Ауыл шаруашылық машиналары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2012 в 19:23, реферат

Описание работы

Ауыл шаруашылық машиналары — ауыл шаруашылығында қолданылатын қондырғылар, машиналар мен құралдардың жиынтық атауы. Қазақстанда мақта, қызылша, картоп, көкөніс, бақ, мал шаруашылықтары, сондай-ақ топыраққа тыңайтқыш себу процестері жақсы механикаландырылған. Ауыл шаруашылық техникасы қолданылу мақсаттарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Энергетика, көлік және тиеуіш машиналарына түрлі тракторлар, тіркемелер, тиеуіштер, майқұйғыштар, жүккөтергіштер, жылу және электр моторлары жатады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазіргі ауыл шаруашылық машиналарының жағдайы
2. Ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу проблемалары
3.ҚР ауылшаруашылық және қосалқы бөлшектер шығаратын компаниялардың тізімі
4. Ауыл шаруашылық машиналарын дамытуга арналған жоспарлар
а) Ауыл шаруашылық машиналарын дамытуга арналған бизнес жоба
б) Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама
III. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

срс №2 ауыл машина.docx

— 850.18 Кб (Скачать)

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

Факультет: ЭжБЖМ

Кафедра: Экономика

Группа: эк11к

 

 

 

                  СРС №2

Такырыбы:

 

 

                                                     Орындағандар:   Шмадияр Г.                                                                                                            Айтбаев А.               Абдрахманова Г.            Тұлғабай М.                 Шаяхметов Ә.

 

 

 

 

                                                  

                                           Алматы қ. 2012ж

                                            ЖОСПАР

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім

1. Қазіргі ауыл шаруашылық машиналарының жағдайы

2. Ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу проблемалары

3.ҚР ауылшаруашылық және қосалқы бөлшектер шығаратын         компаниялардың тізімі

4. Ауыл шаруашылық машиналарын дамытуга арналған жоспарлар

  а) Ауыл шаруашылық машиналарын дамытуга арналған бизнес жоба

б) Қазақстан Республикасында  машина жасауды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама

 

5.

     III.  Қорытынды

 

 

 

 

 

                                                                            Кіріспе

 

Ауыл шаруашылық машиналары — ауыл шаруашылығында қолданылатын қондырғылар, машиналар мен құралдардың жиынтық атауы. Қазақстанда мақта, қызылша, картоп, көкөніс, бақ, мал шаруашылықтары, сондай-ақ топыраққа тыңайтқыш себу процестері жақсы механикаландырылған. Ауыл шаруашылық техникасы қолданылу мақсаттарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Энергетика, көлік және тиеуіш машиналарына түрлі тракторлар, тіркемелер, тиеуіштер, майқұйғыштар, жүккөтергіштер, жылу және электр моторлары жатады. Тракторлар тарту күшіне қарай түрлі кластарға бөлінеді. Олар жалпы және арнайы жұмыстарға арналған дөңғалақты және жыланбауырлы болып келеді. Павлодар трактор зауытында ДТ-75Т “Қазақстан” (класы 30 кН) тракторы шығарылады. Оған түрлі аспалы және жартылай аспалы құралдар жегіледі. Мұндай трактор көмегімен жер жырту, тырмалау, қопсыту, тұқым себу, қар тоқтату, суландыру жұмыстары атқарылады. Петропавлда шығарылатын қуаты 1 кВт агрегат шағын электр стансасы ретінде мал қораға, шопан үйіне, мал шаруашылығы мен егін ш-ның түрлі қызметтеріне жарық беру үшін қолданылады. Топырақ өңдеу, тыңайтқыш себу, егістік зиянкестерін жою мақсатында қолданылатын машиналар да топырақ өңдейтін аспалы және жартылай аспалы соқалар, қопсытқыштар, тісті, инетісті және делегейлі тырмалар, тығыздағыштар, тыңайтқыш сепкіштер, көң, сұйық тыңайтқыш шашқыштар; сұйық және түйіршікті улы қоспаларды бүріккіштер және тозаңдатқыштар, дән улағыштар, фумигаторлар, аэрозоль шашқыштар; қар тоқтатқыштар жатады. Қазақстанның ауыл шаруашылық машина жасау кәсіпорындарында (Астана, Қарағанды, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Атбасар, Өскемен т.б. қалаларда осы топқа жататын 57 түрлі күрделі және қарапайым ауыл шаруашылық техникасы шығарылады. Дәнді дақылдарды себуге, өсіруге, жинауға, өнімдерін баптауға арналған машиналар тобына: сепкіштер, қатар аралығын өңдейтін культиваторлар, астық орғыштар, астық комбайндары, сабан жинағыштар, дән тазартқыштар, кептіргіштер, астық тиегіштер жатады. Республикада бұл топқа жататын 17 түрлі машина, құралдар шығарылады. Мал азығын дайындайтын машиналарға шөп орғыштар, жемшөп жинайтын комбайндар, шөп орғыш-ұсақтағыштар, шөп орғыш-жаныштауыштар, шөп тырмалары, ысырмалар, дестелегіштер, жинағыш-престер, жинағыш-шөмелегіштер, мая салғыштар, мая тасығыштар, сүрлем комбайндары, үйінді шөпті кептіргіштер жатады. Қазақстанда бұлардың 12 түрі шығарылады. Техникалық дақылдар өсіруге, жинауға арналған машиналарға арнайы жұмысқа бейімделген сепкіштер, отырғызғыштар, қарық жасағыштар, қатар аралық культиваторлар, мақта, картоп, томат жинайтын комбайндар, көкөніс жинағыштар жатады. Республика заводтарында олардың 7 түрі шығарылады. Бау-бақшада, жүзімдікте қолданылатын машиналарға соқалар, жинағыштар, жүзім жинағыштар, темекі жапырағын жинағыш сілкуіштер жатады. Мал шаруашылығына арналған машиналарға мал фермаларында, жеке шаруашылықтарда қолданылатын сүт, ет, жүн т.б. өнімдер өңдеуді механикаландыратын машиналар мен жабдықтар, атап айтқанда мал азығын араластыратын, тиейтін, үлестіретін машиналар, азық шанақтары, мал суғаратын жабдықтар, сауын қондырғылары, сүт тоңазытатын аппарат, сүт сепараторы, қой қырқу, жүн өңдеу агрегаттары, қаракөл елтірісін өңдейтін жабдықтар, инкубаторлар, жылумен, сумен қамтамасыз ететін жабдықтар (сорғы, құдық қазатын және су тартатын қондырғылар, жылу генераторы мен жылытқыш аспаптар) жатады. Суландыру машиналары канал қазуға, егіс суғаруға, ашық және жабық дренаж жасауға, жаңа жер игеруге арналған. Олардың қатарына экскаватор, бульдозер, скрепер, грейдер сияқты машиналар, механизмдер, сондай-ақ арық қазатын, тазалайтын, қарықша жасайтын, жер тегістейтін, тас жинайтын және ұсақтайтын, егін суғаратын қондырғылар мен жабдықтар, жаңбырлатқыштар жатады. Суландыру машиналарының кейбір түрлері Кентауда (экскаватор), Қызылордада (грейдер т.б.), Түркістанда (сорғы станәиясы) шығарылады. Орман шаруашылығында қолданылатын машиналарға орман соқалары плугтар мен фрезалар, орман культиваторлары, ор қазатын, алаң жасайтын, ағаш және бұта тамырларын қопаратын, кесетін, ағаш отырғызатын, ағаш тұқымдарын себетін, топырақтың беткі қабатын сыдыратын, өрт сөндіретін (мотопомпа т.б.) қондырғылар мен жабдықтар жатады.

Соңғы уақытта ауылшаруашылық техникасы жаңаруда,  ескілерінің  орнына жаңа техника келуде, комбайндар  ғарыш кемелеріне, ал тракторлар  жарыс болидтарына  ұқсайды. Тек  сыртқы түрі ғана өзгерген жоқ..

Заманауи ауылшаруашылық техникаларында қолданылатын бөлшектердің сеімділігі жоғары және «тозып біткенше»  жұмыс істеуге есептелген. Өйткені  техниканың алқапта жұмыс істеу  уақыты барынша қысқа, бұл техникалар сөткесіне 24 сағат және жұмасына          7 күн жұмыс жасауы тиіс. Осындай  режимдегі басқа техникалар сияқты  қозғалтқыш бөлшектері тез тозады да олар жиі жөндеуді талап етеді..

Соңғы кездері АӨК-де Еуро-3 стандарттары бойынша заманауи техникалар саны көбейді.  Осы техникалардың  бәрі бұрынғыға қарағанда сапалы жөндеуді талап етеді. Сондықтан  да фермерлер, бағасы қымбат заманауи техника иелері  өз машиналарын жөндеу үшін күрделі заманауи ауылшаруашылық техникаларын  жөндей алатын сервистік орталықтарды таңдайды.

Ауыл шаруашылықтарында техникалық және маусымдық қызмет көрсету жұмыстары мен мамандандырылған жабдықтарды талап етпей ағымдағы жеңіл жұмыстарды, ал мамандандырылған жбдықтары мен  білікті кадрлары бар жөндеу кәсіпорындары  еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды жүргізулері тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Қазіргі ауыл шаруашылық машиналарының жағдайы

 

Қазақстанда қазіргі таңда  металлургия, ауылшаруашылық және көліктік машина жасау салаларына айрықша  басымдылық берілуі тиіс. Өйткені  дәл осы бағыттар ел экономикасындағы көптеген өндірістік салалардың дамуына  жағдай туғызу арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуетінің өсуіне айтарлықтай ықпал  ететіні анық. Ұлт Көшбасшысы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп, ауыл шаруашылығын, соның ішінде мал  шаруашылығын дамытуға айрықша назар  аударып отырғандықтан, біз үшін, ең алдымен диқандарымыз бен шаруаларымызды заманауи ауылшаруашылық машиналарымен  қамтамасыз ету өте-мөте маңызды  дер едік.  
  «ҚазАгроИнновация» АҚ Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Әбдікерім Оспановтың айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның ауыл шаруашылығы қажетті техникамен 40-60 пайыз төңірегінде ғана қамтамасыз етілген. Олардың да 80-85 пайызының әбден тозығы жеткен. Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін қалай еселеп арттырамыз?! Мәселен, әрбір 1000 гектар егістік алқапқа шаққанда ауыл шаруашылығының тракторлармен қамтамасыз етілуі Германияда - 124, Голландияда - 91, Ұлыбританияда - 86, Францияда - 85, Бельгияда - 82, Италияда - 70, Данияда - 58, АҚШ-та -35, Өзбекстанда - 26, Беларусьте - 19 бірліктен тура келсе, осынша алқапқа Швецияда - 32, Германия мен Голландияда - 22, Данияда - 21, Бельгияда - 20, АҚШ, Францияда - 19, Беларусьте - 11, Өзбекстанда - 7 комбайннан тура келеді екен.  
   Техниканың жетіспеушілігінен егін шаруашылығындағы технологиялық операциялар толық орындалмай, қысқартылуы салдарынан агротехника талаптары бұзылып, өнімділік әр жылы 20-25 пайызға төмен болып тұр, - дейді Әбдікерім Сүлейұлы. - Сондықтан ауылшаруашылық машиналарын шығару, сол арқылы еңбек өнімділігін еселеп арттырып, Елбасы жүктеген міндеттерді нақты орындау үшін ауыл шаруашылығын механикаландыру тұжырымдамасын қабылдау керек!  
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру басталғалы машина жасау саласында еңбек өнімділігі 52 пайыз артты. Мұндай деректерді «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-тың сараптау тобы хабарлады. Автотранспорттық және темір жолға қажетті бөлшектерді құрастыру кәсіпорындары ең үлкен өсу мөлшерін көрсетті. 2011 жылдың жартысында, машина жасау өнеркәсібінде өндіру және инвестиция көлемі 25 пайызға көбейіп, 209 миллиардтан астам теңгені құрады. Алайда қарқынды өсу динамикасына қарамастан, машина жасау саласының рөлі Қазақстанның экономикасында шамалы. Жалпы, өнеркәсіп өндірісінде машина жасау саласының үлесі 2,8 пайызды ғана құрайды. Қазақстанның Даму банкі сарапшыларының пікірі бойынша, шетелдік жетекші машина жасау өнеркәсіпшілеріне компоненттер мен тораптарды шығару отандық компаниялар үшін болашағы мол экспорттық бағыттардың бірі бола алады. «Халықаралық өндірістік тізбекке іліккен отандық компаниялар ұтыста қалады. Мұндай ұтыстың артықшылығы келісімшарттарда ғана емес, сонымен қатар өндіріс көшбасшыларының технологиялық білім алуында. Ал бұл қазақстандық компаниялардың бәсекелестік қабілетін арттырады» дейді «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Индустриялық саясат департаментінің директоры Сәбит Суханов. Бүгінде «Alstom», «Georgsmarіenhutte», «General Electrіc», «John Deere» сияқты шетел машина жасау компаниялары Қазақстанға ерекше қызығушылық білдіріп отыр. Бұған еліміздің қолайлы инвестициялық ахуалы, ҮИИДБ шеңберіндегі ынталандыру жұмыстары, мол шикізат базасы және ыңғайлы болып саналатын Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық орналасуы өз ықпалын тигізеді.  
  Жуырда ғана өткен Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау осы бесжылдықтағы негізгі мақсат - ішкі нарықтың сұранысын барынша қамтамасыз ету және жоғары қосылған құнға ие машина жасау өнімдерін өндіруді ынталандыру екенін мәлімдеді. Қазірше бұл өнімдерге деген сұраныс тек импорттың есебінен қанағаттандырылып отыр. Оның айтуынша, машина жасау саласындағы ішкі өндіріс келешекте республика мұқтаждағын өтеуге қабілетті. Қазір осы бағытта жалпы құны 160 миллиард теңгеге тең 19 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде 2014 жылға қарай жиынтық қосылған құнның өсімі 74 пайызды құрайды, еңбек өнімділігі 2 есе артып, өндіріс көлемі 2-ден 4 миллиард АҚШ долларына жететін болады.  
Жалпы, Қазақстан алға қойған мақсаттарына жетіп, дүниежүзілік қауымдастық арасынан өзінің лайықты орнын аламын десе, машина жасау өнеркәсібіне деген көзқарас пен мемлекеттік қолдауды түбегейлі өзгертуі қажет.

Қазақстан Республикасында  ауыл шаруашылығы машиналарын жасау  өнiмiн өндiру

Көрсеткiш атауы

2008

2009

2010

Қаңтар-тамыз2011 ж.

Ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар өндiрiсi, млн. теңге

10 357,4

8 319,5

8 317,1

12 292,4


Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар 
ҚР Статистика агенттігінің 1.06.2011 ж. деректері бойынша, маина жасау саласында ірілі және орташалы 253 кәсіпорын, оның ішінде компютер, электронды және оптикалық өнімдерді өндіретін – 8, электр жабдықтарын өндіретін – 19, машина құрылғылары мен жабдықтарын жөндейтін, басқа да көлік құралдарын өндіретін– 156, автокөлік құралдарын, трейлер мен полуприцеповты өндіретін – 6, әртүрлі көлік құралдарын шығаратын – 17 кәсіпорын тіркелген.

«Нишалық» жобалар 
Машина жасау саласында анықталған «нишалық» жобалар: 
1) Трактор мен комбайн құрастыру өндірісі; 
2) Аспалы жабдықтар өндірісі; 
3) Жолаушылар вагондарын өндіру; 
4) Жүк вагондарын өндіру; 
5) Тұтас катанды дөңгелек өндірісі; 
6) Жетекші автоконцерндермен бірлесе жеңіл және коммерциялық автокөліктерді өндіру.

Ұсынылған өндірістік аймақтар

ауыл шаруашылығы машинасын жасау - ауыл шаруашылығы қызметі қомақты өңірлерде - солтүстік және шығыс өңірлер;

мұнай-газ  машинасын жасау - мұнай-газ өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының мамандандырылған жабдықтарға, шығыс материалдарына және олардың құрамдауыштарына сұранысына бағдарлана отырып, қарқынды дамып келе жатқан мұнай-газ өндіруді технологиялық қамтамасыз ету мақсатында батыс өңірде және қазіргі өндірістік қуаттар - Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында;

тау-кен машинасын жасау - тау-кен металлургия кешенінің ірі кәсіпорындарының сұранысына бағдарлана отырып, орталық және шығыс өңірлерде;

электр-техникалық машина жасау - қолда бар өндірістік базаға бағдарлана отырып, оңтүстік және орталық өңірлерде;

көліктік  машина жасау - білікті еңбек ресурстарының, аралас саладағы құрамдауыштар мен қосалқы бөлшектер өндірісінің болуына бағдарлана отырып, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде.

– Агроөндіріс кешені – өте көп тармақты сала. Өсімдік шаруашылығында: бидай, арпа, сұлы, күріш, қарақұмық, тары, дәндік жүгері, бұршақ, дәнді және майлы дақыл­дар, күнбағыс, мақта, картоп, қант қызыл­шасы, бақша және мал азықтық дақыл­дары, жүзім, жеміс-жидек, темекі, көкөніс т.б. өндіріледі. Мал, құс және балық шаруа­шы­лықтарында: ірі қара мал, қой және ешкі, жылқы, түйе, шошқа, құс, балықтан ет, сүт, жүн, жұмыртқа, қаракөл өндіру т.б. қамтиды. Осы бағыттардың барлығында қол еңбегін жеңілдету және жұмыс өнімін арттыру мақсатында түрлі техникалар, машиналар, құрал-саймандар, қондырғылар т.б. пайдаланылады. Ауыл шаруашылығын механикаландыру тарма­ғы бұл саланың негізін қалаушы болып есептеледі. Соңғы жылдары республиканың ауыл шаруашы­лығын механикаландыру­дың бір қатар өзекті мәселелері өз шешімін таппай тұр.

Бүгінгі күнде Қазақстанда  ауыл шаруа­шы­лығы техникалары паркінің қалыпта­мадағы қажеттілігінің 40-60%-ы қамтама­сыз етілген, қолданыстағы техниканың 80-85%-ның тозығы жеткен, олардың тех­никалық деңгейі ауыл шаруашылық да­қыл­дарын өсіру және жинау агротех­ни­калық талаптарына сәйкес келмейді. Бұл техникалар есептен шығарылып, орнына заманауи, жаңа техникалармен қамтама­сыз етілуі қажет. Жалпы алғанда, соңғы жылдары аграрлық саланың техникамен қамтамасыз етілуі күрт қысқарды. Нақты­рақ айтатын болсақ, негізгі қорлардың ес­ептен шығарылуы жаңа техниканы пайда­лануға қарағанда бірнеше есе көп, ал машина-трактор паркін жаңартудың әр­жыл­дық дәрежесі соңғы 20 жылда 10-12,5%-дан 1-3 %-ға төмендеді. Бұл жағ­дай осылай жалғаса берсе техниканы жаңа­лау мүмкіндігі кемі 40-70 жылға созылады. Егер шұғыл іс-қимылдар қабыл­данбаса машина-трактор паркін жаңарту және ауылшаруашылық тауар өндіру­ші­лерін қажетті техникамен жақын уақытта қамтамасыз ету екіталай.

1991 жылмен салыстырғанда ауыл шаруа­шылығы өндірісінің техникалық жаб­дықталу дәрежесі трактор және ауыл шаруа­шылығы машиналарымен – 2,5 есеге, астық жинау комбайндарымен – 2,1 есе­ге, шөп орып-жинау комбайндарымен – 3,5 есеге, соқалармен – 3,2 есеге, картоп жинау комбайндарымен – 5,8 есеге төмен­деген. Бүгінгі күнге орташа бір трак­торға 180 гектар, астық жинау комбайнына – 340 гектар егістік алқабы тура келеді. Астық жинау комбайндарының 87%-ын құраушы «Енисей», «Нива», «Колос» түрін­дегі техни­калық деңгейі төмен және физи­калық тозы­ғы жеткен комбайндар. Олар өз аморти­за­циялық қызмет уақытын бірнеше жыл бұрын өтеп болған, бірақ әлі есептен шығарыл­маған.

Әлемде техника да көп, техника атқаратын жұмыс та көп. Дегенмен ауыл шаруашылығындағы техниканың орны өте ерекше. Өйткені атқарылатын жұмыс­тар­дың дені техниканың үлесіне тиеді.

Ауыл шаруашылығының техникамен қамтамасыз етілу дәрежесі әрбір 1000 га егістік алқабына шаққанда:

• Тракторлармен: Германияда – 124, Голландияда – 91, Ұлыбританияда – 86, Францияда – 85, Бельгияда – 82, Италия­да – 70, Данияда – 58, АҚШ-та – 35, Өз­бекстанда – 26, Беларусьте – 19, Украинада – 12, Россияда – 4 дана тура келеді;

• Астық жинау комбайндарымен: Швецияда – 32, Германия мен Голландияда – 22, Данияда – 21, Бельгияда – 20, Францияда, АҚШ-та – 19, Ұлыбританияда, Ита­лияда – 14, Беларусьте – 11, Украинада – 8, Өзбекстанда – 7, Россияда – 5 дана тура келеді. Бір комбайнмен жиналатын ор­таша астық алқабы: Швецияда – 32, Гер­манияда, Голландияда – 45, Данияда – 48, Бельгия­да – 50, Франция, АҚШ-та – 53, Ұлыбри­та­ния, Италияда – 72, Беларусьте – 91, Украинада – 125, Өзбекстанда – 143, Россияда – 200 гектарға тура келеді.

Дамыған мемлекеттерде техникамен толық қамтамасыз етілуі нәтижесінде ас­тықты 5-10 күнде толық жиып-теріп алады, ал бізде – 30-40 күнге созылады.

Бүгінгі күнде қажетті  техниканың жетіс­пеушілігінен, өсімдік шаруашылы­ғындағы көп технологиялық операциялар толық ор­ындалмай қысқартылуы салдарынан агро­техникалық талаптардың бұзы­луына жол берілуде. Агротехникалық мез­гілдің өз уақы­тында орындалмауы көз­делген өнім көлемінің және оның сапа­сының төмен­де­уіне алып келеді. Мысалы, астықты орып-жиып алу науқаны орташа 30 күн десек, ғылыми деректер бойынша дән биоло­гиялық жағынан піскеннен кейін 5 күнде 5%-ға дейін төгіледі, 10 күнде 20%-ы, 20 күнде 33%-ы, 30 күнде 44%-ы ысы­рап болады. Яғни, техниканың жетіспеушілігінен дайын өнім босқа ысырап болады. Қажетті техникамен ауыл шаруа­шы­лығының қам­тамасыз етілуі – өнімді толық және ысырапсыз өз уақытында жи­ып-теріп алудың кепілі болып есептеледі. Мұны бірқатар тәжірибелі агрономдар, шаруашы­лық басшылары мен мамандар жақсы біледі.

Республикамыздың агроөндіріс кешенінде 1500-ге жуық күрделілігі әртүрлі техникалар, машиналар, құрал-жабдықтар және қондырғылар пайдаланылады. Бі­рақ, бүгінгі күні, қай түрдегі және қанша тех­ни­ка қажет деген сұрақтың түйіні шешіл­меген. Негізгі мәселе мемлекеттік техника­лық саясаттың толық қалыптаспаған­ды­ғында. Қажетті техникамен қамтамасыз ет­іл­меудің басты себебі мемлекет тарапынан ауылшаруашылық өнімдерін өндіру­шілерге қажет дәрежеде қолдау көрсетіл­меуінде және өндірілген өнімнің нарықтағы диспаритет бағасында. Қаржылай көмек – субсидия тек тұқым, тыңайтқыш, гербицид, жанар-жағармайға беріледі, ал қа­жет­ті техниканы сатып алуға қаржы жетіспейді, техника жыл сайын қымбаттап барады. Егер шұғыл шаралар қолданбаса, ауыл­шаруашылық өнімдерінің тапшылығы қайта өңдеу, мал шаруашылығы өндіріс­терінің құлдырауына және АӨК-де мате­риалды-техникалық базаны инвести­ция­лық дағдарысқа алып келуі әбден мүмкін. Бұл жағдайдан шығу үшін ауылшаруашылық өнімдерінің сатылу кепілдік бағасының өзгеріс құрылымын реттеу және басқа ауыл шаруашылығында қайта өңдеу салаларын дамыту қажет сияқты.– Бұрынғы Кеңестер Одағы ыдыраған­нан кейін еліміздегі ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсіпорындарының жұмысы ақсай бастады. Кеңес Одағында зауыттардың барлығы бір-біріне тәуелді (шынжырлы) ұстаным бойынша жұмыс істеген. Осы байланыс үзілген соң кәсіп­орындар өз бетінше тәуелсіз жұмыс істей бастады. Соңғы жылдары ауыл шаруа­шы­лығы машиналарын жасау саласында техника сату көлемі өндірілген өнімге байланысты болып, соның салдарынан техникамен қамтамасыз ету шетелден сатып алуға тәуелді болып қалды. Соның салдарынан елімізде машина жасау ісі дағдарыска ұшы­рады, ал ауыл шаруашылығы машина­ларын жасау саласы толық тоқтады деп айтуға болады. Республикада нақты ауыл шаруа­шы­лығы техникасын жасау және оны сату жүйе­сі қалыптаспаған, тұтынушылар отан­дық техникамен бар-жоғы 1%-ға жуық қамтамасыз етілген, қалған 99%-ы шетелден сатып алынған машиналар. Шетелдік техникалардың басым көпшілігі елімізге мемлекет тарапынан жүйесіз, реттелмеген, техникалық және технологиялық сараптамасыз, сынаудан өтпеген, мөлшерлемелі-техникалық құжаттарсыз сатып алынуда. Себебі, оны қадағалап жатқан мемлекеттік өкілетті ұйым жоқ. Мысалы, кез келген ел­де шекарада тексеріп, толық сынақтан өт­керіп, сонан кейін сынақ нәтижесінің қо­ры­тындысы негізінде алып кіруге рұхсат бері­леді. Ал бізде, тек қана жұмыс істеу мен қоршаған ортаға әсер қауіпсіздік сы­нақ нәтижесі болса техниканы елімізге алып кіруге болады.Бірлескен өндіріс – екі немесе бірнеше отандық және шетелдік серіктестермен келісімшарт негізінде жарғы қорын­сыз құрылады. Олар келісімшарт бойынша анықталған өнімдерді бірлесіп өндіруге міндеттеме қабылдайды, жалпы қуатты қол­данып немесе өзара үлес­тірумен өнімнің кей­бір бөлшектерін жасайды, шаруашылық іс-әрекеттерін бірлесіп жүргізеді.

Информация о работе Ауыл шаруашылық машиналары