Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 16:21, курсовая работа

Описание работы

Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көреді, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І тарау. Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.

1.1. Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері..................................................6

1.2. Ғылымдағы отбасының зерттелуі.........................................................................17



ІІ тарау. Неке-жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары.

2.1. Отбасындағы неке келісім-шартының әлеуметтік қыры....................................25

Қорытынды.....................................................................................................................55

Қолданылған әдибеттер................................................................................................58

Сілтемелер......................................................................................................................61

Қосымша

Әлеуметтік талдау “Қоғамдағы неке құруға деген көз қарасты анықтау”

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.docx

— 141.36 Кб (Скачать)

         Отбасының өзінің тарихи өзгерістеріне  байланысты бұл функциялардың  арақатынасы да өзгеріп отырады.

         Отбасының формасы мен атқаратын  міндеттерінің (функциясының) өзгеруі,  сайып келгенде, қоғамдағы өндіргіш  күштердің дамуына, яғни адамның  шығу тегін айқындайтын әлементтердің  дамуына тіелей байланысты болады. Бұл жөнінде Ф.Энгельс өзінің  «Отбасының, жеке меншіктің және  мемлекеттің шығуы» деген еңбегінің  кіріспесінде былай деп жазды:  «Қоғамның материалистік ұғымына  сәйкес тарихтағы шешуші күш  сайып келгенде өмірді тікелей  және ұдайы өндіру болып табылады. Алайда, өндірісте екі түрлі болады. Бір жағынан – тіршілік қажеттерін; азық-түлік, киім-кешек, баспана  және бұларды өндіру үшін қажетті  құралдар өндіру; екінші жағынан  – адамның өзін өндіру, ұрпақты  өсіру. Белгілі тарихи дәуірде  және белгілі бір елде өмір  сүретін адамдардың қоғамдық  қатынастары өндірістің осы екі  түрімен: бір жағынан, еңбектің, екінші жағынан, отбасының даму  дәрежесімен анықталады». 

         Қазіргі қоғамда отбасы кіші  әлеуметтік топ қана емес, ол  сондай-ақ құқықтық институт та  болып табылады. Құқықтық институт  ретінде отбасы-туысқандық және  некелік қатынастар арқылы өзара  байланысты адамдар тобы, оларға  тиісті құқықтық нормаларға сәйкес  белгілі бір құқықтар мен міндеттер  берілген.

         Адамдардың өндіріс тәсіліне  сәйкес отбасы да әлеуметтік  топ ретінде тарихи өзгеріп,  дамып отырады.

         Отбасы - шағын әлеуметтік топ,  ол некеге, қандас туыстыққа негізделген  және тұрмыстың ортақтығымен, балалар  тәрбиесі үшін өзара жауапкершілікпен, өзара көмектесу қарым-қатынасымен  анықталған әлеуметтік институттың  бір түрі.(16)

         Енді отбасыға мынандай анықтама  беруге болады: қазіргі заманғы  отбасы ерлі-зайыпты екі адамның  арасындағы некеге құрылған негізгі  әлеуметтік топ, отбасыға сонымен  бірге ұрпақтары да кіреді. Отбасының  функциясы бала тауып, тәрбиелеп  өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа  (әлеуметтік, экономикалық) қажеттіліктерін  өтеу. Қаладағы отбасылар барған  сайын өндірістік топ болудан  қалып барады, ал ауылдық отбасылар  бұрынғыша өндіруші және тұтынушы  топ болып табылады.(17)

         Ерлі зайыптылар арасындағы, сондай-ақ  ата-аналар мен балалары арасындағы  қатынастар да өзгерді.

         Отбасы әртүрлі жағдайларға байланысты  топқа, түрге бөлінді.  Олардың  өзіндік сипаты бар. Мысалы, баланы  тәрбиелеу жағдайына байланысты  жайлы және жайсыз отбасылар  бар. Материалдық жағдайына, табысына  сәйкес те бөлінеді: ауқатты, орташа  тұрмысты, тұрмысы төмен.

Кесте 1

Әлеуметтік-экономикалық жағдайы екі түрлі отбасыдағы

 айырмашылықтар

Әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар  отбасы

Әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы  отбасы

Отбасылық қажеттіліктерді қанағаттандыру әлеуметтік нормаларға сай емес.

өз қажеттіліктерін мәдени нормаларға сай қанағаттандырады.

Ұжымдық өмір деңгейі сақталады. Балалардың бәріне ортақ (киім-кешек, ортақ жатын  бөлме) т.б. болады.

Ұжымдық сезім индивидуалды сезімге  ауысады. Әркім тек өзінің заттарын пайдаланады.

Тәрбиелеу әдістері күштеу мен жазалау  арқылы жүзеге асады.

Күшпен тәрбиелеу онша орын ала  бермейді, ата-ана мен балалары арасында өзара түсіністік қалыптасады.


 

         Қазіргі қоғамдағы отбасының  негізгі қызметі: дүниеге адам  әкелу, әлеуметтендіру, яғни балаларды  осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу,  экономикалық, яғни балалардың есейгеніне  дейін көмек беру, сексуалдық  қызмет, яғни қоғамда жыныстық  қатынастарды реттеу деп көрсетеді.  (18)

         Отбасылардың осы қызметтерді орындауға жақсы бейімделгендігінің бірнеше себептері бар. Шын мәнінде балаларды тәрбиелеу мықты биологиялық механизмдерге, яғни туыстық байланысқа сүйеніп, дүниеге адам әкелу, жұбайлар арасындағы қалыпты, тәртіпке келтірілген жыныстық қатынастар және экономикалық жағынан көмек көрсету балалар тәрбиесі үшін өте тиімді тәсіл.

         Социология ғылымы отбасыларды  алып қарастырғанда отбасыларды  құрылымына қарай екіге бөліп  алп қарастырады. 

1. Отбасының  кеңейтілген түрі – нуклеарлық  жанұяға қосымша басқа да туыстар  енеді, мысалыға, ата-аналары, іні-сіңлісі,  қарындастары, аға-әпкелері мен т.б.  ағайын-туысқандардан тұратын жанұялық  құрылым.

2. Отбасының  нуклеарлы түрі – ата-анасы  және балаларынан құралған жанұялық  құрылым.(19)

         Қазіргі отбасының сипатын танудағы  жемісті әдістерді аса көрнекті  американдық социолог Т.Парсонс  пайдаланған еді. Бұл әдіспен  қазақстандық социологтардың басым  бөлігі келіседі. Т.Парсонстың айтуынша, қазіргі нуклеарлық отбасы (ата-ана  мен балалардан құралған) мынандай  себептер бойынша қазіргі қоғамға  ыңғайластырылған.

         Біріншіден,  қазіргі қоғамның  экономикалық жағдайы дәл осындай  кішігірім отбасының болуын қалайды.  Мұндай отбасыларда, үлкен отбасылармен  салыстырғанда, қайшылықтары көп  жанжалдардан құтылуға болады. Қалаларда  көп ұрпақты отбасылар аз, олар  көбінесе ауылдарда кездеседі.  Енді басқа қырынан келгенде  нуклеарлы отбасы тез көшіп-қонуға, өзінің тұрған жерін ауыстыруға бейім еледі. Яғни, экономикалық өмірдің талаптарына икемделгіш болып келеді.

         Екіншіден, қазіргі шағын отбасы  өмірге жеңіл бейімделіп, отбасылық  және қоғамдық қажеттіліктерден  пайда болған қақтығыстарды шешу  жолдарын да жеңіл таба алады.  Т.Парсонстың айтуынша, отбасыда  алдын-ала белгіленген құндылықтарды  айта келе және олардың отбасындағы  көзқарасы мен орнын ескере  отырып, біз отбасының кез-келген  мүшесі онда белгілі бір мәнге  ие болады деп ойлаймыз.

         Үлкен, әулетті отбасында, оның  үстіне басқа туыстарымен байланыста  болуы өндіріске кері әсерін  тигізіп, қызмет тиімділігін кемітеді. Кіші нуклеарлық отбасыда бұған  соқтығыспаудың екі түрлі мүмкіндігі  бар: біріншіден, кішігірім нуклеарлық  отбасы әр түрлі туысқандық  байланыстарды қысқартады. Екіншіден,  мұндай отбасы ішкі отбасылық  кеңістікте шектеліп, одан тысқары  экономикалық қызметке араласпайды.(20)

         Осының салдарынан белгілі бір  моральдық реттеулер, нормалар  болғанымен, біздің туыстық байланыстарымыз  өз міндетінен айырылады. Басқаша  айтқанда, біз туыстар арасында  белгілі бір туыстық формалар  қатынасын таңдап аламыз.

 

 

  

        

    

 

 

 

 

 

 

 

 

   

   ІІ  тарау. Неке-жұбайлық қатынастардың  негізгі принцип қағидалары.

2.1. Отбасындағы  неке келісім-шартының әлеуметтік  қыры.

         Неке келісім-шарты отбасылық  қатынастардың бастамасын анықтайды,  бірақ некелесуге міндетті шарт  бола алмайды. Заң бойынша неке  келісім-шарты некелесуді тіркегенге  дейін де, некелік өмірдің кез-келген  кезеңінде де жасалады. Неке келісім-шарты  жазбаша түрде жасалып, ол нотариалды  түрде рәсімделеді. Жұбайлардың  барлық мүлкіне, оның жекеленген  түрлері мен әр жұбайдың жеке  мүлкіне бірлескен, үлестік немесе  бөлістік мүлкі болады. Неке келісім-шартына  отыру сыртқы әсерге тәуелсіз  болуы керек.

         Мамандар неке келісім-шартын  құқықтық қырынан басқа құқықтық  емес, яғни әлеуметтік, психологиялық  және этикалық қырларын көрсетеді.  Мәселен, зерттеу барысында анықталғандай,  екінші не келесі некеге тұратындар  – бірінші некеден «кемесі  қайырылғандар». Неке келісім-шартына  отыруға әр жұбай кәсіпкер  болып, жеке бизнесі болғанда  қызығушылық танытады. Неке келісім-шартына  жоғарыда аталған санаттардан  басқа ері мен әйелінің жас  айырмашылығы едәуір көп болып,  ерінің (не әйелінің) экономикалық  базасы берік және алдыңғы  некедегі ересек балаларының  мүліктік мүддесі олардың ата-анасына  ықпал ететіндей жұбайлар үшін  де қолайлы.

         Психологиялық қыры: неке келісім-шартында  ажырасқан жағдайда әркімге тиесілі  мүлікті жұбайлар анықтай алатын  болғандықтан, яғни осындай нәтиже  жобаланатындықтан, некенің нәтижесі  ажырасу болмай ма, неке келісім-шарты  – ажырасу катализаторы болып  саналмай ма деген қауіп туады.

         Неке келісім-шартының этикалық  қыры жұбайлардың бірін қолайсыз  жағдайға  қалдырмау мүмкіндігіне  байланысты. Әр жұбайда жасалған  келісім-шарттан жұбайының құқы  мен мүддесіне нұқсан елтіру  жолымен өзіне пайда табуды  көздемейтіндей іштей тыйым салынуы  қажет. Келісім-шартқа отыруда  екі жақтың бір-бірінің құқына  құрметпен қарауы сақталуы керек.  Егер келісім-шартқа отыру кезінде жұбайлардың біреуі өз мүлкін сақтап қалуды ғана емес, сонымен бірге, екінші жұбайдың мүлкіне қол сұғуға ниет білдірсе, бұл неке келісім-шартының мақсатына қарсы – некедегі мүлікті қатынастарды реттеудің не ажырасу кезінде қолданылатын өркениетті әдісі болу керек. Жеке тұлғаның еркіндікке құштарлығы қоғамдағы этикалық нормалардың бұзылуына әсер ететіндігі шектен асып кетпеу керек.(21)

         Неке келісім-шартына отыру маңызды  қызмет атқарады: ол – білімдік  қызмет, өйткені, «Неке мен отбасы  туралы» заң мазмұнымен танысу  қолданыстағы заңдылықтар арқылы  отбасылық өмір туралы шынайы  түсінік береді; реттегіштік қызмет  – отбасылық қатынастардағы құқықтар  мен міндеттердің тұтас жиынтығы  қарастырылады. Заң отбасындағы  тараптардың теңдігінен шығады, бірақ көбінесе некедегі жұбайлардың  бірі кедей, бірі дәулетті болады. Бұл - әсіресе, ажырасудан соң  материалдық жағынан, айырмашылық  әсіресе, кәмелетке толмаған балалары  бар отбасыларынан байқалады.

         Мүліктің құқықтық режимінен басқа неке келісім-шартына азаматтық айналыстағы (акциядан дивиденттер, салым проценттері, усадьбалық учаскедегі өнімді тапсырудан кейінгі түскен өнім және т.б.) заттар мен ақша түріндегі отбасы кірістеріне қатысын анықтау да кіреді. Жұбайлар, заңгерлердің пайымдауынша, отбасы шығыны кең де, заңда толық қамтылмағанына қарамастан, оны бөлу тәртібі де қарастырылады. Шығындар отбасының материалдық қамтылуы мен мұқтаждықтарына сәйкес (тұрғын үй, көлік, тамақпен қамтамасыз етілуі, саяжайда күтуге, сондай-ақ білім беру, медициналық күтім, демалыс және т.б. қатысты төлемдер) топтастырылады. Үй шарушалығын басқарудан бастап, қандай да бір капиталға ие болуға дейінгі отбасы шарушалығының көп түрлілігі келісім-шарттағы зады негіздемені талап етуі мүмкін.

         Үй шаруашылығын басқарудан бастап, қандай да бір қаржыны иелік  еткенге дейінгі шаруашылық қызметтердің  әр түрлілігінің кең ауқымы  заңды келісілген негіздемені  талап етуі мүмкін.

         Отбасы өміріндегі кең тараған  жағдайлардың бірі әйел күйеуге  шығып, бала туған кезде ұзақ  уақытқа дейін аяқталмаған білімі  немесе біліктілігінен айырылуы  нәтижесінде үй шаруасындағы  әйел болады. Неке бұзылған сәтте  мұндай әйел өте ауыр жағдайда  қалады: балаларды күтуге бөлінетін  алимент аз және әсіресе, біздің  кезімізде жүйелі төленбейді. Сонымен  бірге, алименттер ресми танымал  көздерден түскен пайдадан есептеледі, бірақ жұбайының табысы одан  асып түсуі мүмкін. Сондай кезде  жасалған Неке келісім-шарты балалар  мен жұбайының алдындағы экономикалық  жауапкершілігін арттырып, неке  сәтсіз болған жағдайда мүлітік  мәселелерге, жақын адамдарға  байланысты жұбайлардың қаржылық  мәселелері ақылмен шешілуі керек.

         ҚР-ның «Неке мен табысы туралы»  (1999 жылдың 1 қаңтарындағы) жаңа заңында  еке келісім-шарты туралы айтылады. Онда неке келісім-шарты дегеніміз  некеге түсуші тұлғалардың немесе  жұбайлардың келісімі екендігі  некедегі не оның бұзылуы кезіндегі  жұбайлардың мүліктік құқықтары  мен міндеттерін анықтайтыны  айтылған.

         Неке келісім-шартына отыру мүмкіндігі  заң жүзінде 1993 жылдың қазан  айынан бері белгілі. Бірақ  1996 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай  бойынша республикада не бары 13 неке келісім-шарты жасалып,  нотариалды куәландырылған (некеге  отырғандардың саны 10 мың есеге  артық). Бұл тек Алматы қаласында  ғана, ал Қазақстанның өзге қалалары  мен облыстарында мұндай жағдай  мүлде жоқ. Қазіргі кезде статистика  айтарлықтай  өзгере қойған жоқ.

         Зерттеушілер мынадай сұрақ қояды:  некелесушілер мен некеде бұрыннан  тұрғандар таласты жағдайларды  шешуге арналған неке келісім-шарты  бойынша өздерінің мүліктік құқығы  мен міндеттерін шешуге тілек  білдіретіндер саны неге аз? Біздің  қоғамда мазасыздануға негіз  жоқ шығар? Бірақ практика көрсеткендей, статистика нақтыланғандай: үш жұп  некелесуге өтініш білдірсе, екі  жұп ажырасуға тілек білдіреді.  Ажырасудың жалпы коэффициентінің  арту үрдісі 2015 жылға дейін болжанған.  Ал бұл әлі де көптеген отбасылық  жұптар, олардан рухани, дене және  материалдық шығындарды қажет  ететін процестерге тартатынын көрсетеді. Көріп отырғанымыздай, біздің қоғамымызда ажырасу коэффициенті өте жоғары. Бірақ отбасын жеке өмірді ұйымдастыру формасы ретінде нақты және салыстырмалы  түрде жоғары  мәртебе санайтын  отбасылар да азаймайды. Бірақ ажырасуға әкеп соғатын драмалық жағдайлар жойылып кете ме? Оның үстіне, ажырасуға дәлелді себептер де негіз болуы болуы мүмкін, оған түсіністікпен қарау керек.

Информация о работе Азаматтық құқық