Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 16:21, курсовая работа

Описание работы

Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көреді, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І тарау. Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.

1.1. Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері..................................................6

1.2. Ғылымдағы отбасының зерттелуі.........................................................................17



ІІ тарау. Неке-жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары.

2.1. Отбасындағы неке келісім-шартының әлеуметтік қыры....................................25

Қорытынды.....................................................................................................................55

Қолданылған әдибеттер................................................................................................58

Сілтемелер......................................................................................................................61

Қосымша

Әлеуметтік талдау “Қоғамдағы неке құруға деген көз қарасты анықтау”

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.docx

— 141.36 Кб (Скачать)

32.   Григорьев   С. И.,   Ростов   Ю. В.   Начало   современной 
социологий. М, 1999.-57б

33.     Ионин Л.Г., Зиммель Г. - «Социология». Критический очерк., М. 
        1981 -36 б.

34.К.Ү.Биекенов, З.Ж.Жаназарова, Ж.А.Нұрбекова  Отбасымен 
әлеуметтік жұмыс. Алматы, «Қазақ университеті» 2003-236 бет

 

 

 

 

II.III. Отбасы құрылымы, типтері және оның жүріс-түрыс

түрлері.

Отбасының құрылымдық типтері - ерлі-зайыптылық тұрмыстық ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып калыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы құрылымы оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастар, рөлдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда оның ең кең тараған түрі - нуклеарлық немесе ерлі-зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылыр мен олардың балалары құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Отбасының бұл түрінің аса көлемді етек алуына әлемдегі қазіргі таңдағы кеңінен жүріп жатқан индустрияландыру мен урбанизация процестері себепші болып отыр. Туыстық жағынан алғанда бүгінгі таңдағы отбасыпың тағы бір түрі - кеңейген немесе туыстық тұрғыдан жақын отбасылар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата-аналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді. Отбасының құрамы мен құрылымының осылай өзгеруі отбасылық-туыстық байланыстардың әлсірегені емес пе деген қорытынды жасауға итермелейді. Конттың пікірі бойынша, отбасындағы адамдардың жас ерекшеліктеріне қарап балаларды ата-аналарына және  әйелдерді жыныстық белгісі бойынша еркектерге бағындыруы тиіс. Бүгінгі таңда осы екі параметрлер де түбегейлі түрде өзгеруде. Жастар өз беттерінше өмір сүрулері үшін ата-аналарының отбасынан ерте кетеді, әке-шешесінің мамандығына сәйкес келмейтін басқа кәсіп таңдайды. Әйелдердің эмансипациясы отбасының иерархиялы тұрғыда ұйымдасуына, ыдырауына өз әсерін тигізді. Осыған байланысты отбасындағы билікті болу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі - дәстүрлі немесе авторитарлық   отбасы.   Мұндай   отбасында   кем дегенде   үш   ұрпақтың өкілдері тұрады. Билікті, яғни лидерлікті жасы үлксн ер адам өз қолына алады. Дәстүрлі отбасына мынадай сипаттар тән:

  • ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім  кабылдаушы болып 
    саналады, оның қожайындығы басым;
  • әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;
  • отбасындағы    міндеттерді    бөліп,    ер    адамның    және    әйелдің 
    міндеттерінің бекітілуі (ер адам асыраушы, әйел үй бибісі). Мұнда 
    үй шаруасы мен бала тәрбиесі негізінен әйелдің иығына түседі.

           Қазіргі       кезде       осындай       отбасылардың құрылымын демократияландыру процесі жүріп жатыр, әсіресе ер адамның отбасындағы авторитарлық билігі жойылуда. Алайда, тұрмыста әлеуметтік теңсіздік әлі де сақталып, ол бірден-бір өткір мәселе болып отыр. Отбасындағы билікті, т.б. бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі - эгалитарлық немесе демократиялық отбасы. Бұл отбасына:

  • үй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында 
    тең, әділ бөлінуі;
  • Ерлі-зайыптылардың   тұрмыстық   мәселелер   бойынша   бірлесіп, 
    шешім қабылдауы;
  • Демалыстарын бірге өткізуі, балалар тәрбиесіне бірдсй қатысуы 
    тән.

Отбасының өтпелі типтері де бар. Онда ер адамның оз рөлін атқарудағы алға қойған мақсаты оның нақты тәртібіне  қарағанда, дәстүрлі сипатта болады, демократиялық мақсатта рөл атқаратын ер адам, керісінше, үй шаруашылығымен аз айналысады.

Сайып келгенде, қазіргі отбасында  әйелдердің кәсіби қызметпен жаппай айналысуына байланысты әйелдердің дәстүрлі рөлдерінің өзгеруімен бірге ер адамдардың ролдері де басқа сипатқа ие болды. Бұған Батыс Еуропа елдерінің ер адамдарының баланы күтіп-бағу үшін демалысқа шығуы дәлел бола алады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың жаңа   осы   жағдайды   қалай   қабылдайтыны,   отбасындағы   лидерлікті шешетін отбасылық міндеттерді қайта бөлуге дайындығын анықтаудың маңызы аса зор. Ата-ана - ерлі-зайыптылар туыстық өлшемдермен анықталатын отбасы құрылымының типтері алуан түрлі болуымен қатар, оның әкенің немесе шешенің қайсыбір қасиеттеріне байланысты екендігін де атап көрсетеді. Осыған байланысты этноәлеуметтануда әкелік және физиологиялық және дәл сондай дәрежеде шешелік деп бөлу қабылданған. Отбасы топтарын патри немесе матрилокаландыру принциптері негізінде фамилияны, мүлік-дүниені, әлеуметтік жағдайды әкесі немесе шешесі жағынан мұралану патрилиниялық немесе матрилиниялық отбасылар деп екіге бөлінеді.

Ерлі-зайыптылардың немесе олардың  ата-аналарының, туыстарының алатын орнына қарай отбасылар гемогенді және гетерогенді болады. Гемогенді отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққан болса, ал гетерогенді отбасында олар әр түрлі әлеуметтік топтардан, касталардан, таптардан тарайтындар. Отбасы мен некені әлеуметтік және демографиялық белгілерінің ерекшеліктеріне қарап, гомогамдық отбасы және гетерогамдық отбасы деп бөлу әдісі дс қолданылады. Гомогамдық отбасы мүшелерінің ұлты, жас мөлшері, кәсібі, білімі, т.б. біртектес болса, ал гетерогамдық отбасында бұл көрсеткіштер керісінше әр түрлі болып келеді.

Отбасы кеңістік-аумақтық, яғни тұрған мекен-жайына карап патрилокалды және матрилокалды болып бөлінеді. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар күйеуінің әкесінің үйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен күйеу жігіт әйелдіц ата-анасының үйін бірге мекендейді. Эванклюлелокалдық отбасы ерлі-зайыптылардың ағасының немесе әпкесінің отбасымен тұрумен сипатталады. Жас жұбайлар ата-аналарынан мүлдем бөлек тұратын болса, онда она неолокалды отбасы дейді.

Әр қоғамдагы некенің түрлері  де әр түрлі болады. Алайда, кез келген  қоғамда адамдар бас  косып,  шаңырақ көтерердің  алдында әр түрлі кедергілерге тап болады, олар бір-бірін сынап, байқайды және некеге отырар алдында соған дайындалады, осы шаралар барысында болашақ жұбайлар өз таңдауының дұрыс-бұрыстыған тексеріп, оның көңілге қонымды, оңды екендігіен көз жеткізеді. Өйткені некеге тұрған адамдар енді бірлесіп шаруашылық жүргізуге және балаларды тәрбиелеуге ден қоя бастайды. Некені әлеуметгік тұрғыда мойындалған тәртіптің үлгісі ретінде анықтауға болады, себебі соның көмегімен екі немесе бірнеше адам отбасын құрайды. Некеге отыру ерлі-зайыптылардың балаларды дүниеге әкелу жоне оларды тәрбиелеу деңгейімен ғана шектеліп қоймайды, ол басқа да көптеген құқықтар мен міндеттерді белгілеп, бекітеді. Неке арқылы сол қоғам олардың ерлі-зайыптылық, ата-аналық қарым-қатынастарыы да реттеп отырады. Десек те, әр қоғам отбасындағы тәртіп үлгілерінің өз құрылымы меи қағидаларына сай жүйесін дамытады, бұл үлгілер тарихи себептерге байланысты болады әрі нақты экономикалық негіздерге арқа сүйейді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, некенің  байланыс үлгілері қоғамдағы басқа  да мәдени үлгілерге қарағанда, этноцентризмге қарай біршама бой алдырған. Осыған дәлел ретінде мынадай мысал келтірейік. Қазіргі таңдағы кейбір қоғамда болашақ жұбайлар алдын-ала бірін-бірі көрмей, кездеспей-ақ құда түсу арқылы да некеге отыра береді. Олар бірін-бірі ұната ма, жоқ па, бұл мәселені қоғам қалай біліп, бағалайды, олардың сезімі ешкімді неге қызықтырмайды деген сұрақтардың туындауы әбден мүмкін. Біз осылай деп ойласақ, басқа мәдениеттегі адамдар дәл біздей тұжырым жасайды және дәл осылай сезінеді деп санасақ, ол этноцентризмнің әдеттегі қателігі болып табылады. Біздің қоғамда жұбайлардың түтін түтету қарсаңындағы қадамына алғашқы кезде жастардың арман қиялынан туған сезім көрінісі ретінде қарайды, үйренісе келе адамдар махаббатқа кенеледі деп түсінеді. Алайда, ертедегі классикалық Қытай мен олардың қазіргі отбасыларында қыз, мысалы,   ата-анасы  таңдамаған  адамға  тұрмысқа  шығу   оғаш,   ақылға қонбайтын нәрсе деп қарайды. Этноцентризм бағытын ұстайтын біздер басқа қоғамда қалыптасқан тәртіпке, болашақ жарын таңдауға еркі жоқ жастардың тағдырына жанашырлықпен қарасақ, олар керісінше, ата-анасының қамқорлығынан, билігінен шығып кеткен деп біздің жастардың өзін сөгеді. Алайда, екі жақтың да жастары мұндай аяушылықтарды өздеріне қажет деп санамайды.

Әрбір қоғам некеге отырар жастарға таңдау берерде отау тігушілердің өздеріне қандас шағын топқа жатпайтын, бөтен жердегі адамға үйленуіне ғана рұқсат береді. Бұл құбылысты экзогамия деп атайды. Біздің қоғамда жақын адамдардың қандарының араласып кетуінен сақтандыру үшін осындай шектеулер қойылады. Біздің адамгершілік нормаларымыз өзіміздің қандас қарындастарымызға және өзге де жақын туыстарымызға үйленугс тыйым салады. Қазақта жеті атаға толмай қыз алысып, қыз берісуге тыйым салынған норма әлі күнге дейін сақталып келеді. Көптеген қоғамдарда өз ағайынының, руының, тіпті тайпасының , ауылының ішінен жұбай таңдауға тыйым салынған.

Өмірде осыған кереғар  келетін талаптар да кездеседі. Некеге отырар кезде тек өз тобының ішінен ғана жұбай таңдауды талап ететіндер де бар. Мұндай мәдени үлгі эндогамия деп аталады. Ағайындық, ауылдық немесе тайпалық эндогамия көбіне-көп қарапайым қоғамдарда кездеседі. Қазіргі қоғамға, ондағы бірқатар талаптарға келсек, нәсілдік эндогамия немесе қоғамның төменгі жігінен жұбай таңдауға тыйым салатын сословиелік эндогамия кеңінен тараған. Эндогамия - таза түрінде касталық типтегі жабық топтарға тән. Эндогамда некемен байланыстыру арқылы олардың өз ішіндегі жабдығы сақталады. Экзоғамиялық және эндогамиялық некелермен қатар некенің моногамия және полигамия деген түрлері де бар. Моногамияда бір ер адам бір ғана әйелмен некеде тұрады. Бұл форма ағылшын, т.б. халықтар үшін ерлі-зайыптылардың ең өркениетті түрі болып саналады. Алайда, көптеген қоғамдардың дамуында   некенің   полигамиялық   түрі   де   орын   алды.   Полигамия - жұбайлардың бірінің, яғни бір әйелдің бірнеше ер адамдармеы немесе бір ер адамның бірнеше әйелдермен некеде болуы. Теориялық жағынан алғанда полигамияның үш формасы болуы мумкін. Оның біріншісіне, топтық неке жатады. Мұнда бірнеше еркек және бірнеше әйсл бір мезгілде өзара некелік қатынаста болады. Кейінгі уақытқа дейін некенің бұл формасы кеңінен тараған еді, ол, мысалы, Маркиз аралдарында қазір де кезеседі. Полиандрия полигамиялық некенің өте сирек кездесетін түрі болып саналады. Бұл некеде бірнеше еркек пен бір ғана әйел неке құра алады. Бұған Тибет пен Оңтүстік Үндістандағы отбасылардың әдет-ғұрыптары мысал бола алады. Мұнда күйеуге шыққан әйел автоматты түрде күйеуінің аға-інілеріне де әйел болып, бәрі бірге тұрады. Оңтүстік Үндістандағы отбасындағы полиандрияның сақталуы демографиялық жағдайға талдау жасағанда анықталды. Ер адамдар санының әйелдерге қарағанда әлдеқайда көп болуы осы аймақта полиандрияның сақталуына себепші болып отыр.

Полигиния немесе бір еркектің көп әйелге үйленушілігі полигамдық некенің кеңінен тараған соңғы, үшінші түріне жатады. Бүгінгі Еуропа мен Солтүстік Америка өкілдерінің көп әйел алушылық жөніндегі пікірлерінде этноцентризм басым. Бүгінғі қоғамдағы көптеген адамдардың пікір-таластарына ден қойсақ, некенің мұндай формасын дәріптеу әйелдердің адам санатына қосылмауына, олардың күңге айналуына әкеп соқтырады. Сөйтіп, бұл бұрын соңды болмаған қаталдық пен ашу-ызаның бір көрінісі іспетті қарастырылады. Алайда, фактілер кері дәлелдерді алға тартады. Әйел қай қоғамда жоғары мәртебеге (статусқа) жетеді — полигамиялық па, әлде моногамиялық неке қоғамы қалыптасқан ортада ма, ол жағын ашып айту қиын. Өйткені, біріншіден, полигамиялық отбасы кеңінен тараған қоғамның өзінде некелер әдетте моногамдық болып табылады. Жоғары статусқа ие болған, мүмкіндігі бар адамдар ғана бірнеше әйел ала алады. Екіншіден, әйелдердің арасында  атқаратын  міндеттер  нақты  бөлінген,  бірінші  әйелдің,  яғни бәйбішенің күйеуіне, оның тыныс-тіршілігі мен тәртібіне елеулі түрде ықпал жасауы жиі кездеседі. Барлық әйелдердің күнделікті тұрмыс-тіршілігі барынша қамтамасыз етілген, сондықтан да олар өздеріне бұдан артық үлесті тілемейді де.

Алғаш түтін түтеткен сәттен бастап, ерлі-зайыптылардың ақтық демі біткенге дейінгі отбасындағы өзгерістерді есепке алар болсақ, оның құрылымында көптеген айырмашылықтар болып тұрады. Отбасының бүкіл өмірінде болатын өзгерістер мен оның қаншаға созылатынын анықтайтын параметрлерді енгізу «отбасының циклдік өмірі» немесе «отбасылық өмірдің циклдары» тұжырымдамасын біртіндеп қалыптастырды. Отбасының циклдік өмірі әр түрлі критерийлерге байланысты құрылады. Оларды таңдап алғанда оның тек циклдығын, яғни отбасылық окиғалардың үнемі қайталануын көрсететіндерді ғана ескеру керек. Бұл жерде отбасында күнделікті болатын миллиондаган жағдайлар оқиғалар ретінде түсіндірілмейді, керісінше, отбасы құрылымын өзгертуге мәнді ықпал жасайтын ең маңызды ситуациялар ғана ұғындырылады. Отбасында нәрестенің дүниеге келуі және отбасы мушелерінің кайтыс болуы, біреулерінің отбасында болуы немесе болмауы ең қажетті және маңызды оқиғалар қатарына жатады. Сөйтіп, отбасы оқиғаларының жиынтығы отбасының циклдік омірінің негізгі кезеңдерін құрайды. Әлеуметтік институт тұрғысында бірнеше фазаларды қамтитын өмірлік циклдары мыналардан тұрады:

1. Қалыптасу фазасы. Бұл фазаны  некеге алғаш рет отыру мен бірінші баланың дүниеге келуі төңірегіндегі оқиғалар сипаттайды;

2. Өсіп-өну (көбею)   фазасы. Бүны   бірінші   баланың  дүниеге 
келуі мен соңғы баланың тууы сипаттайды.

3. Өсіп-өну   фазасының   аяқталуы.   Бұл   фазаны   соңғы   кенже 
баланың дүниеге  келуі мен тұңғыш  баланың  ата-анасының 
шаңырағынан бөлініп, жеке отау құруы сипаттайды;

  1. Азаю фазасы. Тұңғыш баланың ата-анасының үйінен бөлініп, 
    жеке түтін түтетуі және соңғы баланың ата-анасының үйінен 
    бөлініп кетуі сипаттайды;
  2. Азаюдың   аяқталу   фазасы.   Соңғы   кенже   баланың   ата-ана 
    үйінен бөлек шығуы және бірінші жұбайдыц қайтыс болуы 
    оқиғасымен сипатталады;
  3. Отбасының ыдырау фазасы. Бірінші жұбайдың қайтыс болуы 
    және одан ұзағырақ өмір сүрген екінші жұбайдың да қайтыс 
    болу оқиғасы сипаттайды.

Некелік жүріс-тұрыс некеге деген қажеттілікті қанағаттандыру мақсатындағы және некелік жұбайды таңдауға байланысты жүріс-тұрыс болып табылады. Некеге отыратын жар таңдау дегеніміз де тұтас бір процесс, оның нәтижесінде некеге отырар адамды таңдау мүмкіндіктерінің жиынтығынан қайсыбір тәсілмен бір ғана жұбай таңдап алынады да, күйеуі (әйелі) болады.

Некеге отыратын жар таңдау нақты  тарихи процесс, ол қоғамда бар экономикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени және басқа  да жағдайларға байланысты. Некеге отыратын жар таңдау процесінің негізгі ерекшеліктері әр түрлі мәдениеттерде және тарихи дамудың әр түрлі сатысында болатын жар таңдау мүмкіндігін сақтаған кеңістікке және өзінің жске жар таңдау еркіндігі деңгейіне байланысты. Бірінші қатынаста, яғни некелік жұбайды таңдау мүмкіндігі бар кеңістікті анықтауға орай, барлық мәдениеттер қайта некеге отыруға рұқсат етумен немесе оған жол бермеумен өзгешеленеді. Егерде некеге қайта отыруға жол берілсе, некелік жұбай таңдауды жүзеге асыратын жиынтық өзіне некеге тұрмағандарды да, некеге отырғандарды да қосқандықтан мейлінше ауқымды кең болып келеді.

Информация о работе Азаматтық құқық