру жүйесінің қалыптасу тарихын өзіндік бағамда зерделеу және оған қазіргі көзқараста баға берудің сұранысы ерекше. Өйткені қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығын және жердің құнарлылығын зерттеу мен оны дамытуға арналған аграрлық білім беру жүйесінің тарихы таптық және партиялық көзқарас арқылы тануға, сондай-ақ осы ұстаным қоғам экономикасы мен әлеуметтік құрылымының болжытпас бірыңғайлы қағидаларына үстем болып жатты.

Работа содержит 1 файл

soj1.doc

— 289.00 Кб (Скачать)

   ӘОЖ: 94 (574). 084:63:37                                              Қолжазба   құқығында

   ЖЫЛАНКӨЗОВА АЯЛА ТЕКЕСБАЙҚЫЗЫ

 
 

   Қазақстанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы

    (1918-1991 жж.) 
 
 
 

   07.00.02 - Отан тарихы

   (Қазақстан  Республикасының тарихы) 
 

    Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін 

    алу үшін дайындалған диссертацияның

                                  

   А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы 
 
 
 

                 

     
 
 
 
 
 
 

                                              
 
 
 

   Қазақстан Республикасы

   Алматы, 2009 
 

       Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының  Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде орындалды. 
 
 

    Ғылыми  жетекшісі:   тарих ғылымдарының докторы, профессор Мажитов С.Ф.     
    Ресми оппоненттер:      тарих ғылымдарының докторы, профессор Құдайбергенов Ә.Н.   

тарих ғылымдарының кандидаты

Прімбетова  Е.Ө.

 
    Жетекші ұйым:      
 
«Қайнар» университеті
 
 
 

   Диссертация 2009 жылы «25» қыркүйек күні сағат 14-30-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

     

   Диссертациямен  Қазақста  Республикасы Білім және ғылым  министірлігі   Ғылым  комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29). 
 
 
 
 

   Автореферат 2009 жылы _____________ таратылды. 
 

    Диссертациялық кеңестің

   ғалым хатшысы, 

   тарих ғылымдарының докторы                                             А.Т.  Қапаева 

   

   КІРІСПЕ 

    Зерттеу жұмысының жалпы  сипаттамасы. Бүгінгі таңдағы өркениетті даму үрдісіне бет бұрған қазақ қоғамының өткен тарихын саралау үрдісі әр қилы. Тарих тағлымының саясатпен аралас қабаттасқан беттерінің бірі – бұрынғы Кеңес Одағына қараған кезеңіндегі білім беру жүйесінің қалыптасу тарихын өзіндік бағамда зерделеу және оған қазіргі көзқараста баға берудің сұранысы ерекше. Өйткені қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығын және жердің құнарлылығын зерттеу мен оны дамытуға арналған аграрлық білім беру жүйесінің тарихы таптық және партиялық көзқарас арқылы тануға, сондай-ақ осы ұстаным қоғам экономикасы мен әлеуметтік құрылымының болжытпас бірыңғайлы қағидаларына үстем болып жатты. Дегенменде, әрқашанда ұлттық азық-түлік түрлерін өндірудің жаңа технологиясын, емдік-сауықтыру мен жаппай пайдалануға арналған экологиялық таза өнімдерді әзірлеу, табиғат өнімдерін ұдайы пайдалану және қоршаған ортаны қорғауда аграрлық жоғары оқу орындарындағы орман және балық шаруашылығын жүргізу, топырақ құнарлылығын сақтау және пайдалану сияқты көптеген аграрлық ғылымның салаларымен тікелей байланысты.

   Тақырыптың  өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан өзінің аңсаумен алған азаттығымен қоса тіршілігін біліммен байытып, ғылыммен жетілдіруді мақсат етуі қажет. Егеменді елдің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеудегі аграрлық білім берудің мақсаты нарықтық қатынастарды тиімді жолға қоюды көздеген экономикалық өркендеуден де, орасан өзінің қыйындығы мен маңызының тұлғаланып тұрғанын түсінуіміз керек. Осы аграрлық білім беру саласында дербестігімізді алған алғашқы азаттық жылдарында, республикамызда көптеген жұмыстар жасалынды. Күні бүгінге дейін Қазақстанда жоғары аграрлық білім берудің өткені мен бүгінгісін және болашағына кешенді түрде жан-жақты талдау жасалған еңбектердің болмауы, бүгінгі таңда осы салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын қажет етеді.

   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауында: «Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт» - деп, атап көрсетті [1]. Мұндай ғылыми зерттеу жұмысы аграрлық білім беру жүйесін ұйымдастыруда және жетілдіруде өткендегі қателіктерді қайталамау үшін қажет. Қай кезеңде болмасын аграрлық білім беру жүйесі басқа салаларға қарағанда жоғары қарқынмен дамыды, білікті мамандар даярлауда мол тәжірибе жинақталды. Бұл тәжірибе қазіргі күннің өзінде де көптеген жағдайда ауыл шаруашылығының түпкілікті жұмыс қорытындысы мамандар мен олардың басшыларының ұйымдастыру, саяси және іскерлік қасиеттеріне байланысты екендігін мойындатады. Демек, ауыл шаруашылық кадрларының өндірісті дамытудағы, жаңа технологияны игерудегі белсенділік үлгілерін, өндіріс басшыларының жарқын өмір жолдарын көрсетудің тәуелсіз Қазақстанның ауыл шаруашылық мамандарын тәрбиелеуде айтарлықтай маңызы бар. Екінші жағынан, ауыл шаруашылық мамандары мен басшыларының қызметі өз кәсіпкерліктерімен ғана шектеліп қоймай, міндетті түрде мәдени-тәрбиешілік ісімен де жалғасты. Қоғам олардан ұжыммен жұмыс істей білетін, жоғары мәдениетті және аса білімдар болуларын талап етті.

   Алматы  қаласындағы аграрлық жоғары оқу  орны 1930-шы жылдан бері Қазақстан тарихында ірі ғылыми мектептерімен, көрнекті ғалымдарымен және түлектерімен республикаға танымал ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарының көш бастаушысы ретінде қалыптасты. Университеттің негізгі міндеті – Қазақстан экономикасының аграрлық секторына жоғары білікті мамандар даярлауда, әлемдік білім кеңістігінде лайықты орын алды.

   Қазақтанда  аграрлық білімнің қалыптасуы мен дамуын зерттеуде кеңестік идеология тұрғыда жазылған еңбектерге тән ортақ кемшілік қалыптасқан тарихи тәжірибенің тек қана жағымды жақтары айтылады да, жіберілген кемшіліктер мен орын алған олқылықтардың айтылмайтындығы байқалады. Бұл кемшіліктер 20-шы жылдардың аяғынан бастап, кейбір еңбектерде тіпті күні бүгінге дейін қайталанып келеді.

   Аграрлық  жоғары оқу орындарының қалыптасуы мен дамуы және ауыл шаруашылық мамандарын даярлауды жетілдірудің болашақ қадамдары тарихи-педагогикалық әдебиеттерде жеткіліксіз зерттеліп, кейбір тарихи фактілерді жинақтаумен ғана шектелген. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық кадрларын даярлауды жетілдірудің қажеттілігі әлеуметтік-экономикалық салаларында жинақталған тарихи тәжірибені қазіргі жағдайда Қазақстанның аграрлық білім беру орындарының алдында тұрған жаңа міндеттемелерге сәйкес шығармашылықпен пайдалануды қажет етеді.

   Қазіргі жағдайда қоғамда өткен тарихымызды, оның ішінде кеңестік кезеңде жинақталған тәжірибені, біржақты жағымсыз тұрғыдан бағалау аңғарылады. Әсіресе, жоғары білімді дамытудағы тарихи тәжірибемізді, өткен жолымызды бірыңғай қара түспен бояп көрсету, тарихымызды жоққа шығару дұрыс болмаған болар еді. 1924 жылы ауылшаруашылық техникумдары 8 болған. 1936 жылдары Қазақстанда жалпы 14 орта арнаулы білім беретін техникумдар болса, 1930-1940 жылдары республикамызда 12 жоғары оқу орындары болды. Қазақстандағы аграрлық оқу орындарының ашылуы елдің әлеуметтік-экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізді. Әсіресе, ашаршылық жылдарында малдың түрлі індеттік жұқпалы аурулардан қырылуы, оның алдын алуда аграрлық мамандарға зәру болды.  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен бастап қамтылған және «кемелденген социализм» айдарындағы қоғамдағы зор секірістер белесі, тоқырау қалтарыстары мен 1980-ші жылдардың аяғындағы мезгілдердің өткір мәселелерін талап сүзгісінен өткере қарастыруға негізделген Қазақстандағы аграрлық білім беру жүйесін зерттеу ғылыми тақырып танымына арқау болады.

   Еліміздегі  жаңару үрдістер өткен тарихымызды  объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға, мәдени құрылыс саласында, оның ішінде жоғары аграрлық білім берудің тарихын  жаңаша көзқарас тұрғысында зерделеуге, егеменді еліміздің бүгінгі күн  талаптарына сай нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жоғары білімді реформалауға және оның жоғары білім тұжырымдамасын ғылыми негіздеуге мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасалды. Жоғарыда аталған қайшылықтарды болдырмау үшін ауыл шаруашылық мамандарын даярлауда өткен тарихи тәжірибенің жағымды жақтарын пайдалана отырып, бүгінгі талаптарға сәйкес Қазақтанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихын бір жүйеге келтіру, зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесіне айналып отыр.

   Зерттеу жұмысының зеттелу  деңгейі. Халыққа білім беру саласының даму жолдары республикамызда осы уақытқа дейін біршама зерттелінген тақырыптардың бірі деуге болады. Алайда зерттеу үрдісінде әрдайым шыншылдық, ғылымилық, объективтілік принциптері қатаң сақталды деп айту қиын. Себебі, отан тарихы еліміздің тәуелсіздігіне дейін жалпыодақтық тарих ғылымының құрамдас бөлігі деп табылып, соның даму арнасымен кете барған болатын. Бұл жағдай өзге де орыс емес ұлттар тарихы секілді қазақ халқының тарихын да екінші дәрежелі сипатта деп ұғуға, барлық прогрессивті оқиғалар мен құбылыстар тек орыс халқы арқасында болды деп түсінуге алып келгені белгілі. Бұқара санасына күштеп сіңірілген мұндай тар таптық, партиялық принциптерге құрылған, шамадан тыс идеологияландырылған тарих аграрлық оқу ісін зерттеуге де өз көлеңкесін түсірмей қойған жоқ. Қазақстандағы аграрлық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын зерттеуде бірқатар ғалым-тарихшылар, әдебиет, қоғамтанушы, педагог зерттеушілердің еңбектері жарыққа шығып, әртүрлі кезеңдегі ғылым деңгейінен өзінің қоғамдағы орнын алып жатты. Тақырыптың тарихнамасына тоқталу барысында және шынайы тұжырым орнықтыру үшін пайдаланылған зерттеу жұмыстарын көзқарастық ұстанымдарына қарай топтап қарастыру тәсілі ұстанылды.

   Қазақстандағы оқу-ағарту саласындағы реакциялық саясатты алғашқылар болып зерттеген С. Асфендияров, М. Тынышбаевтың [2] еңбектерінде оқу орындарында орын алған қазақ зиялыларының өлкедегі оқу ісі жайына ат салысқаны, орыс оқу орындарының миссионерлік сипаты ашып көрсетілген және оның жергілікті ерекшеліктеріне басты назар аударылған. Сондай-ақ,       Т. Тәжібаев, К. Бендриковтың [3] еңбектерін атап өткен дұрыс болар. Дегенменде бұл авторлардың еңбектерінің негізгі идеясы кеңестік идеологияның сұраныстарына сай келгенімен, ондағы келтірілген деректер мұрағат құжаттарынан алынған. Қазақстандағы оқу орындарының бастамасы болып табылатын ХІХ ғ. екінші жартысындағы мұсылмандық оқу орындары туралы жазылғанымен, салыстырмалық талдаулар мен тұжырымдар жасалмаған. Біздің зерттеу жұмысымыздың хронологиялық ауқымынан алшақ болса да, Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы жазылған алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Аграрлық жоғарғы оқу орындарының ашылуы Қазақстанда жүргізілген ұжымдастыру мәселесімен тығыз байланысты, өйткені ұжымдастыру тәріздес күрделі де ауыр мәселені дұрыс шешу үшін оның қажеттігін теория тұрғысынан дәлелдеу, оны тәжірибеде шешу жолдарын тұжырымдау, әлеуметтік-экономикалық жақтарының нәтижесін айқындау үшін қажет еді. Алайда, ауылшаруашылық орта арнаулы білім беретін оқу орны 1918 жылы Жетісуда ашылған болатын.

   Қазақстандық  тарих ғылымында алғашқы аграрлық өзгерістер деп аталатын шараларының  жүргізілген уақытын Т. Елеуов [4] кеңес өкіметінің алғашқы жылдарын төрт кезеңге бөліп қарастырған. Онда 1918 ж. жер мәселесін тезірек  шешіп, село кедейлерін 1918 жылдың көктемдегі егіске кірісуі, егіс көлемін ұлғайту, жерді мемлекет меншігіне өткізу шараларын іске асыру жұмыстарын бірінші кезең деп алған. Екінші кезеңі деп 1918 жылдың көктемінен 1920 жылдың аяғына дейінгі аралықты қарастырған. Онда жерді тең пайдалану тәртібі мен еңбек бөлінісі мен жекеменшік жерлерді қайта бөлу. Үшінші кезеңді 1921-1922 жж. жер, су реформасының жүргізілуі деп алған. 1924-1927 жж. егістік және шабындық жерлерді қайта бөлу шараларын төртінші кезең деп қарастырған. Сол сияқты Қазақстандағы аграрлық реформаларды                      Н. Байғабылов [5] өз зерттеулерінде аграрлық өзгерістерді үш кезеңге бөліп қарастырған. Онда 1917-1920 жж. бірінші кезең, 1921-1924 жж. екінші кезең және 1925-1929 жж. үшінші кезең деп алған. Автор аталған жылдар аралығын республикадағы аграрлық өзгерістердің бастамасы, яғни жалпы бірінші кезең деп қарастырған. Сонымен қатар, осы кезеңдегі қабылданған аграрлық реформалар А. Чупековтің [6] тұжырымдауы бойынша, бірінші кезеңге коммунистік партия мен кеңес үкіметінің аграрлық мәселелерді шешу жаппай ұжымдастыруға дейінгі уақыт аралығы алынған. Екінші кезеңі 1925 жылмен аяқталып, үшінші кезең 1925 жылмен басталатындығына назар аудартады. Яғни, 1920-1925 жылдардағы аграрлық заңдар бүкіл республикалық міндеткерлік сипат ала алмады, және ең бастысы төңкеріске дейінгі жерге орналастыру жұмыстарындағы әділетсіздікті жоюға бағытталады деп өзі бөліп көрсеткен кезеңдеріне қысқаша сипаттама берген.

Информация о работе Қазақстанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы