Ауыл шаруашылығындағы нарық және нарықтық қатынастардың экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2012 в 14:32, реферат

Описание работы

1. Нарықтың жұмыс жасауының мәні, ролі және алғышарттары.
2. Нарықтағы сұраныс, ұсыныс және баға икемділігі.
3. Нарықтағы бәсекелестік: түсінігі, түрлері және экономикалық мәні.
4. Нарықтың жіктелінуі.
5. Ауыл шаруашылығына арналған өндіріс факторлары нарығы.
6. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастардың экономикалық реттелуі.

Работа содержит 1 файл

Ауыл шаруашылығы.doc

— 140.00 Кб (Скачать)

Ауыл  шаруашылығындағы нарық және нарықтық қатынастардың экономикалық мәні.

  1. Нарықтың жұмыс жасауының мәні, ролі және алғышарттары.
  2. Нарықтағы сұраныс, ұсыныс және баға икемділігі.
  3. Нарықтағы бәсекелестік: түсінігі, түрлері және экономикалық мәні.
  4. Нарықтың жіктелінуі.
  5. Ауыл шаруашылығына арналған өндіріс факторлары нарығы.
  6. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастардың экономикалық реттелуі.
 
  1. Нарықтың  жұмыс жасауының  мәні, ролі және алғышарттары.

    Нарық түсінігі.

    Ауыл  шаруашылығындағы тауарлық өндірістің дамуы нарықты орнатудың, оған сәйкес категориялары мен реттеу әдістерімен, обьективті қажеттілігін алдын-ала анықтайды.

    Тәжірибеде  өнімді өндіруші мен тұтынушы арсындағы байланыстың екі түрі бар. Бірінші- нарықтың көмегімен тауарлық өндіріс пен айнлыс заңына сәйкес іске асырылатын алмасу. Екінші-баланысты құрастыру мен қажеттілікті зерделеудің негізінде өндірілген өнімді жоспарлы түрде бөлу.

    Бірінші жағдайда нарық тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарым-қатынас жүйесі ретінде көрінеді. Екінші жағдайда- байланыс мемлекеттік жоспарлау және бөлу органдарының делдалдары арқылы көрінеді. Мұнда негізгі рольді өндірісті өндіруші атқарады. Екі байланыс формасы да сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімділіктің нәтижесінен шығады.

    Басында нарық тауарлық операцияларды жүзеге асыратын кеңістіктегі белгілі бір орын ретінде қарастырылды. Тауарлық өндірістің дамуы мен еңбекті бөлудің тереңдеуінің аясында нарық түсінігі қиын түсіндіріле бастады. Аайналыс саласы ретінде нарық түсінігі пайда болды. Нарықтың екі жағы бар: тұтынушының сұраныс төлемқабілеттілігін қанағаттандыру және өнімді өндіру мен нарыққа жеткізудің ақшалай өтеу.

    Егер  нырықты нарықтық айналыстың субьектісі ретінде алып қарайтын болсақ, онда бұл сатып алушы мен сатушылардың өзар іс-қимылы тауар алмасудың мүмкіндігне алып келетін жиынтық деген анықтама туады. Мұнда нарық экономикалық айналыс саласы ретінде қарастырылған. Бірақ мұнда өндіруші мен тауар делдалдары арасындағы айналыс бақыланбайды. Нарық айырбас саласы ретінде өнім тауар формасына ие болғанда ғана  басталады. Нарық тауарлы-ақша формасында қоғамдық өнім айналысы іске асатын экономикалық айналыстардың жиынтығын білдіреді. Қысқы мағынада нарық сөзі- тікелей тауарлық айналымның, тауарға деген ақша алмасу  саласы.

    Нарықты экономикалық айналыстың жиынтығы ретінде  анықтай отырып тауарлы-ақша қарым-қатынасы жүйесінде байланыстың ролі мен орнын орнату керек. Кең мағынада нарық пен тауарлы-ақша қарым-қатынасы қоғамдық-экономикалық байланыстың бір жүйесін білдіреді. Бірақ бұл екі экономикалық категорияны қатты ұқсастыруға да болмайды. Тауарлы-ақшалы қарым-қатынас өндіріс пен айналыс саласын қамтиды. Нарық тауарлы-ақшалық қатынастың тек бір ғана жағын ұсынады. Ол тауарлық және ақшалық айналыстың қатынасын көрсетеді және тауарлық өндіріспен үлесіп, оны толықтырып отырады. Сонымен қатар нарық тауарлы-ақшалық қатынастың нақты формасы болып табылады. Осыдан нарықтың экономикалық мәні көрінеді.

    Осылай, нарық тауарөндірушілер мен кәсіпкерлер қызметінің соңғы нәтижесінің аясында экономиканың икемді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін экономикалық қатынастың жүйесін ұсынады. Нарықты әлеуметтік-экономикалық бағытта қарастыра отырып мұны өнімді тұтынушыға бағыттайтын механизм екенін айта кету керек. Нарықтың бар жұмысы тұтынушының қажеттілігін дамыту мен қанағаттандыруға бағытталған. Нарық бір жағынан өндіріс пен бөлініс арасындағы, екінші жағынан  өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы звено ретінде көрінеді.

    Экономикалық  нарық заңдары.

    Нарықтың  жұмыс істеуінің негізгі заңдары  болып құн заңы, ресурсты үнемдеу және тепе-теңдік заңдары табылады. Құн заңы нарықтық қатынаста эквивалентті(баламды)беталыс ретінде көрінеді-яғни, тауарайналыс процессіндегі барлық субьектілер үшін тең өзар тиімді ретінде. әр тауардың екі жағы болады: бір жағы- пайдалы тұтынушылық құн, екінші жағынан- өндірістік шығындар құны. Бұл байланыста алмасу эквиваленті тауардың орташа бағасы оның бағасының орташа деңгейін қалай көрсетсе, осы тауардың шығын деңгейін де солай көрсету керек деп топшылайды. Нарықтық баға өзінің обьективті негізінде – яғни, сапа мен шығын деңгейінде ауытқиды.

    Ресурстарды үнемдеу заңы тауарөндірушілерге өндірістің икемділігін ынталандыратын фактор ретінде баға қозғалысы арқылы әсер етеді. Ол өндірілетін тауар және қызметтің сапалы сипаттамасын әрдайым жақсартып тұруды және тұтынушылық құнның бірлігіне шығындарды азайтып тұруды топшылайды.

    Тепе-теңдік заңы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімін ұсынады. Осы заңға байланысты нарықта іске асырылуға ұсынылған тауар мен қызметтердің ақшалай көлемі сұраныстың төлемқабілеттілігінің көлемімен сәйкес  тең болуы керек.

    Осы заңдармен қатар нарыққа басқа да айрықша заңдар тән.

    Нарықтың  жұмыс істеуінің  алғышарттары.

    Теория  мен тәжірибе нарықтың ақшалй жұмыс істеуіне бірнеше алғышарт қажет екенін білдіреді. Олардың негізгілері:

    • Экономикалық бостандық. Кәсіпорын не және қалай өндіру керек, және өнімді қайда іске асыру керектігі туралы өзі біледі,яғни бостандыққа ие.
    • Меншік құқығы. Жеке және заңды тұлғалар өздерінің меншіктерін иелену және қалай пайдалану туралы өздерінің құқықтарына ие.
    • Бәсекелестік. Көптеген бәсекелес жеткізушілердің болуы.
    • Құқықтық нарықтық институттар құру. Бақылау құқығы, акционерлік құқық, келісімшарт толтыру принциптері және экономикалық келісімдерді пайдалану.
    • Қатаң бюджеттік шектеулер. Жеке тұлғалар мен ұйымдардың кірісі экономикаға салынған нақты салымға тәуелді.
    • Алдын-ала болжалынған экономикалық саясат. Кәсіпорындар мен тұрғындар басқарушы саясаттан тәуелсіз өздерінің қаржылық-экономикалық жағдайларын алдын-ала болжауға мүмкіншіліктері болуы керек.

    Нарықтық  инфраструктура және оның элементтері.

    Нарықтың  жұмыс істеуі нарықтық механизмді анықтайтын негізгі элементтер арқылы іске асады. Олардың негізгілері болып мыналар табылады: сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік және баға жүйесі. Бұл элементтердің өзара қатынасы максимум кіріс алуға тырысқан өндірушілерді ресурсты қоғамға ең керек және қоғам мүшелері оған ақша төлеуге дайын өнімдер мен қызметерге бағыттауға итермелейді. Сұраныс пен ұсыныс сатылатын және сатып алынатын тауардың санын анықтап, және оларға баға жүйесін құрады. Бағалар, өз кезегінде, тұтынушыларға да, өндірушілерге де нарықтағы жағдай туралы ақпарат жеткізіп отыратын сигнал ретінде көрінеді.

    Бағалар арқылы бәсекелестік механизмі көптеген жеке экономикалық шешімдер жинақталып, теңгеріледі. Бәсекелестік өндірісті тұтынушылық қажеттіліктерді жоғарылатуға бағдарлайды. Ол өнім сапасының жоғарылауын, оның ассортиментінің кеңеюін және бағаның төмендеуін ынталандырады. Басқа жағынан бәсекелестік ғылыми-техникалық прогресстің жетістігін енгізуге және қоғамның шектеулі ресурстарын тиімді падалануға негіз болады.  

  1. Нарықтағы баға икемділігі, сұраныс және ұсыныс.

    Сұраныс факторлары және түсінігі. Нарық қашанда тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарама-қайшылық пен ішкі байланыстарды тұлғалайтын «сатушы-сатып алушы» қатынасын ұсынады. Бұл байланыстар сұраныс және ұсыныспен сипатталады.

    Сұраныс- бұл сәйкес ақшалай құралдармен қамтамасыз етілген және нарықта ұсынылатын қажеттілік формасы. Басқаша айтқанда сұраныс-бұл төлемқабілетті қажеттілік.

    Сұраныс заңы баға мен сұраныс мөлшері арасында кері байланысты ұсынады. Бағаның төмендеуі сұраныстың өсуіне алып келеді және керісінше , бағаның жоғарылауы сұраныстың төмендеуңне әсер етеді.

    Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді.(10 схема).

    

    

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

10 схема-  ұсыныс пен сұранысқа әсер ететін факторлар. 
 

    Ұсыныс  мәні және факторлары.

    Ұсыныс- нарыққа ұсынылған тауар көлемі. Яғни- осы өнімге деген нарық бағасының шектеулі деңгейінде өндірушілер шығаратын өнім көлемі. Ұсыныс заңы егер өнімге деген баға төмендесе онда нарыққа түскен осы өнімнің саны қысқаратынын жариялайды. Осылай, ұсыныс пен тауар бағасының арасында тікелей байланыс болады.

    Ұсыныс  пен сұраныстың икемділігі.

    Кез-келеген  тауарға деген сұраныстың негізінде  тұтынушының өнімді пайдалану туралы шешімі жатады. Осымен бірге өнімнің бір түріне деген сатып алудың өзгеруі экономиканың басқа саласындағы тауарлар мен ресурстарға деген сұранысты тудыруы мүмкін. Тәжірибде нарықтың жұмыс істеуінде халық тұтына алатын тауардың саны мен бағалар өзгерісінің арасында анықталған тәуелділік бар. Бұл тәуелділік экономикалық әдебиетте сұраныстың бағалық икемділігі деген атқа ие болды. Ол тауар мен қызметке бағаның өзгеруіне сатып алушылардың әсерінің қарқындылығын білдіреді.

    Сұраныстың  бағалық икемділігі мына формуламен анықтлады:

                       

                              Эс=  

Мұндағы Пт- тауар сатып алуының өзгерісі

                 ЦТ- тауар бірлігіне бағаның өзгерісі. 

Баға  бойынша сұраныс икемділігі баға өзгерісіне жауап ретінде сұраныс санының өзгеру сатысын көрсетеді. Сұраныс саны- нарықта шетелген бағамен сұралатын өнім саны.

    Икемді  сұраныс нұсқалары.

    Абсолютті икемсіз сұраныс. Ол тұтынушыға тауар бағасының өзгерісіне байланыссыз тауардың сол санының қажеттілігін білдіреді. Ол мына формуламен анықталады.

                              

                                      ЭС=

    Икемсіз сұраныс иеленген тауар саны тауар бағасының төмендеуінің әр процентінің 1℅нен кем көбейгенде орын алады. Бұны бағаның өзгеруіне сатып алушылардың әлсіз әсерін білдіреді.         

    Икемсіз сұраныс тауар бағасының өзгерісіне сәйкесі аз екендігін білдіреді. Формула:

                                      0 < Ис < 1.

    Жеке  дара икемділік баға 1℅ке төмендегенде алынған тауар саны 1℅ке өсетіндігін білдіреді:

                                           Ис=1.

    Жеке  даралық икемділікте сұраныс  саны тауар бағасының ауытқуымен анықталады. Бірақ қызметтер мен тауарға сұраныс тек бір ғана тауардың бағасына емес, сонымен қатар басқа да тауарлардың бағасына тәуелді. Мұндай тәуелділік тауарға жақсы икемді сұранысымен сипатталады. Ол мына формулада көрінеді: 

                                         Пэ=

    Мұнда Рп- тауар сатып алуының өсімі, ℅

                 РЦ- тауар бағасының өсімі, ℅.

    Икемді  сұраныс сұраныс баға төмендеуінің әр процентінің 1℅нен өсіп кеткен жағдайда көрінеді. Бұл сатып алушылардың күшті әсерін білдіреді. Икемді сұраныста бағаның аздаған өзгерісі сұраныс санына біршама әсер етеді.

                                       ИС > 1.

    Абсолютті икемді сұраныс. Мұнда белгілі бір тауарға сұраныс бағаға мүлдем тәуелді емес, ал оның саны басқа факторлардың әсерінен қалыптасады.

                                       Ис

Бағалық икемділікпен бірге тұрғындардың кірістері бойынша сұраныс икемділігі де орын алады. Ол келесідей берілуі мүмкін: 

                                          

                                           Ик=

Мұндағы Өт- тауар өнімінің өсімі, ℅

                 Өк- кіріс өсімі.

    Ұсыныс  икемділігінң мәні мен  түрлері.

    Сұраныс икемділігі тауар бағасының өзгерісіне сұраныс әсерінің сезімталдығын сипаттайды. Ұсыныс икемділігін мына формуламен көрсетуге болады:

Информация о работе Ауыл шаруашылығындағы нарық және нарықтық қатынастардың экономикалық мәні