Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июля 2012 в 21:00, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан экономикасы біртіндеп жоғарылау фазасына келеді.Бірақ ары қарай оның даму қарқыны жоғарылай береді. Стратегиялық тұрғыдан республика әлемдік технологияларды енгізуді мақсат етеді.

Содержание

Кіріспе 4



1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның өндірісті басқаруын ұйымдастыру 6

және экономикалық сипаттамасы

1.1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның басқару құрылымы 6

1.2 «Асыл-Дизайн»» ЖШС қызметінің негізгі қаржы-экономикалық

көрсеткіштерін талдау 10

1.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС-ның бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

формалары мен әдістері және оны дамыту перспективасы 18



2 Қаржылық есеп беру 21

2.1 Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы 21
2.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа 22

да дайындық жұмыстары 24
2.3 Қаржылық есеп беруді жасау
2.4 Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп
беруді жасау 30



3 Қаржылық қорытынды есеп беруді талдау 45

3.1 Шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістері

және оның мазмұны 45

3.2 Қаржылық есеп беру және оны талдау 46

3.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС қаржылық тұрақтылығын талдау 48

3.4 «Асыл-Дизайн» ЖШС табыстылығын талдау 51

3.5 «Асыл-Дизайн» ЖШС іскерлік белсенділігін және қызметінің

тиімділігін талдау 54

3.6 «Асыл-Дизайн» ЖШС потенциалды банкроттылығын және 56

кәсіпкерлік тәуекелдігін талдау



Қортынды 64



Қолданылған әдебиеттер тізімі 66



Тіркемелер 69

Работа содержит 1 файл

Абдымұратов Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауыАсыл Дизайн.doc

— 651.00 Кб (Скачать)

 

6 - кесте мәліметтерінен есеп беру жылында кәсіпорында кредиторлық қарыздардың айналымы 1,54 айналымға төмендеп, ,2,92 айналымға тең болған, ал кредиторлық қарыздардың орташа айналым уақыты өткен жылғы 256 күннен 133 күнге төмендеген, бұл кәсіпорынға кредиторлық қарыздарды қайтару уақытының біршама қысқарғаның көрсетеді.

      

1.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС-ның бухгалтерлік есепті ұйымдастыру формалары мен әдістері және оны дамыту перспективасы

 

       Бухгалтерлік есеп туралы ҚР Президентінің Жарлығымен, Бухгалтерлік есеп стандартымен (БЕС),  Бас   жоспар   шоттарымен   және  оларды      қолдану жөніндегі нұсқаулармен, БЕС методологиялық нұсқауымен сәйкес . ««Асыл-Дизайн» ЖШС - да кәсіпорынның қаржы қызметін және бухгалтерлік есеп жүйесін реттейтін құжат болып табылаттын есеп саясаты жасалған.

«Асыл-Дизайн» ЖШС бухгалтерлік есеп БЕС сәйкес жургізіледі. Шаруашылық операциялар есепте екі жақты жазу негізінде көрсетіледі, есепті жургізу мен есеп беруді құру келесі үлгіде жасалады:

-  кіріс пен зиянды анықтау кезінде есептеу әдісі қолданылады, яғни кіістер, табыс алынған кезде, ал зияндар мен шығындар-оларға ұшыраған кезде көрсетіледі;

-  негізгі құралдар бастапқы құн бойынша кірңстеу кезінде бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Негізгі құралдардың бастапқы құнын келтіру мақсатымен қазірргі бағамен сәйкес белгілі бір мерзімге объектіні қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалау салық заңдарының тәртібімен жургізіледі. Объектінің жойылуы кезінде қайта бағалау сомасы бөлінбеген  кіріске жатқызылады.

       Амортизацияны есептеу үшін бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі қолданылады. Сончмен біге амортизациялық аударымдар сомасы салық заңымен белгіленген амортизация нормасымен анықталады.

      Техникалық жағдайын сақтау мақсатымен ,негізгі құралдарды жөндеу мен пайдалануға кететін шығындар деп айтылады.

-Тауарлы-материалдық бөлшектердің өзіндік құнын бағалау орташа есептелген құн әдісі бойынша жүргізіледі.

              Өткізілетін тауарлы-материалдық бөлшектердің өзіндік құны есеп беру кезеңіндегі шығын ретінде танылады.

       Қаржылық есеп беруде тауарлы-материалдық бөлшектер нақты құн бойынша көрсетіледі.

       -Табыс салығы бойынша қаржылық есеп беуде көрсетілген салық көлемі салық мақсатымен мәлімделген табыс салығына сәйкес келеді.

-         Есептің бастапқы құжаттарында бар ақпараттарды талдап қорытындылау, жіктеу және жинақтау үшін бухгалтерлік есептің келесі регистрлерін қолданады: 14 журнал-ордер, оладың ведомостлары, сондай-ақ бас кітап және жасалған кестелер.

        Есеп регистрларының қолданалынаын пакеті ҚР Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 24.11.97. N72 бұйрығымен бекітілген. Бухгалтерлік есеп регистрлері ҚР бухгалтерлік е,сеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының, бухгалтерлік есеп стандартының, Бас жоспар шотының қаулысымен бекіткен, қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну үшін Концептуалдық негізбен сәйкес жаскалған.

        Кәсіпорын Бухгалтерлік баланстан , қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруден және кақшалы қаржылардың қозғалысы туралы есеп беруден тұратын қаржылық есеп беруді жасайды.

Бухгалерлік баланс кәсіпорынның активтерін, меншіті капиталын, міндеттемелерін көрсетеді.

        Шаруашылық етудің қазіргі кездегі жағдайында ҚР- да әлемдік  тәжірибеге бағытталған бухгалтерлік есепті құру процесі жүруде. Бұл жаңа экономикалық жүйенің құрылуымен байланысты , оның негізін нарықтық қатынастар мен әлемдік экономикалық кеңістік құрайды. Осы жағдайларда болып жатқан радикалды өзгерістер бухгалтерлік есептің сапалы өзгеруін талап етеді.

        Шаруашылық етуші субъектілерде бухгалтерлік есеп Бухгалтерлік есеп туралы, Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР-ның заңдарына сәйкес Бухгалтерлік есепке алу стандарттарында, субьектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерін есебіні бас шоттар тізбегінде бекітілген ортақ принциптер мен ережелер, сондай-ақ ҚР бухгалтерінің есепке алу жөніндегі шығарған нұсқаулары, ерешеліктері негізінен құралады.

Есеп регистрларындағы шаруашылық операцияларда  көрсететін дәстүрлі бухгалтерін қызмет көпшілік қолданушылардың сұрақтарына жауап бере алмайды. Мәліметтерді талдау қажет, кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау дәл осыған арналған.

Шаруашылық қызметті талдауға жабдықтауды өнімді шығару мен өткізуді талдау кіреді. Өндірістік қаржылық қызметтің әдеттегі бағыты, алға қойған мақсатқа жету үшін жағдай жасайды. Бухгалтерлік есеп стандарты ұсынатын шаруашылық операциялардың әдістері мен бағалауларын таңдауды анықтайтын негізгі құжат болып кәсіпорынның, есептік саясаты табылады. Оны бухгалтеріне есеп стандарты шеңберінде құра отырып, “Есеп саясаты және оның ашылып көрсетілуі” бірінші номерді алады.

Субьектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін нормативті реттеу жүйесінде маңызды орынды бухгалтеін есепшоттары алады. Шот - бұл бухгалтерін есепте ақпаратта сақтаудың негізгі бірлігі.

Субьектілердің қаржы есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының қаулысы бекіткен субьектілердің қаржы-шаруашылық қызметібухгалтерін есебінің бас шоттар тізбегінің негізіне қаржылық есеп берудің элементтері бойынша субьектілердің қызметі туралы ақпараттарды құру идеологиясы (1-8бөлімшелер) жатыр. Бас шоттар тізбегі бухгалтерлік есеп стандартының талаптарымен сәйкес екінші, үшінші тәртіптердің шотында ақпараттарды жүйелеуге мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есеп стандарттары бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі нормативті құжаттар бола тұрып, активтерді меншікті капиталды, міндеттемелерді бағалаудың әдістерін анықтайды және оларды таңдауды ұйғарады.

ҚР-да бухгалтерлік есеп жүйесін нормативті реттеудің үш деңгейі негізінде кәсіпорын өз бейнесінің мақсатын алға қоя отырып, өз есеп саясатын салалық құрамын, иөлшерін, т.б. құрайды.

Кәсіпорынның есеп саясаты, оны қаржылық және басқару құжаты болып табылады.Басқару есебінің міндетіне кәсіпорында қабылданған шешімдер сәйкестілігін қамтамасыз етуге көмектесетін, оларды тәжірибеде жүзеге асырумен, ішкі бақылау жүйесін жасау міндеттері кіреді. Қаржы есебі есеп ақпаратын дайындау процесі болып саналады, оның пайдаланушылары болып кез-келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде кәсіпорынның сырқы әріптестері (инвесторлар, кредиторлар) болуы мүмкін.

Әлемдік тәжірибе соның ішінде,нарықтық экономикасы дамыған елдерде, бухгалтерлік есептің бес моделі басым болады:

1) Британ-Американдық моделі;

2) Континенталдық;

3) Оңтүстік-Американдық;

4) Испандық ;

5) Интернациональдық;

Бірінші моделдің мәні мынада: қаржылық есеп берудің барлық экономикалық ақпараты инвесторлар үін дайындалады, өйткені негізгі инвестициялар заңды немесе жеке тұлғалармен дайындалады.Ол Ұлыбритания, Голландия және АҚШ-та жасалады.

Континенталды моделде Еуропаның көптеген елдері және Жапония ұстанады, мұнда бизнес банктермен тығыз байланысты болады, компанияның қаржылық мәселелерін қанағаттандыратын негізінен солар болып табылады.Бухгалтерлік есеп заң жүзінде белгіленеді және консервтивтігімен ерекшеленеді.

Оңтүстік-Американың моделді Оңтүстік -Америка елдері қолданады: Аргентина, Боливия, Бразилия және т. б. Бұл моделдің негізгі ерекшелігі есеп мәліметтерін үздіксіз түзету болып табылады.Интернационалдық модель-бұл есеп стандарттар мен есеп берудің халықаралық жүйесіне бейімделген. 1997жыл 1 қаңтарынан бастап “Бухгалтерлік есеп туралы” заңының негізінде  ҚР-да барлық шаруашылық өтуші субьектілер Британ-Американдық моделге ауыстырылды. Халықаралық бухгалтерлерінен есеп стандарттарын ескеріп бұл моделге өту бухгалтерінен есепті ұйымдастыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді атап айтар болсақ, Қазақстанның бухгалтерлік есеп сиандартының енгізу, бас шоттар тізбегін енгізу.

Қаржылық есеп беру өткен жылдың қаржы нәтижелерін көрсетеді, шешім қабылдау үшін алынған ақпараттарды жинақтайды. Қаржылық есеп беру нарықтық экономика жағдайында шаруашылық етуші субьектісінің қызметі туралы қаржылық ақпаратын жалғыз көзіне айналды. Қаржылық есеп беру бухгалтерлік, статискалық және оперативтік мәліметтердің негізінде кәсіпорында байланыстыратын ақпараттық жүйе болып табылады.

Жете зерттеу жеткен табыстардың есептерін, сондай-ақ кәсіпорынның жұмысындағы кемшіліктерді көрсетеді. Соңғы жылдары елімізде бухгалтерлік есепті және қаржылық есеп беруді ұйымдастыру жөнінде көптеген жұмыс жүргізілді. Оны жүргізу 29.12.92 ж.1098 “ҚР мемлекетінің бағдарламасы туралы” ҚР Министрлер Кабинетінің статистиканың бастапқы және бухгалтерлік есепті қайта құру  жөніндегі қаулысы, сондай-ақ 26.12.95 ж. 2732 “Бухгалтерлік есеп туралы” заңдық күші бар ҚР Президентінің жарлығы негіз болды. Бұл құжаттарға сәйкес бухгалтерлік есеп жөніндегі ҚР -ң ұлттық комиссиямен 1997 жыл 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстанның есеп стандарты күшіне енді,шаруашылық қызметінің, шоттар тізбегінің өзгерістері жөніндегі нұсқаулар жасалды. 1998 жыл 28-қаңтардағы .3838 “ҚР Бухгалтерлік есепті және аудитті дамытумен жетілдірудің мемлеттік бағдарламасы туралы” ҚР Президентінің жарлығының негізгі мақсаты, радикалды экономикалық қайта құрулар талабына жауап беретін бухгалтерлік есептің жаңа жүйесін жасау мен енгізуді қамтамасыз ету болып табылады.        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қаржылық есеп беру

2.1 Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы

 

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына занды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағымдарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорыннын шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезендерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорыннын басшысының бас бухгалтері Қазақстан Рсепубликасының әрекет етіп тұрған зандарына сәйкес жауап береді.

Қаржылық есеп - берудің негізгі кағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу кағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастан, олардың талдау нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.

Толассыздык. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық жедел жағдайларын (оқиғалары) бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік. Каржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметгердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді кателер немесе күні бүрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, каржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Бейтараптық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстын қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықгылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдальшығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелілік. Пайдаланушы субъектгің каржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезегімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен каржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.

Информация о работе Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы