Азаматтық іс жүргізу сатысындағы қазіргі таңдағы құқықтық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 23:02, реферат

Описание работы

Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс жөне т.б. жатқызуға болады.

Содержание

Кіріспе
Сотта азаматтық істі қозғау
Істі сотта қарауға әзірлеу
Сотта іс қарау
Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау
Сот актілерін орындау
Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау
Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

МАНЖАЗБА.doc

— 185.50 Кб (Скачать)

 

Сотта іс қарау - істі мәні бойынша ңарауға және шешуге бағытталған бірінші сатыдағы сот пен басңа да қатысушыларының іс жүргізу әрекеттерінен түратын азаматтық процестің негізгі сатысы. Сотта іс мәні бойынша жан-жаңты, толың және заңды шешіледі. Бүл сатыда сот өз алдына қойылған мына:

- істі мәні  бойынша шешу;

- тараптар арасындағы  даулы қүқыңтық ңатынастар-ды реттеу;

- сот қызметінің  тәрбиелік әсер етуін қамтамасыз  ету;

- заңды түлғалар  мен азаматтардың бүзылған құқықтарын  және заңмен қорғалатын мүдделерін  қалпына келтіру міндеттерді  жүзеге асырады.

Бірінші сатыдағы сотпен істі сот отырысына қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарған кезден сотта іс қарау басталады және сәйкесті сот актісін (шешім, ұйғарым) қабылдағанға дейін жалғасады.

Қазаңстан Республикасының  азаматтық іс жүргізу кодексінің 175-бабына сәйкес азаматтың істі ңарау  сот отырысында жүргізіледі, сондықтан "сотта іс қарау" және "сот отырысы" ұғымдарды бір-бірінен ажырата білу керек. Әдебиетте осы ұғымдардың ара байланысы жөнінде көптеген ғылыми пікірталас бар. А.Ф.Клейман аталған ұғымдар ұқсас және бір мағына түсіндіретінін айтты: сот отырысында іс қарау не іс ңарау сот отырысында өтетінін. Бірақ бүл мәселе жөнінде біздің ой-пікірімізше П.П.Гуреевтің айтуы дәйекті: сот отырысы - сотта азаматтық істерді қарау нысаны (формасы). И.М.Зайцев бүл ойды қолдап жалғастырады, ол бүл екі үғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін жазды, олар маз-мүны (сотта іс қарау) және нысан (формасы - сот отырысы) ретінде айңасады..

Соттың бірінші  сатысындағы азаматтың іс қарайтын сот отырысын бөлімдерге бөліп қарастыруға  болады.

Соттың бірінші  сатысындағы сот отырысы төрт бөлімнен түрады:

1)  әзірлеу  бөлімі;

2)  істі мәні  бойынша қарау бөлімі;

3)  сот жарыссөздері  және прокурордың қорытын-дысы  бөлімі;

4)  шешім шығару  және оны жариялау бөлімі.

Әзірлеу белімі - алғашқы іс жүргізу әрекеттерін  алдын ала қорытындылау және іс мәні бойынша шешілуіне тиісті іс-әрекеттер жасалу үшін қажетті жағдайлар жасау бөлімі (Г.А.Жилин). Бүған байланысты ғылыми әдебиеттерде сотта азаматтың істер қараудың көрсетілген бірінші бөлімінің қажеттілігі аныңталған. П.П.Гуреева ғалымнын, ой-пікірі бойынша әзірлеу бөлімінің міндеті -осы сот отырысында істі ңарап шешу үшін қажетті шарт-тар жасалғандығын тексеру. Осындай аспекте П.Я.Трубников та әзірлеу бөлімінің міндетін белгілейді, ол "сот осы отырысында істі мәні бойынша толық және дүрыс қараумен байланысты барльщ сүраңтарды аныңтайды және шешеді"  деп жазды. Сотпен әзірлеу бөлімійде

шешілетін негізгі  сүрақтарға мына мүмкіндіктерді аньщ-тау  жатады:

- осы сот  ңүрамында іс қарау;

- бар дәлелдемелер  негізінде іс ңарау мен шешу;

-  процеске  қатысушылардың біреуі келмей қалған жағдайда істі ңарап шешу.

Әзірлеу бөлімінде  жасалатын іс-әрекеттер, сондай-ақ ол іс-әрекеттер жасау кезегі ҚР АІЖК 180-191-бап-тарымен реттеледі. Заң осы  бөлімде белгіленген нүсңау шегінде  жүруін көздейді және мынадай тәртіп бойынша іс жүргізу әрекеттерін жасауын алдын ала ескереді:

•  сот отырысын ашу;

•  процеске қатысушылардың келуін тексеру;

•  аудармашыға  оның міндеттерін түсіндіреді;

•  куәларды сот отырысы залынан шығару;

•  сот ңүрамын  жария ету және ңарсыльщ білдіру құқығын түсіндіру;

•  іске қатысушы адамдарға  олардың ңүңыңтары мен міндеттерін  түсіндіру;

•  соттың іске қатысушы адамдардың өтінімдерін шешуі;

•  іске ңатысушы адамдар  мен өкілдердің сот отырысына  келмеу салдары;

•  сот отырысына куәнің, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдары;

•  істі қарау кейінге  қалдырылған кезде куәлардан жауап алу;

•  сарапшы мен маманға  олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.

Сот отырысын ашу (ҚР АІЖК-нің 180-бабы). Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан түрады. Судья кірген кезде сот отырысының хатшысы ол туралы айтады. Істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші (судья) сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға жататынын жариялайды. Бүл бірінші сот отырысы басталуында іс жүргізу әрекеті, біраң сотта іс карау емес. Аталған іс-әрекет талап қоюшының, жауапкердің және басңа да процеске қатысушылардың келуіне байланыссыз сотпен жеке-дара жасалады. И.К.Пискаревтың айтуы бой-ынша процеске ңатысушылардың біреуінің келмей қалуына байланысты істі қарау кейінге қалдыру заңмен белгіленген тәртіпті (процедураны) сақтамай жүргізетін болса, келген тұлғалардың іс жүргізу құқықтарына қысым жасайды (мысалы, қарсылық білдіру мен өтініш жасау мүмкіндігінен).

Процеске қатысушылардың келуін тексеру (ҚР АІЖК-нің 181-бабы). Сот отырысының хатшысы сот отырысы басталғанға дейін процеске қатысушылардың қайсысы процеске келгенін, ал егер олар келмеген жағ-дайда оның себебін анықтайды. Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру (ҚР АІЖК-нің 182-бабы). Бүл іс жүргізу іс-әрекеті сот отырысының басынан басталады, ол сотта іс жүргізу тілін білмейтін түлғаға іс қарауында жасалатын барлық әрекеттер мен мәліметтер жөнінде білу мүмкіндігі үшін өткізіледі.Саңырау, тілсіз, мылқау адамдар өзара араласуында қолданатын белгілерін аударатын (сурдо) аудармашыларына да ҚР АІЖК-нің 182-бабында белгіленген тәртібі қолданылады.

Куәларды сот отырысы  залынан шығару (ҚР АІЖК-нің 183-бабы). Келген куәлар процеске қатысушылардың келуін тексерген соң бірден сот отырысы залынан шығарылады, ал іс бойынша аудармашы қатысңанда, онда оған аудармашының міндеттерін түсіндіргеннен соң шыға-рылады. Куәларды шығарғанға дейін оларға іс бойынша жауап беру үшін сот отырысы залына біртіндеп кіретіні туралы алдын ала ескертеді.

Төрағалық етуші сотта жауап берген куәлар жауап әлі бермегендермен бір-бірімен сөйлеспеу үшін шаралар қолданады.

Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер ҚР АІЖК-нің 40-бабында көрсетілген. Судья істі қарауға қатыса алмайды жөне оған ңарсылың білдірілуге тиіс, егер ол:

•  осы істі мүның алдындағы  ңарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде  ңатысса;

•  іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің  туысы болса;

•  істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі немесе оның әділдігіне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса.

 Істі мәні бойынша  қарау бәлімі — сотта іс  қараудың негізгі бөлімі. Осы бөлімде сот отырысында азаматтық істер қарауында жасалатын процессуалдық іс-әрекеттер ҚР АІЖК-і 192-210-баптарымен реттеледі. Осы сотта іс қарау бөлімінің негізгі міндеті - зерттеу арқылы азаматтық істің мән-жайын, бірінші кезекте ізденудегі деректердің бар не жоқтығын куәландыратын іс бойынша жиналған дәлелдемелерді анықтау. Істі мәні бойынша қараудың басңа да міндеті бар, ол процесті дауласып жатқан субъектілердің өз еркілерімен аяқтауы. Егер талап қоюдан бас тарту, жауапкердің талап ңоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімі сотқа жолданған жазбаша арыздарда жазылса, олар іске қоса тіркеледі, бүл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Талап ңоюдан бас тарту қабылданғанға не талап қою мойындалғанға, немесе та-раптардың бітімгершілік келісімі бекітілгенге дейін сот талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті іс жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.

Жауапкер талап қоюды  мойындағанда және оны қабылдаған кезде  сот мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Бүл жағдайда сот шешімінің дәлелдеу бөлігінде  жауапкер талап қоюды таны-ғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетіледі, яғни сот істің мән-жайларын анықтамай талап қоюшының пайдасына шешім шығарады (ҚР АІЖК-і 221-ба-бының 5-бөлігі).

Істі мәні бойынша қарау  жалғасқан жағдайда сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдауға көшеді. Тараптардың және үшінші түлғалардың түсініктемелері азаматтық іс бойынша дәлелдемелердің бір тү-рі. Олардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері, іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады (ҚР АІЖК-і 64-бабының 2-бөлігі, 78-бабының 1-бөлігі).

ҚР АІЖК-і 194-бабының 1-бөлігіне сот міндетті түрде келесі тәртіпте іске қатысушы адамдардың түсінікте-мелерін  тыңдайды:

1-талап қоюшының және  оның тарапынан қатысатын үшінші  түлғаның түсініктемелерін;

2-жауапкердің және оның  тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның  түсініктемелерін;

3-даудың нысанасына дербес  талаптарын мәлімдейтін үшінші  түлғалардың түсініктемелерін.

Егер прокурор, мемлекеттік  органдардың, жергілікті өзін-өзі басңару  органдарының, үйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар қатысатын болса, онда олар бі-рінші болып түсініктемелер береді.

Егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру мақсатымен, не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол ту-ралы ұйгарым шығарады. Мүндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуге тиіс. Іске қатысушы тараптар, үшінші түлғалар және басқа да адамдар бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы.

Дәлелдемелер  зерттеу кезегі анықталған соң сот  іс бойынша жиналған барлық дәлелдемелерді жөне өзге де мән-жайларды зерттеуі тиіс.

Әрбір куәдан жауап  жеке-жеке алынады. Әлі айғақ бермеген куәлар істі ңарау кезінде сот  отырысы залында бола алмайды. Куәдан жауап алу тәртібі мен ережесі, сондай-ақ куәнің жауаптарын жария  ету ҢР АІЖК-нің 196-200-баптарымен реттеледі.

Он алты жасқа  толмаган куәға судья оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді, бірақ оған жауап беруден бас тартңаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстың жауап-кершілік жөнінде ескертілмейді (ҚР АІЖК-і 196-бабы-ның 2-бөлігі).

Төрағалық етуші  куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын  анықтайды және іс бойынша оған өзіне  мәлім нәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады. Куә істің мән-жайы туралы мәліметтерді еркін әңгіме ретінде айтады. Бүдан кейін куәға сұрақтар қойылуы мүмкін. Бірінші болып арызы бойынша куө мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтінде оған сүраң қоюға қүқылы (ҚР АІЖК-і 197-бабы-ның 2-3-бөліктері).

ҚР АІЖК-нің 199-бабы кәмелетке (18 жасңа) толмаған куәдан жауап алу ережесін белгілейді. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады

Істің мән-жайын  анықтау үшін қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан іске қатысушы қандай да бір адам шығарылуы

Сотқа ұсынылуы қиын немесе жеткізуге болмайтын жазбаша дәлелдемелер олар орналасңан жерде ңаралады және зерттеледі. Орналасңан жерінде ңарау туралы сот үйғарым шығарады. Қарау уақыты мен орны туралы тараптарға, үшінші түлғаларға, олардың өкілдеріне хабарланады, алайда, олардың келмеуі дарауды жүргізуге кедергі келтірмейді.

Заттай дәлелдемелерді сот қарайды және олар - тараптарға, үшінші түлғаларға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Заттай дәлелдемелер көрсетілген адамдар ңарап шығуға байланысты ңандай да бір мән-жайларға сот назарын аудара алады. Бүл арыздар сот отырысының хаттамасына енгізіледі (ҚР АІЖК-і 203-бабының 1-бөлігі). 184    .

Төрағалық етуші  қосымша және қайталама сараптамаларын тағайындауы мүмкін, егер (ҚР АІЖК-нің 98-ба-бы):

• жеткілікті түрде  айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаса (қосымша сараптама);

• сарапшының алдыңғы  қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген  не оның дұрыстығы күмән тудырған, немесе сараптама жүргізудің іс жүргізу  нормалары елеулі бүзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін айқын болса (қайталама сараптама).

Сот қосымша және қайталама сараптамаларын тағайындау туралы ұйгарым шығарады.

Сот қосымша  және қайталама сараптама тағайында-ған  жағдайда іске ңатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен іс бойынша іс жүр-гізуді тоңтата түра алады (ҚР АІЖК-і 243-бабының 5-бө-лігі).

Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы.

Сот жарыссөздері сотта іс қараудың жеке бөлігі ретін-де танылады. Сот жарыссөздері өту барысында іске қатысушы адамдар және өкілдер істің мән-жайлары мен дәлелдемелерін зерттеудің қорытындысы жасалады. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен түрады. Істің қандай мән-жайлары анықталды және қандай дәлелдемелер негізінде, ңандай делелдемелер рас болып табылады, қандай мән-жайлар , дәлелдемелермен белгіленеді, даулы материалдық қү-ңыңтьщ мазмүны қаншалыңты және істі қалай шешу қажет жайында іске қатысушы адамдар өздерінің ой-пікірлерін айтады.

- алдымен талап қоюшы жөне оның өкілі, ал содан соң - жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді;

- даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші түлга мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді;

- даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймаган үшінші тцлга мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жаңтағы жауапкерден кейін сөз сөйлейді;

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу сатысындағы қазіргі таңдағы құқықтық ерекшеліктері