Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июля 2012 в 21:00, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан экономикасы біртіндеп жоғарылау фазасына келеді.Бірақ ары қарай оның даму қарқыны жоғарылай береді. Стратегиялық тұрғыдан республика әлемдік технологияларды енгізуді мақсат етеді.

Содержание

Кіріспе 4



1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның өндірісті басқаруын ұйымдастыру 6

және экономикалық сипаттамасы

1.1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның басқару құрылымы 6

1.2 «Асыл-Дизайн»» ЖШС қызметінің негізгі қаржы-экономикалық

көрсеткіштерін талдау 10

1.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС-ның бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

формалары мен әдістері және оны дамыту перспективасы 18



2 Қаржылық есеп беру 21

2.1 Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы 21
2.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа 22

да дайындық жұмыстары 24
2.3 Қаржылық есеп беруді жасау
2.4 Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп
беруді жасау 30



3 Қаржылық қорытынды есеп беруді талдау 45

3.1 Шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістері

және оның мазмұны 45

3.2 Қаржылық есеп беру және оны талдау 46

3.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС қаржылық тұрақтылығын талдау 48

3.4 «Асыл-Дизайн» ЖШС табыстылығын талдау 51

3.5 «Асыл-Дизайн» ЖШС іскерлік белсенділігін және қызметінің

тиімділігін талдау 54

3.6 «Асыл-Дизайн» ЖШС потенциалды банкроттылығын және 56

кәсіпкерлік тәуекелдігін талдау



Қортынды 64



Қолданылған әдебиеттер тізімі 66



Тіркемелер 69

Работа содержит 1 файл

Абдымұратов Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауыАсыл Дизайн.doc

— 651.00 Кб (Скачать)

Есеп беруге қойылатын ең басты талап онын, тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел (оперативтік) болып бөлінеді. Жедел-статистикалык есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және каржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.

Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін кажет өндеулерден өтеді. Бұл өндеу процесі төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең. Әртүрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле  жасалады).

 

Кесте 7-«Асыл-Дизайн» ЖШС ақша қаражаттары бойынша жүргізілген операциялар.

 

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дт

Кт

Сомасы, теңге

1

2

3

4

5

1

Сатып алушылардан кассаға ақша қаражаттары келіп түсті

451 (1010)

301 (1210)

882465

2

Есеп айырысу шотына сатып алушылардан ақша қаражаттары аударылды

441 (1040)

301 (1210)

 

3

Есеп айырысу шотынан қысқа мерзімді несиелер төленді

60 (3010)

441

(1040)

8148148

4

Есеп айырысу кассаға ақша қаражаттары келіп түсті

451 (1010)

441 (1040)

300000

5

Есеп айырысу шотынан ҚҚС салығы төленді

631

(3130)

441 (1040)

600000

6

Есеп айырысу шотынан табыс салығы төленді

634 (3120)

441

(1040)

150000

7

Есеп айырысу шотынан әлеуметтік салық төленді

635 (3150)

441

(1040)

30000

8

Есеп айырысу шотынан зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелері төленді

686 (3220)

441

(1040)

36859

9

Жабдықтаушыларға кассадан ақша қаражаттары берілді

671 (3310)

451 (1010)

190250

10

Есеп айырысу шотынан еңбекақы бойынша ақша аударылды

681 (3350)

441

(1040)

368595

11

Есеп айырысу шотынан әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер төленді

653

(3210)

441

(1040)

45587

12

  Жалпы шаруашылық шығыны есеп айырысу шотынан  төленді

821 (7210)

441 (1040)

928498

13

Жауапты тұлғаларға кассадан ақша берілді

333

(1281)

451

(1010)

316112

 

Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап). Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т.б.).

Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мұлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық кұжаттарында, саралау парақтарында жөне белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.

Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінін дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстын сабактастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңніқ осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соқындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:

№ 2 "Бухгалтерлік баланс және каржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету" (2 БЕС); "Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру" (3 БЕС) және "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру" (4 БЕС) арқылы жүзеге асады.

Жылдық есептің меншік иелерінде (катысушышарында, құрылтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.

 

2.2 Қысқа мерзімді активтер: қысқа мерзімді дебиторлық берешектер

 

1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" шотында сатып алушылар мен тапсырысшыларға тиеп жіберілген өнім, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін табыс етілген және банк төлеуге қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша есеп айырысулар туралы ақпарат көрсетіледі.

1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" бөлімшесінің шоттары "Табыстар" бөлімі тиісті шоттарының кредитімен корреспонденцияда сатып алушыға есеп айырысу құжаты табыс етілген сомаға дебеттеледі. Бұл ретте қосылған құнға салынған салық сомасы  1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" шотының дебеті және 3110 "Қосылған құнға салынатын салық" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" шоты  1070 "Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары",  1020 "Валюталық шоттағы қолма-қол ақша",  1040 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша", 1010 "Кассадағы қолма-қол ақша" бөлімшесі тиісті шоттарымен - алынған төлемдер сомасына, немесе  3510 "Алынған аванстар",  3310 "Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу", 3390 "Басқа кредиторлық қарыз және есептелген сомалар" шотымен - есептемеге жататын сомаға кредиттеледі.

1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" шоты  1070 "Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары",  1020 "Валюталық шоттағы қолма-қол ақша",  1040 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша"

1290 "Күмәнді борыштар бойынша резервтер" бөлімшесіне  1290 "Күмәнді борыштар бойынша резервтер" шоты кіреді. Бұл шот күмәнді борыштар бойынша резервтердің жағдайы мен қозғалысы туралы ақпаратты жинақтап қорытуға арналған.

              Жасалған резервтер сомасына  1290 "Күмәнді борыштар бойынша  резервтер" шотының кредиті және 7210  "Жалпы және әкімшілік шығыстар" бөлімшесі  7210" Жалпы және әкімшілік шығыстар" шотының дебеті бойынша жазбалар жүргізіледі. Талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарызды баланстан есептен шығарған кезде  1290 "Күмәнді борыштар бойынша резервтер" шотының дебеті бойынша 1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" бөлімшесі тиісті шоттарының кредитімен жазба жүргізіледі.

Егер күмәнді борыш бойынша резерв жасалған жылдан кейінгі жылдың аяғына дейін бұл резерв пайдаланылмаған болса, онда жұмсалмаған сома қызыл түспен ерекшелеу әдісімен  7210 " Жалпы және әкімшілік шығыстар" бөлімшесі  7210 Жалпы және әкімшілік шығыстар"шотының дебеті және 1290 "Күмәнді борыштар бойынша резервтер" шотының кредиті бойынша жазбамен қалпына келтіріледі.

1220 "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» бөлімшесіне мына шоттар кіреді:  1220 "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебторлық берешегі», 1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1240 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» дебиторлық қарызының барлық түрлері туралы ақпаратты жинақтап қорытуға арналған.

1220 "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»  бөлімшесінің шоттары 6 "Табыстар" бөлімі тиісті шоттарының сатып алушыларға есеп айырысу құжаты табыс етілген сомасына, және   3100 "Салықтар бойынша міндеттемелер" бөлімшесінің  3130 "Қосылған құнға салынатын салық" шотының қосылған құнға салынған салық сомасына кредитімен корреспонденцияда дебеттеледі.

1220 "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 1070 "Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаты",  1020 "Валюталық шоттағы қолма-қол ақша",  1040 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша",  1010 "Кассадағы қолма-қол ақша" бөлімшелері тиісті шоттарымен корреспонденцияда - алынған төлемдер сомасына, немесе  3510"Алынған аванстар",  3310  "Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу", 3390 "Басқа кредиторлық қарыз және есептелген сомалар" шоттарының - есептемеге жатады.

 

 

 

 

 

 

Кесте 8 -  «Асыл-Дизайн» ЖШС наурыз айындағы қысқа мерзімді дебиторлық берешектер  бойынша жүргізілген операциялар.         

 

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дт

Кт

Сомма

1

2

3

4

5

1

Сатып алушылардан кассаға ақша қаражаттары келіп түсті

451 (1010)

301 (1210)

882465

2

Есеп айырысу шотына сатып алушылардан ақша қаражаттары аударылды

441 (1040)

301 (1210)

49497187,5  

3

Сатып алушыларға шот-фактура тапсырылды

301

(1211)

701

(6016)

30702

4

ҚҚС есептелінді

301

(1211)  

633

(3130)

4298 

5

Жаратылмаған аванс қызметкердің еңбек ақысынан ұсталды

681

(3350)

333

(1281)

48878

6

Кассаға аванстың қалдаға қайтарылды

451

(1010)

333

(1281)

316112 

7

Қайтарылған аванстан жабдықтаушыларға төленді

671

(3310)

333

(1281)

8830

 

 

2.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары

 

Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақгық табиғи азаюдық, тасымалдаудың, кайта сортталудың нәтіжесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дүрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.

Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды кажет етеді, және ол есеп айырысуды дәлелдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу (немесе түгелдеу) деп атаймыз.

Түгендеу (немесе түгелдеу) –бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементгерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражатарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-материалдық қүндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың есеп мәліметгерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет түріне және жүмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық жөне ішінара болып.

Толық, түгендеу әдетте, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық тугендеу бақылаушы органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу, тек қана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға, кәсіпорынның кассасындағы нақгы ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны т.б.

Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:

- жоспарлы - алдын ала белгіленген мерзімде, қойған мақсатына және мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;

- кезектен тыс - бүл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша, бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның ауысқан кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС 24 "Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру" стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі, түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының кұрамы және т.б. кағидалар қарастырылады. Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамын, есепті жылдағы түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.Түгендеу комиссиясының істейтін жүмыстары сақтау органдарындағы және өндірістегі мүлікті, сондай-ақ каржы жөніндегі барлык міндеттемелерді тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәтижелерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ кем шыққандарды табиғи кему нормаларынын шегінде есептен шығаруға; тауарлы-материалдық кұндылықтарды қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге, есепке алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде, сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы ұсыныстар әзірлеуге; мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өндеу орындарындағы тауарлы-материалдық қүндылықтарды түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемееі бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады. Түгендеу комиссияларының мүшелері кем шыққандарды және талан-таражға түскендерді, бүркемелеу максатымен мүліктің нақты қадцығы туралы немесе артық шықкан тауарлар, материалдар және басқа да құндылықгар туралы жазбаға біле тұра дүрыс емес деректерді енгізбегені үшін Қазақстан Республикасының Зандарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады. Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін немесе материалдық кұндылыктары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады. Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссияның мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады.

Информация о работе Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы