Алтын Орда

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 09:29, реферат

Описание работы

Ордада төртеуінен басқа ешкім жоқ еді. Төрде Батуханның немересі Тоғырылшадан туған Өзбек пен Өзбекпен бес атадан қосылатын Тамғамның баласы Құтлық Темір әмір отырған. Өзбектің оң жағында Орда иесі Алтын Орда ханы Тоқтайдың үлкен ұлы Елбасмыш, ал ҚұтлықТемірден сол төмендеу, оның сол жағына, бас әмірші Қадақ орналасқан.
Осы, Тышқан, яғни 1312 жылы Алтын Орда ханы Тоқтай дүние салған. Сонау Өргеніштен Өзбек пен Құтлық Темір көңіл айта келген. Өзбек ол кезде, қазіргідей толықпаған, сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт еді. Әдемі қоңырқай даусымен оқып отырған жаңа үйренген құранын аяқтай бергенінде ол кенет Құтлық Темірдің оқыс қозғалғанын көзі шалып қалды.

Работа содержит 1 файл

Алтын Орда - 1.docx

— 66.99 Кб (Скачать)

            Үлкен балалары Тыныбек пен  Жәнібектен бастап, Бердібек сынды  немерелеріне дейін мұсылман  діні рухында тәрбиелеген. Соларға  арнап медресе ашып, арабша оқыт-кан.  Бәріне бірдей құран сүрелерін  жаттатып, өздерін тегіс сүндеттірген. Он беске толғандарына бес  мәртебе намазы мен ораза ұстауын  міндеттеген. 

            Орда манайындағы бекзадалардан  да, нөкерлерінен де осыны талап  еткен. Қарамағындағы жұрттарына  да мұсылман дініне кіруді  бұйырған. Кімде-кім Мұхаммед пай-ғамбардың  ережелерін бұзса, ондай адамды  күнаһар деп өзінің жеке басының  жауы санаған. 

Сол үшін де мұсылман дінінің айқайшылары, жоқтаушылары имам, мұфти, кәри, мүриттер, мұсылман саудагерлері Өзбекті орасан дәріптеген, дәрежесінің  жоғарылай беруін тілеген.

            Осындай қошаметтердің арқасында  ол бүкіл Алтын Орда еліне  Мұхаммед пайғамбардың адал үмбеті  саналып, қадірі аса түскен.

            Ал ісләм дінінің Алтын Ордада  өркеюі - Дешті Қыпшақтағы монғол  бекзадаларының үстемдігінің, әдет-ғұрпының  кеңи түсуінің бір жолы еді.  Сонымен қатар көшпелі елдер  өмірінде дін мәселесі ежелден  екінші сатыда тұрғандықтан, монғолдардың  мемлекеттік және дәстүрлік заңдарының  әлсіреуі - ісләм дінінің жеңісі  болып саналды. 

            Сондықтан да ісләм діні Алтын  Орданың бас күшінің біріне  айналды. 

Дінмен бірге  Дешті Қыпшақ еліне осы дінді  мықтап ұстаған араб, фарсы елдерінің  ғұрпы, мәдениеті келді. Бұдан мың  жыл бұрын қыпшақ қауымының ата-бабалары жайлаған жазира даласына, ұшы-қиыры  жоқ байтақ өлкесіне, масағаттардың  әшекейлі қол өнеріне, көне қыпшақ-тың  тас мүсін - обатас, балбаларына, қошқар мүйіз, ортеке өрнектеріне, ісләм діні әкелген құраны, сәлдесі, тәспісмен  бірге араб, фарсы халықтарының шытырман әшекейлі кілемі, асыл қару-жарағы, дүние-мүліктеріне  қосыла «Мын бір түн», «Төрт дәруіш», «Зарқұм», «Сал-сал» тәрізді қисса, ертегі, аңызы жетті. Бұл кітаптардың  көбі діни тұрғыдан жазылғанмен жауынгершілік  пен мал бағуды ғана білген Қыпшактың  мылқау даласына келген жаңа өзгеріс, жаңа құбылыс еді. Бірақ Дешті Қыпшақ жұрты енді некесін қимай әйел алмайтын болды. Бала біткен сүндетке отырғызылатын салт қалыптасты.

            Исләм діні Дешті Қыпшаққа  өзінің медресе, мешітіменен бірге  Алтын Орданың жаңа қалаларына, күмбезді, минеретті жаңа бейнелерін  де ала келді. 

            Ал ісләм дінінің Дешті Қыпшақка  ең күшті шабуылы да және  ең мықты жеңісі де осы Өзбек  хан тұсында болды. 

            Сол себептен Алтын Орданың  шын мағынасында мұсылман мемлекеті  саналуы да осы Өзбек ханнан  басталды. Сондықтан да ол өзін  мұсылман ханы санаған, өзін  мұсылман елдерінің басына көтерген  діни жалауы керген.

            Ал кімде-кім осы өзі таңдаған  дін жолын бұзса, оған аянбай  жаза қолданған. 

            Өзбек ханды Қырымда ұстап  қалған тағы бір себеп, осындай  ісләм шариғатын бұзған бір  жас адамның кінәсын қарау  еді. 

            Мұхаммед пайғамбардың төрт шарының  бірі Оспан халиф жазған «Құран  түсінігінде»: «Ел билеуші адам  қандай мықты болмасын, өзі құран  ережелерін бұлжытпай орындауды  білмесе, ондай ел билеуші қарамағындағы  елдеріне құран ережелерін орындата  алмайды» деген. 

            Ал Өзбек хан құран ережелерін  бұлжытпай орындаған. Соның бірі  Мұхаммед пайғамбар дінінің рұхсатымен  некелі төрт қатын да алған. 

            Сол діни ережеге сәйкес гарем  салдырған. Оған некелі әйелдерінен  бөтен, аманат-құма жұбайларын  да ұстаган. 

            Бес мәртебе намазын бұзып  көрмеген. Намаз кезі келгенде, тіпті  жүргізіп жатқан ұрыстарын дә  тоқтатқан, 

            Наурыз туа, бар мұсылмандарша  бір ай оразасын ұстаған. 

Өзі діншіл Өзбек  хан, өзгелерден де дін шарттарын  бұлжытпай орындауды әрдайым  талап еткен. Осындай діни талапты  бұзған екі жас діншіл ханның Қырымға  келуіне тап болған.

Қазір екеуі  де зынданда жатқан.

            Бүгін солардың кінәсі анықталып,  үкім айтылмақ.

            Әрине, үкімді Алтын Орда ханы  Өзбек емес, шариғат қорғаны имам  айтады. Тек Алтын Орда ханы  сол үкімді дұрыс деп мақұлдауы  керек. 

            Дүниеде орындалса махаббаттан  асқан қуаныш, орын-далмаса одан  өткен қайғы жок,.

            Тоқ, Бұқаның ортаншьі баласы  Жәдігер сұлтан Ажарды тоқалдыққа  алар кезінде өзі қатты науқас  болып, ұрын баралмаған. Ал Ажар  он беске жаңа шыққан бой  жете бастаған уылжыған жас  өспірім қыз еді. Жас жанына  арман етер ләззат құмар пәк  сезімі әлі ояна қоймаған. Дү-ниеге  таңдана қараған құралайдың лағындай, әлі қайғы-қасіретті көрмеген  жаудыр көздерімен бар әлемге  шаттана, сене көз тастайтын.  Адам біткеннің бәрі оған кілең  парасатты, аяулы керінетін. Олардың  ішінде сенің нәзік сезіміңді  түсінбейтін қанды ауыз қасқыры, қабаған төбеті бар екенін білмейтін. Ал қызға сырттай қызығып құмар болып айттырған Жәдігер, тоқал-қалыңдығын алар кезде де қатты сырқат еді. Бірақ құмар көңіл маза бермей, өзінің сырқаттығына қарамай, қызды алып келуге кіші баласы Ерке Құланды бас етіп бір топ жігіттерді жіберген. Тоқ Бұқа балаларының кәрінен сескенген Тан бойын жайлағам құда жағы, қорланса да, амал жоқ, қыздарын келген жігіттерге қосып ұзатып жіберген. Бірақ дәм бұйырмаса ештеңе істей алмайсың, жігіттер қызды ақ отауға кіргізе бергендел аңсай күтіп жатқан Жәдігердің жүрегі кенет қабынып кетіп, ол дүние салған.

            Осылай, келін болып оң жақтағы  шымылдыққа кірген, бірақ, жар  төсегіне жатпаған Ажар, әйел  болмай жатып жесір болды. Қалың  малы төленген деп Тоқ Бұқа  тұқымдары оны еліне қайтарып  жібермеді. Енді амал жоқ, жас  қыз балаға жесір атанып қара  жамылуға тура келді. Әрине,  Сұлтанның асын бергенше жас  жесірге ешкім тимеді. Қара жамылған  күні бітіп, бірте-бірте есін  жиып, жаз шыға Ажар жанадан  түлеген қырдың қызыл түлкісіндей  бұлаңдап құлпырып шыға келді.  Бұл бұрынғы Ажар емес еді.  Бұрынғы ұяң тартқан жаудыр ..көздерінде  қазір ойнақ- 

шыған үміт бар. Бұрынғы тал шыбықтан бұралған нәзік  денесі де қазір жарысқа түсуге жаралған бедеудей ысылып сымбаттана қалған. Ажар ең алдыменен қайынағасы Әділкерейдің көзіне түсті. Мықын тұсы бұралып, аяғын  былқ-сылқ басқан жесір келіні, алпысқа  таяп қалған қайынағасының көзінің  жауын алды, ұйқысын бөлді. Қоламтадай сөнуге айналған көңіліне кенет шоқ  түсті. Мұсылман дінін-дегі Әділкерей, Қырым имамының алдына шариғат заңын  кесе-көлденең тартып, «әмеңгерлік» қақымен  інісінің тоқалын өзі иеленбек болды.

Имам, Әділкерей  жапқан кұндыз ішіктің жағасын бір  қолымен ақырын ғана сипай отырып, құран бетіне қарады.

шариғагын кабылдамайды. Тек өз шариғаты ғана оған заң. Міне осы ұлы дін- махаббат, ақыл-   - Иә,- деді ол,- Келініңді алуға шариғат  қосады. Некелеріңді қиюға мен  дайын. Тек келініңнің «жарайды»  деген сөзі керек. Құранның мына бір  сүресінде куйеуінің соңында  қалған мирасқорларынан кімді қалайтыны  жесірдің өз еркіне берілген. Келініңіз  бөтен қайындарының біреуіи тілемейтін болса, онда жол сіздікі...

            - Жоқ, оның менен бөтен ешкімді  тілеуге қақы жоқ,- деді сазара  қалған Әділкерей,- Жәдігердің жалғыз  ағасы менмін. Тоқ Бұқаның шаңырағында  менен үлкені жоқ. Әмеңгерлік  жолы менікі.

            - Жәдігердің бес інісі бар  емес пе?- дед қатыгездігімен бүкіл  Қырымға аян Әділкерейдің шымбайына  тиіп кетпейін деп абайлай  сөйлей имам.- Әрине, олар сіз  тұрғанда ағасынын жесірінен  үміттенбесе керекті...

            - Үмітттеніп көрсін!-деді қанын  ішіне тартып алған алпамсадай  Әділкерей.- Бірін қалдырмай өз қолыммен бауыздайын!

            Имам Әділкерейдің Ажарды тым  ұнатып қалғанын түсінді. Сөйтсе  де шариғат жолын бұза алмады.

            - Мен сізді өте құрметтеймін, сұлтан,- деді имам.- Бірақ, сізден  гөрі маған шариғат жолы қымбат. Бәріміз де пендеміз, аллатағаланың  хақ жолынан таюымызға хақымыз  жоқ. Сол себептен жесірдің  өзінен сұралық...

            - Ал егер ол көнбесе ше?- деді  әлдекеден сезіктенген Әділкерей. 

            - Неге көнбейді? Сіздей адамға...- Имам сәл күмілжіді.- Әлде күмәніңіз  бар ма?..

            Әділкерейдің шынында күмәні  де бар еді. Бірақ, ол имамға  бірден ақтарыла қалмады. 

            - Жарайды, кісіңізді жіберіңіз...- деді ол.

            Имам жіберген абыстайлар Ажарды  таба алмай келді. 

            Ал бұл кезде Қырымның қалың  бау-бақшасының арасында екі жас  отырды. Бірі Ажар еді де, екіншісі  Жәдігердің туған баласы - кенжесі  Ерке Құлан болатын. 

            Ерке Құлан ат жақты аққұба  келген сымбатты жігіт, биыл  жиырма беске шыққан. Махаббат  деген бір аққу құс қой. Онын  ұшар көгі, қонар көлі тек өз  жүрегінің соғуы. Осы жүрек  Ерке Құланнын да кеудесінде  өз бетінше соққан, өз бетінше  қуаныш тілеген. Ал Ерке Құланнын  сол жүрегі қалаған қуанышы  да, сол соққан жүректің тынысы  да тек Ажар еді. Махаббат  деген ұлы дін. Онын өз ережесі,  өз шарты бар. Ол бөтен діндердің  жолын,шарихатын қабылдамайды.Тек  өз шарихаты ғана оған заң.Міне  осы ұлы дін - махаббат,ақыл-сезімдері,лаулай  жанған екі жасты, өз заңына  өз шариғатына көндірген. Сол  себепті көптен бері ғашық  болған екі жас имам абыстайлар  жіберген күнгі түнде қалың  тоғай арасында кездескен. Бұлардың  екеуінің де жүректерінде, кеуделерінде  тек құмарлық деген жалғыз  ғана от өрбіген. Сол күні  түні екі жастың бұдан былай  қарайғы арманы - мәңгі-бақи екеуі  бірге болу ғана еді. 

            Бірін-бірі шын жақсы көрген  екі жастың бұндай арма-нына  не жетсін! Бұдан артык, екі  жаска куаныш бар ма? Әрине,  жок! Жоқ! 

Бірақ, бұл  екеуінің қуанышы езгелерге де қуаныш бола алар ма?

Әрине, жұрттың  бәріне бірдей бола алмайды, бола алмайды!

Әсіресе, бұл  қуаныш Ажарға құмарта қалған Әділкерейге  аяздай батты.

Жоқ, аяздай емес, біреу жүрегіне қанжар сұққалы  турғандай қалш-калш етті.

Сол сәтте-ақ ол нөкерлерін жіберіп, орман арасында қаннен-қаперсіз құшақтасып отырған  екі жасты ұстатып, арқанмен матап  имамның алдына алып келді.

            - Шешесі мен баласы ойнас екен, қылмыс үстінде қолға түсті,- деді,- шарқғат заңын бұзды, екеуін  ат құй-рығына байлап өлтіруге  рұқсат ет!

            Ерке Құланның Шыңғыс ұрпағы  екенін білетін имам сасып  қалды. 

            -  Ерке Құлан Шыңғыс ұрпағы, ондай үкім шығаруға менің  кақым жоқ,- деді имам,- Қырымға  Алтын Орданын мәртебелі ханы  Өзбектін өзі келе жатыр, сол  шешсін. Ал оған дейін бұл екеуін  екі. белек ұстаңдар.

            Әділкерейдің нөкерлері екі жасты  арқандзрымен сүйре-те жөнелді. 

            Бұл кезең Берке мен Қанікейдің, Ұлжатай мен Абашынын заманы  емес, Алтын Ордадағы монғол бекзадаларын  да ісләм діні өзінің қыл  арқанды торымен шырмап алған  шақ, тоқал шешесі мен баласының  жакын болуы кешіріл-мейтін күнә, өлім жазасынан кем үкім жоқ. 

Сөйтсе де, Алтын Орда ханы келе жатқанда Қырымдағы  сұлтан сарайында мұндай қанды оқиғаның болғалы тұрғанын ұнатпаған имам Ажарға кісі салды.

            - Егер тірі қалғысы келсе әмеңгерлік  салтыменен қайынағасы Әділкерейге  күйеуге шықсын,- деді.- Қой да  аман, қаскыр да тоқ болады  сөйтсек. Ал Ерке Құланмен екеуінін, арасындағы бозбалашылық күнәләрын  кешіру жолын өзім табам. Ешкім  екеуінің аяқтарынан ұстап алған  жоқ қой. 

Бірақ, Ажар қысқа ғана жауап қайырған:

            - Ерке Құлан екеуміз бірімізді-біріміз  өлердей жақсы кереміз, оны  тастап мен ешкімге ерге шықпаймын,- деген,- Қолыммен істегенімді мойныммен  көтеруге бармып, не істесеңдер  де мейілдерің!

            Ажардың көнбейтініне көзі жеткен  имам Өзбек Қырымға келгеннен  кейін оған болған оқиғаны  жыр еткен. 

            Сол оқиғаның шешімі бұгін  айтылмақ. Және ханнның өзі айтпақ.

            Тан сарғайып атып келеді.

            Бүгін екі адам бірдей өлмек, 

            Жоқ, екі адам емес, тек Ерке  Құлан ғана өлуге тиісті. Егер  Әділкерей Ерке Құланды өлтірсе,  Ажар Әділкерейге қалады. Әйелдің  көнгені, көнбегені шарт емес.

            Бірақ Ажарға бұ да өлім  ғой. 

            Иә, өлім! Ажарға бәрібір өлім...

            Өзбек хан қозғалар емес. Ол  қалың ойда. Жоқ, ол әлгі екі  жас жайында емес, хан адам  тағдыры туралы қажымаса керекті.  Өзбек қазір тек Алтын Ордасының  камын ой-лап тұр.       Демек, ойлағаныңды орындап өтуге,  адамға тағы бір өмір берсе!  Жалғыз рет сүрген өмірің ештеңеге  де жетпейді екен! Алтын таққа  кеше ғана отырған тәрізді  еді, ал бүгін... қарап тұрсаң, бір  күнгідей болмай өтіп кеткен  тәрізді. Не істеп үлгірді?  Рас, Алтын Орда хандығын біраз  бекітті. Тек бекітті! Жеріне  жер қосып, еліне ел қосып  күшейте алған жоқ қой! Шыңғыс  бабасын, Бату атасын былай  қойғанда, Берке ханның істегеніне  жете алмағаны қалай? Ел-басмышты  өз қолымен өлтіріп алтын таққа  отырғанда бар қолынан келгені  Алтын Орда мемлекетіне тек  қой үстіне боз торғай жүмыртқалаған  тыныштық орнаттырғаны ғана ма? Жок, бір шеті сонау Мәуреннахр  шаһарларынан басталған, екінші  шеті Бағдат, Шамға жеткен үлы Алтын Орда мемлекетін қүрмақ емес пе еді? Иә, солай болатын. Одан не шыкты? Рас, Орта Азия баяғы Қайдудыц кезінде-гідей бір үлы мемлекет емес, Алтын Орда дүмпуінің арқа-сында бірнеше мұсылман хандықтарына бөлінді. Мәуреннахр жеке мемлекет, онда хан боп Кебек отыр. Хорезмде Құтлық Темір... Хан емес, әмірші. Бірақ ханға бергісіз...

Информация о работе Алтын Орда