Мемлекеттің инвестициялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 18:47, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Содержание

Кіріспе.

Инвестиция басты макроэкономикалық категория ретінде

1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы


1.2 Инвестиция және инвестицияның түрлері


1.3 Инвестициялық сфераны реттеудің қағидалары мен негізгі бағыттары


Қазіргі кездегі инвестициялық саясат жобаларының жүзеге асуы

2.1 Мемлекттің инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері

2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері


2.3 Қазақстандағы инвестивестициялық саясат жобалары мен олардың жүзеге асырылу жағдайлары мен бағыттары


Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 62.87 Кб (Скачать)


Қазақстан Республикасының Білім  және Ғылым Министрлігі Л. Н. атындағы  Еуразиялық Ұлттық Университеті

 

«Экономикалық теория»  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мемлекеттің инвестициялық саясаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                        Қабылдаған: Досмағамбетов Н.С.

                                                                                       Орындаған: Аубакирова А.А.

 

                                     

 

 

 

 

 

 

                                                  

 

 

 

 

 

 

Астана 2009ж.

                                                                     Мазмұны

 

Кіріспе.

 

  1. Инвестиция басты макроэкономикалық категория ретінде

 

1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы

 

 

      1.2 Инвестиция және инвестицияның түрлері

 

 

       1.3 Инвестициялық сфераны реттеудің қағидалары мен негізгі бағыттары

 

 

  1. Қазіргі кездегі инвестициялық саясат жобаларының жүзеге асуы

 

     2.1 Мемлекттің инвестициялық саясатын қалыптастыру          негіздері                         

 

2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның        маңызды мәселелері 

 

 

2.3 Қазақстандағы  инвестивестициялық саясат жобалары мен олардың жүзеге асырылу жағдайлары мен бағыттары

 

 

Қорытынды.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстанда  жүзеге асырылып жатқан инвестициялық  процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына  айналып, еліміздегі реформаларды табысты  іске асырудың басты себебі болып  отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Менің бұл курстық  жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат  керек. Сондықтан қаржыландырудың  көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.  

Курстық жұмысты жазудағы міндетім: Инвестицияның мәнін ашу, инвестициялық сфераны реттеудің  қағидалары мен негізгі бағыттарын анықтау, Қазақстандағы инвестицияның  даму жағдайы мен маңызын ашу. 

Курстық жұмыстың бірінші  бөлімінде   инвестиция деген  не? Маңызы неде? Атқаратын қызметтері қандай? Деген сұрақтарға жауап бере отырып мәнін аштым, түрелерін сараладым. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Ал инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы. Осы іс-әрекеттердің реттелу бағыттары мен   негізгі қағидалаларын аштым.

  Екінші бөлімде мен инвестициялық іс-әрекеттердің даму тенденцияларын қарастырдым. Мемлекттің инвестициялық саясатын қалыптастыру          негіздері мен мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның        маңызды мәселелері жайында айта отырып, қазіргі кездегі инвестивестициялық саясат жобалары мен олардың жүзеге асырылу жағдайлары және жалпы экономикадағы инвестиция рөлін қарастырдым. Негізінен,  Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

           Менің курстық жұмысымның маңызы: Қазақстан Республикасын дамыған елу ел қатарына қосылуына, басқа елдермен терезесі тең бәсекеге қабілетті экономика орнатуға  инвестициялық процестерді жоғары сапалы дәрежеде жетілдіру керек екендігін түсіне отырып, оның рөлін анықтау.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы

    “Инвестиция”  немістің “invesition” деген сөзі  және бұл кәсіпорынға пайда  табу мақсатында ұзақ мерзімге  салынған капитал мөлшерін көрсетеді. 

Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ серификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.

Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады. Қорлану теориясын К. Маркс “Капиталдың” бірінші томында қарастырады, онда капиталдың қорлануының мәні мен механизмін ашады, ол өз кезегінде оның органикалық құрылымын өзгертеді және жұмыссыздықты тудырады.

Инвестиция теориясын  ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің “Енбекпен қамту, пайыз және ақшаның  жалпы теориясы” (“1936 ж.) еңбегінде  қарастырды, онда инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде анықтайды. Инвестицияның өсуі ұллтық табыстың үлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды. [1, 54-57]

Инвестицияның тиімділігін  анықтау үшін оларды қол жеткен нәтижелермен салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қосу болады. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.

Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда  салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:

Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған  пайдалары, жай адамдардың жинаған  ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен  қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.

Бұл - акцияны сатып  алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және  басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.

Инвестиция дегеніміз  – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік  және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.

Инвестициялық қызмет бұл  – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша  тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

Инвестициялаудың тар  кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.

Енді қаржыны кімдер салады ? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.

Инвеетицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және  ойыншыларға бөлінеді.

Инвестор - бұл капиталды  салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің  аз болуы; инвестор – бұл күрделі  қаржыны қаржыландырудағы делдал.

Кәсіпкер - бұл белгілі  бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.

Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.

Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.

Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны  бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады. [ 2; 257-265]

 

 

1.2 Инвестиция және инвестицияның түрлері

Инвестицияның көзі болып  жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған  бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.      

   Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

 Қаржылық инвестиция  дегеніміз – акционерлік қоғамдар  немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай  құнды қағаздарға банктердің  депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын  өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай  жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын  кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің  бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.   

        Қандай да бір  кәсіпкер  құрылысты  салу үшін  қаржы  керек етеді.  Мұндай жағдайда  құрылыс  нақты  инвестицияның  объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін  өзінің  акцияларын  шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің  құрылысқа салған салымы  нақты инвестиция, ал қатысушының  акцияны сатып алуға  жұмсаған шығыны  қаржылық  инвестиция болып саналады.

        Жоғарыда аталған  инвестицияның   қай түрінің болмасын  алдына  қойған мақсаты  салым салған  саланы, өндірісті дамыту, ондағы  өндірілетін  өнімдердің, дайындалатын  бұйымдардың   сапасын барынша  жақсарту, яғни олардың халықаралық стандартқа  сай етіп  сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске  жаңа техникалар мен  технологияны  қолдану  арқылы  табыс табу болып табылады.

        Қаржылық  инвестициялар  иелену  мерзіміне   қарай мынадай  категорияларға жіктеледі:

                   а)  қысқа мерзімдік – иелену  мерзімі бір жылға дейін;

                   ә)  ұзақ  мерзімдік – иелену  мерзімі бір жылдан  артық.

        Жылжымайтын мүліктерге салынған  ивестицияларды  иеленуші  субъектілер  ұзақ мерзімдік  ретінде  есептейді.     

     Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады.

Венчурлық капитал - бұл  тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

Информация о работе Мемлекеттің инвестициялық саясаты