Қоғамның экономикалық дамуы және оның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 10:57, курсовая работа

Описание работы

Тұтынудың басталуы үшін өндіріс пен ұсыныс құрылуы керек. Шынымен де, мемлекеттік экономикасы оның өндірістік мүмкіндіктерімен анықталады: ғылым дамуының деңгейі, көптеген тауарлар мен қызмет түрлерін көрсету үшін ұйымдастырудың жетілуі және қаражат қорының молаюы. Осы өндірілген өнімдер түрлі мемлекеттерде сатылады немесе сатылып алынады. Дамыған елдердегі өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері өте жоғары, себебі әрбір орташа жұмысшыға қызмет көрсету және тауар өндірісінің салыстырмалы жоғары үлес салмағы келеді.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қоғамның экономикалық дамуы және оның ерекшеліктері 4
1.1 Қоғамдық өндіріс. Қоғамдық өндірістің негізгі принциптері 4
1.2 Қоғамдық өнім және оның құрылымы 6
1.3 Қоғамдық өнімді тарату, айырбастау және тұтыну 6
1.4 Қоғамдық өнімді жаңғырту 7
1.5 Қоғамдық өнімді өткізу 8
2 Өндірістің негізгі формалары мен факторлары 9
2.1 Өндіріс және оның негізгі формалары 9
2.2 Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары 12
2.3 Өндіріс шығындары және өзіндік құн.Кәсіпорын
шығындары түсінігі және олардың түрлері 15
2.4 Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту 20
3 Қоғамның рөлі 23
3.1 Қазіргі таңдағы экономикадағы адамның рөлі 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 26

Работа содержит 1 файл

қоғамдық өндіріс негіздері.doc

— 226.50 Кб (Скачать)

Адамдық ресурстар – бұл еңбек ресурсы, нарықтық экономикада өндірістің ең маңызды факторы болып табылады. Адамдардың нарықта ұсынатын еңбек қызметтері адам ресурстары ретінде олардың басқа ресурс түрлерімен (қаржылық, табиғи, материалды) тәуелділігі және бірін-бірі ауыстыра алуы жағдайында және бәсекелстік нарықта өндіріс факторларын қолданғанда ғана қарастырады.

Адамдық капитал – инвестициялар нәтижесінде құрастырылған және адамның жинақтап алған арнайы денсаулық, білімі, мүмкіндіктері, мүддесі қоры, адам оны қоғамдық жаңғыртудың белгілі бір саласында қолданады. Осы капитал еңбектің өнімділігіне және тиімділігіне  оң әсерін тигізеді. Нәтижесінде аталған адамның табысының ұлғаюына алып келеді.  

Кәсіпкер – нарықтық экономиканың белсенді субъектісі, оның ресурстардың жаңа комбинацияларын және өндіріс факторларын іске асыруға мүмкіндігі бар болады. Мұндағы оның негізгі мақсаты жаңа тауралар ашу және жоғары табыс алу. Кәсіпкер әрқашан тәуекелділік және белгісізділік жағдайында жұмыс істейді және өзінің жеке қабылдайтын шешімдеріне өзі ғана жауап береді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Еңбек процесі әрқашан  жеке тұлғалармен әске асырылған  еді. Бірақ, еңбек процесінің нағыз  алғышарты болып әрқашан оқшауланған  тұлға емес, қоғам аталады. Өндіріс  әрқашан әлеуметтік өндіріс болып табылады.

Әлеуметтік өндірістің екі өзара байланысқан жақтары  бар: өндірістік күштер және өндірістік қатынастар.  Өндірістік күштерге өндіріс тәсілдері мен арнайы өндірістік тәжірибесі, еңбек етуге мүмкіндігі, және осы тәсілдерді жұмысқа келтіретін білімі бар адамдар жатқызылады. Адамдар – қоғамның өндіргіш күштерінің негізгі элементі болып табылады. Сондықтан, өндіргіш күштерді техника немесе басқа да өндірістің материалды элементтерімен қате тұжырымдайды.

Өндіргіш күштер тек  қоғамдық өндіргіш күштер ретінде ғана өмір сүреді. Табиғатпен белсенді байланысқа түсе отырып, адамдар өзара қарым-қатынасқа да түседі. Осылай байланыстың өзі мүмкін болады. Арнайы  адамдардың өз ерік-жігерінен тәуелсіз түрде кірісетін байланыстар мен қатынастар қоғамдық - өндірістік немесе экономикалық қатынастар деп аталады. 

Өндірістік қатынастардың  жүйесінің негізінде өндіріс  нәрселеріне меншік қатынастары  жатады. Өндіріс нәрсесіне меншік түріне  қоғам мүшелерінің ортақ  және жеке экономикалық мүдделерінің мазмұны мен нақты бірігуі, оның әлеуметтік құрылымы тәуелді болады.  

Біздің пікіріміз  бойынша, ферма, зауыт, әуе компаниясы және есеп фирмасы әрқашан өндірісінің  тиімділігін, яғни ешқандай шығынсыз арттырғысы келеді. Басқаша айтқанда, олар әрқашан  шектелген ресурстардың бір бөлігінен өнімнің максималды мөлшерін, барлық жұмыс барысында шығындардан құтыла отырып, алғысы келеді. Фирмалар қандай тауарларды өндіру және  қандай қызмет түрлерін көрсету туралы шешімдер қабылдағанда әрдайым экономикалық табысын масималицазиялауға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

  1.  «Бизнес тілі» В. А. Чжена редакциясымен авторлар коллективі. Алматы «Шарк» 1995 жыл.
  2. Пол А. Самуэльсон және Вильям Д. Нордхаус «Экономика» . Мәскеу «Бином-КноРус» 1997 жыл.
  3. «Саяси экономика» авторлар коллективі

Мәскеу «Политиздат» 1978 жыл.

 4 Қазақстан Республикасының Заңы  "Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы"  18 тамыз 1992 ж.

  1. Беликамур Ю. Қысқа экономикалық сөздік . - М. : Политиздат, 1987.
  2. Бердалиев К.Е. Қазақстан Республикасының экономикасын басқару негіздері. Оқу құралы – Алматы : Экономика, 1998.
  3. Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары - Шымкент : Есеп, 1998.
  4. Өтпелі экономика бағытында. Абалкин редакциясымен - М. : Финстатиздат, 1995.
  5. Лисовик Б. С. Еңбек және нарық. - СПб. : Нева, 1991.
  6. Әкімшіл - әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өту моделі.  Байзаков С.Б. редакциясымен – Алматы : Рауан, 1997.
  7. Морозов Т. Р. , Победина М. П. , Поляк Г.Б. Аймақтық экономика : оқу құралы.- М. : Банктер және биржалар, ЮНИТИ, 1995.
  8. Назарбаев Н. А. Қазақстан Республикасының дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы : "Казақстан - 2030" – Алматы : Рауан, 1998.
  9. Нурмагамбетов А. М. Еңбек нарығы : перспективалар мен заңды мәселелер. – Алматы : ЖШС "Баспа", 1995.
  10. Сатыбалдин С. С. Азияның айдахарлары мен жолбарыстары : Қазақстандық «барс» осы жолмен өте алады ма? - Алматы : Галым, 1998.
  11. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы: статистикалық жинақ. - Алматы: Казинформцентр, 1994.
  12. Хасбулатов Р. И. Әлемдік экономика. - М. : ИНСАН, 1996.
  13. Эрхард Л. «Экономикалық еңбектің» құпиялары . - М.: БЕК, 1997.



Информация о работе Қоғамның экономикалық дамуы және оның ерекшеліктері