Алтын Орда

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 09:29, реферат

Описание работы

Ордада төртеуінен басқа ешкім жоқ еді. Төрде Батуханның немересі Тоғырылшадан туған Өзбек пен Өзбекпен бес атадан қосылатын Тамғамның баласы Құтлық Темір әмір отырған. Өзбектің оң жағында Орда иесі Алтын Орда ханы Тоқтайдың үлкен ұлы Елбасмыш, ал ҚұтлықТемірден сол төмендеу, оның сол жағына, бас әмірші Қадақ орналасқан.
Осы, Тышқан, яғни 1312 жылы Алтын Орда ханы Тоқтай дүние салған. Сонау Өргеніштен Өзбек пен Құтлық Темір көңіл айта келген. Өзбек ол кезде, қазіргідей толықпаған, сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт еді. Әдемі қоңырқай даусымен оқып отырған жаңа үйренген құранын аяқтай бергенінде ол кенет Құтлық Темірдің оқыс қозғалғанын көзі шалып қалды.

Работа содержит 1 файл

Алтын Орда - 1.docx

— 66.99 Кб (Скачать)

            «Өліп кетсем, ең соңғы көрерім  Ажарым болсын» дегені еді,  бұл ғашық жігіттің.

            Қалың жұрт аланның бір жағына  ойысты. Халықтың алдына қайың  садағын ұстап Әділкерей шықты.  Ханның рұқсатыменен Ерке Құлан  шауып өтер алаңның кұбыла  жағына жендеттер қол-аяғы байлаулы  Ажарды апарып қойды. Ерке Кұланның  арқандарын шешті. Оған жаны  ашыған бір замандас жауынгері  әйгілі жүйрік ақ боз сәйгүлігін  берді. 

            - Жолың болсын,- деді жігіт.- Егер  аман құтылсан, осы жүйрігім саған  тартқан сыйлығым де-..

            - Күнәкар мерген алдынан жүз  кадамдай жерден шауып өтсін!-деді  хан. 

            Дәйекшілер барып ат шауып  өтетін жерді белгіледі. 

            - Ал кірісіңдер!-деді хан. 

            Ерке Құлан жолдасы берген  ақ боз атқа мінді. Ол алаңның  теріскей жағына бір шақырымдай  жерге барып, кейін бұрылды. 

            Дәйекшінің «ал шап!» деген  белгісі етіп, басындағы бөркін  алып, төмен қарай сермегенін  көріп, Ерке Кұлан сәйгүлігін  тебініп қалды. 

            Аузыменен құс тістейтін әйгілі  жүйрік, шу дегеннен-ақ арқырай  ырғи жөнелді. Ат жер бауырлап, зымырай ұшқан ақ тұйғын құс  тәрізді, тек ағараңдаған бейнесі  ғана көрінеді, көз ілігер емес. Ат жалын кұша, жұлдыздай аққан  жігіт топ алдынан өте бергенде, түкті қабағын сәл шытынатты  да, Әділкерей, сегіз қырлы жебелі  қайың садағын шірене тартып  қалды. 

Жұрт жарды  ұрған толқындай, тағы «уа!» деп  дүңк етті.

            Әлдекім: 

            - Тиді!-деп айқайлап жіберді. 

            Бірақ жігіт құламады. Сол шапқан  қалпымен сүйген жарының жанына  барып, еңкейіп бетінен бір  сүйді де, кейін бұрылды. Қайтадан  бұрынғы шабатын жеріне барып  тұрды. «Мен мұндалап!» шапқан  ақбоз ат Әділкерейдін көңілін  атқа аударып жіберіп, жебе  бұл жолы жігітке емес, ердің  алдыңғы қасына тиген еді. 

            Дәйекші «шап!» деген тағы белгі  берді. Ерке Құлан тағы жұлдыздай  аға жөнелді. Әділкерей тағы  шірене садағын тартты. Бірақ  ағараңдаған ақбоз ат тағы  оның көңілін өзіне аударып  әкетті. Жебе бұл жолы енді  ердің соңғы қасына барып сарт  етті. Жігіт шапқан бойы тағы  сүйген жарының бетінен бір  сүйіп кейін оралды. Тағы шабатын  жеріне барып тұрды. Жұрт «Не  болар екен?» деп демін ішіне  тартып тына қалған. Алғашқы жебе  ердің алдыңғы қасына, екінші  жебе ердің соңғы қасына тиді  ғой, енді үшінші жебенін ердің  екі қасының ортасында отырған  жігітке барып, қадалатынына ешкім  де күмәнданған жоқ. Хан да  бұған сенді. Әділкерей өзінің  мергендігін көрсеткісі келгендей  мұны әдейі істеп тұрған тәрізді.  Үшінші рет атуға келгенде, ол  ықшамдала түсті. Енді ақбоз  атқа емес, көзін құндыз бөрікті  жігітке тікті. Және бұл жолы  қорам-сасынан ең өткір ұшты  көкқұтанның қауырсыны байланған  жебесін алды. Бұрынғысынан да  бетер қабағын түйіп, садақ  тартар жерін мөлшерлеп, үзенгісінен  шірене көтеріліп, дайындала түсті. 

            Дәйекші «ал шап!» деп белгі  берді. Ерке Құлан тебініп қалды.  Ақбоз ат көктен сорғалаған  жұлдыздай құйқыл-жытып аға женелді.  Көзді ашып-жұмғанша топ алдына  жетіп қалды. Әділкерей жігітттің  басын көздеп, сәл алға қарай  қозғалып, садағын шірене тарта  берді. 

            Дәл сол сәтте аш түлкінің  тырнағына іліккен бейбақ құстай, қайғы, зарға, өкініш, арманға  толы ащы дауыс шар етті  де, бар әлемді сұмдық үнге  толтыра боздай жөнелді. Дауыс  сондай қасіретті, ашулы шықты,  құлаққа жеткен сәтте естіген  кісінің жүрегі жарылғалы тұрғандай,  өн бойы шымырлап кетті. Зәбірлі,  қайғылы дауыс бүкіл әлемді, аспан-көкті,  адамзат біткенді қарғап жатқандай  жұрттың үрейін ұшырды. Көзін  жасқа толтырды. Тамырында ыза,  кек қанын ойнатты,- Бұл сарнаған, боздаған, құдайға жалбарынған Ажар  еді. 

            Көз жасына булыға шыққан қанжардың  жүзіндей өткір, асқақтаған ащы  дауыс заматта бүкіл дүниені  алып кетті. 

            Тасты балқытып, теңізді тулатып  жіберердей боп шыққан жалынышты  ән тындап тұрған жұрттың үстінен  сойылмен ұрғылап жатқандай ешкімиің  басын көтертпеді. Ән бітіп, естерін  жинап жұрт енді алаңға қарағанда,  ак боз атты жігіт те, қол-аяғы  қыл арқанмен байлаулы жас  әйел де көздеріне көрінбеді.  Тек алыста, сағыммен ойнап шауып  бара жатқан ақ боз атты  жігіттің алдына өңгерілген әйелдің ақ жаулығы ғана ағараңдай елестеді.

            Садағын тарта берген Әділкерей  Ажардың алғашқы шар ете қалған  үні шықканда селк еткен. Садағы  сәл қозғалып кетіп, дәл алған  нысанасына - алдынан өтіп бара  жатқан жігітке тигізе алмай  қалған. Ал Ерке Құлан сол шапқан  бетінде жолында отырған Ажарын  жерден көтеріп алып, алдына өңгеріп  әрі қарай шаба берген.

            Жаңа ғана есін жиған Әділкерей: 

            - Қап- деп айқайлап жіберді. 

            Астындағы атын тастай беріп,  анандай жерде бала жігіт ұстап  тұрған, атақты күрең қасқасына  мінбек боп, жүгіре жөнелді.  Ақбоз атты күрең қасқадан  бөтен жылқы қуып жете алмайтыны  оған аян еді. 

            - Тоқтатыңдар!- деді Өзбек хан  зекіп.- Алланың жазмышы солай  болған екен, енді оны сұлтан  бұза алмайды! Қумасын, күнәкарлар  кете берсін!

            - Дұрыс-деді тағы халық шаттана  күндей күркіреп.

            Бір нөкер күрең қасқаға мініп  жатқан Әділкерейге қарай шаба  жөнелді. 

            Ал Ерке Кұлан мен Ажар сол  кеткен беттерінен қайта бұрылмады.  Тек он жыл өткен сон барып  туған өлкелерін көрді. 

            Ал осы екеуінін тағдыры шешілген  оқиға болған күнне ертеңіне  хан сарайының алдына, Өзбек хан  күтіп қалған, үш керуеннің басы  келіп тоқтады. 

 

            Хорезм.

            Алтын Орда мәдениетінде, әдет-дәстүрінде, саяси өмірінде Хорезмнін орны  бөлек. Дешті Кыпшакқа Хорезм  әсері әсіресе Өзбек хан тұсында  қатты тиген. Бұдан әрине, Алтын  Орда мәдеииеті, әдет-ғұрпы Хорезм  ықпалында ғана болды деген  ой тумаса керек-ті. Көшпенділердін  бұл мемлекеті өзінін өркендеуінде  көп енегені Алтын Орда жеңген  жұрттардан және көршілес Фарсы,  Рум тәрізді мәдениетті елдерден  алған. Солардың ыкпалымен өзіне  тән, тек Алтын Ордаға ғана  тән, мәдениет, өнер, ғұрып құра  білген. Күмбезді мешіт, әшекейлі  сарай, қалалар салған.

             Әйтсе де, Алтын Ордаға әсіресе  Қырым мен Хорезм мәдени үлгілері  әсер еткен. 

Қырым мәдениеті  ежелден Рум, Бағдат, Мысыр, Шамдармен  байланысты болса, Хорезм өнер табысы атам заманнан Қытай, Үнді, Иран, Мәуреннахрмен  ұштасып жаткан. Онын үстіне Хорезмнің  өзінін анайы көне мәдениетін алатын болсақ, бұл өлкенің ежелден келе жатқан мәдениет ошағы екені де белгілі.

            Демек өзгеден көрі Хорезмнін.  Алтын Орданың арнайы мәденнетінің  тууына ерекше әсері тиген.  Рас, Сарай-Бату, әсіресе Сарай-Берке  шаһарын Румнан, Кавказдан, Мысырдан, Русь жерінен келген шеберлер  тұрғызған. Бірақ шаһардың сырт  бейнесін Өргеніштен келген ғалымдар, шеберлер, суреткерлер даралаған. 

            Өзбек кезінде Алтын Орда астанасы  Сарай-Беркеге мүлдем көшкен болатын.  Ал бұл жаңа астананын өркендеуіне  хан ерекше еңбек сіңірген. Беркеге  еліктеп ол жаңадан хан сарайларын, мешіт, медресе, керуен рабаттарын  тұрғыздырған. Бұлардың бәрінің  үлгісі сырт әшекейлері, бәрі-бәрі  Өргеніш шаһарыныкіндей болатын.  Мәдинедеті атақты Түребекханумның  мазарханасының ғажайып бояу-өрнектері,  әйгілі мешіттерінің көгілдір  күмбез үлгілері Сарай-Беркеге  әкелін-ген. Сондай-ақ, Сарай-Беркедегі  мешіт, медресе, ханакаларында  Хорезмнен келген көптеген діни  адамдар, ғалымдар, мемлекет қайраткерлері  енбек ететін. Мысалы, Өзбек хан  кезіндегі Азақ-Тана қаласының  әмірі Мухаммед хожа Әл-Хорезми  осы Хорезмде туған. Бұлар Алтын  Орда мен Хорезмиід арасындағы  байланыстың күшейе түсуіне көп  жәрдемін тигізген. Сондай-ақ Алтын  Орда бекзадалары да Сарай-Беркедегі  Хорезм діни адамдарыньің шеберхана,  медресе, хаиакаларына да жиі  баратын. Ұзақ отырып әңгімелесетін,  дүниенің қызық-қызық оқиғаларын  еститін. Осындай ханаканың бірі, Өзбек ханның өзінің де кеп  баратын орны - Номадан әл-Хорезми  шейхтың ханакасы болатын. 

            Алтын Орда мен Хорезмнің арасының  жақындауына Өзбек ханның Хорезмдегі  найбы Құтлық Темір әмір көп  еңбек сіңірген. Бұл аузынан жалыны  атқан атақты әмір Өзбек ханға  Алтын Орда тағына отыруына  ғана жәрдемдесіп қоймаған. Соңынан,  бұл тақтан дәмесі бар Шыңғыстың  бөтен ұрпақтарының таласында,  он екі әмір, сүлтандардың көздерін  бірден жойып, Өзбектің саяси  күресінің нәтижелі болуына көп  жәр-демдескен. Бұл ханның мұсылман  дінін өзінін, саяси бағыты етуіне  де осы Құтлық Темір себепкер  еді. Шыңғыс хан шабуылынан  көп кешікпейақ шаруашылығы, мәдениеті  қайтадан өркендей алған Хорезмнің  әмірі осы Құтлық-Темір, соңынан  да Өзбектің ең мықты арқа  сүйенері болган. Құтлық Темір  Алтын Ордаға тек шаруашылық, не әскери жәрдемін ғана беріп  қойған жоқ, ол бұл хандықтың  дәрежесінін шарықтауына да аянбай  көмектесті. Хорезмде пайда болған  рухани табыстардың, өнер-білім  жаңалықтарын, әдеби, көркемөнер  туындыларын бәрін-бәрін Алтын  Ордаға үнемі жеткізіп тұра-ды. Ал Құтлық Темір тәрізді өзі  хат танымайтын адамның, тіпті  кейбір көзі ашық, оқығап кісінің  қолынан келмес мұндай көрегендігі,  шынында да таң қаларлық іс  еді. 

            Осындай кен, толғайтын қасиеті  үшін Өзбек хан да оны шын  жақсы көретін. Өзінің ең сенер  серігі санайтын. Әр жылда Құтлық  Темірдің хан Ордасына келуін  аңсап күтіп отыратын. Өзі келе  алмаған жылдары, одан арнаулы  кісі арқылы жолдаған хат-хабарларын  күтетін. 

            Былтырдан бері осы Құтлық  Темір ауруға шалдығып, Өзбекпен  жүзбе-жүз кездесе алмай қойған. Және Өзбек сонғы кезде «Хорезмде жұрт бұрынғысындай тыныш емес екен, Құтлық Темір әмірге қарсы адамдар пайда болыпты» деген қауесет-хабар да естіген. Бұған бірақ хан бәлендей мән де бере қоймаған. Өйткені Құтлық Темірдің сарайы манында ондай қырғи-қабақтық, алауыздык туа қалған болса, Құтлық Темірдің оны шу шығартпай дереу баса алатынына шек келтірмеген. Оған әмірдің ақылы да, айласы да жетеді деп ойлаған. Дегенмен де, алыстағы Хорезмнен «қандай хабар келеді?» деп Өзбек көптен бері сол жаққа қарай құлағын тоса, алаңдай беретін. Әрине, хабар деген күн ара келмесе де араға ай салып жетіп жататын. Бірақ хабардың да хабары бар ғой, және оны жеткізетін адам қандай жан? Көреген, істің түпкі мән-жайын терең түсінетін адам болса бір сәрі. Ал құр шабармандардан, болып жатқан оқиғалардың мән-жайын тек сырт түсінетін тайыз кісілердің әкелген хабарларынан жөнді тұжырым істей де алмайсың. Хат сөзінің бәрін бірдей шындыққа жору да қиын. Сол себептен осы келе жатқан керуендер арқылы жететін хабарды Өзбек асыға күткен. Өйткені бұл хабарларды әкелетін керуен басы Жақып өте қырағы көз, адал кісі... Бұның хабарының дәл және толық болатынына Өзбектің күмәні жоқ еді.

            Алтын Орда ханының бұл керуенді  асыға күтетін тағы бір себебі  бар еді. Ол себеп өз басымен  байланысты болатын. 

            Өзбек Алтын Орда тағына отырғаннан  кейін Өргенішке барған. Ел аралап, аң аулаға, сан түрлі қызыққа  батқан. Әлі, бозбалашылығы басылмаған  шағы, Жейхұн-Дарияның жағасынан  жолбарыс атып келе жатып, жолай  бергі беттегі бір қаңлы руының  аулына қонған. Түнде ауыл ақсақалының  бой жетіп отырған бір керемет  ажарлы қызының қойнына барған. Қыз қанша ақылды, ұстамды болғанымен, бүкіл Алтын Орданың билеушісі,  қылышынан қан тамған және  қыз қызығарлықтай келбетті, адуынды  ханның тілегіне қарсы шыға  алмаған, дегеніне көнген. Қыз  сымбатына, қылығына риза болған  бозбала хан, көп кешікпей кұда  түсіп, бикешті тоқалдыққа алуға  уәделескен. Бірақ дүрбелен заман,  жаңа ғана таққа отырған хан,  Алтын Орда тәрізді ұлы хандықтың  толып жатқан талас-тартыс, қауырт  жорық, шаруаларынан қолы боса-май  қызға берген уәдесін ұмытып  кеткен. Ал бикеш ханның сол  бір күнгі түнегінен екі қабат  болып қалған. Бірақ Өзбектің  ешкім зорламай өзі айтқан  уәдесіне сеніп, құда түсуге  кісілер әне келеді, міне келеді  деп жүре берген. Қыз шыдағанмен, уақыт шыдамады, бір күні іші  томпайып шыға келген. Бұны алдыменен  жеңгелері, сосын шешесі, ақыры  барып әкесі білген. Бір ауылды  билеп отырған қатігез әке  жанындай жақсы көрген жалғыз  қызының мұндай күйге жеткепіне  жа-ман қорланған, ашу да шақырған. Бірақ бала деген іштен шыққан  шұбар жылан емес пе, көзін құрта қоюға қимай, қызын нағашысының ауылына апарттырып тастаған. Қыз нағашысынын ауылына барғаннан кейін үш ай өтпей, үш күн толғатып ақ сазандай ұл тапқан. Нәрестенің хан ұрпағы екенін естіген нағашы елі баланы өлтіртіп тастауға батылдары бармаған. Және қимаған. Оның үстіне баладан айырылуға анасы да көнбеген. У ішсең, аяғына дейін іш дегендей, бишара ана, іштей шыққан нәрестесі үшін қандай қорлық болса да көнуге бел буған. Амал жоқ, нағашылары, өзгелердің табалағанына, күлкісіне қарамай, жиен қыздарыма отау тігіп, оны баласыменен жеке шаңырақ етіп бөлек шығарған. Байсыз бала тапқан қыз өзінің сұлулығына, сымбаттылығына және бұған үйленгісі келген талай кісілердің табылғанына қарамай, жалғыз баласын бағып, ешкімге ерге шықпай отырып қалған. Енді оның өмірдегі бар қуанышы қызығы осы жас нәрестесі болған. Баласы да анасын жанындай жақсы көріп, өсіп келе жатқан. Дүниенің бар қорлығын, жұрттың күлкі, сықағын, табасын анасы баласына деген махаббатына женгізіп, бұлардың күндері осылай біркелкі өте берген.

            Өзбек бұл оқиғаның бәрін үш  жыл өткен сон барып білген. Өзінін уәдесін ұмытып кеткеніне  жаман өкінген. Ал балалы әйелді  алуға Алтын Орда ханы өзіне  лайық көрмеген. Сол себептен  хан болған оқиғаны тегіс айтып,  әйел мен балаға көз қырын  салып жүруді Кұтлық Темірге  тапсырған. Соңынан Өзбек өзі  баланы сыртынан барып көрген. Айнымаған өзі екен, түрі де  салмақтылығы да. Балаға әбден  көңілі толған әке, анасына  «бала ер жетісіменен өзімнің  ордама алдырып, оның дұрыс  адам болуына бас-көз болам»  деп тағы уәдесін берген. Әйел  бұл сөзге бәлендей сене қоймағанмен  де, жақсы сөз - жарым ырыс деп  ұғып хан уәдесін тілге тиек  етіп қала берген. Әйтсе де  содан бері Құтлық Темірдін  арқасында әйел мен бала жоқшылықсыз  өмір сүріп жатқан. Баланың жақсы  жігіт болып өсіп келе жатқанын  Өзбек сырттай біліп отыратын. Биыл күз сол баланы хан  өз ордасына алдырмақшы ойда  еді. Бұны бала мен анасына  да хабарландырған. Сөйтіп жүргенінде  жақында сол баланын кенет  қайтыс болғанын естіген. Неге? Қалай?- Өзбек анығын білмеген. Бала  деген кімнің қолында өссе  соныкі. Өзінен алыс жүргендіктен  бұл ұлының өлімі оған бәлендей  батқан жоқ. Сөйтсе де, Өзбек  бұрын осы баласын Ордасына  алып, ел билеуге жарап қалған  үлкен ұлдары Жәнібегі мен  Тыныбегіне көмекші жігіт етемін  деп ойлайтын-ды. Міне, сол үмітінің  күйрегеніне күйінді. Және бұл  баласының өзіне тым ұқсас  екендігіне көзі жеткеннен кейін,  бұдан түбі ел басқаратын үлкен  адам шығып қалар да деген  сенімнен де ада емес еді.  Сөйткен ұлы, ер жетіп қалған  кезінде белгісіз жағдайда қайтыс  болды. Өзбек енді оны ертерек  өз ордасына алмағанына өкінді. Демек, ол қандай жағдайда қайтыс болды, анығын білгісі келді. Құтлык Темірдін «сырқаттан дүнне салды» деген хатына, неліктен екенін өзі де білмейді, сене қоймаған. Сол себептен Хорезмдегі Жақыпқа «бар жағдайды біліп кел» деп құпия кісі салған. Ордасына қайтып кетпей, керуенді күтіп қалуы да осыдан еді.

Информация о работе Алтын Орда