Қоғамның экономикалық дамуы және оның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 10:57, курсовая работа

Описание работы

Тұтынудың басталуы үшін өндіріс пен ұсыныс құрылуы керек. Шынымен де, мемлекеттік экономикасы оның өндірістік мүмкіндіктерімен анықталады: ғылым дамуының деңгейі, көптеген тауарлар мен қызмет түрлерін көрсету үшін ұйымдастырудың жетілуі және қаражат қорының молаюы. Осы өндірілген өнімдер түрлі мемлекеттерде сатылады немесе сатылып алынады. Дамыған елдердегі өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері өте жоғары, себебі әрбір орташа жұмысшыға қызмет көрсету және тауар өндірісінің салыстырмалы жоғары үлес салмағы келеді.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қоғамның экономикалық дамуы және оның ерекшеліктері 4
1.1 Қоғамдық өндіріс. Қоғамдық өндірістің негізгі принциптері 4
1.2 Қоғамдық өнім және оның құрылымы 6
1.3 Қоғамдық өнімді тарату, айырбастау және тұтыну 6
1.4 Қоғамдық өнімді жаңғырту 7
1.5 Қоғамдық өнімді өткізу 8
2 Өндірістің негізгі формалары мен факторлары 9
2.1 Өндіріс және оның негізгі формалары 9
2.2 Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары 12
2.3 Өндіріс шығындары және өзіндік құн.Кәсіпорын
шығындары түсінігі және олардың түрлері 15
2.4 Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту 20
3 Қоғамның рөлі 23
3.1 Қазіргі таңдағы экономикадағы адамның рөлі 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 26

Работа содержит 1 файл

қоғамдық өндіріс негіздері.doc

— 226.50 Кб (Скачать)

Факторларды ерекшелеп, оларды  бөлек топтарға бөлуде түрлі  жолдар бар.

Маркстік теория фактор ретінде еңбек күшін, еңбек затын, еңбек тәсілін қарастырады. Оларды екі ірі топқа бөледі: өндістің жеке факторы және өндірістің  заттық факторы.

Жеке фактор ретінде әрқашан еңбек күші, яғни адамның еңбек атқаруға арналған  физикалық және интеллектуалдық мүмкіндіктері қарастырылады.

Заттық факторға өндірістің барлық тәсілдерінің жиынтығы жатқызылады.

Жеке және заттық факторлар өзара байланыстың күрделі жүйесін құрайды. Оның тиімділігі өндіріс ұйымдасуы мен техникасымен анықталады. Сонымен қатар, технология өндірістің негізігі факторлары арасындағы байланысты блідіреді. Ол өңдеудің түрлі тәсілдерін, қасиеттерінің, формаларының өзгерісін, еңбек затынының жағдайын қарастырады.

Өндірісті ұйымдастыру өндірістің барлық факторларының бірігуін және оларды пропорционалды сандық қатынасын, бірін-бірі ауыстыра алуын қамтамасыз етеді.

Маржиналистік теория дәстүрлі түрде өндіріс факторларын төрт тобын ажыратады: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік іс-әрекет.

Жер қарапайым фактор ретінде қарастырылады. Ол адамның іс-әрекеті нәтижесі емес. Өндіріс элементтерінің (факторлары) осы тобына табиғат байлықтары, өндірістік процесте қолданылуы мүмкін пайдалы қазбалар кендері, жайылымдық жерлер, ормандар және т.б. жатады.

Капитал өндіріс факторы  тауар мен қызмет көрсетуде қолданылатын игіліктердің жиынтығы ретінде қарстырылады. Оларға құралдар, машиналар, құрылғылар, көлік коммуникациялары, байланыс құралдаы және т.б. жатады. Олардың техникалық жағдайы әрқашан жетілдіріледі, өндірістік процестің жалпы нәтижелелігіне және тиімді қолдануына зор әсерін тигізеді.

Еңбек материалды игіліктер  мен қызмет түрлерін көрсетуге арналған интеллектуалды және физикалық іс-әрекет ретінде қарастырылады. Білімге, мамандандырылған оқуына, денсаулығына байланысты жеке адамның мүмкіндіктерінің жиынтығы адамның өзіндік капиталын құрайды. Адамның еңбегі көрсеткіші қаншама жоғары болса, соншама оның каптиалы, сәйкесінше осы капиталдың табысы да үлкен болады. Адамдық капиталға инвестициялық салымдар қазіргі уақытта ең тиімді, әрі қоғамға тез қайтарылатын сала болып табылады. Кәсіпкерлік мүмкіндік – адамдық капиталдың аса ерекше түрі, материалды игіліктер мен қызмет түрлерін көрсету мақсатымен өндіріс факорларын координациялап, бағыттайды. Берілген адамдық ресурс түрінің ерекшелігі өндіріс процесі барысында коммерциялық негізде өндірістік өнімнің жаңа түрлерін, технологияларды, белгілі бір тәуекел мен шығын алу мүмкіндігі деңгейінде бизнесті ұйымдастыру формаларын  еңгізе білумен сипатталады. Кәсіпкерлік іс-әрекет өзінің көлемі мен нәтижелілігі бойынша жоғары мамандандырылған еңбектің шығындарымен тепе-тең болады. 

Сонда өндіріс факторларының  классификациясының жолдарының айырмашылығы неде?

Біріншіден, марксизм бойынша, өндіріс факторлары экономикалық категория ретінде өндірістің әлеуметтік бағыттылығын анықтайды. Процестің бастапқы негізінде қоғамның жіктік құрылымы және жіктер арасында «әділеттік» үшін күрес басталады. Маржиналистер өндіріс факторларын техникалық-экономикалық элементтер ретінде қарастырады, оларсыз өндіріс процесі мүмкін емес делінеді. 

Екіншіден, маржиналистер капитал ретінде еңбектің нәрселері мен тәсілдерін түсінеді, ал табиғаттың шарттарын ерекше фактор деп есептейді. Марксистер табиғат шарттарын, еңбектің нәрселері мен тәсілдерін біріңғай қоғамдық фактор етіп біріктіреді. Ал егер де өндірістегі ерекше табиғи шарттар туралы мәселе қозғалса, онда олардың ерекшелігі рента арқылы есептеледі. Оларды пікірі бойынша, бұл ғылымның айрықша бөлімі болады. Үшіншіден, егер маржиналистер кәсіпкерлік іс-әрекетті өндірістік фактор ретінде қарастырса, марксисттер оны қабылдамайды.

Жалпы алғанда, факторлардың классификациясындағы ерекшеліктердің  негізін қоғамдық өндірісті зерттеуде жіктік  жолды пайдалану құрайды.

Көрсетілген өндіріс  факторларының классификациясы тұрып қалған емес. Постиндустриялды қоғамның экономикалық теориясында өндіріс факторлары ретінде экологиялық және ақпараттық факторлар ажыратылады. 

Олардың екеуі де қазіргі  таңдағы ғылым жетістіктерімен (өзі  де  өндіріс тиімділігі деңгейіне, мамандандырылған еңбек күшін әзірлеуге және адамзат капиталының потенциалды мүмкіндіктерін арттыруына үлкен әсерін тигізеді) тығыз байланысқан. 

Ақпарат білімдердің, жүеге  материализацияланған механнизмдер мен  машиналар, құрылғылар, маркетинг пен  менеджмен модельдерінің жүйелілігін қамтамасыз етеді. 

Қазіргі таңдағы өндірісте  ерекше мәнге өндірістік экологиялық  факторы ие болып отыр. Ол экономикалық өсімді ынталандыратын  немесе оның мүмкіндіктерін шектей алатын элемент (технологияның қоршаған ортаға зиянына  байланысты) ретінде қарастырылуы кең етек жайды.

Факторлары зерттеуде  мынадай қорытындыға келдік: өндіріс  тек өндірістік процеске барлық факторларды  іске қосқанда ғана мүмкін болады. Белігілі бір нәрсені немесе қызмет түрін  өндіру арнайы жинақталған факторлар  жиынын қажет етеді, бірақ олардың арасында негізгілері – жер, еңбек, епитал болады. Олар өзара байланысқан түрде жұмыс істейді және бірін-бірі толықтырып отырады. Мәселен, турбиналарды құрастыру үшін заңды түрде құрылған фирманың  ерекше өндірісі қажет. Ол үшін жер бөлігі және өндірістік білімдер ретіндегі капитал, станоктар құрылымдары, шткізат, еңбек күші қажет. Осылардың біреуінің жоқтығы тепе-теңдіктің бұзылуына алып келеді, нәтижесінде өндірістік процесті мүмкін емес етеді.

Факторлардың бірін-бір  ауыстыра алатын қасите де бар екендігін атап кету керек.

Өзара алмасу өнімнің  түрлі тұтынушылық қасиеттеріне байлаынсты. Нәтижесінде қандай да болсын өнімді немесе игілікті түрлі  жиынтық пен пропорцияларда түрлі факторларды пайдалану арқылы  өндіруі мүмкін. Факторлардың өзара алмасуы тек тұтыну ерекшелегі мен өнімнің құрылымды ерекшеліктеріне ғана байланысты емес. Олар негізінен, ресурстардың шектеулілігіне және оларды тиімді түрде пайдалануына да байланысты болады.  Кәсіпкер өндірістің  жеткіліксіз және салыстырмалы қымбат факторы аз мөлшерде пайдаланылатын технологияны таңайды. Осы мәселеге байланысты бос жердің жоқтығынан биік құрылыстар, жартылай өткізгіштер  құрастырыла бастады. 

Осылай кәсіпкерлік  өндірістің түрлі комбинацияларын  өндіріс шығындарын азайту тәсілі арқылы қолдануды ұсынады. Ол нарықтық баға мен дайын өнімді шығаруға жұмсалған құнды салыстыру арқылы есептелінеді. 

 

 

2.3 Өндіріс  шығындары  және  өзіндік  құн.

Кәсіпорын шығындары  түсінігі  және  олардың түрлері

 

Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері  нарық  жағдайлары  мен  шығындар  арқылы анықталады. Өнім  көлемінің  өзгеруі  фирмалардың  ұсынатын  тауарлардың  мөлшері  және  оның  бағасымен  байланысты.  Өндірістің  шығындары  бухгалтерлік  және  экономикалық  шығындар  болып  бөлінеді. Бухгалтерлік  шығындар  бұл  өнімнің  өзіндік  құнының  құрамына  кіретін  нақты  шығындар.  Бұлар  шикізат,  материалдар,  жалақы,  амортизация,  салықтар  және  т.б.  Экономикалық  шығындарға  барлық  шығындар  жатады.  Соның  ішінде  кәсіпорынның (фирма)  өз  меншігіндегі  сатып  алынбайтын өндіріс  факторларын  пайдаланбағандағы  айқынсыз  шығындар.  Сонымен  экономикалық  шығындар – бухгалерлік  және  балама шығындардан  тұрады.

Бухгалтерлік  шығындар = нақты  шығындар.

Экономикалық  шығындар = бухгалтерлік  шығындар + балама шығындар

Қысқа  мерзім  кезеңінде  өндірістің  жалпы,  тұрақты  және айнымалы  шығындары  анықталады. 

Жалпы  шығындар (ТС) –  бұл  өндіріске  кеткен  барлық  шығындар  және  тұрақты, айнымалы  шығындардан  тұрады.

                                            

ТС = ҒС + VС,        (1)

 

Тұрақты  шығындар (ҒС) - өнім шығару  көлемінің өзгеруіне  байланысты  өзгермейтін  шығындар. Бұларға  салықтар,  жалға  беру,  төлемдер,  сақтандыру,  амортизация  және  т.б.

Айнымалы  шығындар (VС) – бұлар  өнім  көлемі  өзгерсе  бірге  өзгеретін  шығындар.  Олар  шикізатқа,  жалақыға,  энегияға,  транпортқа,  материалдарға  кеткен  шығындар.

Өндірістік  шығындарды  талдағанда  жалпы  шығындармен  қатар  орташа  және  шекті  шығындарды  талдаймыз. Өндірістің  орташа  жалпы шығындары (АТС) өнімнің  бір  данасын шығаруға  кеткен  жалпы шығындарды  көрсетеді.  Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі.  Бұл шығын арқылы  бір өнім  өндіргенде  келеін  пайданы табамыз.

 

           АТС(АС) =ТС/Q ,      (2)     

Орташа  жалпы  шығындарды (АТС) 2 түрге  бөлуге  болады (АҒС).

а)  орташа  тұрақты  шығындар: АҒС=ҒС/ Q

          б)  орташа  айнымалы  шығындар: АVС=VС/ Q

Өндірістің  шекті  шығыны (МС)  жалпы  шығындардың  өзгеруіне  өнім  көлемінің  өзгеру  қатынасына  тең  болады  және  өнімнің  қосымша  данасын  шығарғандағы  кететін  қосымша шығындарды  көрсетеді.

 

     МС= ТС/ Q,                                                        (3)

 

Өнім  шығару  көлемі  өскен  кезде  тұрақты  шығындар  (ҒС) өзгермейді. Сондықтан  жалпы  шығындардың  (ТС) өсуі  айнымалы  шығындардың (VС) өсуіне  тең болады.

 

    МС= VС/ Q,                (4)

 

Фирманың  шаруашылық  қызмет  процесінде  өндірістік  тұрақты  шығындар  құрылымында  қалдық  және  старттық  шығындар  туады.  

Қалдық  шығындар-өнімді  өткізу  мен  өндірістің  тоқтауымен  болатын  тұрақты  шығындардың  бөлігі. Неғұрлымшаруашылық  қызметінің  тоқтау  уақыт  ұзақ  болған  болған  сайын,  соғұрлым  қалдық  шығыннның  көлемі  аз. Бұл жағдайда  фирмада  жұмысшы  күшін  жалдау мен  ғимараттарды  жалға  беру  туралы  түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу  мүмкіндіктері пайда болады.

Старттық  шығындар-өндірісті  қайта  қосумен  және  өнімді  өткізумен  байланысты  туатын  тұрақты  шығындардың  бөлігі.    

Кез-келген  кәсіпорын  (фима) өнім  өндірісін  бастамас  бұрын, ол қандай  пайда ала-алатынын  анықтап алады.

Кәсіпорын  табысы  2  түрлі  көрсеткішке  тәуелді  болады:  өнім  бағасы  және  оның  өндірісіне  шығындар.  Нарықтағы  өнім  бағасы  сұраным  мен ұсыным  өзара  байланысының  нәтижесі  болып  табылады.  Нарықтық   баға   қалыптастыру   заңдарының    әсерінен   еркін   бәсеке  жағ-

дайында  өндіруші  немесе  тұтынушы  қалауына  сәйкес  жоғары  немесе  төмен  болмайды, ол  автоматтты  түрде  орнатылады.  Өнім  өндірісіне  шығындар-өндіріс  шығындары  басқаша түрде  болады.  Олар  тұтынылатын  еңбектік немесе  материалдық ресурстар  көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына  және  басқа  факторларға  байланысты  өсуі  немесе төмендеуі  мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды азайтудың көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.

Жалпы түрде өндіріс  шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік  құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және  басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  тадау  болып  табылады.

Өндіріс  шығындарына  және  өнім  өткізуге  төмендегілерге  байланысты  шығындар  қосылады:

-  ұдайы  өнім  өндірісі, белгіленген технология  деңгейінде өндірістің  ұйымдастырылуы;

-  табиғи шикізаттарды  қолдану;

-  өндірісті дайындау  және  үйрену;

-  өндірісті ұйымдастыру мен  технологияны  жетілдіру, сонымен  қатар  өнім сапасын жақсарту, оның  сапалығын  арттыру, ұзақ  тұтыну  және  басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды  емес сипаттағы шығындар);

-  рационалдау және құрастыру,  тәжірибиелік  жұмыстарын  жүргізу, моделдер  мен  нұсқаларды  дайындау  және  тексеру,  авторлық  сыйақы  төлеу  және  т. б;

- өндірістік  процеске  қызмет  ету; өндірісті  шикізат, материал, жанармай,  энергия, құрал-саймандар  және  басқада еңбек  құралдары  және  заттарымен  қамтамасыз  ету,  негізгі  өндірістік  қорларды  жұмысқа   қабілетті   жағдайда  ұстау,  санитарлы-гигиеналық  талаптарға  сәйкес жұмыс  жасау;

-  қалыпты еңбек  жағдайын  және  техника қауісіздігін  қамтамасыз  ету;

-  өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару  аппараты қызметкерлерінің, фирма  және  оның  құрылымдық  бөлімшелерін, іс-сапарларын  қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық  қызметімен  байланысты  өкілеттілік  шығындар  және  т. б.;

-  кадрларды дайындау  және қайта дайындау;

- мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес әлеуметтік  сақтандыруға  аударымдар.       

Әрине, фирманың, кәсіпорын  қызметінің  нәтижесі (табыс  және  шығын) өнім өткізуден  (жұмыс және қызмет  көрсету) фирманың, кәсіпорынның  негізгі  құралдары  және  басқа да мүліктерін өткізуге  байланысты  емес  операциялардан  түсім, осы   операциялар бойынша шығындар  сомасының азаюының  қаржылық  нәтижесінен құралады.

Тікелей  шығындар

1.Шикізат  және  материалдар. Нанның  бірлігін  өндіруге  қажетті шикізат пен материалдардың  калькуляциясы кезінде онымен  байланысты  шығындардың барлығы есепке  алынады; мүмкін  болатын жоғалтулар мен бүлінулер, сонымен   қатар   сәйкес  көліктік  дайындау  шығындары.

 

Кесте 2 – Шикізатты дайындау шығындары

Информация о работе Қоғамның экономикалық дамуы және оның ерекшеліктері