Мемлекеттің инвестициялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 18:47, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Содержание

Кіріспе.

Инвестиция басты макроэкономикалық категория ретінде

1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы


1.2 Инвестиция және инвестицияның түрлері


1.3 Инвестициялық сфераны реттеудің қағидалары мен негізгі бағыттары


Қазіргі кездегі инвестициялық саясат жобаларының жүзеге асуы

2.1 Мемлекттің инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері

2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері


2.3 Қазақстандағы инвестивестициялық саясат жобалары мен олардың жүзеге асырылу жағдайлары мен бағыттары


Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 62.87 Кб (Скачать)

Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.

Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.

Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

Аннуитет - жеке адамның  салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін  зейнеткерлікке шыққаннан  кейін    ақшалай қормен қамтамасыз  етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.[3; 36-42]

 

1.3 Инвестициялық  сфераны реттеудің қағидалары  мен негізгі бағыттары

Инвестициялық іс-әрекет белгілі бір қағидаларға сәйкес мемлекеттік саясат арқылы жүзеге асырылады. Оларға тұрақтылық тән емес және ұлттық экономиканың даму сатыларына , көзделген қайта құруларға байланысты. Негізгі қағидаларға келесілерді жатқызуға болады:

  • экономикалық қауіпсіздік;
  • мемлекеттің инвестициялық мақсаттарын жүзеге асыру;
  • инвестициялық ресурстарды пайдалану бағыттарының сатылығы мен басымдылығы;
  • заңға қайшы емес инвестициялық іс-әрекетке азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік билік пен басқару органдарының араласпауы;
  • инвестициялаудың еріктілігі;
  • меншік нысаны мен іс-әрекет түрлеріне қарамастан барлық инвесторлардың тең құқықта болуы;
  • инвестицияның қорғалуы;
  • инвестициялық іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде критерилерді таңдау еркіндігі;
  • азаматтардың, заңды тлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін сақтау.

Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеудің негізгі  бағыттары:

  • инвестициялық  іс-әрекетті заңдық – құқықтық реттеу. Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі жақтарын реттейтін құқықтық нормалар мен актілердің көптеген әрі көп түрлі тобы қалыптасқан: шетелдік инвестиция бойынша, салық салу, инвестициялық ресурстарды жарыс өткізу арқылы орналастыру, даму бюджеті, инвестициялық бағдарламалардың қатысушылары арасындағы өзара қатынастар бойынша және т.б. оларда инвестициялық іс-әрекетпен байланысты меншік құқықтары, шарттарды орындау кепілдіктері, инвесторлардың құқықтарынқорғаудың құқықтық негіздері және басқа да маңызды мәселелер айқын анықталған.
  • Инвестициялық процестердің көптеген қатысушылардың іс-әрекеттерін реттеуге, үйлестіруге және бақылауға бағытталған атқарушы билік жүйесінің арнайы өкілетті органдары түріндегі басқару жүйесін құру. ҚР мұндай орган «ҚР инвестициялар бойынша Мемлекеттік комитет» 1996 жылы құрылған.
  • Экономикадағы инвестициялық климаттың тиімділігі мен тартымдылығын анықтайтын инвестициялық институттарды қалыптастыру. Институттар -  инвестициялық ортаны қалыптастыратындардың барлығы. Яғни, инвестициялық іс-әрекет жағдайларын жасайтын ережелердің жиынтығы, қатысушылардың құқықтары мен міндеттері қарастырылатын келісім-шарттар, инвесторлар мен сыртқы әлем арасындағы ақпараттармен танысу және айырбас жасауды қамтамасыз ететін ақпараттық база. Басқаша айтқанда, инвестициялық институттар инвесторларға қызмет көрсетуге, олардың іс-әрекеттері үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға арналған.
  • Мемлекеттік инвестициялық стратегияны дайындау және оны жүзеге асыру үшін барлық мемлекеттік реттеу жүйесін сәйкестендіру. Онда инвестициялық саясаттың қысқа, орта және ұзақ мерзімді мақсаттары көрсетілуі қажет және қолда бар барлық ұлттық инвестициялық ресерстарды жұмылдыру мен шетелдік капиталды тартуға бағытталған іс-шаралар кешені анықталуы тиіс. Мемлекеттің бюджет, салық, несие, ақша, сыртқы экономикалық саясаттың барлық құралдары қойылған міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс.

 Осыған орай инвестициялық  саясаттың басты міндетті ұзақ  мерзімді инвестициялар мен шетелдік  капиталды тартудың экономикалық  жағдайларын құру болып табылады.  Қаражаттарды осындай негізде  жұмылдыру экономикадағы құрылымдық, технологиялық қайта құруды қарқынды жүргізуге және инвестициялау тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. [4;54-55]

Инвестиция тиімділігінің  артуы дегенміз ең аз инвестиция мөлшерімен нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның  жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті арттыруға былай қол жеткізіледі:

  • инвестицияның техникалық құрылымен жақсарту, бүл жабдықтарға шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
  • жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының жеке үлесінің артуы;
  • жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.

Инвестиция тиімділігін  арттырудың басты құралы техникалық прогрес болып табылады. Жаңа техниканы  ендіру оны экономикалық тиімділігін  анықтау қажеттілігін қарастырады  және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындылмақ: машина, станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өндеу және т.б. Сондай-ақ, пайдалы тиімділігінің басты элементі еңбек кауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңғайлығы, енбек тиімділігін арттыру және оны женілдету болып табылады. Инвестиция деп қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясатты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясатты  банктың басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктың валюта – қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады. Инвестициялық портфель бұл – банктің заңды тұлғалардың, басқа банктердің және бағалы қағаздардың салған қаражаттарының жиынтығы. Инвестициялық портфельдің оңтайлы критерийлердің  - бұл операциялардың табыстылығы мен өтімділігі болып табылады. Банктердің инвестициялық портфельдерін басқарудың әр түрлі бағыттары және принциптері қолданады. Көп таралған принциптердің қатарына бағалы қағаздарды өтеудің «баспалдықтылық» принципін жатқызуға болады. Бұл принцип бойынша өтелген бағалы қағаздардан түскен қаражаттарды максималды өтеу мерзімі бар бағалы қағаздарды қайта инвестициялау. Банктердің белгілі бір мерзімге пайда табу мақсатында бағалы қағаздармен операциялары банк инвестициялары ретінде қарастырылады.

Батыс елдердің бір қатарында  қазіргі несие жүйесінде инвестициялық  банктер өздерінің дамуын алды. Батыс  елдердің инвестициялық банктердің пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне  еңбек бөлінісі және несие аясындағы мамандану әкелді. [1;83-84]

Инвестициялық банктердің негізгі қызметі – ұзақ мерзімді ссудалық капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акциялады, облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері арқылы беру.

Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады.

Қазіргі  инвестициялық  банктердің екі түрі қызмет етеді:

    • Бірінші типті инвестициялық банктер
    • Екінші типті инвестициялық банктер.

 Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды орналастыру және сатумен айналысады. Ал екінші типті инвестициялық банктерге келетін болсақ, олар ұзақ мерзімді несиелеумен айналысады.

Батыс Еуропаның континенталды  елдеріне және дамушы елдерге негізінен  осы атап кеткен екінші типті инвесициялық банктер тән.

 

  • Мемлекттің инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері
  • Мемлекеттің инвестициялық  саясаттың стратегиялық мақсаты  – ұйымдастырушылық механизмді құру. Ол экономикалық өсудің нақты, тұрақты, ұлғаюшы қарқынын, құрылымдық алдыға жылжуларды, өндірістің жаңалануын, әлеуметтік мәселелер мен экономикалық қауіпсіздік мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстан экономикасын реформалау жағдайында инвестициялық саясаттың тиімділігіне екі деңгейден тұратын органдардың реттеушілік құрылымы ықпал етеді. Бірінші деңгейде мемлекеттік биліктің жоғары органдары мемлекеттік инвестициялық саясаттың түрлі бағыттары бойынша ұсыныстарды заң деңгейіне жеткізетін шешімдерді қабылдайды. Сонымен бірге, олар үкіметтің де, халықаралық билік ұйымдарының да ұсыныстарын есепке алады. Екінші деңгейде реттеуші қызметтер мен Қазақстандағы экономиканың нақты секторына инвестициялық қызметті ұйымдастырудағы қолайлы жағдайлардың орындалуын ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық Банк және салалық министрліктер мен ведомостволар қарастырады.

    Орталық және жергілікті басқару органдары арасында тиімді байланыстардың болмауы қазіргі  кездегі ұлттық экономиканың инвестициялық механизмінің кемшілігі болып танылады. Сол себептен инвестицияарды тарту мен пайдалану бойынша өкілеттіліктердің біраз бөлігі жергілікті орындарға берілуі тиіс. Оларды Қазақстан Республикасына инвестициялар бойынша Комитеттің өкілетті өкілдері іске асыра алады. Қазақстан республикасына инвестициялар жөніндегі комитеті мемлекет экономикасында инвестициялық белсенділікті өсіру жағдайларын анықтаушы орган болып табылады. Ол инвестицияларды тарту, экономиканың нақты секторында халықаралық ұйымдардың, несие және қаржы ұйымдарының, компаниялардың капиталдарының кең көлемде қатысуын қамтамасыз ету жұмыстарын белсендіру бойынша тұтас мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында құрылған болатын. [5; 22-23]

    Ең алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек: біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсер ете алмайды, сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет; екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру мақсатнда құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай-ақ, болашақтағы  ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе, экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипаттама болады.

    Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге  белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат – макроэкономикалық, салық және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізі болып табылады.

    Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар: қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындаы, аралық және дайын өнім, өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының өндірісі, ұлттық табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау араларындағы қатынастар. Олардың негізінде тиімділікке қол жеткізу дегеніміз – қоғамның табиғи-шикізат, материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларын қолдана отырып, халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерін, жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету. Мұнда аталған мәселені шешуді тездетудің негізі әрдайым аз шығын жұмсап көп нәтижеге қол жеткізуге бағыттайтын шаруашылық жүргізудің нарықтық моделі.

    Дағдарысты жағдайдан  шығу және экономиканы дамыту –  ұлттық табыстағы өндірістік қор  жинау үлесін арттырға байланысты. Ал бұл, өз кезегінде, әсіресе барынша жетілдірілген өндіріс құралдарын шығаратын салаларда өндірістің өсу қарқынын артыруды қажет етеді. Мұнда да шетелдік технологиялық инвестицияларға бағытталуға болады және бағытталу керек деген жаңсақ пікірлер бар. Шетелдік технологиялық инвестицияларға толықтай бағыттау, біріншіден, отандық машина жасау және өндіріс процесін механизацияландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін салалардың мүддесіне шек келтіруі мүмкін; екіншіден, елде техникалық  прогрестің негізгі бағыттары бойынша күрделі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге қажеттілік төмендеуі мүмкін. Бұл екі жағдайда да өндірісте интеллектуалдық ұтылыс анық байқалады, ал оны болдырмау үшін мемлекеттің құрылымдық саясатын қалыптастыруда халық шруашылығының инфрақұрылымдық және әлеуметтік салаларының өндірістік негізін жаңарту мен пайдалану тиімділігін арттыру мүдделері көзделуі тиіс.

    Информация о работе Мемлекеттің инвестициялық саясаты