Ауыл шаруашылығындағы нарық және нарықтық қатынастардың экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2012 в 14:32, реферат

Описание работы

1. Нарықтың жұмыс жасауының мәні, ролі және алғышарттары.
2. Нарықтағы сұраныс, ұсыныс және баға икемділігі.
3. Нарықтағы бәсекелестік: түсінігі, түрлері және экономикалық мәні.
4. Нарықтың жіктелінуі.
5. Ауыл шаруашылығына арналған өндіріс факторлары нарығы.
6. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастардың экономикалық реттелуі.

Работа содержит 1 файл

Ауыл шаруашылығы.doc

— 140.00 Кб (Скачать)

                                   

                                       Иұ=

    Мұндағы Сұ – ұсынылған тауар санының өзгерісі, ℅

                      Бұ – ұсынылған тауар бағасының өзгерісі, ℅

    Ұсыныс  икемділігінің түрлері:

    Абсолютті икемсіз ұсыныс. Ол тауарөндіруші тауар бағасының өзгерісіне тәуелсіз шектеулі тауар санын өндіруге дайын болған кезі:

                                      Иұ = 0

    Икемсіз ұсыныс. Ол тауар бағасының өзгерісіне әліз икемді ұсынысты көрсетеді. Бұл , ұсынылған тауар саны тауар бағасындағы өзгерістен аз деген сөз.

                                      0 < Иұ < 1

    Ұсыныстың жеке дара икемділігі. Ол ұсыныс саны тек тауар бағасының ауытқуымен сипатталады және мына формула арқылы көрінеді:

                                      Иұ = 1.

    Ұсыныс  икемділігі. Бұл тауар бағасының болмашы өзгеруі ұсыныс санына елеулі әсерін тудырғанда болады. Ол мына формуламен көрінеді:

                                        Иұ > 1

    Абсолютті икемді ұсыныс. Онда нақты тауардың ұсынысы бағаға мүлдем тәуелсіз, ал ұсыныс саны басқа факторлардың әсеріне тәуелді:

                                         Иұ .

    Ұсыныс  икемділігі фактор қатарларына тәуелді.олардың негізгісіне мыналар жатады:

    Сақталу құны мен тауардың ұзақ мерзімді сақталу  қабілеттілігі. Яғни, ұзақ сақталмайтын тауар төмен икемді ұсынысқа ие.

    Өндірістік процесстің ерекшелігі.яғни, егер өндіруші бағаның өсуі жағдайында белгілі бір тауар өндірісін кеңейтсе немесе белгілі бір тауарға баға түскен жағдайда жаңа өнім шығаруға ауысып кетсе, онда осы туарға деген ұсыныс икемді.

    Уақытша фактор. Тауар өндіруші ереже бойынша белгілі бір тауардың баға өзгерісіне тез әсер ете алмайды. Ол үшін өндірушіге банктен несие алуға, қосымша жұмысбелгілі бір уақыт керек күшін жалдауға, қажатті шикізаттар мен құралдар алуға белгілі бір уақыт керек.

    Егер  тауарға деген ұсыныс икемсіз  болса, онда сұраныстың көбеюі ұсныстың өсуне емес, бағаның инфляциясының өсуіне әкеліп соғады. 

  1. Нарықтағы бәсекелестік: түсінігі, түрлері және экономикалық мәні.

    Нарықтағы бәсекелестік түсінігі.

    Нарықтық  жүйе адамдардың жеке қажеттіліктерін  қанағаттандыруға ұмтылудан тұрады.  Өнімдер мен тауарлар алмасу саласындағы мүдделіліктерінің қақтығысуы нарықта бәсекелестікті тудырады. Нарық құрылымы өзара тек тауар түрлерімен ғана емес, өндірушілер мен тұтынушылар арсындағы бәсеклестіктің деңгейімен де анықталады. Нарықта бәсекелестік жеке кәсіпкердің өз өнімі арқылы бағаға әсер етуімен анықталады.

    Бәсекелестік-бұл  тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің көп мөлшерде табыс табу мақсатында өндірістің тиімді жағдайы мен өз өнімін іске асырудағы бәсекелестігі. Жеке тауарөндірушілер мен кәсіпорындар өздерінің өнімдерін іске асыратын нарыққа неғұрлым аз әсер етсе, соғұрлым нарық бәсекелесті болып саналады.

    Бәсекелестіктің екі түрін көрсетуге болады: салаішілік және саларалық.

    Салаішілік  бәсекелестік әр саладағы кәсіпорындардың көптігімен сипатталады. Салаішілік бәсекелестікте нарықтық құн белгілі бір тауарлық өнімнің негізгі бөлігін өндіретін кәсіпорындардың жекелік құнына жақын келеді және қоғамдық  қажетті еңбек ретінде анықталады.

      Тауар мен қызметтің нарықтық  бағасы мен нарықтық құн арасында  өзара байланыс бар. Егер тауарға деген сұраныс ұсыныстан көп болса, онда нарықтық баға нарықтық құннан жоғары болады. Егер нарықтығы тауарға ұсыныс сұраныстанкөп болса, онда нарықтық баға нарықтық құннан асып кетеді. Салаішілік бәсекелестік пен үстеме пайда прогрессивті технологиялар енгізу мен өндіріс шығындарын төмендетуге әсер етеді.

    Салааралық  бәсекелестік  төмен табысты саладан жоңары табысты салаға капиталды қайта құюмен көрінеді.

    Салааралық  бәсекелестік- кәсіпкелер, монополиялық бірлестіктер, түрлі шаруашылық салаларының арасындағы өз капиталына неғұрлым жоғары табыс алудағы бәсеклестіктің бір түрі. Салааралық бәсекелестіктің посредствосы құралдарды бір саладан асқасына аударумен іске асады және қоғамдық капиталды жүзеге асырудың пропорциясы орнатылады. Төмен табысты саладан капиталды қайта бөлу келесі салдарларға алып келеді:

    • өндірісті қысқарту;
    • тауар ұсынысының төмендеуі;
    • нарықтық бағалардың өсуі;
    • табыстың өсуі.
 
  1. Нарықтың  жіктелінуі.

    Нарықтың  жалпы жіктелінуі.

    Барлық  нарықтар келеідей жіктелінеді(12 схема):

    12 схема. Нарықтың жіктелінуі.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Ауыл  шаруашылығындағы нарық  түрлері.

    Қазіргі нарықтардың көптігі оларды мынадай  түрлерге бөлуге рұқсат етеді: ауылшаруашылық нарығы, ауылшаруашылығына арналған материалды-техникалық ресурстар нарығы, қызмет саласы нарығы, маркетинг саласы нарығы.

    Ауыл  шаруашылығы еркін нарықтық бәсекелестікке сәйкес келетін нарықтық құрылым  мен қатынастар жүйесі сақталатын ұлттық шаруашылықтың маңызды саласын  ұсынады. 

    Еркін нарықтың негізгі белгілері болып мыналар табылады:

  • нарықта тәуелсіз өндірушілер көп;
  • әр жеке өндіруші бағаға әсер ете алмайды;
  • өнімдер біртекті және стандартталған;
  • кіріс тосқаылдары болмайды.

    Ауыл  шаруашылығына арналған материалдық-техникалық ресурстар нарығы. Бұл нарықтың негізін мынадай негізгі үш сала құрайды:

  • ауылшаруашылық машина жасау;
  • химиылық құралдар мен тыңайтқыштар өнімі;
  • кормопроизводство

    Бұл салалар тұрпатты олигополиялық  құрылыммен сипатталады, яғни нарықта  көптеген ірі фирмалардың үстем  болуы. Олигополияға мына сипаттамалар тән:

  • өндіріс көлемін анықтаудағы фирмалар арасындағы өзаракелісім;
  • бағақалыптастыру мен бағаны бақылау саясатындағы өзаракелісім;
  • технологиялық  монополия;
  • кіріс үстемелері.

    Қызмет  саласындағы нарық. Ірі ауылшаруашылық кәсіпорындар , шаруа қожалығы, фермерлер көрсететін қызметтер дилерлік, жөндеу-техникалық, агрохимиялық, мелиоративті жүйнені ұсынады.

    Маркетинг саласындағы нарықтар. Фирманың бәсекелестік қабілетіне және өнімі сипаттамасына  байланысты келесідей типтерге бөлінеді:

  • азық-түліктік шикізаттық тауарлар нарығы. Оның сипатамасы: өнімнің біртектілігі, тауардың стандартталуы.
  • Азық-түліктік тауарлардың жоғары деңгейде қайта жасалу нарығы.

    Азық-түліктік қызмет нарығы көп деңгейге ие. Ол нан, сүт өнімдері үшін-жергілікті; ет, жеміс-жидек өнімдері үшін-аймақтық; импорттық азық-түлік пен консерві өнімдері үшін-ұлттық болып табылады.

     

    5. Ауыл шаруашылығына арналған өндіріс факторлары нарығы. 

    Өндіріс факторларының түсінігі мен оған сұраныс. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірістің барлық факторларынан құралған: жер, еңбек, капиталл. Олардың біреуі тұтынушылық құнның қалыптасуына, ал біреулері тауарлық құнның қалыптасуына әсер етеді. өндіріс процесінде факторлар икемділікті толығымен көтере отырып, бір-бірімен өзара байланысады және бір-біріннің орынын басады.

    Өндіріс факторлар нарығы жер, табиғат, еңбек және капиталды-техникалық ресурстар сияқты тауарлық айналыс саласында шаруашылық қызмет ресурстарын көрсетеді. Өндіріс факторлар нарығын ресурстың маңызды түрлері бойынша топтауға болады: жер нарығы, еңбек нарығы, капиталл нарығы. Дамыған экономикалық нарықта өндірістік тауарлардың саны көп және олар ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен әрқашан өзгеріп және жаңарып отырады. Өндіріс факторлар нарығы бағалы қағаздар және ақша нарығымен өзара әрекеттеседі.

      Өндіріс факторлар нарығы мемлекеттің экономикалық саясатымен реттеледі. Біріншіден жер және еңбек ресурстары айналысының заңдық реттелуі қажет. Мемлекет өндірістің дамуын ынталандырып, экономикалық және заңдық тұрғыдан өндіріс тауардың нарықтық айналысының жанама тенденциясын жұмсартуы қажет.

    Өндіріс факторларына сұраныс экономикалық айрықшаларға ие. Ол адам қажеттіліктерін  тауар мен қызметтер өндірісі арқылы жанама түрде қанағаттандыру ресурстарынан тұрады. Белгілі бір фактор түрлеріне сұраныс өндіріс факторлары арқылы қалыптасқан тұтынушылық тауарлар сұранысына байланысты өсіп немесе төмендеп отырады. Әр өндіріс факорларына икемділік мыналар арқылы өзгеріп отырады:

  • өндірілген өнімге сұраныс пен кәсіпкерлер табысының деңгейі;
  • қолданылатын экономикалық ресурстардың өзара орын басу мүмкіндіктері;
  • өндіріс факторларының өзара орын алмасу нарығының болуы;
  • тауар өндірушілердің жаңа технология мен инновациялар енгізуге және ғылыми техникалық прогрессті жетілдіруге тырысуы.
 

       Өндіріс факторларының ұсынысы.

       Өндіріс факторларының ұсынысы ол нарыққа бар бағалармен шығатын өндіріс факорларының саны. Ресурстар ұсынысы тауар өндірушілердің қажеттіліктерімен салыстырғанда шектеулі. Егер өндіріс факторлары тегін болса онда экономикалық ресурстар ұсынысы шектеулі болмас еді, және белгілі бір тауарлар нарығы қажет болмас еді.

    Нарықта өндіріс факторларының ұсынысы  әр түрлі икемділікке ие. Нарықта жерге деген ұсыныс икемсіз, себебі оның көлемі нақты анықталмаған және өзгермейді. Жерді алмастыратын экономикалық ресурс болмайды. Ауыл шаруашылығында жер ұдайы өндірілмейтін экономикалық ресурс болып табылады.

    Нарықта шикізат ресурсының ұсынысы икемділеу болып келеді, себебі шикізат пен материалды алмастыратын ресурстар бар.

    Еңбек ресурстары қашан да шектеулі және жай өзгермелі болып келеді. Жұмыс күші ұсынысының икемділігі толық жұмысбасты еңбек ресурстарының, жұмыссыздықтың төмендеуінің, өндірістік процестің іске асырылуының есебінен өсуі мүмкін. 

    Шектеулі  өнім түсінігі.

    Өндіріс факторының шектеулі өнімі қосымша өнім болып табылады. Нарықтық экономикада өндіріс факторлары мынадай топтарға бөлінеді:

  • жер, табиғи ресурстар
  • еңбек ресурсы
  • капитал
  • кәсіпкерлік қабілеттілік.

    Бұл факторлардың әр түрі белгілі бір  табыс алып келу қабілеттілігіне ие. Жер ресурсынан түсетін табысты рента деп атайды. Ол үш түрге ие: 1-ші дифференциалдық рента, 2-ші дифференциалдық рента, абсолюттік рента. Соңғысы ауылшаруашылық өнімге баға өсуінің механизмі арқылы іске асады. Абсолютті рента ауылшаруашылық өнімге өосымша болып табылмайды, оның құнының бір бөлігін ғана көрсетеді. Абсолютті рентаның көзі болып үстеме еібек арқылы қалыптасқан үстеме құн табылады.

    Абсолюттік  рентаның ерекшелігі- ол дифференциалдық рентаға қарағанда сапасына тәуелсіз жерден алынады. Дифференциалдық рента ауылшаруашылық өнімдерінің бағасына әсер етпейді, ал абсолюттік рента жер өнімдерінің бағасының жоғарылауына әсер етеді.

    Жердің  шектеулі өнімі болып басқа өндірістің шығындардың өзгеріссіз өлшемі арқылы өндіріс процесіне тағы бір жер учаскесін енгізу нәтижесінде  жиынтық өнім көлемінің өсімі табылады.

    Өндіріс факторы ретінде еңбек ресурстары әкелетін табыс еңбекақы түрінде  болады. Еңбектің шектеулі өнімі тағы бір еңбек күшін енгізуде қосымша өнім шығаруды ұсынады.

Информация о работе Ауыл шаруашылығындағы нарық және нарықтық қатынастардың экономикалық мәні