Шағын бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 19:10, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар бойы тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипатталады. Жалпы бұл тақырыпты алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым ол Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай–ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі жайлы жазу. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуындағы ерекшеліктері мен проблемаларын зерттеп жазуға тырыстым. Сол сияқты Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролін анықтау болды. Кәсіпкерлік әзірде экономиканың белсенді қоректендірушісі болған емес, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Курстық жұмысымның үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының шағын бизнесінің дамуын дамыған және дамушы елдермен салыстыра отырып жаздым. Қазіргі батыс экономикасында шағын бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Шағын бизнестің экономикада алатын орны өте зор, себебі шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі.

Работа содержит 1 файл

ШБ.docx

— 63.55 Кб (Скачать)

     1) Европалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке  жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін  товарлар, қызметтер, жұмысшы күші  және капитал қозғалысы жолындағы  барлық кедергілерді алып тастау;

     2) технология мен табиғатты қорғау  шараларына байланысты заңдық  нормалардың қатаңдатылуы, оларға  жұмсалатын күрделі қаржыны одан  әрі қысқарту және оны пайдаланудың  тиімділігін арттыру. [10,70б] Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип - өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Бағдарламаның мақсаты - шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осыған байланысты мынадай шараларды атап өтуге болады. Германияның федералды үкіметі қаржыландыру шараларды іс жүзінде асырып отыр. Олар – шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жердегі басты бағыт – 1957 жылы заңды түрде бекітілген, шағын және орта фирмалардың позицияларын нығайтуға байланысты бірнеше рет қайта қаралған – картельдік құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство (бізше монополияға қарсы комитет), біріншіден, ірі фирмалардың бір-біріне қосылып кетуін қатаң бақылап отырады; екіншіден, орынсыз тыйым салуларды алып тастап, шағын және орта кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды.

       Шағын бизнеске қаржылық қолдау  жасаудағы құрылымдық-саяси шаралардың  екінші бір құрамды бөлігі - мемлекеттік  тапсырмаларды бөлуге қатысудағы  олардың құқықтық жағынан теңдігін  қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап  мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге  шағын және орта фирмалардың  да міндетті түрде қатысуын  реттейтін ерекше ереже бар.  Егер белгілі бір жағдайларға  байланысты өздеріне қысым көрсетілетін  болса, онда шағын фирмалар  осындай мәселелерді заңды түрде  ретке келтіру үшін тиісті  орындарға шағым жасауына болады. Салық салудағы жеңілдіктер. Германияның  жаңа аймақтарында қазіргі кезде  кеңінен пайдаланылып жүрген  бұл жұмыстың үш түрі бар: 

     1) амортизациялық аударымдардың арнайы  нормалары;

      2) пайданың салық салынбайтын  резервтерін жасау; 

     3) салық ведомстволары төлейтін  инвестициялық үстемелер. 

     Амортизациялық  аударымдардың арнайы нормалары  барлық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын аушаға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жағынан  алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа товар шығаруға бағытталады. Жұмсалған  қаражаттар үш жыл ішінде есептеп  шығарылады, бірінші жылы жұмсалған  капиталдың 50 пайызы амортизацияланады, екінші жылы 30 пайызды және үшінші жылы - 20 пайыз. Қаржылық жағынан қолдау. Федералды үкімет тарапынан берілетін  салыстырмалы түрде пайыз ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын пайдалана  отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндік  тудыратын несиелер – шағын бизнес үшін айтарлықтай қамқорлық болып  табылады. Сондай-ақ өзінің бастамасын Маршалл жоспары кезеңінен алатын «еуропалық калпына келтіру бағрламасы» шеңберінде де едәуір қаражат бөлінеді. Қазіргі кезде бизнестің бұл түрін қаржыландырудың негізгі көзі федералдық бюджет, оның қорлары, «Кредитанштальт фюр Видерауфбау» (Майндағы Франкфурт), «Дойче аусглейхсбанк» (Бонн) және «Берлинер индустрибанк» (Берлин) сияқты арнайы үш банк арқылы бөлінеді. Шағын және орта фирмаларға несиплер тікелей емес, ақшаның дер кезінде қайтарылуына кепілдік беретін олардың өздерінің банктері негізінде іс жүзіне асырылады. Сонымен қатар шағын фирмалар федералды және жергілікті үкіметтердің кепілдіктерін де пайдалана алады. Жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономикалық аймақтық құрылымын жақсартуға ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер береді. Инновациялық салаға көмек. Бұл мақсатқа федералды үкімет 1990 жылдардың басында бір жыл ішінде 750 млн маркаға дейінгі мөлшерде қаржы бөліп отырады. Бұл көмектің ұйымдық формалары әралуан: индустриалды және ғылыми парктер, жұмыс бабына қарай бөлмелер бере алатын, ақпараттық банктерге енуге, консультацияларға, капиталдарға қатысуға рұқсат беретін мүмкіндіктері бар инновациялық орталықтар. Шағын және орта бизнес саласында инновацияны мемлекеттік қолдау олардың ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесу, қажетті ақпараттық және консультациялық инфрақұрылымды жасау, технологияны алуды жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға жәрдемдесу жұмыстары арқылы іс жүзіне асырылады.

     Шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.[12,18б]

     Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан  екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке  барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде  макроэкономикалық және салалық  деп бөлуге болады.

     Ішкі  немесе бақыланатын факторларға  кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды жатқызады. Енді әртүрлі  тәжірибесіне келейік. 

АҚШ – ғы шағын бизнес

     Әдетте  америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың  санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар – 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.

     АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады. Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

Ұлыбританиядағы шағын бизнес 

      Ұлыбритания тәжірибес көрсетіп отырғандай, шағын  бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін  кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды  рол ойнайды. Шағын бизнес адамдарға  өзінің творчествалық мүкіндіктерін  көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда  шағын кәіспкерліктің дамуына консервативті  үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы  ықпал етті.

     Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус – квотасын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.

     Үкімет  шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік  қызметтің әлеуметтік – экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді  қолданды. 1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу  жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының  фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл  көмектің болуы және орта және шағын  бизнестің даму стратегиясының болуы  бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.

Франциядағы шағын бизнес 

     Кәсіпорындарды  шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі – ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар – шағын, 50-499 – орташа, 500 көп - ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің мақсатттарының бірі – шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және іәкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын компаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар бар. 80 жыл басында несиелерді кепілдеудің Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын компапияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.

Израильдегі шағын бизнес 

      60 ж. бастап Израилде экономикаға  үлкен ықпалды акционерлік қоғамдар  түріндегі ірі кәсіпорындар көрсетті. Дәл осы сектор үлкен табыс  берді, бірақ 80 ж. аяғындағы  Шығыс Европа және КСРО елдеріндегі  экономикалық және саяси жағдайдың  тұрақсыздану ірі масштабты иммиграцияға  әкелді. Осы кезде Израиль Үкіметі  алдында жаңа азаматтарды жұмысқа  орналастыру сұрағы туды. Соған байланысты шағын және орта бизнесті дамытуды жылдамдатты.[1,70б]

     Шағын бизнесті қолдаудың маңызды бағыттарының бірі болып мошав – овдимдерді қолдау табылады. Ол әрбір жанұя өз шаруашылығын жүргізіп, өзінің жерін өңдейтін ауылшаруашылық, поселке. Ал өнімді бөлу және өткізуді ауыл шаруашылық құралдардың сатып алуды коммуналдық қамтамасыз етуді мошава тұрғындары кооперативтік негізде жүзеге асырады. Мошаваларды ауылшаруалық өндірістің бірқатар негізгі бағыттар қалыптасқан:

- сүт  шаруашылығы (30 сиырға дейін, орташа көлемі) бір жанұяға.

- егістік  (негізінен көкөніс және техникалық  дақылдар) бір жанұяға Қазақстанның  шикізат ресурстарынан басқа  дамыған ғылымы, біздің еліміздің  экономикасы кезіккен қиындықтарды  және алатын интеллектуалдық  потенциалы бар. Оның үстіне  республикада өз өндірістерін  конверсиялау процесіндегі кәсіпорындар, сонымен бірге негізінде Hitech сферасындағы  шағын және орта кәсіпорындады  құруға болатын машина жасау зауыттары бар. Біздің экономикамызда болып жатқан құрылымдық өзгерістер дамыған мемлекеттер сонымен бірге Израилдің шағын және орта бизнестің дамуының тәжірибесін есепке алу қажет.

3.2 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру     

   Шағын бизнестің негізгі мақсаты –  халықты жұмыспен қамтамасыз ету, оның әлеуметтік проблемаларын шешу және еңбекке деген ынталығын дамыту, тұтыну нарығын мол ассортиментті  товарлармен және қызмет етумен толтыру. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері Қазақстан азаматтарының  кәсіпкерлікпен айналысуына қолайлы  құқықтық және экономикалық жағдайлар  жасау мақсатымен мынадай шаралар  көзделген: - жеке адамның және семьялық кәсіпкерліктерін, шаруашылық қожалықтарының істеріне мемлекет ұйымдарының заңсыз араласпауына кепілдік беретін заңдармен қамтамасыз ету; шағын бизнес субъекттерін мемлекеттік тіркеудің жеңіл тәртібін енгізу. Бұл тіркеудің мерзімін және ақысын қысқарту, қажетті жоғарғы қорының көлемін азайту, шағын кәсіпкерлер меншігіне мемлекеттік меншікті ақысыз беру; мемлекеттік бақылау ұйымдарының шағын бизнес субъекттерінен қосымша ақы алуға мүмкіндік беретін қазіргі күші бар заңдылық нормативтер мен жағдайларды жою. Бұған тек заңда бекітілген айыптар, өсімдер және басқа санкциялар жатпайды; материалдық өнімдер өндірісімен шұғылдалатын шағын бизнес субъекттеріне салық және кеден ақысын төлеуге жеңілдіктер беруді өрістету. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мәселесін реттеу үшін үкіметке жатпайтын құрылымдардың қатысуымен 1997 жылдың маусым айынан бастап шағын кәсіпкерлікті дамытатын Қор ашу жөнінде ұсыныс енгізілуі белгіленген. Қазақстан Республика Үкіметіне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі мен бірге шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарына және жеке кәсіпкерлерге ақы алынбайтын мемлекеттік және екінші деңгейдегі банклерде мемлекеттің қатысуымен есеп шот ашуды қамтамасыз ететін шараларды жасауға тапсырма берілді. Осымен қатар екінші деңгейдегі банклерді бірінші кезекте шағын бизнес субъектеріне несие беруін ынталандыратын шаралар жүйелері де жасалуда. Облыстарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірге мынадай шаралар жүргізілуде:

- мемлекеттік  кәсіпорындарында пайдаланылмайтын  объекттерді және аландарды түгелдеу;

- пайдаланылмайтын  өндіріс ғимараттар туралы мәлімет  берген кәсіпкерлерге, егерде  олар өндіріспен айналысса, ғимараттар  жалға немесе сенім хат бойынша  - бір жыл мерзімге беріледі. Келешекте  объекттер кәсіпкерлердің меншігіне  беріледі. Егерде кәсіпкерлер алты  айдың ішінде өндірісті іске  асыра алмаса, объекттер қайтарып  алынып, қайтарылған мүліктер қайтадан  жарысқа қойылады;

- шағын  бизнес орталықтарын және бөлімшелерін  салуға арналған жерлер анықталады, ай сайын шағын бизнес субъекттері  араларында жерді сату жарыстары  жүргізіледі; 

- жердің  құны 5 жыл мерзімге бөліп-бөліп  төленеді. Өндіріспен айналысатын  шағын кәсіпкерлер субъекттеріне  жерге ие болу құжаты ақысыз  беріледі;

- өндірістік  әрекеттер ұйымдастыру үшін шағын  бизнес кәсіпорындарының пайдалануына, аяқталмаған мемлекеттік құрылыс  объекттері тендер негізінде  берілуі қамтамасыз етіледі. Шағын  кәсіпкерлікті қаржыландырудың  басым бағыттары ішінде оны  қорғауға бағытталған заңдардың  сақталуын бақылау, шағын кәсіпкерліктің  дамуына кедергі жасайтын факторларды  анықтау сияқты маңызды шаралар  бар. Шағын кәсіпкерліктің ойдағыдай  дамуын айқындайтын басты шарттардың  бірі – олардың қызметін қамтамасыз  ететін инфрақұрылымының жақсы  дамыған және дұрыс жұмыс жасайтын  элементтерін жалға қою. Қазіргі  кезде республикада шағын кәсіпорындардың  өміршендігі мен өркендеуін арттыратын  бизнес – инкубаторлар, технопарктер  мен орталықтар жұмыс істеуде.  Алайда, олардың жұмысы әзірге республиканың шағын кәсіпкерлігінің ойдағыдай жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз. Сондықтан бағдарламада көптеген кәсіпкерлердің есеп, бизнес – жоспар, маркетинг, қаржылық талдау, құқықтық мәдениет машықтарын әлсіз меңгергендігі ескеріле отырып, бизнес – инкубаторларға, технопарктерге, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастықтарға, мемлекеттік уәкілетті органдарға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді күшейту тапсырылған. Шағын кәсіпкерлік саласындағы қаржылық қолдау шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қажетіне сай келетін жабдық шығара алатын компанияларға бағдарлануы тиіс, олардың өндірістік бағыты өнімнің жаңа түрлерін игеруі, техникалық және технологиялық озықтығы ескерілетін болады.

Информация о работе Шағын бизнес