Кеден ісі аясындағы лауазымдық қылмыстардың көкейкесті мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 22:39, дипломная работа

Описание работы

Кедендік материалдың әрекетшілік күшінде кедендік реттеудің әдісін құрайтын бұл 3 топ пайда болатын кедендік құқықтық қатынасқа байланысты қолданылады.
ҚР кеден құқығында көрініс тапқанын келесі мысалдар арқылы көруге болады:
-тауарлар мен көлік құралдарын ҚР аумағына әкелу және әкету құқығы;
-белгіленген кеден режимдерінің кез-келген түрін таңдау құқығы;
-кедендік рәсімдеу кезінде өкілетті өкілдің қатыса алу құқығы;
-кедендік органның немесе лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) арыз келтіру құқығы және т. б.[3

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН КОМИТЕТІ
1.1 Кеден Комитетінің жүйесі, мемлкеттік қызметтегі алатын орны...................10
1.2 Кеден қызметіндегі құқықтық қатынастар, қызмет жасау аясы......................11
1.3 Қазақстан Республикасы Кеден Комитетінің қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелері...................................................................................................................17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында жасалатын қылмыстар..................................................................................................................21
2.2 Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында жасалған лауазымдық қылмыстарға жауаптылық белгілеу түрлері.........................................................................................................................37
2.3 Қылмыстық іс – әрекеттерді анықтау жолдары................................................55
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ІСІН РЕТТЕЙТІН, ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ БЕЛГІЛЕЙТІН НОРМАТИВТІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР....................................................................................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................78

Работа содержит 1 файл

диплом таможня.docx

— 150.16 Кб (Скачать)

4. Жариялық принципі. Экономиканың  нарықтық қатынасқа қөшуіне және  СЭҚ шұғылданудың құқығы мен  мүмкіндігінің кеңеюне байланысты 90 жылдардың басында СЭҚ-ті мемлекеттік реттеуі енгізіліп жатқан шаралардың жариялылығымен байланысты принциптерді өңдеу қажеттілігі, кеден ақпараты барлық адамдардың қол жеткізу және қоғамдықкөзқарасты есепке алу қажеттігі туды. Жариялылық сипат, мысал, Қазақстан Республикасының кеден тарифтері және кеден баждарын орнату процедуралары осындай баждарды орнату негізіндегі ҚазақстанРеспубликасы өндірістің әртүрлі салаларының мүдделерін есепке алуды ғана емес сонымен қатар оның сауда – агент елдер үшін саяси мәнді жоғарлатуғамүмкіндік берді. Жоғарыда қарастырылған кеден ісіедегі басқару принциптері әртүрлі қолдану арқылы іске асады.

Әдіс – бұл ұйымның  қойған мақсаттарына жету үшін, басқарылып жатқан объектіге әсер етудің тәсілдері  мен жолдардың жиынтығы. Әдіс кеден  мақсаттарын іске асыру тәсілі ретінде, кеден ісінің сипаттамалы-танымдық қалыптаманы басқару объектісіне  бағыттарын, мазмұнын, яғни басқарылып жатқан объектіге әсер етудің амалдары мен тәсілдердің специфмкасын білуден шығады.

Кеден тәжіребесінде әртүрлі әдістер және олардың жиынтығы қолданылады. Сонымен қатар анықтаудың нақты әдісінде кеден ісінің сипаттамалы-танымдық қалыптамасының әртүрлі компоненттері және олардың бағыттары, әсер етудің мазмұны мен ұйымдастырушылық формасы үйлеседі және әрекеттеседі. Осыған байланысты басқарудың келесі әдістерін бөліп қарастыруға болады:

Ұйымдастырушылық әдістер, олар мыналарға бөлінеді:

өкімшілік әсер ету әдістері

ұйымдастырушылық -тұрақтандырушылық ықпалдар

ұйымдастырушылық -тәртіптік ықпалдар

Өкімшілік әсер ету әдістері: бұл әдіс кеден қызметінің функционалдық  ұйымдастыру мен үйлестіруде  басты әдістердің бірі болып табылады.

Ол объектік басқаруға  нормативтік-құқықтық актілер, нұсқамалар, бұйрықтар, өкімдер, т.б. арқылы тікелей әсер етеді.

Ұйымдастырушылық -тұрақтандырушылық ықпал ету әдісі. Бұл әдіс кеден операцияларын іске асырған кездебасқару шешімдерін қабылдауды реттелуге, нормалауға және нұсқаулауға негізделген. Ұйымдастырушылық-тұрақтандырушылық ықпал ету әдісі кеден органдарықызметкерлерінің  және СЭҚ қатысушыларының қызметкерінің, жауапкершіліктерін, өкілеттіктерін, құқықтарын және міндеттерін бөлу үшін арналған.

Ұйымдастырушылық –тәртіптік ықпалдар әдісі. Бұл әдіс кеден органдарының және сәйкес бөлімше жетекшілерінің бұйрықтары мен өкімдері көмегімен уәжделген кеңес, ескерту және т.б. рет –ретімен қолдануға негізделген.

Тәртіптік әдістер жұмыстың ұймдастырушылық негіздерін қолдану, тәртіптілікті, кеден органдарында орныққан жүріс- тұрыс пен іс- әрекеттәртібі мен ережелерін сақтау үшін арналған.

Тәртіптік әсер етудің 2 әдісі бар:

А) экономикалық әдістер, олар кеден ісіндегі басқарудың негізгі  әдістерінің бірі болып саналады. Бұл басқару қатынастары ең әуелі экономикалық қатынастар арқылы анықталатынына байланысты. Ресей ғалымы А.Д. Ершовтың пікірі бойынша, басқаруда қолданылатын әдістердің екі түрінажыратуға болады:

ішкі экономикалық әдістер;

сыртқы экономикалық әдістер.

Ішкі экономикалық әдістер, біріншіден, кеден органдары қызметкерлерінің еңбектерін төлеумен, яғни жолақы, үстеме ақы, сыйлық, сыйақы жүйесімен тығыз байланысты, екіншіден, осы экономикалық уәждер арқылы тұтас қызметкерлер ұжымын және тұлғаның талаптарын қанағаттандыратын әсерге қол жеткізілетін.

Сыртқы экономикалықәдістер  сыртқы сауда операцияларынжәне  СЭҚ қатысушыларының қызметін реттеумен  байланысты.

Б) кеден ісіндегі басқарудың құқық әдістері ұйымдастырушылық және экономикалық әдістермен тығыз байданысты, кейбір кездерде олар бір- бірінен бөлімбейді және кеден құқығының әдістеріне негізделері құқықтық реттудің екі негізгі әдісі бар:

өкімдік басқару әдісі (императивтік әдіс)

үйлестіру әдісі (диспозитивтік әдіс)

Өкімдік басқару әдісі  әкімшілік құқыққа тән. Ол реттеудің  өкімдік императивтік бастамасымен ерекшеленеді. Кеден қатынастарын мемлекеттік  реттеу қажеттігі кеден саласындағы  мемлекет іс- әрекетінің спецмфикасынан туындайды.

Үйлестіру әдісі өкімдік  басқару әдісіне қарағанда қатысушылардың құқық қатынастарының заң теңдігін болжайды және бір ұтымды жері азаматтық құқықты қолданады. Бұл әдіс кеден құқығында көмекші әдіс ретінде қолданады. Бұл әдіс арқылы кеден органдары бір жақтан және кеден брокерлары, тасымалдаушылар, жеке кеден қоймасы иесі екінші жағынан кейбір міндеттік қатынастарреттеледі.

Кеден құқығы құқықтық реттеудің  үш негізгі әдісін қолданады:

предписание;

рұқсатнамалар;

тыйым салулар.

2. Әлеуметтік –психологиялық әдістер, басқару қызметінің нәтежелері, шешімдерді қабылдау бірқатар психологиялық факторларға байланысты. Бұл факторларды есепке алу, әлеуметтік –психологиялық әдіс арқылы адамдарға әсер ету жанжал жағдайлардашешуге, адамдардың бір- бірімен әрекеттесулерін жақсартуға, қойған міндеттерді шешуге көмектеседі.

Психологиялық әдістер қадағалау  өзін- өзін қадағалау, эксперемент, кемшіліктерді қабылдау процесінің анализі , кадрларды сұрыптау және дайындау, оқиғаларды, фактілерді, өмір жолы күндерінің анализі және психодиагностика әлеуметтік- психологиялық, алды тұрған мақсатармен қалыптастырумен тығыз байланысты.

Кеден ісіндегі басқарудың жоғарыда қарастырылған әдістері бір- бірімен түрліше үйлеседі. Бұл пайда болатын мәселелерді шешуге жан- жақты қатынау мүмкіндігін туғызды.

Кеден органдары құқыққорғау  органы болып табылады, мемлекеттің  кеден заңдарының негізіне сондай-ақ, міндеттің жүктелуіне сәйкес – шекара арқылы тасымалдану товарларға қатысты  кедендік ережелер мен салық заңдарын бұзушылар, кедендік істер аясындағы  контрабандалар мен қылмыскерлермен  күрес жүргізу, есірткі өнімдерін  таратушыларды тыю, Қазақстан Республикасы және  шетел мемлекеттердің көркемөнер және тарихи заттарын, интеллектуалды меншіктік объектілері, жоғалып  кету қаупі бар жануарлар мен  өсімдіктер түрлерін, басқа да товарлар, сондай-ақ халықаралық террор және ҚР әуе жайларында заңсыз әрекеттері туындай қалса оларды жою жатады. Кеден заңымен  белгіленген ережелерде Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тасмалдаушы қазақстан азаматтығына қарамастан (жеке және заңды тұлға) сыртқыэкономикалық іс-әрекеттерінің  барлық қатысушыларына жазбаша өкім жазылған. 

Осы ережелерге мынадай қажетті  шарттар кіреді: тиісті кедендік режимдерін айқындау, кедендік бақылауды өту, кедендік ресімдеуді ресімдеу, кедендік төлемдері  мен салықтарын жүзеге асыру, кедендік жеңілдіктерді және басқа ережелерді пайдалану осыларды бұзушылықтарына  Қазақстан әкімшілік заңына сәйкес жауаптылық қарастырылған.

Кедендік ережелердің  бұзушылығын негізінен кеден  органының лауазымды тұлғасы  жүргізеді. Істерді қарауды әкімшілік  құқық бұзушықтар туралы 2001ж. 30 қаңтарында іс-әрекетке енгізілген  Кодекс қағидасына сәйкес кеден органының өкілетті лауазымды тұлғасы жүзеге асырады. Көрсетілген кодекстің «кеден істері аясындағы әкімшілік құқықбұзушы» тарауы және 400-438 баптары бар.[24]

  Қазақстан Республикасы белгіленген заңдары және халықаралық шарттарына қол сұғушы тұлғалардың іс-әрекеттері кедендік ережелерді бұзушылар болып табылады.

Кедендік ережелерді бұзушыларды  жауаптылықтан босату заңмен қарастырылған.

Жауаптылық шарасы ретінде  ескерту жазбаша түрде шығарылады, ол туралы қаулы қабылданып ол негізгі  жазалау болып табылады.

Айыппұл – ең аз жалақы төлеміне қолданатын есептелген сома түріндегі  жазалау түрі.

Есептелуші сома товарлар және көлік құралдарының құнынан  шығарылады (құқықбұзылған күннің бос  немесе нарықтық бағасы). Заңмен «ең  аз жалақы төлемі» түсінігі «жылдық  не болмаса айлық есептік көрсеткіш» түсінігіне ауыстырылды, бұл практикада есептеу кезінде белгілі қиындықтарды тудырды, кеден заңдары көп уақытқа  дейін осы өзгертуді сәйкестікке  келтірмеді.

Лицезиялардың іс-әрекетін немесе квалификациялық аттестаттарын    тоқтату негізгі жазалау түрі болып, мына жағдайларда қолданылады:

- кеден қоймаларының иелеріне, бажсыз сауда дүкендері, бос  қоймалар және уақытша сақтау  қоймаларына;

- кеден тасымалдаушылары  және кеден брокерлеріне, сондай-ақ  кедендік ресімдеу жөніндегі  мамандарына; 

- Кеден ережелерін бұзушы  тікелей объектілер болып табылушы  арнайы құпия орнымен дайындалған  товарлар мен көлік құралдары  кеден шекарасы арқылы өткізілуші, тығылған заттары айқындалған  жағдайлар тікелей бұзушылық  болып табылады да белгіленген  Қазақстан Республикасының заңымен  мемлекеттік бюджеттің тәркіленуіне  жатады және негізгі түрі болып  қолданылып не болмаса қосымша  жазалау түрі болып табылады.

Кеден ережелерін бұзушы тікелей  объектілер болып табылушы арнайы құпия  орнымен дайындалған товарлар мен  көлік құралдары кеден шекарасы арқылы өткізілуші, тығылған заттары  айқындалса товарлар мен көлік құралдарының құны сот тәртібінде өндіріп алуы ақша сомасын мәжбүрлеп алу болып  келеді.

Тауарлар тасымалданған  көліктер де кеден ережелерін бұзушы болып табылып, тәркіленулері қарастырылған.     Жалпы алғанда тәркілеу кеден ережелерін бұзушы тікелей объектілер болып табылушы арнайы құпия орнымен дайындалған товарлар мен көлік құралдары кеден шекарасы арқылы өткізілуші, тығылған заттары айқындалған жағдайлар тікелей бұзушылық болып табылып, өндіріп алу түрінде әкімшілік құқықбұзушылар туралы Кодексінің санкцияларында қарастырылған.

Кедендік құқықбұзу күні болып кеден органының лауазымды  тұлғасы нақты бұзушылықты ашқан  күні немесе кеден ережесін бұзғанын көрсетуші айғақ табылған күні саналады. 

Қылмыстық іс тоқтатылған  не болмаса іс қозғаудан бас тарту  туралы шешім қабылданғаннан кейін  де  есептеу мерзімін бастай береді.

Кеден органдарының құқық  қорғау міндеттерінің нақты орындалуы  осы аядағы іс-әрекеттердің тиісті бекітілуі жаңа қабылданған қылмыстық  және қылмыстық-поцессуалдық актілерімен  қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінде қылмыстық  заң осы кодекстен және қылмыстық  жауаптылықты қарастырушы басқа  заңдары қолданулары тек қана осы кодекске енгізілгеннен кейін  қолдануға болады деп айтылған.

Қазақстан Республикасының  кедендік шекарасынан кеден бақылауын  жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды осы Кодекстің (ҚК 250 б.) бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен  ұштасқан кедендік шекара арқылы өткізудің  арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі  мөлшерде өткізулері шектелген, есірткі  өнімдері, есуастандырғыш улы күшті  әсер етуші дәрі-дәрмектері, радиоактивті немесе жарылғыш заттарды, қарулар, әскери техника, қару-жарақтар мен әскери қорлар, ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да көпшілікті жарақаттаушы материалдар  мен жабдықтар.

Контрабанда (Қазақстан Республикасының 1995 жылға өзгеруімен қылмыстық Кодексте)     жаңа жарияланды «контрабанда, яғни тауарлар мен басқа құндылықтар мемлекеттік  не болмаса кедендік шекарадан заңсыз кедендік бақылаудан жасырын немесе кедендік не басқа құжаттарды алдап  пайдаланып тасымалданса».

Жоғарыда келтірілген  үзінділерден контрабанда түсінігі экономикалық аяны қорғау жағына қарай  бірталай өзгергенін көреміз, бұл  Қазақстан  Республикасының қылмыс Кодексінің тиісті «Экономикалық іс-әрекеттерінің  қылмыстары» және «Қоғамдық қауіпсіздік  пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар  » тарауларымен расталады. 

Кедендік органның міндеті  осы категориядағы істерді тексеруге  қатысты құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынастығына байланысты.

Қазіргі кезде әлемдік  қоғамдастық Қазақстанның есірткі  және есуастандырғыш улы қатты әсер етуші дәрі-дәрмектерді таратушы транзиттік мемлекеттер арасына  қіргеніне абыржуда.

1998 жылғы шілденің 1-дегі  Қазақстан Республикасының заңына  сәйкес Қазақстан 1961 жылдың 30 наурызынан  Нью-Йоркте қабылданған есірткі  өнімдері жайлы Бірыңғай Конвенцияларға  қосылды, Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сот Пленумының 1998 ж. 14 мамырда  «Есірткі өнімдері, есуастандырғыш  улы қатты әсер етуші дәрі-дәрмектер  заттарының заңсыз айналымына  қатысты істері бойынша заңды  қолдану туралы» қаулысын қабылдады.  Азия аймағын көрсетуші Экономикалық  ынтымақтастық Ұйымдарының елдері  Қазақстанмен контрабанда және  коммерциялық айлакерлікпен күресуде  мүдделі екендіктерін білдіруде.

Информация о работе Кеден ісі аясындағы лауазымдық қылмыстардың көкейкесті мәселелері