Мал шаруашылығы

Дата добавления: 13 Февраля 2013 в 20:01
Автор: 1*********@mai.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (68.62 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

КУРСОВАЯ Р ОСНОВНАЯ.docx

  —  71.98 Кб

Мазмұны

Кіріспе 

1. Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама 

2. Мал шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде алатын орны 

2.1.Мал шаруашылығы саласының даму жолдары мен қазіргі кездегі проблемалары 

2.2.Қой шаруашылығы

2.3 Мал шаруашылығын өсіру технологиясы 

Қорытынды 

Пайдаланған әдебиеттер 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Еліміздің  экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік  кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының  маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік  кешені – еліміздегі халық  шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік  кешеннің негізгі құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік өндіру  саласындағылардың жартысынан астамы  қызмет етеді және Республикадағы  негізгі өндірістік қорлардың  тең жартысына жуығы шоғырланған,  жалпы өнімнің және ұлттық  табыстың жартысы осы саланың еншісінде.

Мал шаруашылығы  адамдардың байырғы  заманнан бері айналысып келе жатқан кәсіптің түрі. Мал шаруашылығы адамның азық киімін тағы басқа қажетіліктерін қамтамасыз ететін шаруашылық түрі. Жеңіл өнеркәсәптің дамуындағы ең басты сала өзін-өзі жетілдіретін ең басты сала.

Адамзатың байырғы  уақыттан бері шұғылданып   кележатқан шаруашылық  мал шаруашылығының салалары өте көп. Мысалға алатын болсақ  мал  шаруашылығының  басты  салалары  ірі  қарамал шаруашлығы,  қой  шаруашылығы,  жылқы  шрашылығы  түйе шаруашылығы  құс  шаруашылығы, шошқа  шаруашылығы. Бұл  шаруашылықтарының   барлығы  дерлік  адаммен  байланысты  дамып  қалыптасқан. 

Мал  шаруашылығы  ауыл  шаруашылығының  басты  саласы,  бұл  шаруашылықпен  дүнйе  жүзінің  түгелдей  халықтары  айналсады.  Әр  елде  әр  түрлі  аймақтарда  әр  шаруакшылықпен  айналсатын  өзіндік  ерекшеліктері  бар. Оның  географиялық  орналасуы  мен  табиғи  жағдайларына  байланысты  қалыптасқан. 

Мал  шаруашылығымен  айналысқан  елдерде  көп  несе  жеңіл  өнер  кәсіп  соның  ішінде  текстиль  өнеркәсібі  яғни  мата  өңдеу  тоқыма,  талшық  өндіру  өнер  кәсіптері  дамыды.  Сонымен  қатар  ірі  мал  шаруашылығы  барлық  мал  шаруашылығынан  оның  етін  азық  ретінде  сүт  жүнін  тағы  басқа  заттарын  алады.  Бұл  халықтың  әл  ауқатына  әсер  етеді.  Ол  тікелей  ауыл  шаруашылығының  дамуына  әкеледі.  Сонымен  қатар  олардың  эканомикасының  дамуына  ілгері  ықпал  жасайды.

Адамзаттың  көптеген  қасиеттерін  осы  мал  шаруашылығының  өнімдері  қамтамассыз  етеді.  Мал  шаруашылығы  ауыр  күшті  қажет  етпейді,  ашық  аспан  астында  бағуға  болады.  Мал  шаруашылығымен  дүние  жүзінің   барлық  елдері,  барлық  аймақтары  түгелдей  айналысады.

Ауыл  шаруашылығы – бұл еліміздің  экономикасын биікке асқақтататын маңызды  салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз  ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік  малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау  үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын  бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.

 Қазіргі  кезде ауыл шаруашылығы жаңа  туған нәресте тәрізді нәзік  те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына  қысып, аялап, мәпелеп, аяққа  тұрғызатын ананың рөлін атқаратын  бұл – мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына  көмегін аямау керек. 

Менің осы  тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен  тағдыры алаңдатады және қазіргі  таңда нарықтық экономикада бұл  өзекті мәселелердің біріне айналып  отыр.

Аталған тақырыпта мен барынша ауыл шаруашылығының жағдайын,және оның түрлеріне тоқтала отырып, қазіргі кезде даму жағдайы жайлы ой қозғаймын. Дегенмен, ауыл шаруашылығы күрделі сала және онда түсініксіз жайттар өте көп.

Бұл тақырыпта «агроөнеркәсіптік», «ауыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығына  жарамды жер», «жайылым», «егістік жер», «өсімдік және мал шаруашылығы», , «қой шаруашылығы », ұғымдары төңірегінде қалыптасады.

Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі салаларымен, ауыл шаруашылығымен, оның ішінде мал шаруашылығы  салаларымен таныс  боласыздар.

Келесі  бөлімдерде осы мәселелерге тереңдей үңіліп қарастыратын боламын.

 

ҒТП-ғылыми техникалық прогреске 

АӨКК-агроөнеркәсіптік кешендердің  кіріктірілуі

 

1.Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама

 

 

 

«Аграрлық»  сөзі (латын тілінде agrarius) – «жер, жерді игеру, жерді пайдалану» деген  ұғымды білдіреді. ХХ ғасырдың екінші жартысында дүниежүзілік агроөнеркәсіптік кешен жүйесі құрылды, олардың даму деңгейі мен дара байланыс формалары  саяси және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктерінің анықталуына байланысты әртүрлі болады.

Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің құрылу кезеңі 1985-1990 жылдарға сәйкес келеді. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса    маңызды  бағыты болып отыр. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті – елімізді азық – түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету.

ХХ ғасырда дүние жүзілік  шаруашылықтың дамуындағы маңызды  кезең ғылыми техникалық прогреске (ҒТП) байланысты өнеркәсіптік кешендердің  кіріктірілуі (АӨКК). Бұл  процесс  Қазақстан шаруашылығына да әсерін тигізеді. АӨКК–тің басты факторлары, негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарынан дайындалған және қайта өңдеуден өткізілген тағам өнімдері мен халық  тұынатын тауарларға деген сұраныстың артуы. ХХ ғасырдың екінші жартысында дүние жүзілік агроөенркәсіптік кешен жүйесі құрылды, олардың даму деңгейі мен өзара байланыс формалары  саяси және әлеуметтік  – экономикалық ерекшеліктерінің анықталуына байланысты әр түрлі болады. [3]

 Аграрлық өнеркәсіптік  кешенге – ауыл шаруашылығы  шикізатын қайта өңдеу, сақтау, тұтынушыға жеткізу жатады. Аграрлық  өнеркәсіптік кешеннің дамуын  қамтамасыз ететін (ауыл шаруашылық  машиналарын жасау өнеркәсібі, минералдық  тыңайтқыштар өндіру кәсіпорындары)  басқа да салалары бар.

Аграрлық  өнеркәсіптік кешен  – республика шаруашылығының жетекші  саласының бірі.

Ауыл шаруашылығының кейбір салаларын дамытуды жеделдету үшін арнайы мамандандырылған мал өсіретін, сүт өндіретін, егін шаруашылығымен айналысатын, сөйтіп осының негізінде  мал өсіруші, қой өсіруші деген  сияқты және басқа да көптеген мамандандырылған мемлекеттік бірлестіктер ұйымдастыруға  бағыт алынды.

2002-2003 жылдары Қазақстан  агроөнеркәсіп кешенінің дамуы  үшін негіз бола алатын екі  құжат қабылданды. Қазақстан Республикасының  2001-2005 жылға арналған мемелекеттік  аграрлық азық – түлік бағдарламасы  және 2010 жылға дейін салалық аймақтарды  дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. [5]

Ауыл шаруашылығы –  агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші  саласы. Ауыл  шаруашылығында экономикалық белсенді халықтың жартысы еңбек  етеді. Экономикалық белсенді халық (ЭБХ) дегеніміз -  қоғамдық өндірісте  жұмыс істейтін (қызмет көрсету саласы мен жеке шаруашылық иелерін қоса есептегенде) халықтың бір бөлігі. [2]

Қазақстандағы жер реформасына  байланыс ты  ауыл шаруашылығы үш санатқа бөлінеді. Олар: ауыл шаруашылығы  кәсіпорыны, шаруа шаруашылығы және халықтың жеке шаруашылығы.

1) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары  ауыл  шаруашылығы  салаларының  негізгі қызметін атқаратын заңды  түрде жұмыс жасайтын ұйым.

2) Ал шаруа шаруашылығына  ауыл шаруашылығына жарамды жерлер  пайдаланып, отбасылық еңбек бірлестіктерін  құру, ол жерлерге ауыл шаруашылығы  өнімдерін егіп, одан өнім алу  жатады.

3) Халықтың жеке шаруашылығына  олардың жеке бау – бақшалары,  саяжайға бөлінген жері және  олардан алын-ған өнімдері жатады

 Ауыл шаруашылығының  өнеркәсіптен ерекшелігі – ол  табиғатқа, топырақ пен ауа  райы жағдайына тәуелді. Ауыл  шаруашылығы өндірісі жер ресурс-тарына  негізделген. Ауыл шаруашылығы  өнімдерін алу үшін пайдаланылатын  жер бөлігі ауыл шаруашылығына  жарамды жер деп атала-ды. Оның  құрамына жайылым, егістікке жарамды  жер мен пішендемелік жер кіреді.

Жайылым жер дегеніміз  – мал жайылымы үшін пайдаланылатын ірі қара мал жаюға қолайлы  ауыл шаруашылығына жарамды жердің бір бөлігі

Егістік жер – дегеніміз  көп жылғы шөптесін және ауыспалы мәдени дақылдарды егуге жарамды  жер.

 Пішендемелік жер –  пішендеме шабу үшін жүйелі  түрде пайдаланылатын жер. Ауыл  шаруашылығының негізгі салалары - өсімдік және мал шаруашылығы  бір–бірімен тығыз байланысты  және іс жүзінде бірін –бірі  толықтырып отырады. [4]

Қазақстанда ауыл шаруашылығы  оның ішінде мал шаруашылығы ежелден  негізгі өндіріс саласы болып  келеді. Қазақ жерінде біздің заманымыздан бұрын 2- жылдық-тан бастап адамдар  қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп  қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой, ешкі өсірді. Малдарының жағдайына  байланысты көшіп жүретіндіктен  сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел – археологиялық қазбалардан  табылған қыш құмыралардағы арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу  мал өсіруге қарағанда баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы  жерлер өңделді. ХХ ғасырдың 50 жылдарынан 90 жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылық құрылымының негізін  кеңестік шаруашылықтар мен ұжымдық  шаруашылықтар құрады. 

 Нарықтық саясат кезінде  Қазақстанның ауыл шаруашылығы  елеулі өзгерістерді бастан кешті.  Мал шаруашылығы өнімдерінің  өсу қарқыны төмен болғанымен  бірақ, олардың өскіні, ал өсімдік  шаруашылығы өнімдерінің өсу  қарқыны жыл сайын елеулі өзгеріп  отыратынын, өйткені, ол табиғи  – климаттық жағдайлардың қандай  болуына бағынышты екенін байқауға  болады.  

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың  ас маңызды бағыты болып отыр. Ал, ауыл шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары - өсімдік және мал шаруашылығы бір – бірімен  тығыз байланысты және іс жүзінде бірін–бірі толықтырып отырады. Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісінің салалық құрылымында өсімдік шаруашылығы басым, оның үлесіне ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің 56,9%- ы, тиесілі. Өсімдік шаруашылығы мәдени дақылдар түріне қарай; дәнді техникалық, жемшөптік, бау – бақша дақылдары болып бөлінеді.

  Республикамыздың ауыл  шаруашылығы саласында мал шаруашылығының  маңызы зор. Ауыл   шаруашылығы  өнімдерінің 43,1 % - ы осы мал  шаруашылығына тиесілі. Мал шаруашылығының  басты саласына қой мен ешкі, ірі – қара мал (етті –сүтті  ірі қара), жылқы және түйе шаруашылығы  жатады.

 Агроөнеркәсіптік кешеннің  өңдеуші салаларына; тамақ өнеркәсібі  мен жеңіл өнеркәсіп жатады. Тамақ   өнеркәсібі – халықтың тағамға  деген сұранысын қанағаттандырады. Тамақ өнеркәсібінің ет, ұн тарту,  жарма, қант өнімдері, балық, кондитер, шарап жасау т.б. салалары дамыған.  Тамақ өнімдері еліміздегі азық – түлік өнімдерінің 90 % - ын құрайды. Жеңіл өнеркәсіп Республика аумағында әркелкі тараған. Оның түрлі салалары мен кәсіпорындары шикізат көзіне, маман жұмысшы күші мен тұтынушы аудандарға жақын орналасады. Жеңіл өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі – тоқыма өнеркәсібі.  

Ауыл  шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы  халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті  шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы  екі үлкен саладан, яғни өсімдік  шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.

Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы  мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру  және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді.

1997 жылы  Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл  шаруашылығы құрылымдары жұмыс  істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і  өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан  астамы шаруа қожалықтары, 192-сі  мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл  шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру  меншік нысанын ғана өзгеріске  ұшыратып қойған жоқ, сонымен  бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы  өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер  тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары  бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал  шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі  ауыл шаруашылығы дақылдарының  егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның  ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың  га болды. Бидай 11512,2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың  га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта  103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық  дақылдары 5445,6 мың га жерге  егілді. Дәнді дақылдарының жалпы  түсімі — 12,4 млн. т құрады. Оның  ішінде бидай 8955 мың т, күріш  255,0 мың т, жүгері ұны 111,2 мың  т, қант қызылшасы 139 мың т,  мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкөністен 100,6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр 2181,8 мың), қой мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5 мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды. Ет 1302,1 мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндірілді.[7]

Страницы:1234следующая →
Описание работы
Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Аталған тақырыпта мен барынша ауыл шаруашылығының жағдайын,және оның түрлеріне тоқтала отырып, қазіргі кезде даму жағдайы жайлы ой қозғаймын. Дегенмен, ауыл шаруашылығы күрделі сала және онда түсініксіз жайттар өте көп.
Бұл тақырыпта «агроөнеркәсіптік», «ауыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығына жарамды жер», «жайылым», «егістік жер», «өсімдік және мал шаруашылығы», , «қой шаруашылығы », ұғымдары төңірегінде қалыптасады.
Содержание
Кіріспе
1. Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
2. Мал шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде алатын орны
2.1.Мал шаруашылығы саласының даму жолдары мен қазіргі кездегі проблемалары
2.2.Қой шаруашылығы
2.3 Мал шаруашылығын өсіру технологиясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер