Алтын Орда

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 09:29, реферат

Описание работы

Ордада төртеуінен басқа ешкім жоқ еді. Төрде Батуханның немересі Тоғырылшадан туған Өзбек пен Өзбекпен бес атадан қосылатын Тамғамның баласы Құтлық Темір әмір отырған. Өзбектің оң жағында Орда иесі Алтын Орда ханы Тоқтайдың үлкен ұлы Елбасмыш, ал ҚұтлықТемірден сол төмендеу, оның сол жағына, бас әмірші Қадақ орналасқан.
Осы, Тышқан, яғни 1312 жылы Алтын Орда ханы Тоқтай дүние салған. Сонау Өргеніштен Өзбек пен Құтлық Темір көңіл айта келген. Өзбек ол кезде, қазіргідей толықпаған, сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт еді. Әдемі қоңырқай даусымен оқып отырған жаңа үйренген құранын аяқтай бергенінде ол кенет Құтлық Темірдің оқыс қозғалғанын көзі шалып қалды.

Работа содержит 1 файл

Алтын Орда - 1.docx

— 66.99 Кб (Скачать)

Қорасанның  кіндігі қазір Герат... Әзір бұнда  Жағатай ұрпақтары. Түбі Ауғанстанда  жеке мемлекет болатын түрі бар. Ал Кавказ, Арран, Иран, Ирак, Сирия, бәрі өз беттеріне кеткен. Бұның бәрін  бір Алтын Орданың қарамағына кіргізу үшін, әрине бір өмір жеткіліксіз.

            Жоқ, менің мұным күпірлік болар.  Құдай мені осы жасыма дейін  сан қауіптен құтқарып келді  ғой. Алпысыма жетпей әзімді  кәрі санасам, оған аллатағала  айыпты ма?--Жоқ, өзім айыптымын,  ұлан-асыр айқасты, осы Алтын  Орданы күшейтем деп басымнан  өткен қиын-қиын кезеңді күндер  айыпты. Әйтседе арманымның біразына  жеткен тәріздімін. Әлі де Алтын  Орданы күшейте түссем деймін. Ол үшін бүкіл әлемді жаулап  алудың еш қажеті жоқ. Алтын  Орданың қолынан ондай іс келмейді  де. Бұны күшейтетін жалғыз ғана  жол бар. Ол жол Жібек жолына  мүлдем өзім ие болу. Осы жол  арқылы Мысырмен тікелей байланыс  жасап мұсылмандар мемлекеттері  қауымдасып. Кара теңіз, Азақ, Жерорта  теңіздерінің бойына ісләм діні-нің  үстемдігін жүргізу керек. Ол  үшін ең алдымен Иран мемлекетін  өзіңе бағындыру қажет...

            Бұл кезде таң әбден атып, күн  шыға бастады. 

            Дүние шіркін қандай тамаша  еді. Әттең, әттең осының бәрі  ертең сенің соңында қалады. Қөзіңді  жұмған күні бәрі де ғайып  болады.

            Беу, адамзат, неге осыншама  бишара боп жаратылғансың! 

            Дүниеге келген аз жасыңда  алысасың, күресесің, біреуді сен  өлтіресің, біреу сені өлтіреді, біріңе-бірің қасқыр сынды жармасасың, ал соның бәрі көзіңді жұмған  күні бір мезеттей болмайды, бәрі  қаран қалады.

            Сонда сенің дүниеге келгеніңнен  қандай маңыз бар? Бар болғаны  аз уақыт жер басып, өмір  сүріп өтуіңде ғана ма?

            Иә сонда. Тек сонда! 

            Өзбек құлаш бойы кетеріліп  қалған күнге қарады.

            Дегенмен қандай керемет! Әлем  бұрынғысынан да сән-дене түскен. Дүниені тек көкпеңбек аспан  мен күн көзінің алтын нұры  билеген. Бар әлемді осы екі  бояу ғана құшағына алып әлдилеп  жатқандай. 

            Өзбек тағы күрсінді.

            Осының бәрін ертең қалай қиып  кетерсің!

            Қандай ауыр! Қандай ауыр қайғы! 

            Егер хан болмасаң, жұрттың тағдырын  шешетін хан болмасаң, мынандай  қайғыменен бұл дүниеде бір  күн өмір сүрудің еш кажеті  жоқ деп білер еді Өзбек  хан. 

            Өзгенің тағдырын шешу қандай  бақыт! 

            Өзбек хан енді өзін шын  бақытты адам санады.

            Өзгелердің тағдырларын шешу  үшін өмір сүруге болады, әлі  де өмір сүреді.

            Жоқ, Өзбек хан өмір сүреді. Тек өзгелер өмір сүрмейді. Кімде-кім  Өзбек ханға қарсы келсе, кімде-кім  Өзбек хан ұстаған ісләм жолынан  бұрыс кетсе, солар өмір сүруге  тиісті емес!

            Сол себептен бүгін хан мен  имам алдына әкелгелі тұрған  Ажар мен Ерке Құлан да өмір  сүрмеулері керек. 

            Өзбек хан дереу Ордасына қарай  аяңдады. Опасыз дүниенің өткіншек  ойларына берілемін деп таңғы  намазын өткізіп алғанын білді  ол. Хан Ордадан шыққаннан бері, таудың төбесін коршай, жатқан  сиырлардың мүйіздеріндей, найзалары  шошайып-шошайып тұрған күзетшілері  де ханнын соңынан ере жөнелді. 

 

            Жаңадан салынған мешіт алдындағы  кең аланда иін тірескен жұрт. Бүгін шариғатты бүзған екі  бұзық жасқа - марқұм Жәдігер  Сұлтанның тоқалы Ажар мен  Жәдігердің кенжесі Ерке Құланға  үкім айтылмақ. Мұхаммед пайғамбардың  үмбетіне ылайық емес кылмыс  істегендері үшін екі қыршын  жас өлтірілмек. Сол үшін бұл  араға анау ұзын дар орнатылған. Сол үшін анау ұзын мұртты  жаналғыш екі білегін сыбанып  үкімді күтіп тұр. Ол дар  арқандары мықты ма екен дегендей  ілмешегінен үстап төмен қарай  тартып-тартып қояды. Содан кейін  «күнәкарлардың бастары сияр  ма екен?» дегендей бір мезет  қос ілмешектердің ішіие қолын  кіргізін өзі ғана білетін  бірдемелерді өлшегендей болады.

            Мешіт алдындағы сәкі үстіне  қойылған алтын тақта Алтын  Орда билеушісі Өзбек ханның  өзі отыр. Он. жағында ақылшы, нөкерлері,  сол жағында Қырым имамы бастаған  ишан, молда, кори, муриттер. Имам  ұзын бойлы көгілдір көзді,  ат жақты қарасур адам. Фарсы  шейхтеріне ұқсайды. Түтаса шыққан  сақалын біркелкі етіп дөңгелете  күзеген. Тұр, келбеті ақылды, бірақ өте қатігез кісі екенін  көрсетеді. 

            Бұлардың алдарында қол-аяқтары  қыл арканмен бай-лаулы, дізерлеп  Ажар мен Ерке Құлан отыр. Қалдерінің  қиындыктарына қарамай екеуінің  жүзінде абыржығандық, қорыққандық  белгі жоқ. Керісінше, махаббат  жан-тәндерін елжірете көздеріне  бір орасан шұғыла ұялатқандай.  Жүздерінде де ғажайып бір  қуаныштың сәулелері ойнап тұрғандай.  Осыдан кеп болса бір бие  сауымындай уақыт еткен кезде  дарға асылғалы тұрған бүл  екі жастың, өзде-рін осылай өлімнен  каннен-каперсіз ұстап отырғандарына  жүрт аң-таң. Екі жастың қылығына  Алтын Орда ханы да қайран  қалуда. Бұлары қалай, дейді ол  ішінен, қазір өлетіндерін біледі  ғой бұл екеуі де, сөйте тұрып... Әлде махаббат бұларға өлімнен  де қорықпайтын құдірет беріп тұр ма? Не болмаса өмірден осылай бірін-бірі сүйіп өткенін бұл екеуінін. жоғары санаған тұрлері ме? Егер шын сондай жастар болса, бұлар қандай бақытты жастар!.. Расында да бұл фәни тіршіліктің қәдірі ұзақ-қысқалығында ма, ойлаған арманыңа жетуде де ғой... Иә, сонда. Бұларға қазір емірлерінің ұзақ-қысқалығы емес, екеуінің бірге, бір молада өлуі қымбат... Ал мен болсам, бүкіл Алтын Орданы билеп тұрған хан бола тұрып, осылардың бақытындай, ажалға кеудемді аша ұмтылатын бақытқа жете алмай өтіп барамын. Сонда қайсымыз бақыттымыз? Махаббаттары үшін өлгелі тұрған мына екеуі ме, әлде осылардың махаббатындай дүниеден шын махаббат кермей өткелі тұрған жарты әлемнің билеушісі мен, Өзбек хан ба?

            Алтын Орда ханының құлағына  бас уәзірдің:

            - Бәрі дайын, алдияр хан,-деген  сөз естілді. 

            Өзбек «хош, бастаңдар!» дегендей  ишарат көрсетіп басын изеді.  Бірақ ой шумағын үзбеді, қайтадан  беріле түсті. «Басынан өткен  куаныш адамды жасартады, өміріңді  ұзартады, ал жаныңа батқан қасірет  жаныңды қартайтады, тіршілігіңді  қысқартады» дейді бір арабтың  ақылды кітабында. Ал мен жаралғалы  үнемі қызық көріп келемін  (езгелердің өлгенін, басқалардын  қасіреттерін өзіне Өзбек қайғы  санаған емес). Қалаған қызымды  құштым, жек кер-ген адамдарымды  өлтірдім, жауымды қырдым, сұңқар  салып - түлкі алдым, жорға мініп  жүрттың алдында жүрдім. Жиырма  бесіме жете алтын таққа отырдым,  халыққа билік еттім, сан түрлі  жеңіске жеттім. Рас, жауымнан  жеңілген кездерім де болды,  бірақ ол жеңілуімнің артынан  жеңуім келді. Қысқасы, өмірімде  қайғымнан, қасіретімнен - бақытты,  қуанышты күндерім көп болды.  Соған қарамай, мен неге ерте  қартайдым? Алпысқа жетпей жатып,  сексендегі шалдаймын. Жоқ, денем  кәрі емес, көңілім кәрі... Бұл  неліктен? Әлі де менің көрген  куаныштарым жаныма канат беретін  шын қуаныштар емес пе еді? 

            Өзбек ханның құлағына имам  сөзі еміс-еміс естілді. 

            - ...Міне сол себептен де,- деді  ұзын бойлы, айбарлы түсті имам,- Мұхаммед пайғамбардың шариғат  жолын бұзған Ажар мен Ерке  Құлан фанилер, өзге ұрпаққа  үлгі болу үшін өлім жазасына  бұйырылып дарға асылсын, Мұсылман  қауымының осы әділетгі үкімін, алдияр тақсыр, ханием, сіздің бекітуіңізді  сұраймыз.

            «Иә, иә, дұрыс үкім,- деді Өзбек  хан ішінен, кімде-кім шариғат  жолын бұзса, осылай аямай жазалануға  тиісті. Сонда ғана халық бұзылмайды, ісләм дінінің темір тегеурінінен  шықпайды». 

            Кенет Өзбек ханның есіне Хасан  ибн Саббах түсті. 

            Бұл ісләм дінінің бір тармағы  мүлит-ассасиндер одағының негізін  қалаушы, ақ сүйектер түқымынан  шыққан сахаба еді. Ісмаил Халифтың  жолын ұстаған бұл одақ, түрік-селжүктерден жеңілген Иран алпауыттары тоғызыншы ғасырда құрған діни қоғам болатын. Діннің негізі - бұл дүниенің қызығы жоқ, кімде-кім жауын өлтіріп о дүниеге барса сол жұмаққа кіреді деген. Бұл қоғамға кірген адам арақ-шарап ішпеген, жоқшылық өмірде өткен.

            Қастарын білдірмей барып бауыздап  не пышақтап өлтірген. Сол үшін  ол қандай жаза болса да  көтеруге көнген. Егер оған өлім  үкімі айтылса, ол қуана-куана  басын ұсынған, өйткені о дүниеде  жұмақта жүремін деген сенім  онын қимылының негізі болған. Бұл ұйымның басында тұрған  адамдардың әмірін жастары бұлжытпай  орындаған. Біреуді өлтір десе  өлтірген, ал өзің өл десе өлген.  Ондай жастарды фидай деп атаған. Осы фидайдың ішінен өзін өлімге  арнап, көсемі айтқан кісіні  аңдып жүріп өлтіруге дайын  адамдар мүлиттер  шыққан. Бұл  мүлиттер іеләм дініндегі парсылардың  зәреқұтын алған. Осындай бір  мүлиттің қолынан, Қавказдағы  Аламут бекінісін алатын жорығында,  шатырында ұйықтап жатқан жерінде  Шыңғыс ханның үшінші баласы  атақты Жағатайдың өзі өлген.  Қысқасы бұл ұйым, осы күнгі  Европаның зәреқұтын алып жүрген  террористер одақтары тәрізді  кісі өлтіргіш ұйым болған. Бұлардың  адам жете алмас тау басындағы  шатқал арасындағы бекіністерін  қиратып өздерін тегіс қырған  Шармаған ноян басқарған монғолдар. 

            Осы қоғамның негізін салушы  Хасан ибн Саббах сахаба соңына  ерген мүриттары, мүлиттері діни  жолын берік ұстау үшін өзгелерге  үлгі етіп туған екі баласын  өз қолыменен бауыздаған. Біреуін  үзеңгілес жолдасымды өлтірдің  деп, ал екіншісін жасырын шарап  ішкені үшін.

            «Ұстаған жолың, дінің үшін  күресер болсаң осы Хасан ибн  Саббахтай күресе ал,- деді Өзбек  хан ішінен,- сонда ғана жұртты  айтқаныңа көндіре аласың». 

            Бірақ хан ойын бір күжілдеген  дауыс бұзып жіберді. Бұл Әділкерей  сұлтан еді. 

            - Жоқ, бұл , үкімге мен қарсымын,- деді ол түнере сөйлеп.- Ана  қаншықта менің әмеңгерлік қақым  бар. Қырық жетісі баяғыда төленген. Қатынды адастырған Ерке Кұлан  дарға асылсын да, тоқал шариғат  заңы бойынша маған берілсін.

            Әділкерей сөзінен Өзбек хан  бар ойынан серпіле қалды. «Біз  Шынғыс ұрпағы үнемі осындаймыз. Туған інісінің баласын өлімге  қиып тұрса да, інісінің тоқалын  өзіне қалдырғысы келеді... Шіркін  нәпсі, қалай күшті жаралғансың?  Әлде мына сұлтан ана жас  келіншекті өлімнен алып қалып,  өзіне қарамағаны үшін бишараны  өмір бойы қорлап өтпек пе? Ал бұған жесірдің өзі қалай  карайды екен? Мүмкін тірі қалғанына  қуанар...» 

            Хан кенет Ажарға көз тастады. 

            - Естіп тұрсың ба қайынағаңның  сөзін,- деді Өзбек.- Таңдағаның болсын, тірі қалып, қайынағаң Әділкерей  сұлтанға тиесің, не мына күнәкар некесіз жарыңмен бірге дарға асыласың!

            Хан Ажар тоқалдың тірі қалуға  жармасатынына күмән келтірген  жоқ. 

            Бірақ Ажар:

            - Некемізді молда қимағанмен, өзіміз  қиғанбыз,- деді ол еш қаймықпай,- Ерке Құланға мәңгілік бірге  боламын деп ант еткенмін. Сол  антымды бұзбаймын. Және тірі  тұрғанымда мына қайынағама ерге  шықпаймын. Тек, тақсыр хан,  сізден жалғыз өтінішім бар.  Біз өлгеннен кейін, Ерке Құлан  мен екеуміздің денемізді бір  молаға көмдіріңіз. Бұл дүниеде  мәңгі бірге бола алмасақ та, о дүниеде бізді ешкім айыра  алмасын. 

            Бұл ханның да, жұрттың да күтпеген  сөзі еді. 

            - Жоқ, оған мен қарсымын,-деді  дүрліге дауыстап Әділкерей.- Бұл  тоқалдың жолы үлкен әмеңгері  жалғыз менмін, тоқал менікі. Өз  еркімен көнбейді екен, өзіме  беріңдер. Көнбей көрсін!

            - Ал ініңіздің баласьі Ерке  Құланды қайтесіз?-деді Өзбек  оған түксие қарап,-Мүмкін оны  да тірі қалдыруды тілейтін  шығарсыз?

            Әділкерей қүп-күрең боп кетті. 

            - Жоқ,- деді ол,- Ерке Кұлан шариғат  жолын бұзды. Өз әкесінің тоқалына  барды. Ол өлтірілуге тиісті. Және  мені мына тоқалға осыншама  қорлатқаны үшін, жалғыз інімнің  абыройын жерге таптағаны үшін, мына менің қолымнан өлуге  тиісті.

            Өзбек хан имамға бұрылдьі.

            - Әділкерей сұлтанның өтініші  шариғатқа сияды,- деді имам.

            Өзбек хан енді халыққа қарады. Бірде-бір адам имам сөзі дұрыс  деген ишарат білдірмеді. Кейбіреулері  хан жүзінен көздерін аударып  әкетті, ал басқа біреулері төмен  қарады.

            Өзбек мұндай қатты шешімді  халықтың жақтамай тұрғанын түсінді.  Ал Алтын Орда ханы халықтың  ұлы сыншы екенін жақсы білетін.  Ханның қазір шығарғалы тұрған  қатыгез шешімнің дұрыс емес  екенін бүгін бетіне айтпаса  да, ертең ол үрім бүтағынан  үрім бұтағына аныз етіп қалдыратынын  да ұмытқан жоқ. Жарты әлемді  билеп отырғанымен, кейде қарамағындағы  елдің уақ-түйек тілегімен санасудың  қажет екенін Өзбек кей жағдайда  есінен шығармайтын. Ал мұндай  ұлы ханға екі жастың тағдырынан  уақ қандай мәселе бар?-Шешім  өзінен-өзі келді. 

            - Жарайды, сіздің үкіміңіз де  орындалсын,- деді ол имамға қарап.- Ал сіздің де тілегіңіз берілсін - деді содан кейін Әділкерейге  бұрылып.- Бірақ өлім жазасы басқа  түрде орындалатын болсын. Әділкерей  сұлтанның алдынан күнәкар Ерке  Құлан атпен үш рет шауып  өтеді. Сұлтан садағымен жігітті  атады. Сол үш реттің бірінде  сұлтан күнәкарды өлтірсе әмеңгерлік  қақыменен Ажар тоқалды алады.  Сүйген адамының қаза болғанын  өз көзімен көрген Ажар тоқал,  жазмыштан мықты емес, Әділкерей  сұлтанға берілсін. Ерке Құланның  ажал тапқанына ол айыпты емес. Антын өзі емес, тағдыр бұзады. Ал егер Әділкерейдің үш рет атқанынан Ерке Құлан тірі калса...

            Жұрт демін ішінен алып тына  түсті. 

            - Иә, онда ше?-деді арт жақтағы  бір жас дауыс. 

            - Оның тірі қалуы тіпті мүмкін  емес,- деді тағы бір дауыс,- Әділкерейдің, құралайды көзінен тигізетін  асқан мерген екенін білмейсіңдер  ме, ол бір атқаннан-ақ Ерке  Құланды жайратады. 

            - Сонда да?-деді тағы бір дауыс,- Қақ тағала өзі араша түсіп,  Ерке Құлан тірі қалса, қандай  үкім болмақ?

            Жұрт жауап күтіп алға қарай  ынтыға қозғалды.

            - Онда ма?.. Онда.-.- Өзбек хан тағы  жұртқа парады,- Онда, аллатағаланың  жазмышынан күшті ештеңе жоқ.  Ерке Құлан тірі қалар болса,- хан ойланғандай сол кідірді.- Ажар мен Ерке Құлан ерлі-зайыпты  болып қосылсын - деді. Жұрт жарды  ұрған теңіз толқынындай дүңк  ете қалды. 

            - Дұрыс! 

            Бұл шешімге Әділкерей де, жұрт  та көнді. Тек Ерке Құлан  ғана бір өтініш айтты. 

            - Жетер үмітім санайын, көз  алдыма сүйген жарым Ажарды  тұрғызыңдар,- деді.

Информация о работе Алтын Орда