Мемлекеттің инвестициялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 18:47, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Содержание

Кіріспе.

Инвестиция басты макроэкономикалық категория ретінде

1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы


1.2 Инвестиция және инвестицияның түрлері


1.3 Инвестициялық сфераны реттеудің қағидалары мен негізгі бағыттары


Қазіргі кездегі инвестициялық саясат жобаларының жүзеге асуы

2.1 Мемлекттің инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері

2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері


2.3 Қазақстандағы инвестивестициялық саясат жобалары мен олардың жүзеге асырылу жағдайлары мен бағыттары


Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 62.87 Кб (Скачать)

 «Қазақстандағы 30 корпоративтік  көшбасшы» бағдарламасын жүзеге  асыру тиімді инвестициялық, өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды белсенді түрде іске асыруға бағытталған. [12; 23-28]

Экономиканы қарқынды дамыту мақсатында арнайы «Қазақстанның инвестициялық  Қоры» АҚ Қазақстанның даму институты  ретінде Қазақстан Республикасының жоғарыда аталып өткен индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №501 қаулысымен 2003 жылдың 30 мамырында құрылып отыр. «Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ-ның Жалғыз акционері – «Самұрык-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры АҚ. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының  2009 жылдың 19 тамыздағы  шешімімен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқармасының Төрағасы Сергей Валерьевич Ельцовтың  өкілеттігі  тоқтатылды,  сол шешіммен Қордың Басқарма Төрағасына Едіген Қасқабайұлы Мұханов  тағайындалды. Бүгінгі таңда Қор сомасы 34.2 млрд. теңгені құрайтын 35 жобаны қаржыландырды. Бұл келесі салалардың жобалары:

 
-ауыл шаруашылық өнімін қайта өндіру; 
-балық өнеркәсібінің; 
- химиялық өнеркәсіптің; 
- құрылыс материалдарын өндірудің; 
- орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінің; 
- металлургияның; 
- машина құрылысының; 
- өндірістік инфрақұрылымның.

Мысал келтірсек: "Агрохолдинг Ел Инвест" АҚ Жобаның мағынасы: тік-біріктірілген агроөнеркәсіптік холдингті құру: қалпына келтіру, жетілдіру және жұмыс жасайтын өндірістерді кеңейту, шошқа еті мен сиыр етін қайта өңдеу бойынша жаңа өндірісті құру, ISO және HACCP стандарттары бойынша сертификациялау. Жобаның құны: 9,3 млрд.теңге.

"Мырзабек АлтынТас групп" АҚ Жобаның мағынасы: Жоба түрлі фракциядағы қиыршық тастің өндірісін қазіргі жабдықты пайдалана отырып, жайластыру қарастырылып отыр, оның ішінде куб тәріздіні. Жобаның құны: 1,17 млрд.теңге.

"Мунаймаш" АҚ Жобаның мағынасы: Ұңғымалық штангтық сорғыларды өндіруді ұйымдастыру. Жобаның құны: 880 млн. теңге.

"Қасиет" ААҚ Жобаның мағынасы: "Касиет" ААҚ өндірістік қуаттарын жетілдіру және көбейту, жүнді иіруге арналған қосымша жабдықты сатып алу арқылы шығарылған жүннің ассортиментін кеңейтуге бағытталған. 
Жобаның құны: 3,12 млрд.теңге. 
"Южно-Кыргызский цемент" ЖАҚ Жобаның мағынасы: Бастапқы қуаттылығы жылына 1 миллион тонна цементті шығаратын цемент зауытын салу және келешекті қуаттылығын 2-ші желісті салу арқылы жылына 2 миллион тоннаға дейін көбейту. Жобаның құны: 12,5 млрд.теңге. 
т.б. жобалар қаржыландырылды.

         Қордың көмегімен алдымыздағы екі жылдың ішінде республика көлемінде 19 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақшы. Оның ішінде 8 жоба – энергетика, 5 жоба – транспорттық инфрақұрылым саласына арналса, мұнай-газ және өндірістік салаларда 3 жобадан жоспарланған.

Қордың мақсаты – перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға ықпал ету, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке секторының бастамасына қаржылық көмек көрсету. 
Қордың мәселелері:

  1. Шикізат пен материалдарды толығымен қайта өндіретін, жаңа технологияларды пайдаланып, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын, сонымен бірге келешегі бар ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін, өздерінің іс әрекеттерін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;
  2. Инвестициялық жобаларды Қормен қаржыландыру арқылы экономиканың шикізат емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру (ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысу;
  3. Қосымша, аралас өндірістерді дамытатын, отандық және шетелдік ұйымдар арасында өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлескен қаржыландыру арқылы шетелдегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін көтеруге ықпал ету; [13;]

Инновациялық, өндірістік және инфрақұрылымдық салаларға  «Самрұқ-Қазына» Қорынан қосымша 1 млдр. АҚШ доллары бөлінді және 2009ж млрд. АҚШ доллары көлемінде  шетелден тікелей инвестициялар  тартылмақшы. Сондай-ақ «Самрұқ-Қазына» Қорының жобаларын қаржыландыруға зейнетақы қорларын да тарту көзделіп отыр. [12;25-26]

Сонмен қатар Қазақстан  Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғаламдық дағдарыстың теріс  салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету үшін  «Батыл Бес Қадам» бағдарламасы ұйымдастырылған болатын. Бұл бадарлама мақстақа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланған болды:

  1. Қаржы секторын тұрақтандыру
  2. Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу
  3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
  4. Шағын және отра бизнесті қолдау
  5. Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру

Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд АҚШ доллары көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болды. Олар мыналарға бағытталатын болды:

  1. Қаржы секторын тұрақтандыруға – 4 млрд. АҚШ доллары (480 млрд. теңге);
  2. Тұрғын үй секторын дамытға - 3 млрд. АҚШ доллары (360 млрд. теңге);

 

  1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту - 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге);

 

  1. Шағын және отра бизнесті қолдау - 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге);

 

  1. Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру - 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге).

 

Үкімет, Ұлттық Банк пен  Қаржылық қадағалау агенттігі, «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры және «ҚазАгро»  ұлттық холдингі осы қаражаттың нысаналы және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

Жоспарды іске асыру  бойынша Үкіметтен негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болды. Ол үшін Үкімет «Самұрық-Қазына» қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.

«Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі тиісінше 4 млрд. АҚШ доллары мен 1 млрд. АҚШ доллары сомасына облигация шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асырды. Бұл үшін Ұлттық қордың инвестициялық саясатына өзгерістер енгізілетін болады. [14;]

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік  қоғамы «Агроөнеркәсіптік кешенді  дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 Жарлығына сәйкес бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) қалыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы  № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі  іс-шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы  № 1247 Қаулысымен бекітілген  «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы Меморандумға сәйкес  Ұлттық холдингтің миссиясы мен міндеттері белгіленді:               

 «ҚазАгро» Ұлттық  басқарушы холдингі» АҚ миссиясы 

Инвестициялық активтерді тиімді басқаруды және оның құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін  дамытуды ынталандыру жөніндегі  мемлекеттік саясатты  іске асыру. 

Ұлттық басқарушы холдингтің міндеттері :

•1.    Инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін шешуге шоғырландыру және бағыттау .

•2.    Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру.

•3.    Аграрлық өндірістік  және сервистік  инфрақұрылымды дамыту.

•4.    Агроөнеркәсіп кешеніндегі кластерлердің қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу.

•5.    Агроөнеркәсіптік  кешен өнімінің  экспортын дамыту.

•6.    Ішкі азық-түлік  нарықтарын  реттеу және тұрақтандыру.

•7.    Корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру.

Ұлттық басқарушы холдингтің инвестициялық саясаты         

Инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде Холдинг  келесі шарттарды басшылыққа алады:

- Холдингтің инвестициялық  ниеті саласында бәсекелес орта  болмауы немесе әлсіз болуы  қажет;  
        - инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде Қазақстанның экономикасына  маңызды мультипликативті тиімділік көрсететін жаңа заманғы технологиялар енгізілуі қажет; 
        - инвестициялық жобалар «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес қоғамдарының алдына қойылған жарғылық мақсаттар мен міндеттер шеңберінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік принципінде іске асырылуы қажет; 
       - жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру және ауылдық жерлердің  шаруашылық-экономикалық  өмірін жандандыру;  
        - инвестицияларды артықшылықты бағыттау:  
a.  ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілетті өнімінің өндірісі және жоғары қосымша құн алу мақсатында оны қайта өңдеу;  
 
b.  агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді өндірістік, сервистік, экспорттық инфрақұрылымын, сондай-ақ көтерме сауда инфрақұрылымын дамыту;  
 
c.  жеңілдікті несие беру, жаңа заманғы ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету, техникалық және технологиялық  қарулану деңгейін ынталандыру арқылы, сондай-ақ ақпараттық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы агробизнестің тиімділік деңгейін арттыру.                       

Инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде Холдинг   паритетті бастамада тікелей жеке инвесторлардың (портфельді) қаржы ресурсын тартуға ниетті.  Егер 2006 жылы жеке инвесторлардың тікелей инвестициялық салымының жалпы көлемі 550 млн.теңгені құраса, онда 2008 жылы осы көрсеткіш шамамен 14 млрд.теңгені құрайды. 
[13;]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасының  кешенді өнеркәсіптік саясаты шеңберінде жаңа инновациялық және инвестициялық саясатты дайындап, тиімді түрде жүзеге асыру қажет. Инвестициялық және жаңа инновациялық саясат еліміздің төртінші, одан кейін бесінші технологиялық құрылысқа өтуін тездетуге мүмкіндік беретін жаңа үлгілегі технологияларды жасауға негізделуі тиіс. Бұл үшін институционалды және индермеционалды инфрақұрылымдарды орнатуға, инвестициялық қызметке қатысты әр түрлі субъктілердің біріге жұмыс істеуіне жағдай жасауға, осы салада бәсеке ортасын қалыптастыруға және шағын инвестициялық кәсіпкерлікті құруға бағытталған іс-шаралар кешенін тез арада жүзеге асыру қажет.

Мұндай шараларды атқару үшін отандық  және шетелдік  инвесторлады мүмкіндігінше  көптеп тартқан жөн. Өнеркәсіп құрлымын айтарлықтай жағымды өзгерістермен толықтыру және еліміздің тұрақты экономикалық өсуіне қолайлы шарттар қалыптастыру үшін аса маңызды салаларға ноу-хау және технология мен құрал-жабдықтар түріндегі шетелдік инвесторларды тарту қажет. Алайда іс-жүзінде шетелдік инвесторлардың басым бөлігі мұнай газ өндірісі мен тау-кен өнеркәсібіне құйылуда. Өнеркәсіп құрлымын тиімді бағытта қайта құру үшін жоғары деңейдегі мемлекеттік органдар шетелдік инвесторлардың қозғалысын реттеу тетіктерін мен бақылау қызметтерін бақылай отырып, аталмыш инвестициялардың еліміздің экономикамсын көтеру мен қайта құруға және оның тиімді түрде әлемдік нарыққа мүмкіндік беретін ғылым-сиымды өндірістер мен алдыңғы қатарлы салаларға бағыттау мақсатында кепілдіктер мен жеңілдіктер жүйесін қолдану тиіс. Экономиканы тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жету үшін мемлекеттің де, жеке сектордың да күш-жігері қажет. Жалпы белгіленгендей, мемлекет ыңғайлы-қалыпты жағдай жасауы керек, себебі жеке инвесторлар (отандық және шетелдік) Қазақстанда қолдау саласын тапқаны дұрыс.

Сонымен, инвестиция деп нәтижесінде пайда немесе әлеуметтік тиімді құрылатын кәсіпорын құруға, негізгі қорларды жаңалауға, кеңейтуге, істегі кәсіпорындарды қайта құру мен техникалық жабдықтауға, жылжымайтын мүлік сатып алуға, сонымен қатар акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздар мен активтерді сатып алуға жұмсалатын мемлекеттің, заңды және жеке тұлғаның мүліктік және интеллектуалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын түсіну керек. Ал, Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы.

Информация о работе Мемлекеттің инвестициялық саясаты