Қоғамның экономикалық дамуы және оның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 10:57, курсовая работа

Описание работы

Тұтынудың басталуы үшін өндіріс пен ұсыныс құрылуы керек. Шынымен де, мемлекеттік экономикасы оның өндірістік мүмкіндіктерімен анықталады: ғылым дамуының деңгейі, көптеген тауарлар мен қызмет түрлерін көрсету үшін ұйымдастырудың жетілуі және қаражат қорының молаюы. Осы өндірілген өнімдер түрлі мемлекеттерде сатылады немесе сатылып алынады. Дамыған елдердегі өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері өте жоғары, себебі әрбір орташа жұмысшыға қызмет көрсету және тауар өндірісінің салыстырмалы жоғары үлес салмағы келеді.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қоғамның экономикалық дамуы және оның ерекшеліктері 4
1.1 Қоғамдық өндіріс. Қоғамдық өндірістің негізгі принциптері 4
1.2 Қоғамдық өнім және оның құрылымы 6
1.3 Қоғамдық өнімді тарату, айырбастау және тұтыну 6
1.4 Қоғамдық өнімді жаңғырту 7
1.5 Қоғамдық өнімді өткізу 8
2 Өндірістің негізгі формалары мен факторлары 9
2.1 Өндіріс және оның негізгі формалары 9
2.2 Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары 12
2.3 Өндіріс шығындары және өзіндік құн.Кәсіпорын
шығындары түсінігі және олардың түрлері 15
2.4 Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту 20
3 Қоғамның рөлі 23
3.1 Қазіргі таңдағы экономикадағы адамның рөлі 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 26

Работа содержит 1 файл

қоғамдық өндіріс негіздері.doc

— 226.50 Кб (Скачать)

Атауы

Саны

Бағасы

Сомасы

Ұн

0,400 кг

27 тенге/кг

10,80 тенге

Ашытқы

0,010 кг

150 тенге/кг

1,5 тенге

Тұз

0,010 кг

20 тенге/кг

0,2 тенге

Витаминдер

0,005 кг

300 тенге/кг

1,50 тенге

Барлық  шығын

   

14,00 тенге


 

2.Тікелей  еңбек. Тікелей  еңбекті  калькуляциялау  үшін  еңбекақы  туралы  есепті  қарастыру  керек:

а) Фирмада  6  жұмысшы  бар  делік, олар   өндіріс  процесіне  тікелей  қатысады  және  тариф  бойынша жалақы  алады,  қажетті  й сайынғы 5000  тенге  сомасындағы  аударымды қосқанда:

 

6 жұмысшы х 5 000 тенге/жұм.орны  = 30 000 тенге/айына

 

б) Еңбекақыға  жылдық  шығын  сомасы есептелінеді:

 

30 000 тенге х 12 ай = 360 000 тенге/жыл

 

с) Жұмыс  уақытының  жылдық  қоры есептелінеді:

 

47 апта  х 41 сағат  х 6 жұмысшы = 11 562 сағат

 

д) Тікелей  еңбектің  бір  сағаттық  бағасы  есептілінеді:

 

360 000 тенге/ 11 562 сағат = 31,14 тенге-сағат

 

е) Нанның  бір  батон  өндірсіне  қажетті  уақыт  0,1 сағат  болса,  өнім  бірлігіне  кеткен  тікелей  еңбек  бағасын  аламыз:

 

0,1 сағат х 31,14 тенге/сағат  = 1,868 тенге = 3,1 тенге

 

Енді  өнім  бірлігіне  тікелей  шығынды  есептеуге  болады:

Материалдық  шығындар                                             14,0 тенге

Тікелей  еңбек                                                                3,1  тенге

             Тікелей шығыдардың  барлығы / өнім бірлігіне       17,1 тенге

Жанама шығындар

Бұл шығындардан басқ фирманың шығындары болады, оларға: құал-жабдықты алуға, пайдануға және жөндеуге шығындар, өндіріс алаңының арендасы, канцеляриялық шығындар, коммерциялық шығындар  және т.б.

Келер  жылдағы  шығындар  келесідей  дерлік:

Ғимарат  арендасы                                     120 000

Құрал-жабдық амортизацияы                   10  000                            

  Құрал-жабдықты  пайдалану                     5   000

Басқада персонал еңбекаысы                    15  000

Коммерциялық  шығындар                        6  000

Банк  несиесіне  кредиттер                        35  000

Жанама  шығындардың  барлығы            191 000

Инфляция   кезінде  тікелей  және  жанама  шығындарды  инфляция  пайызына  көбейту  қажет.  Егер  инфляция   жылына  15 %  болса, онда:

өнім бірлігіне тікелей  шығындар  17,1 х 115% =19,67 тенгені құрайды

жанама шығындар 119 000 х 115%  = 219 650 тенге

Шығындар  соммасы  өнімді  өткізу бағасына  қосылу  жолымен  өткерлуі тиіс.  Өнімнің  бір  түрлі  өндірісі  жағдайында өткерілу  өте  оңай  жүреді, бұл  кезде  мүмкін  болатын  шығын сомасы  мүмкін  болатын  өнім  өндірісіне  бөлінеді. Жоспарланған  кезеңдегі  өнім  өндірісі   құрал-жабдықтың  еңбек  өнімділігі,  жеткізілетін  шикізат көлемі,  өткізу  нарығы және т.б.  сияқты  көптеген  көрсеткіштердің  есебін  бағалаумен  жүзеге  асырылады.

Жоспарланған  жылға  өнім  өндірісінің  көлемі 180 000 нан бірлігі дерлік.  Бұл бізге жанама шығын  және  бір  батон  кезеңіндегі  шығындар  көлемін   есептеуге  мүмкіндік  береді:

 

219 650 / 180 000 = 1,22 тенге/бірл

 

Өнім  бірлігінің өзіндік құны

Енді  нанның  өткізілуінің  толық  өзіндік  құнын  анықтауға  болады:

Тікелей  шығындар                                        19,67 тенге

Жанама  шығындар                                        1, 22  тенге

Өзіндік құн/бірл                                              20,89 тенге

Жанама шығындар есебінің білу қажеттілігін ескере отырып, 180 000 бірлік орнынына 50 000 нан бірлігі өткізілі дерлік

Онда өнім бірлігіне  жанама шығындар көлемі мынаны құрайды:

 

219 650 / 50 000 = 4,393 тенге / бірл = 4,39 тенге/ бірл,

 

Бұл өз кезегінде өнім бірлігінің жалпы бағасына әсер етеді:

 

19,67 + 4,39 = 24,06 тенге / бірл

 

Бұл жағдайда фирма өндіріс  қуатын толықтай пайдаланбай отыр, өнімнің өзіндік құны бірінші жағдайға қарағанда көбірек болып отыр.

Бұл өнім бірлігіне табыстың азаюына, өндірістің шығындалуына, сату бағасының өсуіне әкеледі, әрине бұл жағдайлар өнімді  өткізу көлеміне негативті түрде әсер етеді. Осы жерде тікелей шығындарды өнімнің бағасының өсуі немесе шығындалуға, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің төмендемейтіндей деңгейде ұстау және бақылау қажеттілігі туындайды.

Әр  түрлі  бұйымдар  өндіретін  фирмада  жанама  шығындар  әр  түрлі  өнімдер  бойынша  бөлінеді. Бұл  мәселені  шешу  үшін  қандай  да  бір  критерий  қажет.  Осындай  «бөлістіру  кілті» мыналар  болуы  мүмкін:

    • өнімді  өндіруге  қажетті  уақыт  мөлшері;
    • өнім  өндірісіне  кететін  тікелей  еңбек  мөлшері;
    • өнім өндірумен  айналысатын  өндіріс  алаңы;
    • Өнім  өндірісіндегі  негізгі  қорлар  бағасы  және  т.б.

Осы  әдістердің  ішінен  шағын  өндіріс  көбіне  өнімге  кететін  тікелей  еңбек  көлемін  бөлістіру  әдісін  қолданады:

а)  Тікелей еңбектің  бір сағаттық  жанама  шығынын есептеуде барлық  жанама  шығындарды  барлық  тікелей жұмыс уақытына  бөлінеді:

 

219 650 / 11 562  =  19,00 тенге / сағат

 

б)  Әрбір  өнімге  жанама шығынды  есептеу  үшін, өнім  өндірісіне қажетті  тікелей уақыт мөлшерін  жанама  шығындардың  сағаттық  құнына  көбейтеміз:

 

0,1 х 19,00 тенге/сағат =  1,9 тенге/бірл.

 

 

2.4 Өндіріс  процесінде  қолданылатын  шығындарды  азайту

 

Өндіріс  процесінде  қолданылатын  шығындардың  мөлшерін  азайту  үшін  үнемі    экономикалық  талдау  жасау  қажеттілігі  туындайды. 

Өндіріс процесінде өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар дайындалған  өнімнің өзіндік құнының мөлшеріне  тікелей әсер ететіндіктен шығындардардың қандай да статьясынан үнемдеу мүмкін болса, өнімнің өзіндік құны да азда болса төмендейді.

Өнімнің өзіндік құнын азатуды қамтамасыз ететін жалпы факторларға  мыналар жатады:

    • Шикізат, материал, электроэнергия және жанармайды  экономдау;
    • өндірістің  негізгі  құралдарын  қолдануды  жақсарту;
    • ресурсүнемдеуші  жаңа  технологияларды қолдану;
    • өнімді  өткізу  бойынша  шығындарды  азайту;
    • кәсіпорынның  тауар  саясатын  қайта  қарастыру;
    • жұмысын  тоқтату  және  ақаулардан  жоғалтуларды  азайту;
    • сатып  алынатын  материалдардың  оптимальды  көлемін  және  өндіріс процесінде  өндірілетін өнім  көлемінің дұрыстығын  қадағалау және  бақылау;

-  жалпы   заводтық  (жалпы  шаруашылық)   және  цехтық  шығындарды  азайту.

Шаруашылықты  жүргізудің   жаңа   жүйесі  үнем   тәртібін   қатаң  сақтап  өзіндік  құнды   төмендетуді   көздейді.  Өнімнің, жұмыстың  өзіндік құны  материал  мен   еңбек ресурстарының үнемделу, өндірістің техникамен   жарақтану дәрежесін, сонымен бірге шаруашылық есеп негіздерінің сақталуын көрсетеді. Кәсіпорындардың өзіндік құнына өндірістен тыс сатуға жұмсалған шығынды қосып өнімнің толық өзіндік құнын есептеп шығарады. Толық өзіндік құн - өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындар жиынтығы, құнның негізгі бөлігі.

Өнекәсіптегі өнімнің  өзіндік құнын талдау тауарлы  өнімнің 1 теңгеге шығынын қысқартудан басталады, өйткені ол өзіндік құнның негізгі көрсеткіші болып табылады. Ол өзіндік құн динамикасын және шығын деңгейін сипаттайды. АҚ «Рахат» тауарлы өнімінің 1 теңгеге шаққандағы шығындар динамикасы 3 кестеде көрсетілген.

                   

Кесте 3 – АҚ «Рахаттың» 1999 жылдың ақпан-желтоқсан  айларындағы

тауарлы  өнімінің  1  теңгеге  шаққандағы  шығындарын  талдау

 

Осы мәліметтерді  қарастыра  отырып, мынадай  қорытындыға  қоытынды  жасауға  болады, 1995 жылмен  салыстырғанда  фабрика  1996  жылы жақсы  жұмыс  жасаған.  Таблицада  көрсетілгендей  фабрикада  тауарлы өнімнің  теңгеге  шаққанда  шығындары  төмендеген.  Ең  төменгі  нәтиже  «шикізат  және  материалдар» бөлігінде  12,43 теңгеге,  «құралдарды  пайдалану»  бөлімінде  16,99 теңгеге және  жалпы  өндірістік  шығындар  9,58  теңгеге жеткен.   Бұл  кәсіпорынның  жұмысын  жалпы  оптималдаумен   байланысты  және  де шикізатты   тиімдірек  пайдалнумен,  ескі  құрал-жабдықты  жаңасымен  алмастырумен  байланысты  болды.  «Көмекші  материалдар»  бөлімінде  өсім  байқалады,  ол  1996  жылдан  бастап   өнімнің  басқаша  және   әшекейлі  ұсақ  орамамен қапталуына  байланысты  болды.

Өнімді  толық  өзіндік  құнмен  сатады,  өткізеді.  Неғұрлым  өзіндік құн төмен болса, соғұрлым өндіріс тиімділігі жоғары болады. Өзіндік құн тікелей кәсіпорындарда қалыптасады. Халық щаруашылығы бойынша орта есеппен өнімнің    өзіндік   құны    шамамен    алғанда    оның   құнының  ¾   бөлігіндей болады.  Өзіндік   құнды төмендетудің негізгі жолдары: өнім көлемін көбейтіп, сапасын арттыру,  ғылым   мен   техника   жаңалықтарын және   қалдықсыз   технологияларды   өндіріске   енгізу, еңбек   өнімділігін арттыру,  өндіріс   қорларын   ұтымды   пайдалану,  өндіріс  циклын   қысқарту, ұйымдастыру  мен   басқаруды жақсартып   оған   кететін шығындарды азайту, өндіріс   қалдықтарын   толық    пайдалану, өндірістің   тоқтауын   және шығын   мен  ақауды    азайту,  дер кезінде жүргізілетін бақылау, есеп пен экономикалық талдау, айналым қаржыларының айналуын тездету, тағы басқалар.

Келешекте өзіндік құнның кейбір шығын түрлерінің ғылыми-техникалық прогресс, механикаландыру, автоматтандыру, электрлендіру, химияландыруға байланысты үлес салмағы едәуір өзгеретін болады. Өзіндік құн категориясын қолдану, оны бақылау, талдау өндірістің ішкі мүмкіндіктерін ашуға, оны жұмылдыруға көмектеседі. Ондай резервтер барлық кәсіпорындарда да болады. Өндіріс көлемі  жыл сайын өсіп отырады, соған сәйкес шығын да көбейеді. Бағаның да негізі - өзіндік құн. Осыған   байланысты өзіндік құнды азайтудың ерекше мәні бар, ол пайданы молайтудың басты көзі.

 

 

 

3 Қоғамның рөлі

 

 

3.1 Қазіргі  таңдағы экономикадағы адамның рөлі

 

Қазіргі таңдағы нарықтық экономикада адам түрлі экономикалық функцияларлды орындайды. Өндірістік күштердің тірі сақтаушысы ретінде адам көптеген ерекше қасиеттерді, түрлі қажеттіліктер мен мүмкіндіктердің жиынтығын иемденген. Қазіргі экономикалық жүйе қатынастарының белсенді шығармашылық субъектісі  ретінде адамның толық функцияналды рөлі бар.   

Жеке адам тұлғасы  жоғарыда аталан қасиеттердің жиынына ие болады. Осы жиын адамның өндіргіш күштері деп те аталады. Соңғысының құрылымында оның екі түрін ажыратады: еңбек күші немесе жұмыс істеуге жарамдылық және тұтынушылық күш немесе тұтынуға деген мүмкіндік. Еңбек – еңбек күшінің, ал тұтыну – тұтыну күшінің функциялары болып табылады.

Адамның жұмыс жасауға  және тұтынушылық мүмкіндігін құрып, оны дамыту қажет. Қазіргі таңдағы  экономикадағы адамның рөлін  сипаттау барысында мынадай ұғымдар  пайдалануы мүмкін: экономикалық адам, еңбек күші, өндірістің жеке факторы, еңбек ресурстары, адамдық капитал, адам ресурстары, кәсіпкер.   

Экономикалық адам – нарықтық экономиканың ең негізгі шығармашылық субъектісі болып табылады, оның өзіндік тәуелсіз таңдау мүмкіндігі бар. Ол белгілі шарттарды, мүмкіндіктерді және ақпаратты есептей отырып экономикалық тиімді және дұрыс ойластырылған шешімдерді қабылдайды. Негізінен шешім қабыладу барысында адам өзінің жеке көзқарастарына, мүдделері мен мақсаттарына жүгінеді. 

Еңбек күші – бұл жеке адамның еңбек етуге мүмкіндігі, адамның жеке тірі тұлғасымен тығыз байлаынсқан, оның негізгі қасиеті болып табылады. Берілген еңбек етуге мүмкіндік тек потенция жағдайында ғана өндірістік мүмкіндік болып табылады. Нағыз өндіргіш күш болып ол белгілі бір өндіріс нәрселерімен біріккенде ғана болады.  

Өндірістің жеке факторы  болып біріккен еңбектің өндіргіш күші, жеке жұмыс күшінің анықталған кооперациясы, яғни анықталған қоғамдық құрастырмалы формадағы жинақталған еңбек күші  саналады. Жеке фактордың құрылымы өндірістің құрылымы мен концентрациясы және кооперацияның бөлінуі деңгейіне, еңбек мамандауына   байланысты анықталады. Әрбір жеке жұмыс күші қоғамға қажетті деңгейіне дейін мамандандырылған әзірлеу нәтижесіне жеткен және жиынтықтың құрамында біріңғай жұмыс күші ретінде жұмысын атқарады. Негізінде, жеке тұлғаның жұмыс күші жалпы қоғамдық жиынтықтық еңбек күшінің, ал адамның жеке еңбегі – қоғамның интеграцияланған еңбегінің бөлінбейтін бір бөлшегі болып табылады.

Еңбек ресурстары – халықтың жұмысқа жарамды бөлігі, яғни еңбек етуге мүмкіндігі бар жаста, қажетті физикалық және интеллектуалды мүмкіндіктері бар, халық шаруашылығында жұмысын атқару үшін арнайы білімі және жұмысқа мамандалуы бар адамдар. Еңбек ресурстарының саны қазіргі таңда қоғамның тауар мен қызмет көрсетуге арналған тірі еңбектің массасын сипаттайды.

Информация о работе Қоғамның экономикалық дамуы және оның ерекшеліктері