Ауыл шаруашылық машиналары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2012 в 19:23, реферат

Описание работы

Ауыл шаруашылық машиналары — ауыл шаруашылығында қолданылатын қондырғылар, машиналар мен құралдардың жиынтық атауы. Қазақстанда мақта, қызылша, картоп, көкөніс, бақ, мал шаруашылықтары, сондай-ақ топыраққа тыңайтқыш себу процестері жақсы механикаландырылған. Ауыл шаруашылық техникасы қолданылу мақсаттарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Энергетика, көлік және тиеуіш машиналарына түрлі тракторлар, тіркемелер, тиеуіштер, майқұйғыштар, жүккөтергіштер, жылу және электр моторлары жатады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазіргі ауыл шаруашылық машиналарының жағдайы
2. Ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу проблемалары
3.ҚР ауылшаруашылық және қосалқы бөлшектер шығаратын компаниялардың тізімі
4. Ауыл шаруашылық машиналарын дамытуга арналған жоспарлар
а) Ауыл шаруашылық машиналарын дамытуга арналған бизнес жоба
б) Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама
III. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

срс №2 ауыл машина.docx

— 850.18 Кб (Скачать)

Соңғы 10 жылда республикамызда жекеменшік бизнес негізінде құрылған бірлескен өндірістер өмірге бейімделе алмай, барлығы қысқа мерзімде өз іс-қимылдарын тоқтатты. Мысал керек болса айтайын. Машиналарды құрастыру бойынша құрылған «Павлодар трактор зауыты» базасында Т-95,4 шынжыр табанды тракторларды (2000-2002 жж.) және «Беларус-80/82» трак­торларын (2005 ж.), «Павлодар арна­йы автомашина зауыты» – «Беларус-80/82» тракторларын (2006 ж.), Семейде­гі «СемАЗ» – «Беларус-80/82» тракторларын (2009 ж.), Оралдағы «УралАгрореммаш зауыты» – «Нива» астық жинау комбайндарын (2004-2005 жж.) және «ЮМЗ-6» тракторларын (2003-2004 жж.), Қызылжардағы «Шағын литражды дви­гательдер зауыты» – астық жинау комбайндарын (2000-2003 жж.), «Ақкөл автобус паркі» – «Хорш» егістік комплекстерін (2007-2008 жж.) тоқтатты.

Бұл бірлескен өндірістердің тұрақты жұ­мыс жасауына өндіруші-мемлекеттердің эко­номикалық қызығушылығы болма­ға­нында және республикамызда машина жасау саласының дамуын қаламауында деп түсінуге болады. Олар үшін біздің өндірісімізге индустриялық технологияны алып келуден, зауыттарымызға инвестиция құюдан, техниканы сату тиімді.

Біздің техникалық саясатымызда бірлескен кәсіпорындарды құру тиімді, себебі ол отанымызда машина жасау саласын дамытуға және бәсекеге шыдамды техникаларды шығаруға септігін тигізеді. Бірлескен кәсіпорында отандық және шетелдік серіктестермен бірге жарғы қоры құрыла­ды, шаруашылық іс-әрекеттерін бірлесіп жүргізеді және пайданы үлестіреді. Шетелдік серіктестерде экономикалық қызығу­шы­лығы пайда болады, валюталық өзін өтеуші ұстаным бойынша әрекеттенеді жә­не заңнамада рұқсат етілген қалаған шаруа­шылық іс-әрекеттері түрімен айналы­са­ды. Шетелдік қатынасушы валюта салы­ғын төлеген жағдайда, өз пайдасын шека­раға аудару мүмкіндігі болады, оларға мем­лекет тарапынан арнайы салық жеңіл­діктері және лизинг арқылы сату мүмкіндігі беріледі. Бірлескен кәсіпорын құрылғанда өндірісімізге индустриялық технология кіріп, зауыттарымызға инвестиция құйы­лады, фирмалар жарғы қорын өндіріс құ­рал­дары түрінде енгізеді, сыртқа шыға­ратын экспорт өнімдерін және бәсекеге шыдамды техникаларды шығаруға мүм­кіндік туады.– Ауыл шаруашылығын механикаландыру және машина жасау саласын дамыту үшін кешенді іс-шаралар жасалған жағ­дайда көзделген мақсатқа қол жеткізуге болады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруа­шылығын механикаландыруға байланысты – негізгі бағыт белгіленуі керек. Кез кел­ген заң, қау­лы, бағдарлама, жоба, мөл­шер­лемелі-тех­никалық құжаттарды қа­был­дау үшін алдымен концепция әзір­ленуі қажет. Соның ішіне барлық мәсе­лелер: түсінікте­ме­сі, жүйе­лері, құрылымы, кезең­дері, саты­лары, түр­лері, пішіндері, ұйым­дастыру әдіс­тері кіреді. Концепция негізінде заң қа­был­да­нады, бағ­дарлама жасалады және оны ор­ындау үшін бюджеттен қаржы бөлі­не­ді. Оның ұстанымды негіздері шешімді мі­нез­демеге ие болған және жан-жақты қа­рас­тырылған кешенді жүйе­де көрсетілуі тиіс.

Дамыған мемлекеттерде қысқа мерзімге – 5 жылға, орта мерзімге – 10-15 жылға және ұзақ мерзімге – 20-30 жылға ар­налған ауыл шаруашылығын механикаландыру саласы бойынша техникалық сая­сат қабылданады. Ауылшаруашылық машиналарын жасау саласы – мемлекет қауіпсіздігін азық-түлікпен қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып есептеледі. Заманауи ауыл шаруашылығы машиналарын елімізде жасауда шетелдің жетекші фирмалары мен компанияларының инвестицияларын тарту және бірлескен кәсіпорындарды құру қажет. Алдағы жұмыстар – осы мәселелердің тиімді және әділ шешімін қабылдауда. Ауыл шаруашылығын механикаландыру саласының мәселелері жақын болашақта өз шешімін тапса, елімізде индустриялық-инновациялық бағдарламаны дамытуға және ауыл шаруашылық машина жасау саласының аяққа тұрып кетуіне өте тиімді болары сөзсіз.

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау     

 Қазақстан Республикасындағы  ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары нарығының көлемi 2008 жылы 127 млрд. теңгенi, тұрақты бағалардағы өсiм қарқыны - 6,6 %-ды құрады. Бұл ретте сұраныстың 90 %-ы импорттық техника жеткiзiлiмдерiнiң есебiнен қанағаттандырылды. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнiмi экспортының көлемi 2008 жылы  шамамен 2 млрд. теңгенi құрады. 
      Қазақстан Республикасындағы тракторлар паркi 137 мың бiрлiктi, астық жинау комбайндары - 45 мың машинаны, дән себетiн машина - 91 мың бiрлiктi, егiн оратын машина - 15 мыңды құрады. 2001 - 2007 жылдардағы техниканы жаңғыртудың жылдық орташа қарқыны 0,8 - 3,2 %-ды құрады, бұл 10 - 12 жылға машиналардың орташа қызмет көрсету мезгiлiне шарттасқан оңтайлы деңгейiнен 8-10 %-ға төмен. Жаңартудың төмен қарқыны техникалар тозуының жоғары болуына алып келдi: Қазақстан Республикасында машиналардың шамамен 85 %-ы амортизациялау мерзiмiнен тыс пайдаланылады. Мәселен, комбайнның қызмет көрсету мерзiмi 8-10 жылдан аспайтын болғанымен, комбайндар паркiнiң 70 %-ы 16 жылдан астам мерзiм бойы пайдаланады. Барлық қолда бар 
машиналардың iшiнде тракторлардың 74 %-ы, астық жинайтын комбайндардың 60 %-ы, егiн оратын машиналардың 71 %-ы және егiн себетiн машиналардың 77 %-ы есептен шығарып алуға жатады. 
      Тозудың жоғары болуынан басқа болашақта сұраныс ауыл шаруашылығы машиналарымен қамтамасыз етудi арттыру қажеттiлiгiне байланысты болады. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында астықты алқаптың 1000 га жерiне - 4, ал Канадада - 9, Италияда - 17, Германияда - 20 комбайн келедi. Машинамен жеткiлiксiз қамтамасыз ету агротехникалық операцияларды (жер жырту, егiн жинау және т.б.) орындау уақытын ұлғайтуға алып келедi, бұл нәтижесiнде егiннiң сапасын төмендетедi. 
      Қазақстанның трактор паркiнiң құрылымында жалпы мақсаттағы тракторлардың шамамен үштен екiсiн: «Кировец» типi 5 тарту класының, Т-150К 3 тарту класының дөңгелектi тракторлары, шынжыр табанды тракторлардың үштен бiрi Т-4А, Т-95.4 4 тарту класының және ДТ-75М 3 тарту класының тракторлары құрайды. Қазақстан Республикасының шаруа қожалықтарында 65 мыңнан астам МТЗ-80/82, ЮМЗ-8040.2 1,4 тарту класының дөңгелектi тракторлары пайдаланылады.

9-кесте. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнiмiн өндiру

Көрсеткiш атауы

Өлшем бiрлiгi

2005

2006

2007

2008

2009

Ауыл шаруашылығы тракторлары өндiрiсi

млн теңге

2 240,9

2 433,0

3 246,8

5 532

4 686,1

Ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар өндiрiсi

млн. теңге

4 329,6

4 243,6

8 853,2

12 198,6

12 112,8

Қатарлық жатқалар

дана

338

222

259

367

188


 

     

 Ауыл шаруашылығы тауарлары (2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылғы өсiм қарқыны 209 %-ды, ал 2008 жылмен салыстырғанда 84,7 %-ды құрады), ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар (2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылғы өсiм қарқыны 280 %-ды ал 2008 жылмен салыстырғанда 99,3 %-ды құрады) өндiрiсiнде тепе-тең емес серпiн байқалады, қатарлық жаткалар өндiрiсi 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге қысқарды (9-кесте). 
      Қазақстанның ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары нарығын қазiргi кезде түгелге дерлiктей импорт өнiмдерi иеленедi. Отандық өндiрушiлер барынша басым үлеске ауыл шаруашылығы машиналары (сиыр сауу кешенi, ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеуге арналған машиналар т.б.) сегментiнде, компоненттер мен қосалқы бөлшектер сегментiнде - 50 %-дан астам, комбайндар мен аспа жабдығы сегментiнде ең аз үлеске ие. 
      Бүгiнде Қазақстанда астық жинау комбайндары өндiрiсi Қостанай дизель зауытының базасындағы «АгромашХолдинг» акционерлiк қоғамында (бұдан әрi — АҚ) ғана жүргiзiледi. 2008 жылы 467 комбайн құрастырылды. 
      Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту үшiн 3 және 4 сыныпты астық жинау комбайндары, дөңгелектi тракторлар, аспа жабдығы мен астық және жемдiк дақылдарды қайта өңдеуге арналған машиналар сегментiнде барынша жоғары әлеует бар. 
      Қазақстан Республикасында оның әртүрлi өңiрлерiнiң климаттық жағдайларына барынша бейiмделген аспа жабдығын жасайтын жағдайлары бар. Парктi жаңарту және өңделетiн жердiң ұлғаюына орай оған елеулi сұраныс та бар.

 Қазір бірде бір өндіріс техникасыз тұра алмайды.  Тракторлар – ауылшаруашылық, құрылыс өндірісінің, орман шаруашылыңғы мен халық шаруашылығының басқа да салаларының   қажымайтын жұмыс көздері. Техниканы пайдалану -  көп жұмысты қажет етеді. Шаруашылық жүргізушілер техниканың  жиі жөнделетінін және бөлшектерінің жиі ауыстырылатынын жақсы біледі. Автомобииль және трактор техникасына   көп күш түседі. Тракторларды пайдалану үнемі сауықтыруды, жөндеу мен бөлшектерін ауыстыруды қамтиды.

Ауылшаруашылық техникаларының әлемдік нарығы қазіргі уақытта  «тұтыну нарығы» болып табылады. Жетекші фирмалар -  тракторлар мен  ауылшаруашылық машиналарын шығарушылар  өз техникасын тұтынуы үшін бәсекелестік күрес жүргізеді. Осы жағдайларда  техниканың сапасы және басқа да тұтыну қабілеттерімен қатар  оны іске асыруда  сервистің маңызы зор.

Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге сервистік қызмет көрсетудің шетелдік тәжірибесі оларға қызмет көрсету жүйесінің қағидаттары, фирмалардың өздері шығаратын техникаларының барлық пайдалану мерзімінде және машинаның  барлық режимінде  жұмыс істеуіне жауапкершіліктері Қазақстан Республикасы экономикасының аграрлық секторында  техникалық сервисті дамытудың маңызды  факторы болып табылады.

 

1-кесте – Қызметтердің тізбесі

 

    Қызметтер түрлері

    Ескерту

    Техникалық қызмет көрсету

 

Регламенттік жұмыстар

Техникалық қызмет көрсету  түрлері бойынша,  сервистік кітапша  бойынша,  бақылау-трексеру жұмыстары

Майлау-құю жұмыстары

Майлар мен  технологиялық  сұйықтарды ауыстыру,  сүзгіштерді  ауыстыру, ауаны кондиционерлеу жүйесін  толтыру

Бақылау-диагностика және реттеу жұмыстары 

Қозғалтқыш (СО, СН қалыпты  сақтау және цилиндрлердегі  пайдаланылған  газдардың түтіндеуі, отын жүйесіндегі қысым, майлау жүйесіндегі майдың қысымы, газ бөлу фазаларын тексеру), аккумулятор батареясының  электролиті деңгейі мен тығыздығын тексеру,  аспалар (доңғалақтардың орналасу бұрыштарын  бақылау және реттеу),  ілу (педальдің жүрісі), рульмен басқару люфті, басқарудың  электронды жүйесін тексекру

Жөндеу

 

Агрегаттарды, тораптар мен  бөлшектерді ауыстыру

 

Қозғалтқыштарды,  аспалы, жетекші көпірлерд мен  сымдарды, доңғалақтарды,  рульді басқару, тормоз ж.йесін жөндеу

 

Ауыспалы таратқыштардың механикалық қораптарын жөндеу

 

Электр жабдықтарын жөндеу

Электр сымдар,  электрлі іске қосу элементтері, жарық және дыбыс  дабылдарының элементтері, электродны және электрлі басқару жүйелері

Шиномонтаж  жұмыстары, доңғалақтарды теңестіру

 

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің өзге де қызметтері

 

Қосымша жабдықтар орнату

радиоаппаратура,  қосымша  шамдар,  механикалық ілу құрылғысы  және қозғалтқыш  картерін қорғау элементтері, спойлерлер

Шыныларды ауыстыру және орнату

 

Пайдаланылған газдардың  шығу жүйесін жөндеу

 

 

Ауылшаруашылық өндірісін  ауылшаруашылық техникалары мен  жабдықтарын тиімді пайдаланбайынша  мүмкін емес.

Павлодар облысының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерінде  8,5 мың  трактор, 4,8 мың трактор тіркемелері, 3,6 мың  тұқым сепкіш,1,1 мың астық  жимнау комбайны, 2,3 мың  жүк автомобилі, 0,6 мың дискілі тырмалар, 0,7 топырақ  қопарғыш,  культиватор, 1,6 мың соқа, 0,4 мың  қатар бастырғыш, 2,3 мың  шөп шапқыш (тракторға орнатылғандарын  қоса алғанда), 1,6 мың  екі жанында  орналасқан тырма  бар.

 

4-кесте –Павлодар облысында бар ауылшаруашылық техникалары, дана

Техниканың атауы

Барлық санаттағы шаруашылықтар

Оның ішінде:

Ауылшаруашылық кәсіпорындары

Шаруа қожалықтры

Халықтың шаруашылықтары

Трактор

8 522

1 548

3 470

3 504

Соқа

1 571

415

877

279

Қопсытқыштар мен культиваторлар

759

288

459

12

Дискілі тырмалар

596

463

133

-

Ара тәріздес тырмалар

47

47

-

-

Ротоваторлар

7

7

-

-

Тырмалар және басқалары

852

637

175

40

Сепкіштер

3 565

1 324

2 216

25

Минералды және хим.тыңайтқыштарды шашқыштар

20

20

-

-

Органикалық тыңайтқыштарды (көңді) шашқыштар

40

40

-

-

Шөп шапқыш (тракторға орнатылғандарын  қоса алғанда)

2 322

102

1 086

1 134

Тырмалар

1 630

41

576

1 013

Шөп және сабан жинағыш  және қалыптағыш

105

51

25

29

Картоп қазатын және картоп жинайтын машиналар

44

33

8

3

Қатараралық жаткалар

370

297

73

-

Қызылша қазатын және жинайтын машиналар

1

1

-

-

Астық жинау комбайнадары

1 133

623

417

93

Сабан және ағаштар мен  бұталардан жемістер мен жидектерді жинайтын комбайндар

44

42

2

-

Жүгері жинайтын,  тұқым  жинайтын машиналар, тазалау және басқа  да жинау машиналары

1

1

-

-

Суаруға арналған құрылғы

21

20

1

-

Ауылшаруашылық тракторларына  орнатылатын бүріккіштер мен  ұнтақ шашқыштар

3

3

-

-

Сауу машиналары

73

27

46

-

Малға жемазық дайындайтын  машиналар

15

12

-

3

Трактор тіркемелері

4 847

552

2 617

1 678

Тұқым, бидай немесе бұршақ дақылдарын тазалау, іріктеу  машиналары

91

90

1

-

Жүк автомобильдері

2 334

597

802

935

Информация о работе Ауыл шаруашылық машиналары