Азаматтық іс жүргізу сатысындағы қазіргі таңдағы құқықтық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 23:02, реферат

Описание работы

Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс жөне т.б. жатқызуға болады.

Содержание

Кіріспе
Сотта азаматтық істі қозғау
Істі сотта қарауға әзірлеу
Сотта іс қарау
Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау
Сот актілерін орындау
Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау
Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

МАНЖАЗБА.doc

— 185.50 Кб (Скачать)

Атқарушылық іс жүргізу тараптары – атқарушылық  іс жүргізуге қатысушы өндіріп алушы  мен борышкер.

Атқарушылық іс жүргізу тараптарының өкілдері - өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзі берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық  әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттілігі бар тұлға.

Атқару құжаты – атқарушылық іс жүргізу заңымен  белгіленген атқару парақтары, сот  бұйаықтары, нақты органдардың қаулылары.

Сот орындаушысы  – мемлекеттік қызметте тұратын  және соттар мен басқа да органдардың  қаулыларын орындау бойынша өзіне  заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам

Егер сол мәселе туралы және сол негiздер бойынша сол  тараптар арасындағы дау жөнiнде Қазақстан Республикасының сот шешiмдерiн өзара тану және сот шешiмдерiн орындауды көздейтiн халықаралық шарты бар шет мемлекеттiң соты бұрын шешiм шығарып қойған болса, Қазақстан Республикасының соты арызды қарамай тастайды, ал iс бойынша iс жүргiзудi қысқартады. 
      Егер шет мемлекеттiң сотында сол тараптар арасындағы, сол мәселе туралы және сол негiздер бойынша шешiмдi Қазақстан Республикасында танылуға тиiстi дау жөнiнде бұрын қозғалған iс болса, Қазақстан Республикасының соты арызды қарамай тастайды, ал iс бойынша iс жүргiзудi қысқартады. 
         Шет мемлекетке талап қоюға, оны үшiншi тұлға ретiнде iске қатысуға тартуға, оның мүлкiне тыйым салу мен бұл мүлiктi талапты қамтамасыз ету тәртiбiмен ұстап қалуға және бұл мүлiкке өндiрiп алуды қолдануға, егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, тиiстi мемлекеттiң құзыреттi органдарының келiсiмiмен ғана жол берiледi. 
       Халықаралық ұйымдардың соттық иммунитетi Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында, сондай-ақ бұл ұйымдардың Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органдарымен келiсiмдерiнде белгiленедi. 
       Шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық өкiлдерi және Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында аталған басқа да адамдар Қазақстан Республикасының заңында, халықаралық құқық нормаларында немесе халықаралық шартында белгiленген шекте Қазақстан Республикасы сотының азаматтық iстер жөнiндегi юрисдикциясына жатады.           

Қазақстан Республикасының  соттары өздерiне Қазақстан Республикасының  заңында немесе халықаралық шартында көзделген тәртiппен берiлген жеке iс  жүргiзу iс-әрекеттерiн жасау (хабарламалар мен басқа да құжаттар тапсыру, тараптардан, куәлардан түсiнiктемелер алу, жергiлiктi жерде сараптама және тексерiс жүргiзу және т.б.) туралы шетелдiк соттардың тапсырмаларын орындайды, бұған: 
      1) тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының егемендiгiне қайшы келетiн немесе Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн; 
      2) тапсырманы орындау сот құзыретiне кiрмейтiн жағдайлар қосылмайды. 
       Шетелдiк соттардың жеке iс жүргiзу iс-әрекеттерiн орындау туралы тапсырмаларын атқару, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, заңда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 
       Қазақстан Республикасының соттары жекелеген iс жүргiзу iс-әрекеттерiн орындау туралы шетелдiк соттарға тапсырмалар мен өтiнiш жасауы мүмкiн. 
       Қазақстан Республикасы соттарының шетелдiк соттарымен қарым-қатынас жасау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңында және халықаралық шарттарында белгiленедi.            

Қазақстан Республикасынан тыс  жерлерде жасалған, Қазақстан Республикасының  азаматтары мен ұйымдарына немесе шетелдiк  азаматтарға қатысты шет мемлекеттердiң заңдары бойынша шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары белгiленген нысанмен берген, жасаған немесе куәландырған құжаттарды Қазақстан Республикасының соттары, егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, консулдық жариялау болған жағдайда қабылдайды.

Егер Қазақстан Республикасының  заңында немесе халықаралық шартында өзара түсiнiстiк негiзiнде бұл  көзделген болса, шетелдiк соттар мен төрелiк соттардың шешiмдерi Қазақстан Республикасында танылады және орындалады. 
     Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгiленбесе, шетелдiк соттар мен төрелiк соттардың шешiмдерiн танудың және орындаудың шарттары мен тәртiбi заңда белгiленедi. 
     Шетелдiк соттың немесе төрелiк соттың шешiмi шешiм заңды күшiне енген кезден бастап үш жыл iшiнде мәжбүрлеп орындауға берiлуi мүмкiн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.Заң күшіне енген сот актілерін  қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау

 

Сот шешімінің  дәлелсіздігі немесе материалдық немесе іс жүргізудің құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға негіз болады. Сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу бөмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды

1) Бірінші,  апелляциялық, қадағалау сатысындағы  шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылыты қанағаттандырмай тастайды;

2) Бірінші,  апелляциялық сатыдағы сот шешімінің  толық немесе бөлігіндегі күшін  жояды және істі бірінші, апелляциялық  сатыдағы сотта жаңадан қарауға  жібереді;

3) Бірінші,  апелляциялық сатыдағы сот шешімінің  толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;

4) Іс  бойынша шығарылған шешімдердің  біреуін күшінде қалдырады;

5) Бірінші,  апелляциялық сатыдағы соттың  шешімін өзгертеді немесе оның  күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.

Істі  қадағалау тәртібімен қарау кезінде  сот істе бар материалдар бойынша  шағым. Наразылық дәлелді шегінде  бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот құрамы үш судьядан кем болмауы тис. Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады.

Сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жататын  сот актілері – бірінші сатыдағы соттың шешімдері, апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттардың қаулылары, бірінші сатыдағы соттың істің одан әрі жылжуына кедергі келтіретін ұйғарымдары.

Наразылықтың  мазмұны – наразылық келтіріп отырған соттың атауы болуға, сот  актілері көрсетілуге, сот актілері шығарылған істің мәні баяндалуға, наразылық келтірген лауазымды адамның ұсынысы мен қорытындысы болуға тиіс.

Қадағалау шағымының  мазмұны - шағым жолданатын лауазымды  адамның аты-жөні, шағым беруші тұлғаның атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан орны, сот шешімінің, қаулысының мазмуны, шағым жасалып отырған, наразылық келтіру ұсынылатын сот шешімі көрсетілуге тиіс.

Қадағалау шағымын  алдын-ала қарау – сот актісін  сот қадағалауы тәртібімен қайта  қарау туралы қадағалау шағымы облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының, ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша тиісті қадағалау алқасының үш судьясынан құралған сотта алдын-ала зерделеніледі және қаралады.

Сот актісінің  орындалуын тоқтата тұру - ҚР Жоғарғы  Сотының  Төрағасы, Бас Прокуроры  істі сұратып алумен бір мезгілде қадағалау тәртібімен тексеру үшін сот актісінің орындалуын үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.

Қадағалау сатысындағы  сот қаулысының заңды күшіне енуі – қадағалау сатысындағы сот  қаулылары олар қабылданған кезден бастап заңды күшіне енеді. 

 

 

7.Заң күшіне енген сот актілерін  жаңадан анықталған мән-жайлар  бойынша қайта қарау

 

Кейбір  ғалымдардың пікірі бойынша бұл  ерекше саты деп аталады.

Шешімдерді  жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша  қайта қарауға мыналар негіз  болады

1) іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар;

2) заңды  күшіне енген сот үкімі бойынша  анықталған, заңсыз немесе дәлелсіз  шешім шығаруға негіз болған  куәнің біле тұра берген жалған  жауабы, сарапшылардың біле тұра  жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы;

3) заңды  күшіне енген сот үкімі бойынша  анықталған, тараптардың, іске қатысушы  басқа адамдардың немесе олардың  өкілдерінің қылмыстық әрекеттері не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық әрекеттері;

4) сот  шешімін шығаруға негіз болғанбасқа  орган қаулысының бұзылуы.

Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан  анықталған мән-жайлар бойынша қайта  қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа арыз береді. Олар іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай  ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген.

Заңды күшiне енген шешiмдер, ұйғарымдар мен қаулылар жаңадан  анықталған мән-жайлар бойынша қайта  қаралуы мүмкiн. Шешiмдердi, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау  үшiн: 
      1) арыз берушiге белгiлi болмаған және белгiлi бола алмаған iс үшiн елеулi мән-жайлар; 
      2) заңды күшiне енген сот үкiмiмен белгiленген, заңсыз не негiзсiз шешiм шығаруға әкеп соққан, куәнiң көрiнеу жалған жауаптары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы, көрiнеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердiң жалғандығы; 
      3) заңды күшiне енген сот үкiмiмен белгiленген, тараптардың, iске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкiлдерiнiң қылмысты әрекеттерi немесе судьялардың сол iстi қарау кезiнде жасаған қылмысты әрекеттерi; 
      4) белгiлi бiр шешiмдi, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негiз болған сот шешiмiнiң, үкiмiнiң немесе қаулысының не өзге де орган қаулысының күшiн жою; 
      5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң соттың сот актiсiн шығаруы кезiнде қолданған заңын немесе өзге нормативтiк құқықтық актiсiн конституциялық емес деп тануы негiздер болып табылады. 
       Бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енген шешiмiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша осы шешiмдi шығарған сот қайта қарайды. 
       Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiн өзгерткен немесе жаңа шешiм шығарған апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы ұйғарымдарды, шешiмдердi, қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауды шешiмдi өзгерткен немесе жаңа шешiм шығарған сот жүргiзедi. 
             Шешiмдi, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды iске қатысқан адамдар немесе прокурор шешiм, ұйғарым немесе қаулы шығарған сотқа бередi. 
       Мұндай арызды iске қатысушы адамдар қайта қарау үшiн негiз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай iшiнде бере алады.          

 Арыз беруге арналған  мерзiм: 
      1) осы Кодекстiң 404-бабының 1-тармақшасында көзделген жағдайларда - iс үшiн елеулi маңызы бар мән-жайлар анықталған күннен бастап; 
      2) осы Кодекстiң 404-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - қылмыстық iс жөнiндегi үкiм заңды күшiне енген күннен бастап; 
      3) осы Кодекстiң 404-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда - сот үкiмi, шешiмi, ұйғарымы, қаулысы заңды күшiне енген немесе мемлекеттiк немесе өзге де орган қайта қаралатын шешiм, ұйғарым немесе қаулы негiзге алынған үкiмге, шешiмге, ұйғарымға немесе қаулыға өз мазмұны бойынша қайшы келетiн қаулы шығарған күннен бастап есептеледi.           

 Сот жаңадан анықталған  мән-жайлар бойынша шешiмдi, ұйғарымды  немесе қаулыны қайта қарау  туралы арызды сот отырысында  қарайды. Арыз берушiге және iске  қатысушы адамдарға отырыстың  өткiзiлетiн уақыты мен орны  туралы хабарланады, алайда олардың келмеуi арызды қарауға кедергi болмайды.           

  Сот жаңадан анықталған  мән-жайлар бойынша шешiмдi, ұйғарымды  немесе қаулыны қайта қарау  туралы арызды қарай келiп,  не арызды қанағаттандырады және  шешiмнiң, ұйғарымның немесе қаулының  күшiн жояды, не қайта қараудан бас тартады. 
       Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешiмдi, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды қанағаттандыру туралы сот ұйғарымы шағым берiлуге, наразылық келтiруге жатпайды. 
       Шешiмнiң, ұйғарымның немесе қаулының күшi жойылған жағдайда сот iстi осы Кодексте белгiленген ережелер бойынша қарайды.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорытындылай  келе, азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқыктың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді.

Азаматтық іс – азаматтық іс іс жүргізу  заңдарында көзделген тәртіппен азаматтық сотта қаралатын іс.

Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын  үдемелі қозғалыс болып табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді:

1)сотта  азаматтық істің қозғалуы;

2)істі  сотта қарауға әзірлеу;

3)істі  бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;

4)істі  апелляциялық тәртіппен қарау;

5)заңды  күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау  тәртібін қайта қарау;

6)заңды  күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар  бойынша қайта қарау;

7)атқару  ісін жүргізу;

Азаматтық процесс азаматтық істі қарау  және шешу кезінде сот пен басқа  да субъектілер арасында қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары  пайда болуының, дамуы мен тоқтатылуының  жүйелі тәртібі болып табылады.

Жоғарыда  аталып кеткен процесс сатылары, барлық азаматтық істі қарау бірінші сатыдағы сот өндірісінен басталатыны. Бірінші сатыда істің қаралуы өз кезегінде тиісінше сот актілерін шығарумен аяқталатындығы да белгілі. Бірінші сатыдағы сот актілері- жазба нысанда жасалынып, сот билігін жүзеге асыратын актілер.

Сот актісі- бұл құқықтық қолдану актісі . Мұнда  құқық турулы дау немесе өзге даулы  мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдық және процесуалдық құқық  нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді.

ҚР  АІЖК бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші  сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу сатысындағы қазіргі таңдағы құқықтық ерекшеліктері