Мал шаруашылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:01, курсовая работа

Описание работы

Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Аталған тақырыпта мен барынша ауыл шаруашылығының жағдайын,және оның түрлеріне тоқтала отырып, қазіргі кезде даму жағдайы жайлы ой қозғаймын. Дегенмен, ауыл шаруашылығы күрделі сала және онда түсініксіз жайттар өте көп.
Бұл тақырыпта «агроөнеркәсіптік», «ауыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығына жарамды жер», «жайылым», «егістік жер», «өсімдік және мал шаруашылығы», , «қой шаруашылығы », ұғымдары төңірегінде қалыптасады.

Содержание

Кіріспе
1. Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
2. Мал шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде алатын орны
2.1.Мал шаруашылығы саласының даму жолдары мен қазіргі кездегі проблемалары
2.2.Қой шаруашылығы
2.3 Мал шаруашылығын өсіру технологиясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ Р ОСНОВНАЯ.docx

— 71.98 Кб (Скачать)

5 жыл  ішінде МІҚ 63,5%-ға артты және 2006 жылдың басына 293 мың басты  құрады, қой мен ешкі  -71,4 %-ға (1979 мың бас), жылқы  - 38% (73,5 мың бас), түйе – 34% (4,3 мың бас), құс  -29% (1375,2 мың бас).

 Мал  өнімдерін өндіру мен мал басының  өсу динамикасы үстіміздегі жылы  да сақталды.

Мал шаруашылығы  ауыл шаруашылығының маңызды саласы, ол қалқымызды әртүрлі тағамдармен,жеңіл  өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдері мен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан өңделген өнімдер калориялығы  жағынан жоғары биологиялық аса  құнды азық болып ерекшеленеді. Жүн, түбіт, тері, елтірілер, киім, аяқ киім және т.б. өнеркәсіп тауарларын дайындауға қажетті шикізат көзі болып табылады. Малдың мүйізі мен тұяқтарын, сүйектерін өңдеу арқылы олардан әртүрлі бұйымдар, сувенирлер, түймелер, клей және т.б. заттар жасайды. Кейбір өнімдерінен (ішкі мүшелері мен ұлпаларынан) дәрі -дәрмектер мен препараттар жасалады. Кейбір өнімдерінің қалдықтарынан мал азығы (тартылған сүт, ет-сүйек ұны, сүйек ұны) үшін қолданылады. Малдың қиы бағалы мүшейкалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Малдың кейбір түрлерін (жылқы, түйе, өгіз, есек) күш-көлік ретінде пайдаланады. [13]

Ауыл  шаруашылығының негізгі саласы ретінде  мал шаруашылығына қой, ешкі сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал  арасын өсіру жатады. Малдың бірнеше түрін өсіру арқылы әртүрлі қажетті тағам мен шикізат өнімдерін қамтамасыз етуге болады.

Ғылымның  ғарыштап дамуына байланысты мал  шаруашылығы ғылымы да көптеген нәтижелерге  жетті.

Мал шаруашылығы  ғылымының негізін зоотехния  құрайды. Зоотехния ғылымының мал  өнімдерін мол өндіруде,өнімнің  өзіндік құнын төмендетуде,мал  тұқымын жүйелі түрде асылдандырып, ұтымды жолмен азықтандыруды.жақсы  бағыт-күтуді ұйымдастыруды зерттейтін ғылымдар жиынтығы.Осы ғылымның дамуы  мен Респуликамызда еңбек етіп жүрген аграрлық сектордағы ғалымдардың еңбегінің  нәтижесінде мал тұқымының көптеген түрлері шығарылып,жақсы нәтижелерге  қол жеткізілді.Бұлардың қатарында  атап айтар болсақ мүйізді ірі  қара шаруашылығынды мол ет өнімін беретін қазақтың ақбас сиыры, оңтүстік жерлеріне бейімделген сүтті  бағыттағы Әулие ата сиыры  қос бағытты өнім беретін етті-сүтті  Алатау тұқымы; жылқы шаруашылығында өнімділігі жоғарлатылған жәбі жылқысы, Қостанай жылқысы, республикамыздың климаттық  жағдайларына бейімделген Ахалтеке және таза қанды ағылшын жылқыларының тұқымдары;қой шаруашылығында биазы  жүн беретін қазақ мериносы, арқар  мериносы, солтүстік және оңтүстік қазақ мериностары, биазылау жүн  беретін кроссбредті қойлар, цигай  қойы,етті майлы тұқымнан қазақтың мол өнім беретін жетілдірілген  жергілікті қойлары мен Еділбай  қойы,дегерес қойы және т.б. түрлі-түсті  қаракөл елтірілерін беретін  қаракөл қойлары,үй құстарының бірнеше  тұқымдары мен кросстары шығарылды

Республика  бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарына асыл тұқымды мал өсірудің шаруашылық базасын 787 шаруашылық субъектілері құрайды. Оның ішінде 67 асыл тұқымды зауыт  және 720 асыл тұқымды шаруашылық бар. Асыл тұқымды малдардың ұрығын өндіру және сатумен 22 субъект айналысады, оның ішінде 2-уі асыл тұқымды орталық  және 20-сы дистрибьютерлық орталық. Сүт өндіру бағытында 114 субъект  бар, оның ішінде 13 асыл тұқымды зауыт  және 101 асыл тұқымды шаруашылық. Ет өсіру бағытында 117 субъект тіркелген , олардың 15 асыл тұқымды зауыт және 102 асыл тұқымды шаруашылық.

Асыл  тұқымды қой өсірумен 290 шаруашылық айналысады, оның 19 асыл тұқымды зауыт  және 271 асыл тұқымды шаруашылық. Ешкі өсірумен 2 асыл тұқымды шаруашылық айналысады. Шошқа өсіруде 26 субъект, оның ішінде 3 асыл тұқымды зауыт  және 23 асыл тұқымды шаруашылық. Жылқы  өсіруде 177 асыл тұқымды шаруашылық, оның 17 жылқы зауыты және 160 асыл тұқымды  шаруашылық.

2010 жылдың 1 қаңтарына асыл тұқымды ірі  қара мал саны республика бойынша  171269 басты құрайды, оның ішінде  сүтті және сүтті-етті бағыттағы  94588 бас, етті 76681 бас. Асыл тұқымды  қой саны 1048367 бас, шошқа - 80564 бас,  жылқы - 49502 бас, түйелер - 12198 бас,  құс - 597136 бас. Асыл тұқымды  мал санының өсуіне мемлекет  тарапынан көмек көрсетілуде..

Мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығындағы мал өсіріп, өнім өндіретін кәсіпшілік. Облыста 21 асыл тұқымды мал шаруашылықтары және 1 асыл тұқымды мал зауыты бар. 2007 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығы  саласын дамытуға 38,7 миллион теңге  қаражат бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 28,4 млн. теңге, ал облыстық бюджеттен 10,3 млн. теңге бөлінген. Осы асыл тұқымды шаруашылықтардағы мал басын өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 0,6, қой – 3,5, жылқы мен түйе сәйкесінше 0,2 -0,1 мың басқа көбейді.

2007 жылы 53 пункт жұмыс істеп, 6155 бас сиыр  қолдан ұрықтандырылды, немесе өткен  жылмен салыстырғанда 545 басқа  көбейді.

Сонымен қатар, 238 бас асыл тұқымды сүт  бағытындағы мүйізді ірі қара малы мен 1200 бас қаракөл қойы әкелініп, Алдағы уақытта осы қой тұқымын  көбейту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Кесте 1 - Шаруашылық санаттары бойынша мал басы және құстың құрамы мен құрылымы, 2007ж.

 

Мал түрлері және құс

 

 

Барлық

категория

бойынша

 

оның ішінде

ЖШС,  ӨК, АҚ

Шаруа қожалықтары

Тұрғындар шаруа-ғы

мың бас

%

мың бас

%

мың бас

%

Сауын сиыр

78,1

0,93

1,2

2,34

3,0

74,81

95,8

Қой, ешкі

768,3

41,48

5,4

23,81

3,1

702,99

91,5

Шошқа

3,6

0,24

6,7

0,25

6,9

3,11

86,5

Жылқы

53,7

3,18

5,9

2,09

3,9

48,43

90,2

Түйе

24,6

2,46

10,0

1,42

5,8

20,71

84,2

 Құс

407,7

150,4

36,9

0,4

0,1

256,8

63,0

Барлығы, (құсты қоспағанда)

 

1072,4

 

50,88

 

4,7

 

33,65

 

3,2

 

987,8

 

92,1

*Ескертпе- Ауыл дамуының мониторингі мәліметтері негізінде есептеу


 

Шаруашылық  типтері бойынша мал басының бөлінуі 1 кестеде берілген. Кестедегі мәліметтерден Қарағанды облысы бойынша шаруашылық санаттары бойынша топтастырылған мал басы түрлерінің саны мен олардың құрылымына талдау жасауға болады. Ірі шаруашылықтар қатарына жататын ЖШС-тер мен ӨК-терде 2007 жылы құстарды қоспағанда 50,88 мың бас мал түрлері болып, 4,7 %-ды; шаруа қожалықтарында 33,65 мың бас – 3,2 %-ды; тұрғындардың жеке шаруашылықтарында 987,8 мың бас – 92,1 %-ды құрап отыр.

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуден түскен табыстылық соңғы 2007 жылы нәтиже беріп отыр, өсімдік шаруашылығына қарағанда мал шаруашылығы өнімдерінің табыстылығы жоғары, яғни жекелеген өнім түрлері бойынша (қой, ешкі еті, құс еті, жұмыртқа өнімдері) сатудан белгілі бір деңгеде табыс алуда. Бірақ әлі де болса ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудегі рентабельділік деңгейі қанағаттанарлық емес, мәселе табыстың шығынынан аз ғана артықшылығында болып отыр.

Қазіргі уақытта аграрлық салада жұмыс істейтін барлық заңды тұлғалар ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша қолданыстағы заңға  сәйкес қайта тіркеуден өтті. 2007 жылдың аяғында Қарағанды облысында меншік және шаруашылық қызметтерінің барлық түрі бойынша 2863 ауыл шаруашылық кәсіпорындары тіркелген.

Статистикалық мәліметтер бойынша Қарағанды облысында шаруа (фермер) қожалықтарының саны 2007 жылы  аяғында 2246 болып, 2003 жылмен салыстырғанда 2 есеге өскен. Олардың сандық өсу қарқыны жылдан жылға өсіп отыр, 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 23,3 пайызға артқан. 2004 жылы бір шаруашылыққа орташа 71 гектардан келген. Шаруа қожалықтарындағы ауыл шаруашылығына арналған пайдалы жер 2437,5 мың гектарды (бөлінген жердің 86,5%-ы), егістік 569,69 мың гектарды (23,4%) алды. Фермерлердің үлесіне ауыл шаруашылық пайдалы жерінің 17%-ы және егістіктің 53%-ы тиесілі болды.

Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында жұмыс істеуге бейімделе бастаған Республикамыздың ауыл шаруашылығы  өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты . Мемлекет басшысы атап өткендей , ауыл шаруашылығын реформалауда таңдалған жолдың дұрыстығын сала дамуындағы нақты қорытындылар дәлелдеп отыр . Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ауылға қолдау көрсету үшін қабылданған үш жылдық бағдарламаның алғашқы жылы 2003 жылы 534 миллиярд теңге болса , 2005 жылы 693 миллиярд теңгеге өсті . Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 600 миллион АҚШ доллорына өсті . Азық – түлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2003 – 2005 жылдары 90 миллиярд теңге бөлінді .

Оң жетістіктермен қатар , ауыл шаруашылығында әлі де болса көптеген шешілмеген проблемалар  да бар . олар ауыл шаруашылығы өнімдерін  өндірушілерге өнімділік пен  тиімділікті арттыруға , соған сәйкес селодағы табыстардың өсуіне кедергілер келтіруде . Осы және басқада проблемаларды шешу қарастырылған .

Ауыл  шаруашылығын дамытудың зор әлеуеті  бар Қазақстан ауыл шаруашылығы  өнімдерін өндіру мен өңдеуде  әлемдік көшбасшылардың қатарында  бола алады десек , қате айтпағанымыз . Таяудағы 7-8 жылда Шығыс Еуропалық  елдердің ауыл шаруашылығының даму деңгейіне  жету біздің еліміздің қалпына келуі  деп санаймын . Осы мақсатқа жету үшін Отандық ауыл шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру  қажет. Қазіргі уақыттағы ауыл шаруашылығының дамуында өндірістің өнім өндірудегі сапасына көп көңіл бөлінуде. Кейінгі уақытта материалды-техникалық базасын күшейтумен қатар, жаңа технологияларды пайдалану, өндіру процестерін комплексті механизацияландыру үстінде. Басты мәселе жем-шөп базасын күшейту, шөп өнімін көбейту және де комплексті-механизацияланған құрылыстар салуға көп көңіл бөлуде.

 

 

 

2.2 Қой шаруашылығы

 

 Қой шаруашылығы –  қой өсіру  мал шаруашылығының  негізгі салаларының бірі. Жеңіл   өнеркәсіптер  үшін  (жүн, тері, елтірі) , бағалы азық – түлік  (ет,  май,  сүт)  өнімдерін береді. Қой  өсіру  адамзат тарихында  неолит дәуірінен басталады. Қола  дәуірінде Орталық Азия тайпалары   қылшық  жүнді  қой   өсірген.  Биязы  және биязылау жүнді қой  тұқымдары   осы   кезеңде   Кіші Азияда шығып, дүние  жүзіне тараған.

Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік   малдың   ішінде   жылқы   мен   қойға  ерекше  мән  берген  қазақ халқы  қой  жаюдың,  оны  көбейту  мен  тұқымын  асылдандырудың өзіндік  әдіс –  тәсілдерін   қалыптастырған. 

Мал шаруашылығына қолайлы  табиғи  ортаның   мол   болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы  қазақ халқының дәстүрі Қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы.  

Қазақстанда   негізінен  қылшық  жүнді  қазақы  қой    өсірілді. 19  ғасырдың   соңына   қарай  Ақмола, Семей,  кейінірек  торғай   және Жетісу   өңіріне   орыс   шаруалары   меринос   тұқымдарын   ала келді. 1913 ж. қазіргі  Қазақстан жерінде 19,6 млн. уақ   мал  болды.  Азамат соғысы    жылдары   өзге   түліктермен   бірге  қой   саны  да   азайып,   (1929 ж. – 8,8 млн.),   елдегі   мал   шарушылығына   үлкен   нұсқан келтірді. Кеңес  өкіметінің жаңа экономикалық саясатына байланысты 1928  жылға   дейін   дәстүрлі  мал  шаруашылығының   ерекшеліктері  ішінара    сақталып   қалды.  Сол   жылғы   үкімет   қаулысынан кейін елдегі   ірі   байларды   жаппай   кәмпескелеудің  соңы мал шаруашылығын,  оның  ішінде   Қой шаруашылығын   да   қатты  күйзеліске ұшыратып, 1930 – 32 жылдардағы ашаршылыққа алып келді.1936 ж. республикада небәрі 4,3 млн. қой қалды. Күштеп ұжымдастыру  науқанынан кейін қазақ халқының дәстүрі  Қой шаруашылығының   қарқынды   дамуына    тежеу  салынып, 1928 – 85 жылға дейінгі аралықта Қой шаруашылығының кеңестік жүйесі қалыптасып, дамыды.  

Қой   тұқымдарының  санымен   қатар   сапасын   да   көтеру   шараларының   нәтижесінде 1970 ж.   республикадағы  барлық   қойдың    84,6 % - ы,  1974  ж.  99,99 %  - ы, 1990 ж. 100% -ы   асыл тұқымды мал тобына жатқызылды. Сондай-ақ, 1986 – 70 ж. уақ малдан алынатын ет өнімдері орта есеппен  – 471,3 мың т, 1991 – 83 ж. – 493.3 мың тоннаға   жетті.  Қойдың  мол өнімді   жаңа тұқымдары – қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар – мериносы,  солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы,  т. б. шығарылды.

Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой    тұқымдары  мен шетелдік тұқымдар; австралия мериносы, австралия корриделі,  линкольн  қойы,   ромни –  марш   қойлары,  т. б. пайдаланылды.

Қазақстанда   қой   шаруашылығының  дамуында негізгі үш  бағыт  айқындалады. Олар елдің табиғи климаты, жем – шөп, жайылым  жағдайы, қойдың   биологиялық  ерекшеліктері, т. б. байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді:

1) далалық,   қуаң –  шөлейт, аймақтар   мен   оңтүстік   таулы  өңір.   Мұнда  биязы   және  биязылау жүнді  қой   тұқымдары  (барлық  қойдың  65 %-ы  )   өсірілді.

2)  шөл   және  шөлейт   аймақ.   Бұл    жерлерде     негізінен    етті – майлы,  ұяң    не қылшық    жүнді   қойлар    (барлық   қойдың  16 %-ы )      шоғырланды.

3) Қаракөл   қойлары   өсірілетін   оңтүстік   және   батыс   аймақтар.   

Алайда     экономиканың    өзге   салалары   секілді   қой   шаруашылығы     да кеңестік науқаншылдыққа ұрынып, қой санын 50 млн–ға  жеткізу    туралы   елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды  ұрықтандыру тәсілі кең етек жайып, асыл  тұқымды  қойлардың азып – тозуы   мен   миллиондаған елтірінің  шын  мәнінде  жарамсыз   қалуына,   кеңестік   жалған   ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды   игеру, т.б. мәселелер кенже қалды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар    мен   формалар   нәтижесінде   қой шаруашылығы    елеулі түрде   құлдырады.  Қазіргі    уақытта   Қазақстанда  13,3   млн. уақ мал бар   (2008).   Мұның   негізгі   бөлігі   жеке – меншік   иелікте   өсіріледі.

Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді.

Ет-жүн  бағытындағы қой шаруашылығы  ылғалы жеткілікті және климаты біршама  жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді  қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша  қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр.

Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн  маталарын жасау, кілем тоқу мен  тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін  дайындау жолға қойылған.

Информация о работе Мал шаруашылығы