Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 16:14, курсовая работа

Описание работы

Жүйелілік біздің бүгінгі дүниедегі алдағы он жылдықта жедел алға жылжуымыздың басты қағидасы, міне осы. Қазақстанның әлемдегі тауарлар, көрсетілген қызмет, еңбек ресурстары, каптал, осы заманғы идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді бөлігіне арналуы біз он басты міндет шешуіміз керек,- деді Н Назарбаев.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3

1 БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ....................................................................................................5

1.1 Салықтар және олардың мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы рөлі ....5
1.2 Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі ............................................................11

2 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ..........................................................................................17

2.1 Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2007-2010 жж. орындалуы ....................17
2.2 Оңтүстiк Қазақстан облысо бюджетiнiң салық түсiмдерiн талдау ..............22

3 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕГІ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ .....................................................................................30

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..........................................................................40

Работа содержит 1 файл

Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі.docx

— 132.36 Кб (Скачать)

В.Я.Савченко «Салық ауыртпалығын анықтау әдістемесі»  деген мақаласында мемлекет пен  салық төлеуші арасындағы  арақатынасты төмендегідей сызба түрінде береді [30].

 


 

 


көрсетілетін                                                           салықтар мен алымдар


 қызметтер           

 


 

 

 

Сурет 1 - Мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы байланыс сызбасы

 

Бұл сызбадан салық төлеушінің оның төлеген салық  сомасының мөлшерінде ақысыз қызмет көрсетілу керек екендігін білуге болады.

Осыған орай Лаффер теориясына сүйенетін болсақ, онда, салықтардың жоғары мөлшерлемесі түсімнің көбеюуіне емес, ал керісінше  олардың төмендеуіне әкеледі, өйткені  кәсіпкерлерлер өмір сүру үшін  өздерінің  табыстарын  жасыруға тырысып бағады. Сондықтан фискалды функцияның әлеуметтік мақсаты әрбір жекелеген салық  төлеушіге оның тигізетін кері салдарларын  неғұрлым азайта отырып, ал сәйкесінше салықтық түсімдерді көбейту болып  табылады. Әлеуметтік жағынан ұтымды салық жүйесінің салық төлеушісі  мынандай пікірде болуы керек: «  мемлекет мен қанша төлей алатын болсам, соншалықты  салық алады, сонымен қатар бюджеттегі  салықтардың  жалпы түсімдерінің маңыздылығы  сонда, ол арқылы мемлекет қоғамдағы  әлеуметтік – экономикалық міндеттерді  шешеуге мүмкіндігі бар». Мәселенің  осылай деп келтірілуі Батыс Европаның  дамыған елдерінде, оның ішінде Швеция мен Германияда орын алған «әлеуметтік  нарықтық экономика» теориясына сәйкес келеді.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қызмет етуінің  тиімділігі ондағы жұмыс істейтін қызметкерлердің  жалақысының жоғарылауына мүмкіндік  береді, ол сәйкесінше орта топ өкілдерінің  қалыптасуына   жағдай жасайды, ұлттық экономиканың дамуына оң әсер береді.  Оны төмендегі сызба түрінде  келтіруге болады:                          

 

 

 

 

   




 


 

 

 

 

 

 




 

 

Сурет 2 - Салық жүйесінің экономикалық үдеріске

тигізетін әсері

 

Кесте  1 - 2004-2010 жылдардағы мемлекеттік бюджет кірісіндегі салықтық түсімдердің өсу қарқыны

  (млрд.тг.)

 

Бюджет кірісі

 

2005ж

 

2006ж

 

2007ж

 

2008ж

 

2009ж

 

2010ж

Өсу қарқыны (алдыңғы мерзіммен салыстырғанда,  %)

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

Салықтық түсімдер, млрд.тг.

 

635,7

 

750,7

 

947,2

 

1186,1

 

2001,3

 

2209,0

 

118

 

126,2

 

125,2

 

168,5

 

110,5

Корпора

циялық табыс салығы

 

169,0

 

207,3

 

272,6

 

382,8

 

834,3

 

776,6

 

122

 

131,5

 

140,4

 

217,9

 

93,0

Жеке табыс салығы

68,5

77,3

93,2

98,5

122,9

165,0

113

120,5

105,6

124,8

134,2

ҚҚС

213,6

175,8

231,3

242,9

343,9

489,5

110

131,5

105,0

141,6

142,3

Әлеумет

тік салық

124,2

133,8

157,6

167,9

197,3

236,5

107,7

117,8

106,5

117,4

119,8

Акциздер 

21,8

25,4

26,9

29,9

33,4

47,4

116,6

106,1

110,8

111,7

141,9

Мүлікке салынатын салық

 

20,9

 

24,4

 

27,1

 

31,5

 

37,2

 

48,3

 

116,7

 

111,1

 

116,1

 

118,2

 

129,8

Жер салығы

5,4

5,3

5,4

5,9

6,9

7,9

98,7

102

108

116,1

114,4

Көлік құралда

рына салынатын салық

 

6,3

 

5,0

 

5,0

 

5,9

 

7,0

 

8,4

 

79,4

 

102

 

117,5

 

118

 

120

Бонустар, роялти, өнімді бөлу бойынша  ҚР үлесі, үстеме пайда салығы

 

6,3

 

7,6

 

13,1

 

115,2

 

187,5

 

151,9

 

120,4

 

171,1

 

188,5

 

162,6

 

80,8

Алыну көзі: ҚР ҚМ статистикалық бюллетені. №12. 2005-2010ж.


Соңғы  2010 жылдың қорытындысы бойынша салықтық түсімдердің өсу қарқыны алдыңғы жылмен салыстырғанда 110,5 пайызға көтерілген.ал, 2009 жылмен салыстырғанда өсу қарқынының төмен болуының бірден бір себебі, 2010 жылдың тамыз айынан бастап жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін барлық салықтық түсімдердің Ұлттық қорға жіберіле бастауы.

Жеке табыс  салығы салық төлеу әдісі бойынша  ерекшеленетін, екі салық салу объектісін бөліп көрсетеді:  есептеу, ұстап  қалу, және бюджетке аудару салық агенттерімен жүзеге асырылатын төлем көзінен  салық салынатын табыс және салық  сомасын есептеу мен төлеу  жеке тұлғалардың өзімен декларация тапсыру негізінде жүзеге асырылатын, төлем көзінен салық салынбайтын  табыс. Салық 2010 жылдың соңына дейін алынған жылдық табыстың мөлшеріне қарай, 5% тен 20%-ға дейінгі прогрессивті шкала бойынша төленді. (2008 жылдың 1-қаңтарына дейін 5% тен 30%-ға дейін болды). Бірақ, аталған шкаланың 15% бойынша салық салынатын дивидент, сыйақы, ұтыстар түріндегі табысқа және 10% мөлшерлеме бойынша салық салынатын адвокаттар мен нотариустардың табыстарына қатысы жоқ болды. 2009 жылдың қаңтарынан бастап жалпыға ортақ 10% мөлшерлеме арқылы салық салына бастады. Қазақстанның салық жүйесінде аталған салық түсімі жағынан төртінші орында тұр (кесте -2).

 

Кесте 2 - 2004-2010 жылдар аралығындағы Мемлекеттік бюджет кірісінің құрылымы                                                                                                            (%)

Түсімнің түрлері

2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

Кірістер

100

100

100

100

100

100

100

Салықтық түсімдер

89,2

87,0

93,0

94,2

92,1

95,2

94,5

Корпорациялық табыс салығы

27,8

22,7

25,6

27,1

29,7

39,7

33,2

Жеке табыс салығы

8,6

9,2

9,5

9,3

7,7

5,8

7,0

Әлеуметтік салық

16,8

16,7

16,5

15,7

13,0

9,4

10,1

ҚҚС

19,5

21,5

21,7

23,0

19,0

16,3

20,9

Акциздер

3,2

2,9

3,1

2,6

2,3

1,5

2,0

Мүлік салығы

2,5

2,8

3,0

2,6

2,4

1,8

2,0

Жер салығы

0,9

0,7

0,7

0,5

0,5

0,3

0,4

Көлік құралдары салығы

 

1,0

 

0,8

 

0,6

 

0,4

 

0,4

 

0,3

 

0,4

Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер

 

3,7

 

3,6

 

6,2

 

7,3

 

12,2

 

16,0

 

12,9

Халықаралық сауда және сыртқы операцияларға  салынатын салық

 

3,1

 

3,4

 

4,8

 

4,2

 

3,9

 

3,0

 

4,7

Басқа да салықтар мен алымдар

1,4

0,7

0,3

0,3

0,4

0,2

0,2

Салыққа жатпайтын түсімдер

6,5

9,4

5,9

4,5

6,3

3,1

2,3

Алыну көзі: ҚР ҚМ статистикалық бюллетені. №12. 2004-2010ж.


 

 

Экономикалық  категория ретінде мемлекеттік  бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде  жалпы қаржы категориясына сай  келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік  бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік  реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау  және пайдалануға бақылау жасау  сияқты функцияларды орындайды.

Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік  қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған  көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары  ретінде сипатталады. Ол нақты кзеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің  кірістерін, шығыстарын орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің  қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі  қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды  орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі  басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін  анықтайды.

Негізгі қаржы  жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі  қаржы жоспарының көрсеткіштері  республика Парламентінің жыл сайын  қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға  жатады.

Еліміздің Конституциясының 4-ші бөлімінің 53 бабында Палаталардың бірлескен отырысында  Парламент: «Ресупбликалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы  туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді».  /1, 25 бет/.

Бюджеттік жоспарлау  мен бюджеттің атқарылу процесінде ұлттық шаруашылықтың қаржы шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды  жұмылдыру және оларды пайдалану  процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түседі.

 Бюджеттi  жоспарлау принциптерiне келесілерді  жатқызамыз:

1) сабақтастық принципi - бюджеттi алдыңғы кезеңде негiзге алынған орта мерзiмдi фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;

2) басымдық принципi - бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;

3) негiздiлiк принципi - бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгi бюджеттi жоспарлаудың негiзгi принциптерi болып табылады.

Алдағы  үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау процесі  келесідей сипатта болады:

1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш  жылдық кезеңге арналған салық-бюджет  саясатын, соның iшiнде: 

    • мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;
    • бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
    • бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
    • республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
    • бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
    • мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
    • ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.

2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың  немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары  негiзiнде, өткен қаржы жылы  бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық  саясат, мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен  қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын  талдау мен бағалау ескерiле  отырып, оның негiзгi бағыттары жыл  сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге  әзiрленедi.

Тиiстi қаржы  жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.

 

 

 

 

 

2 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

 

2.1 Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2007-2010 жж. орындалуы

 

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен  және пайдаланумен байланысты болып  келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Кірістер  мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі  бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың  және шығыстарды жұмсаудың қолайлы  нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Бюджет кірістерінің негізгі көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік  бюджеті кірістерінің құрамы салық  төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен  және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы  салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:

1) кiрiстер: /1/

    • салықтық түсiмдер;
    • салықтық емес түсiмдер;
    • негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
    • ресми трансферттер түсiмдерi;

2) шығындар;

3) операциялық  сальдо;

4) таза бюджеттiк  кредит беру:

    • бюджеттiк кредиттер;
    • бюджеттiк кредиттердi өтеу;

5) қаржы активтерiмен  жасалатын операциялар бойынша  сальдо:

    • қаржы активтерiн сатып алу;
    • мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;

6) бюджет  тапшылығы (профицитi);

7) бюджет  тапшылығын қаржыландыру (профицитiн  пайдалану):

    • қарыздар түсiмi;
    • қарыздарды өтеу;
    • бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджет кiрiстерi салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз  негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта  болмайтын және мемлекеттiң қаржы  активтерiн сатуға байланысты емес, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының  басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады. Салықтық түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден тұрады.

Информация о работе Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі