Шағын бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 19:10, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар бойы тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипатталады. Жалпы бұл тақырыпты алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым ол Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай–ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі жайлы жазу. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуындағы ерекшеліктері мен проблемаларын зерттеп жазуға тырыстым. Сол сияқты Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролін анықтау болды. Кәсіпкерлік әзірде экономиканың белсенді қоректендірушісі болған емес, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Курстық жұмысымның үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының шағын бизнесінің дамуын дамыған және дамушы елдермен салыстыра отырып жаздым. Қазіргі батыс экономикасында шағын бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Шағын бизнестің экономикада алатын орны өте зор, себебі шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі.

Работа содержит 1 файл