Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 16:21, курсовая работа

Описание работы

Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көреді, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І тарау. Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.

1.1. Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері..................................................6

1.2. Ғылымдағы отбасының зерттелуі.........................................................................17



ІІ тарау. Неке-жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары.

2.1. Отбасындағы неке келісім-шартының әлеуметтік қыры....................................25

Қорытынды.....................................................................................................................55

Қолданылған әдибеттер................................................................................................58

Сілтемелер......................................................................................................................61

Қосымша

Әлеуметтік талдау “Қоғамдағы неке құруға деген көз қарасты анықтау”

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.docx

— 141.36 Кб (Скачать)

Отбасы некеге қарағанда күрделі  жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын  да біріктіреді.

Принципінде отбасы - тұрақты жүйе. Олардың тұрақтылығы мен беріктігі  де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсерететін кұқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе  экономикалық өмір бірлігі.

Отбасының негізін қалайтын неке - ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әртүрлі жыныстар арасындағы жұбайлық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық-эстетикалық қатынасқа негізделуі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алуы материалдық есепке негізделмеуі тиіс. Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеге негізделмеуі қажет, ол жеке адамдардың рухани қалыптасу, дамуына байланысты болуы қажет.

Сондықтан да қоғам некелік—отбасылық  қатынастың нығаюына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың ата-аналардың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек.

         Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет-ғұрыптар, әрбір жаңа отбасының адамдық, экономикалық негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің қабілетін, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуіне байланысты.

Отбасынын маңызы оның атқаратын қызметі  арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты.

Отбасының қызметі деген түсінік  оның қоғаммен қатынасының жүйесін  көрсетеді, сонымен қатар, отбасы мен жеке адамның қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымның негізгі әлементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.

Отбасының қызметі қоғамдық-тарихи жағдайларға, оның мүшелерінін жігерлілігі мен еңбек сүйгіштігіне де тәуелді.(34)

 

 

 

 

 

 

                                                Қорытынды

Отбасының ең бірінші міндеті - ұрпақ  жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметі болып  келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде  болмасын, оны қанағаттандыратын  әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп  отырған, қазір де солай. Мысалы, дәстүрлі (патриархалдық) отбасы – шаруашылық-экономикалық қажеттіліктен туындаған. Отбасының қызметі ерлі-зайыптылардың неше баламыз болуы керек деген ерік бостандығына тікелей байланысты емес, оның санына шек қоюылуына таң қалуға болмайды. 1936 жылы КСРО-да аборт жасауға         тыйым салынды, яғни ерлі-зайыптылардың неше балалы болуымыз керек деген бостандығына тыйым салынды.

Дегенмен, солай болғанда да, қоғам отбасының өмірге қанша жаңа адам әкелу қызметіне есер етпейді деуге болмайды. Қоғам әртүрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегінен көп немесе аз баласы болуына итермелейді. Мысалы, Қытайда отбасында бір бала ғана болу саясаты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы - отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресурстарының негізі болатын жұмысқа кабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны 1 млрд-тан аскан Қытайда шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті.

Қазір біздің республикамыздағы  әртүрлі саяси-экономикалық жағдайларға байланысты орыстар және басқа да ұлттардың өкілдері көшіп жатыр, ал олар өндірістің шешуші салаларында қызмет атқаратын. Сондықтан да жаңа ұрпақтың көбеюі, яғни бала тууға ынталандыру көлемді әлеуметтік саяси-эконоиикалық проблемаға айналды.

Қазақстан Республикасының  табиғи байлығы мол, жаңа зауыттар, фабрикалар өмірге келеді, онда білімді адамдар жұмыс істеуі керек. Қандай жаңа техника-технология енгізілсе де, оның тетігі адам қолында.

КСРО-да екінші дүниежүзілік соғысқа  дейін бір әйелге 4.4 баладан келсе, 1990 жылы - 2,2 (қалада 1,8, селода 3,3) баладан  келді, ал Түрікменстан мен Тәжікстанның селолық жерлерінде 6,5-6,6 баладан келсе, Латвия, Эстонияда бір баладан аспады. Қазір біздің республикада бір отбасына орта есеппен 2,5 баладан келеді. Аз балалы отбасы барған сайын көбейіп барады. 1998 жылғы есеп бойынша туудан өлім көбеюде.

            Сондықтан да қоғамның болашағын ойлай отырып, бала тууды ынталандыру, балалы аналардың материалдық жағдайын қазіргіден жақсарту жағын ойластыру керек. Балалар бақшасын жабуды доғарып, қайта оларды көбейту, жағдайын жақсарту болашаққа бүгін жасаған қамқорлық болуы тиіс. Олай болса, ұрпақ жалғастыру әлеуметтік қана емес, саяси-экономикалықта проблема болып табылады..

Отбасылық екінші маңызды қызметі  — материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынға көтерілді, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы темендеп кетгі. Ана ерінің - күйеуінің, туысқандарының көмегінсіз өмір сүре алмайтын дәрежеге түсті. Сонымен отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты, әсіресе көп балалы отбасында.

Отбасы мүшелерінің шаруашылық - тұрмыстық қызметін ерлі-зайыптылар бірігіп атқаруы қажет. Қазақта: «Үйлену оңай, үй болу қиын», «басы екеу болмай, мал екеу болмайды» деген нақыл сөздер бар. Оның мәнісі отбасылық өндірісті ұйымдастыру керек, отбасылық меншікті, үй шаруашылығын жүргізу қажет деген сөз. Табыс табу, отбасы мүшелерін экономикалық-материалдық жағынан қамтамасыз ету ерлі-зайыптылардың ортақ парызы, отбасының беркітігі де осыған байланысты.

Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын жүргізді, бала туды, оны тамақтандырып   тәрбиеледі,   ал   ері   шаруашылық   жұмысын   жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. Қазір жағдай өзгерді. Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылық-тұрмыстық қызметті бірігіп жүргізуі өмір талабына айналды. Отбасында тұрмыстық мәселелерді шешумен қатар әдет-ғұрыптарды сақтау іске асырылады. Отбасы мүшелерінің; туған-туысқанның туған күні, оқуға бару, оқу бітіру, жұмысқа орналасу т.б. мерекелік күндер өткізіледі, оларды да ортақтасып өткізу қажет.

Қорыта айтқанда, осы күнгі неке отбасы - мәселесінде үш негізгі, басты проблеманы атап көрсетуге болады:

  1. отбасының беріктік, тұрақтылық проблемасы;
  2. бала табу, ұрпақ өсіру прблемасы;
  3. отбасының тұрмыс жағдайындағы қиыншылықтар проблемасы; 
             Дегенмен, ажырасудың жоғарғы деңгейі некенің қоғамдық институт ретіндегі маңызын жоймайды, отбасы дағдарысының жалпы көрсеткіші бола алмайды. Керісінше, отбасы адамзат қоғамының әлеуметтік негізі болып қала беретінін үлкенді-кішілі адамдардың бәрі мойындайды. Әңгіме тек отбасылық қатынастардың сапасына адамдардың барған сайын жоғары талаптар қоюында болып отыр. Сондықтан отбасында ерлі-зайыптылар арасында бірін-бірі ұғынысу және баланы өмірге әкелу, оған жақсы тәрбие беру отбасындағы ең бірінші және өзекті мәселелердің бірі болуы керек.

«Отан - отбасынан басталады» дегендей, отбасы неғұрлым тұрақты әрі берік болса, еліміздің көркейіп дамуы да ұзақ әрі жылдам болады. Сондықтан, отбасы стратегиясын жастар арасында оқытып-үйретуді мемлекет қолға алуы керек. 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Отбасы және денсаулық. 1/2006. Беркімбаева Ш. Болашақ мектептен 
    басталады.
  2. Отбасы және денсаулық. 5/2005. Айқынбаева Г. Әдеп және отбасы. Қазақстан мектебі.
  3. Отбасы және денсаулық. 1/2005. Қарақұлов И. Сырласу. Алматы.. Жеті жарғы.
  4. Отбасы және денсаулық. 7/2004. Қалыбай Ж.С. Қазақ баспасөзіндегі махаббат, неке және отбасы мәселелері.
  5. Отбасы және денсаулық. 8/2005.   Қожабекова Б. Қазақы неке. салт-дәстүрлер жөніндегі жазбалар.
  6. Отбасы және денсаулық. 9/2005. Беркімбаева Ш. Болашак мектептен басталады.
  7. Мұқажанов А. Отбасы саясаты // Акиқат №6, 1999.
  8. Тажин М. Аяғанов Б. Социология негіздері. Алматы 1993.

9. Антонов А.А., Медков Б.М. Социология семии. Москва 1996. 
10. Халел Арғынбаев. Қазақ отбасы дәстүрлері. Алматы. Қайнар 2005.

11.К.Ү.Биекенов, З.Ж.Жаназарова, Ж.А.Нұрбекова Отбасымен 
  әлеуметтік жұмыс. Алматы, «Қазақ университеті» 2003-236 бет                                 12.Тәжін М., Аяғанов Б. Социология негіздері Алматы, 1993 ж.

13.К.Ү.Биекенов, З.Ж.Жаназарова, Ж.А.Нұрбекова  Отбасымен 
      әлеуметтік жұмыс. Алматы, «Қазақ университеті» 2003-236 бет

 

14.Голофаст  В.Б. О взаимости подходов в изучении семьи. Л., 1974

15.Рахметов Қ., Тұрғынбаев Социология 2001 15-19 бет

16.Тажин М., Аяғанов Г. Социология негіздері Алматы 1993 ж.

17.Сарсенова Әлеуметтану Алматы, 2000 ж.

18.Әбсаттаров Р., Дакенов М. Әлеуметтану 2005 ж.

19.Егемен Қазақстан 2002 ж. 13-желтоқсан 
20. Ақиқат 2ОО2ж., №5

21. Егемен Қазақстан 2002 ж., 20-қараша

22. Астана хабары 2004 ж., 5-сэуір 

23. Өмір № 11, 2005 ж. 

24. Н.Тураби №8, 2004 ж.

25.Әбсаттаров P., Дәкенов  М.  Әлеуметтану:  Оқу  күралы - 
    Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2003 - 376 б.

26.Рахматов   Қ. Ж.,   Болатова   А. II., Исмагамбетова   3. Н. 
    «Социология», Алматы, 2005ж.

27.Тұрғанбаев Ә. X. Социология - Алматы: «Білім», 2001 -160 6.

28.Нысанбаев. Социология. Алматы, 2002 ж.

29.Тәжмен М., Аяғанов Б. Социология негіздері. Алматы,1993.

30.Григорьев   С. И.,   Ростов   Ю. В.   Начало   современной 
     социологий. М, 1999.

31.Арон Р. Этапы развития социологичсской мысли. - М., - 
    Универс, - 1993.

32.Таценко Ж. Т. Социология. М., - Пролитей, 1998.

33.Бурдье П. Социальное пространство и генезис классов. 
    Социология политики. - М., 1993.

34.Ионин    Л. Г.    Зиммель Г - Социология.    Критическийочерк.,-М. 1981.

35.История буржуазной социологий XX вска. — М., Магистр.1989.

36.Биекенов К. У, Улбетжанов Д. У. Социологическая наука 
    и   поблемы   ее   метафизикаций   Вестник   КазГУ,   серия 
    экономическая, 1995. И2.

37.Американская    социология.     Проблемы,     перспективы,

    методы. - М., -1972.

38.Гидденс. Социология. Челябинск. 1981.

39.КапитоновЭ.А. Социология XX века. История и технология. Ростов-на-Дону, - 1996.

40.История  Социологий.   Под. Ред. Еслукова  А. II.,  Минск.1997.

41.Сорокин П. А. Социалыіая стратификация и мобилыюсть. 
    Человек. Общество. - М, 1992.

42.Пьер Минсон. Современная западная  социология.  Спб.,1992.

43.Мертон.    Социальная  структура  и  ономия  //  Социс. -1992. И2, 3,4.

44.Де    Роберти.    Новая    постановка   основных    вопросов 
    социологий., - М. 1909.

45.Гумилович. Основы социологий. Спб. 1989. 

 Сілтемелер

  1. Беркімбаева Ш. Болашақ мектептен басталады. - Тәрбие құралы. №17. 2003.
  2. Айқынбаева Г. Әдеп және отбасы. Қазақстан мектебі. №6. 2002.
  3. Қарақұлов И. Сырласу. Алматы., Жеті жарғы. 1994-160.
  4. Қалыбай Ж. С. Қазақ баспасөзіндегі махаббат, неке және отбасы мәселелері. 
    Алматы. ҚазҮУ. 1999.
  5. Қожабекова Б. Қазақы неке, салт-дәстүрлер жөніндегі жазбалар. Алматы, 
    Жалын 1994
  6. Айнабеков Т. Шығыс халықтары әйел мен еркекарасындағы нәзік қатынастары хақында. Алматы: Балауса, 1992-160
  7. Энгельс Ф. Шығармалар жинағы.Алматы: Республикалық баспа кәбинет, 1987-21 том. -67
  8. Фрейд З. “Я”  и  “ Оно”Тбилиси :Радуга, 1991;Фромм Э. Искуство любить.Москва:Педагогика,1990;Сорокин П. Человек.Цивилизация,Москва:Политиздат,1992.
  9. Семейные проблемы// Социологические исследование.№ 4,1986
  10. Қожабекова Б. Қазақы неке ,Салт дәстүрлер жөніндегі жазбалар, Алматы: Жалын,1994-64
  11. Валиханов Ч. Киргизское родословие. Алма-Ата : Жалын,1991-360; Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. Алматы: Білім,1993-250
  12. Тәтімов М. Ауылдағы демографиалық ахуал. Алматы: Қайнар,1993-240
  13. Ғалиев Ә. Ақ бесік алтын босаға. Алматы: Қазақстан , 1990-144
  14. Қарақұлов И. Сырласу. Алматы: Жеті жарғы,1994-160
  15. Аитов Н А.Основы социологии.Алматы: Республиканский издателский кабинет, 1997-150
  16. Тұрғынбаев Ә .Х. Социология. Алматы: Білім,2001-158 /68/
  17. Оданова Р .К. Төлентаев М .С. Болғанбаева Ш .Д. Социологияалық ұғымдар мен терминдерге арналған қысқаша түсіндірме сөздік. Шымкент: Нұрлы Бейне, 2000-68 /44/
  18. Тұрғынбаев Ә. Х. Социология. Алматы:Білім, 2001 -160 /78/
  19. Кравченко А. И. Социология. Москва: Проспект,2003-553. /339/
  20. Оданова Р .К. Төлентаев М .С. Болғанбаева Ш .Д. Социологияалық ұғымдар мен терминдерге арналған қысқаша түсіндірме сөздік. Шымкент: Нұрлы Бейне, 2000-68 /44/
  21. Тажин М. Аяғанов Б.Социология негіздері. Алматы: Ана-тілі, 1993-144. /77/
  22. К.Ү.Биекенов, З.Ж.Жаназарова, Ж.А.Нұрбекова Отбасымен 
    әлеуметтік жұмыс. Алматы, «Қазақ университеті» 2003-236 бет
  23. Рахматов   Қ. Ж.,   Болатова   А. II., Исмагамбетова   3. Н. 
    «Социология», Алматы, 2005ж.-42 /34/
  24. Тощенко Ж.Т. «Социология». М., Прометей, 1998 ,32 б.
  25. Жаназарова З .Ж. Социология семьи: Учеб-метод. Пособие. Алматы,2001ж, -11
  26. Нысанбаев. «Социология».Алматы, 2002.39 б.
  27. Егемен Қазақстан 2002 ж., 20-қараша, 13-бет
  28. Ақиқат 2002ж., №5, 15-бет
  29. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. - М., Универс, - 
    1993.24 6.
  30. Гумилович. Основы социологий. Спб. 1989.
  31. Арон Р. Этапы развития социологичсской мысли. - М., - 
    Универс, - 1993.-48 б

Информация о работе Азаматтық құқық