Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:02, курсовая работа

Описание работы

Ақша-кредит саясатының келесі міндеті — қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап түру.
Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын».
Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары.......5

II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы 1999-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер динамикасы...........................................................................................................9
2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын жетілдіру................................................................................................................18

III. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.............................21
3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары.............................................23

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................29

Работа содержит 1 файл

Pirma_1171_anbetova_Sayazhan.doc

— 219.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. ҚР – ДАҒЫ  ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ  САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстандағы 1999-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процестер  динамикасы

 

1999-2000 жж. бастап Қазақстан  экономикасы тұрақты өсу траекториясына  шықты. Нарық реформаларының ішінде  қаржы секторындағы реформа экономикалық  белсенділікті жоғарылатуға мүмкіндік жасайды. Республикада қазіргі талапқа сай банк жүйесі құрылған, несие нарығы серпінді қарқынмен дамуда. Республикада нарықтық инфрақұрылым құрылды. Олар өз қарамағына шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін банкілер жүйесін, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, аудиторлық фирмалар мен басқа субъектілерді қамтиды.

Бірақ жалпы макроэкономикалық  жағдай жақсарып, экономика тұрақты  өрлеуге бет бұрғанмен, осы 2007 жылдың екінші жартысында тауарлар мен қызметтерге  бағалардың өсуі байқалды. Әрине қазіргі жағдайдағы бағалардың өсуін 1990 жылдардағы инфляциялық процестермен салыстыруға болмайды.

Ағымдағы жылдың 8 айында  Қазақстанда инфляция деңгейі 8,2 пайызды  құрап, жоспарланған деңгейден асып түсті. Бұл туралы үкіметте өткен  отырыста, премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім етті. Оның айтуынша, биылғы жылғы қаңтар мен тамыз айы аралығында айналымдағы қолма-қол ақша 36 пайызға және ақша массасы 24 пайызға өскен. Сондай-ақ бағаның көтерілуі Шымкент, Алматы, Тараз, Астана, Аты рау қалаларында орын алған.

Экономика және бюджеттік  жоспарлау министрлігінің мәліметіне қарағанда, аталған инфляцияның 52,1 пайызы азық-түлік тауарларының қымбаттауы есебінен өскен. Экономика және бюджеттік  жоспарлау министрінің сөзіне қарағанда, тұтынушылар бағасы индексінің құрылымында азық-түлік тауарлары тобының қымбаттауы 7,6 пайызды құраған. Ал өткен жылғы сегіз айындағы көрсеткіш 4,6 пайыз болатын. Мұнымен қоса азық-түлік емес тауарларының бағасы 4,9 пайызға көтерілген.

  Қазақстанның қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы резервтер үлесі өте жоғары. 2004 жылы резервтік активтер қысқа мерзімді сыртқы қарыздан екі есе асып кеткен. Бұл Қазақстан қажет болған жағдайда бір жылға дейінгі қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға дайын екенін көрсетеді. Бірақ 2005 жылы жағдай күрт өзгерді. Елде жиналып қалған қысқа мерзімді сыртқы қарыз көлемін резервтер енді жаба алмайтын болды.

       Кесте 4 – Халықаралық инвестициялық ахуал бойынша өтімділік көрсеткіштері.

      Дағдарыстар қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы резервтердің жоғары үлесі бар елдерде де, мысалы Венесуэлада, Малайзияда, Колумбияда орын алғандығын атап өткен жөн.

1994 жылы Венесуэлада  болған дағдарысқа дейін осы  көрсеткіш Қазақстанға қарағанда  елеулі жоғары болды және ол 250%-ды құрады. Бірақ Венесуэланың  тауар мен қызмет экспортындағы сыртқы қарызының үлесі Қазақстанға қарағанда екі есе жоғары болды, яғни экспорттық түсім елдің қарызын 280%-ға қамтамасыз ете алмады, ал осы уақытта Қазақстанда бұл көрсеткіш 177%-ды құрады.

Халықаралық инвестициялық  позиция (көзқарас) мәліметтері бойынша нетто-позиция елдің төлем қабілеті тәуекелділігінің көрсеткіші болып саналады. 3-кестеден көрініп тұрғандай, Қазақстан 1998 жылдан бастап, жарамсыз нетто-позицияны сақтап келеді. Сыртқы міндеттемелердің ел активтерінен шапшаң артуы 2000 жылы орын алды және сол уақыттан бері жағымсыз өсім үрдісіне ие.

Кесте  5 – Қазақстанның халықаралық нетто-позициясы

    Сөйтіп, Қазақстанға сыртқы қарыздар, қарыздық бағалы қағаздар шығарылымы түрінде келетін капитал ағымы Қазақстанның сыртқы қарызының көлемін одан әрі ұлғайтады.

Ұлттық Банк үкіметке несиелер бермейді, өзінің мемлекеттік  бағалы қағаздар қоржынын мүлдем ұлғайтпайды. Коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру мардымсыз көлемдерде жүргізіледі. Валюталық резервтерді арттыру  нәтижесінде туындайтын ақшалай ұсыныстардың артықшылығын залалсыздандыру мақсатымен Ұлттық Банк коммерциялық банктерден депозиттер тартады.

Басқа да тауарлар тәрізді  бағасы өсетін доллар бағамы инфляцияға әсер етеді. Бұл фактор импортталушы инфляция түрлеріне қатысты. Сатып алынатын долларлар елдегі тауарлар мен қызметтер бағасының сомалық көлемін көтереді, яғни кәсіпорындар, банктер және тұрғындар тарапынан ұлттық валюта мен қосымша төлем төлеуге қабілетті сұранысқа қажеттілік бар. Экономиканың «долларизация» жағдайында мемлекет инфляцияны монетарлық әдіспен бақылау мүмкіндігінен айрылады, өйткені тауарларға ұсыныс тек теңгеге ғана емес, өткізілетін көлемі белгісіз долларға да болады.

Долларға қарағандағы  теңге бағамының төмендеуі бағаның  инфляциялық өсуінің белсенді факторы болды, өйткені импорттық тауарлар Қазақстан тұтыну нарығының жартысын құрады. Импортталатын инфляцияның тетіктері доллар мен басқа да шетел валюталарына жоғары сұраныстың пайда болуынан айқын көрінді.

Соңғы уақытта  Үкімет пен Ұлттық Банк өзінің ақша-несие саясатында екі мақсатқа жетуге ұмтылуда. Бірінші мақсат – инфляцияны төмендету, екіншісі – экономиканың нақты секторы жағдайының нашарламауы үшін теңгенің тиімді бағамын ұстап тұру болып табылады. Бұл мақсаттар іс жүзінде бір-біріне қарама-қайшы. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттің ірі қарызды тұтыну мүмкіндігі жоқ кезде инфляцияны төмендету өте қиын емес. Ұлттық банктің нарықтан валютаны сатып алуын және өзінің алтын-валюта қорын көбейтуін тоқтату қажет. Мұндай жағдайда ақша көлемі баяу өседі, одан кейін ол мүлдем тоқтайды. Бұл инфляцияның төмендеуін ең соңында нөлге дейін алып келеді.

Сонымен бірге бұл  нақты, атаулы құнында көрініс табатын  теңге бағамын білдіреді, ол өз кезегінде  импорттың өсуіне, экспорттаушылар  жағдайының нашарлауына және өндірістің құлдырауына әкеліп соқтырады.

2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда  еңбекақы 19,7%-ға, нақты көріністе  – 10,2%-ға өсті. Еңбекақының өсуі  елдегі экономикалық белсенділіктің  артуымен айқындалады. Экономиканың  бюджеттік секторындағы еңбекақы  өсуінің артынша басқа салаларда да сонымен мөлшерлес өсім ере жүрді.

Экономикада инфляциялық көріністің сақталуы ақша агрегаттарының елеулі өсуіне себеп  болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық таза резервтерінің  өсуі 2006 жылы оның қаржылық базасының 26,5 пайызға, яғни 1501,5 млрд. теңгеге дейін кеңеюіне мүмкіндік жасады (4-кесте).

Инфляцияның төмендеуін тізгіндеу инвестициялық белсенділік  пен тұтынушылық сұранысы жоғары экономиканың елеулі өсуіне қарсы әрекет етеді. Экономикалық көтерілу экономиканың ақша көлеміне толығуын туындатады. Мұндай толығудың ең маңызды критерийі ақша көлемінің МЗ агрегатының ЖІӨ-ге қатынасы арқылы танылады. 1995–2006 жылдардағы бұл қатынастар келесі жағдайда қалыптасты (6-кесте).

5-кестеден көрінгендей,  ЖІӨ-нің өсуі экономиканы монетизациялау деңгейінің көтерілуінен орын алды.

Елге шетел валютасының  ағылып келуі қуат көздеріне әлемдік  бағаның жоғары болуымен байланысты еді, олар Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына аударылуының есебінен тазаланды. 2008 жылдың аяғында ҚР ҰҚ-ның  активтері 13 млрд. АҚШ долларынан асты.

Кесте 6 – ҚР-ның кезең  аяғындағы ақша агрегаттары

       Республиканың банк секторы капиталдың халықаралық нарығынан қарыз алып, артық ұсынысты көбейтуі ішкі валюталық нарықта елеулі ықпал көрсетті. Шетел активтеріне қаржы салу көлемі айтарлықтай дамығаны байқалды. Банктердің шетел инвестициялары түрінде валюталарды шетелге толассыз шығаруы, ҚР ҰҚ-ның өсуі, сондай-ақ операциялар бойынша тікелей инвестициялық қаржылардың елден шығуы сұраныс қатынастары мен нарықтағы валюта ұсыныстарын қайтадан қалпына келтірді.

Кесте 7 – Қазақстандағы ЖІӨ мен ақша көлемінің қатынастары

     Әлемдік тауар нарығында Қазақстан экспортының негізгі тауарларына бағаның өсуі отандық өндірушілердің ішкі нарықта өз тауарларының бағасын соған сәйкес көтеруіне мәжбүр етті. Бір жағынан, мемлекеттік бюджет шығынының өсуі экономикалық белсенділікті ынталандырса, екінші жағынан, инфляциялық қысымды күшейтті. Ел табысының өсуімен қатар күтілген инфляция қосымша инфляциялық фактор болды.

Қалыптасқан макроэкономикалық жағдай республиканың тұтыну нарығында инфляциялық үрдістің күшеюіне алып келді. Нәтижесінде, ол жыл аяғында (2005 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың желтоқсанына дейін) Статистика агенттігінің деректері бойынша 2006 жылы 8,4%-ды (2005 жылы 7,5% еді), ал орташа жылдық инфляция – 8,6%-ды құрады (3-сурет).

2006 жылғы инфляцияға  ықпал еткен негізгі микро  және макроэкономикалық факторларға  экономиканың елеулі өсуі, Қазақстанға  шетел капиталының үздіксіз ағыны,  банк несиелерінің айтарлықтай  көтерілуі, қуат және шикізат тауарларына әлемдік бағаның жоғары болуы жатты.

                           3-сурет – Инфляция серпіні

Мұнайлы жерлерді әрі  қарай игеру төлем балансының ағымдағы шотына ағылатын капиталдың қосымша көздеріне жол ашты, бұл  өңдеуші өнеркәсіптің бәсекелестік қабілетін төмендетуге әсер етуі мүмкін, өйткені тікелей инвестицияны әрі қарай игерумен жалғасатын экспорттық түсімдердің көбеюі теңгенің айырбастау бағамын нақты қымбаттатуға тікелей қысым көрсетеді.

Экономика және бюджеттік  жоспарлау министрілігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Қазақстандағы тауар мен қызмет бағасының өсуі инфляцияның өсуіне әсер еткен. 2007 жылдың қыркүйек айындағы инфляция деңгейі өткен жылдың тиісті кезеңіндегі пункттен 2,7 пайызға артық. Ал қыркүйек айындағы инфляция деңгейі жылдық көріністе 11,2%-ға жеткен. Алайда, ағымдағы жылдың тоғыз айында елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы экономиканың басты маңызды көрсеткіштерінің серпінді өсуі бірқалыпта сақталғанын көрсетеді. 2007 жылдың 9 айында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бағалауы бойынша ЖІӨ 10,1 пайызды құраған. Құрылыс, қаржы қызметі, көлік және байланыс қызметі, сауда сияқты ұлттық экономика салалары жылдам қарқында дамыған. Астық өнімінің жоғары болуына байланысты ауылшаруашылығы жоғарғы көрсеткішке жеткен, өнім көлемі 8,1 пайызға өскен. Еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі мен жалақының өсуі байқалады. Ағымдағы жылдың үшінші маусымындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылы 7,5 пайыз болса, биыл 7 пайызға азайған. Осы жылдың сегіз айындағы жалақы көрсеткіші орташа есеппен 50 мыңнан асқан (400 доллардан астам).

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері  бойынша 2011

жылғы маусымда инфляция 0,3% (2010 жылғы маусымда – 0,2%) деңгейінде қалыптасты.

Азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% (0,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,7%

(0,5%) жəне ақылы қызмет  көрсету – 0,2% (0,1%) өсті.

Азық-түлік тауарлары  нарығында өткен айда көбінесе жарма - 4,5%, оның ішінде

тары – 6,2%, қара құмық  – 5,3% қымбаттады. Еттің бағасы (ет өнімдерін қоса алғанда)

1,0%-ға, бидай ұны –  1,0%-ға көтерілді. Жұмыртқа 9,6%, жемістер  жəне көкөністер – 0,9%

арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын  тауарлар тобында бағалар бензинге – 5,7%, дизель

отынына – 7,1%, дəрі-дəрмектер  – 0,1%, киім мен аяқ киім - 0,2% қымбаттады.

Ақылы қызмет көрсету  құрылымында тұрғын үй-коммуналдық  саланың қызмет

көрсетуі үшін ақы  төлеу өзгерген жоқ. Бұл ретте  қоқыс жинау тарифтері - 2,7%, суық су –

1,4%, кəріз – 1,2%, сұйытылған  газ – 1,1% өсті, ал ыстық су 1,6%-ға  төмендеді. Көлік

қызметі үшін ақы төлеу 1,4%-ға өсті, оның ішінде теміржол көлігі 2,2%-ға көтерілді.

Амбулаторлық қызмет көрсету 0,5% қымбаттады.

2011 жылғы қаңтар-маусым  үшін инфляция 5,1% (2010 жылғы қаңтар-маусымда  –

4,4%) болды.

Ағымдағы жылғы 6 айда инфляция қарқынының жедел дамуына азық-түлік

тауарларының қымбаттауы себепші болды, олардың бағасы осы  кезеңде 8,0% (2010

жылғы қаңтар-маусымда – 5,6%) өсті. Азық-түлікке жатпайтын  тауарлар 2,5% (2,7%) жəне

ақылы қызмет көрсету  – 4,1% (4,6%) қымбаттады (1-график).

1- график

3. Төлем балансы  жəне жалпы сыртқы борыш

Ағымдағы операциялар  шотының профициті 2010 жылғы 1-тоқсанның  осындай

көрсеткішімен салыстырғанда 58% ұлғая отырып, 2011 жылғы 1-тоқсанда 4,4 млрд. АҚШ

долл. құрады.

Ағымдағы операциялар  балансының 2010 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда

айтарлықтай жақсаруы тауар  экспорты құнының энергия тасымалдауыштардың əлемдік

бағаларының қолайлы  конъюнктурасына байланысты өсуімен  қамтамасыз етілді. Орташа

алғанда 2011 жылғы 1-тоқсанда brent сұрыпты мұнайдың əлемдік бағасы бір баррель үшін

104,90 АҚШ долл. құрады, бұл оның 2010 жылғы 1-тоқсандағы  орташа деңгейінен (бір

баррель үшін 76,65 АҚШ долл.) 36,8% жоғары. Нəтижесінде тауарлар экспорты 2010

жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 37,5% ұлғая отырып, 18,7 млрд. АҚШ долл. құрады.

Бұл ретте тауарлардың  ресми экспорты 18,5 млрд. АҚШ долл. деңгейінде болды.

Импорт операцияларының  көлемі 2010 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 31,8%

ұлғая отырып, 2011 жылғы 1-тоқсанда 7,4 млрд. АҚШ долл. құрады (ресми импорт – 6,7

млрд. АҚШ долл.).

Кеден одағы елдерімен тауар айналымы 5,3 млрд. АҚШ долл. құрай отырып, 2

млрд. АҚШ долл. жуық өсті. Одақ мемлекеттеріне тауарлар экспорты 2,2 млрд. АҚШ

долл. дейін 73,7% ұлғайды, ал олардың импорты 45,2% ұлғая отырып, 3,1 млрд. АҚШ

долл. асты. Кеден одағы  елдерінің импорттың жалпы көлеміндегі үлесі 46,7% құрады,

оның ішіндегі 45,5% Ресей  Федерациясына тиесілі.

Тұтастай алғанда сауда  балансы 2011 жылғы 1 тоқсанда 11,3 млрд. АҚШ  долл. оң

сальдомен қалыптасты, бұл 2010 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 41,4% көп (8,0 млрд.

АҚШ долл.).

Қызмет көрсету балансының дефициті 2010 жылғы 1 тоқсандағы көрсеткішпен

Информация о работе Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері