Ұйымдағы қаржылық тәуекелділіктер және оның басқару есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 22:00, дипломная работа

Описание работы

Серіктестіктің өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде, басқада несие қаржы мекемелерінде есеп шоттары, дөңгелек мөрі, фирмалық бланкісі бар. Кәсіпорынның жеке меншік құқығындағы оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, сотта талап етуші және жауапкер бола алады. Өзінің даму мүддесі үшін және басқа да шаруашылық субъектілермен қарым-қатынас жасау үшін серіктестік басқа заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасай алады.

Содержание

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР……………………………………………………6
АНЫҚТАМАЛАР........................................................................................................7
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……………………………………………8

КІРІСПЕ........................................................................................................................9

1 ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
Тәуекелдің экономикалық әсері және оны бағалау..........................................15
Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері...............19
Кәсіпорын бухгалтерлік есебіндегі тәуекел менеджменті..............................21

2 АБУ-СЕР» ЖШС-нің ҚАРЖЫ ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Кәсіпорынның ақша есебі ..................................................................................24
2.2 Кәсіпорынның тауарлы –материалдық қорлардың есебі................................27
2.3 Кәсіпорынның негізгі құралдар есебі................................................................30
2.4 Кәсіпорынның міндеттемелер есебі...................................................................38
2.5 Кәсіпорынның жиынтық табыс (залал) есебі....................................................46


3 «АБУ-СЕР» ЖШС-нің ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ
3.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау.............................................................52
3.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау..............................58
3.3 Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру.........................64



ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................69
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

АБУ СЕР.doc

— 691.00 Кб (Скачать)

Тақырыптық  зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалым-дардың еңбектерінде тәуекелділік тақырыбы, оның маңыздылығы, кәсіпорынның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Мемлекеттің экономикалық саласын, кәсіпорында тәуекелділікті басқару, пайдалану мен жетілдіру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей экономика саласындағы оқымысты-ғалымдардың классикалық және қазіргі уақыттағы еңбектерінде көрсетілген тұжырымдамаларын айтуға болады. Олар қазақстандық  В.К.Радостовец, С.С.Сатыбалдин, К.Ш.Дюсембаев, К.К.Кеулімжаев, М.С.Ержанов, Ф.С.Сейдахметова, А.Байдақов, Э.Нұрсеитов, К.Т.Тайғашинова, Ж.Н.Айтжанова, Р.Е.Джаншанло, М.У.Жандаулетова және тағы басқалар.          

Аталмыш тақырып шетелдік әдебиеттерде терең зерттелген. Ф. Вуд, Э.С.Хендриксен, М. Ф. Ван Бреда, М.Р. Мэтьюс, М.X.Б. Перера, Б.Нидлз, Д.Миддлтон, Н.Г. Волков,  Г.Мюллер, Ж.Ришар, А.Д.Шеремет, В.В.Ковалев, П.С.Безрукий, Е.Н. Домбровская, Р.Г. Каспина, А.С. Логинов, Л.И. Куликов, М.И. Кутер, В.Д. Новодворский, В.Ф. Палий, Е.В. Самойлов, Я.В. Соколов, А.К.Гоголев, Е.А.Мизиковский, Н.А.Прокофьева, Р.С.Ушаков, Е.Стоянова, Д.А.Ендовицкий,М.В.Новикова, О.В.Ефимова, А.В.Суворов, В.М.Родионова, С.А.Николаева, Г.А.Шакирова, Е.Ф.Никитская және басқалардың еңбек-терінде қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарда жүргізілетін  бухгалтерлік есепті заңдық негіздерге сүйене отырып ұйымдастыру тәртібін жетілдіру.

Осыған орай, «АБУ-СЕР» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде табыстар және шығыстар есебін жүзеге асырудың ақпараттық базасы зерттеудің объектісіне алынған.

«АБУ-СЕР» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі Қазақстан Респуб-ликасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы және басқада заңдарға сәйкес құрылған. Серіктестік құрамында 50 адамы бар жылдық орташа активтік көрсеткіші алпыс мың есептік көрсеткіштен кем емес шағын кәсіпкерлік субъекті болып табылады. Серіктестік Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде заңды тұлға ретінде тіркелген (2006 ж. 17 ақпанда берілген №1792-1901-ЖШС куәлігі) Серіктестік ойын және шоу бизнесімен айналысуға құқысыз.

Серіктестіктің өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде, басқада  несие қаржы мекемелерінде есеп шоттары, дөңгелек мөрі, фирмалық бланкісі бар. Кәсіпорынның жеке меншік құқығындағы оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, сотта талап етуші және жауапкер бола алады. Өзінің даму мүддесі үшін және басқа да шаруашылық субъектілермен қарым-қатынас жасау үшін серіктестік басқа заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасай алады.

Серіктестіктің атауы: Мемлекеттік тілде «АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Орыс тілде Товарищество с ограниченной ответственностью «АБУ-СЕР». Кәсіпорынның мекен жайы: ҚР Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі 30 үй.

Кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру барысында ҚР Конституциясын және басқа заң актілерін, Қазақстан  Республикасының «Жауапкершілігі  шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңын, сонымен бірге өз Жарғысын басшылыққа алады. Серіктестік біріккен кәсіпорындар құруға сол сияқты Қазақстан Республикасы аумағында және шет елдерде құрылымдық бөлімшелер құруға құқықты [3] .

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымына келетін болсақ, оның:   жоғарғы органы-құрылтайшысы, Атқарушы органы-директор болып табылады.

Құрылтайшының құзырына мыналар жатады:

  • серіктестіктің жарғысын өзгерту, жарғы капиталының мөлшерін белгілеу;
  • серіктестіктің атқарушы органын құру және оның құзырын уақытынан бұрын тоқтату;
  • серіктестіктің қадағалау кеңесі мен тексеру комиссиясын сайлау және құзыретін уақытынан бұрын тоқтату сол сияқты есептермен серіктестіктің тексеру комиссиясының қорытындысын бекіту;
  • жылдық қаржылық есебін бекіту және таза пайданы бөлу;
  • серіктестіктің ішкі қызметтерін реттейтін құжаттарды қабылдау және оның процедураларын, ішкі ережені бекіту;
  • серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктеріне қатысуын, сол сияқты коммерциялық емес ұйымдарға қатынасын шешу;
  • серіктестікті тарату мен қайта құрылуы туралы шешу.

Серіктестіктің атқарушысы болып серіктестікке қатысушы ретіндегі  директор болып табылады. Директор құрылтайшының құзыретіндегі істерден басқа барлық қызмет мәселелерін  шешеді және құрылтайшыға есеп береді, оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Директор серіктестіктің құрылтайшысынан берілген құзырет шегінде әрекет етеді және серіктестік қызметтері үшін міндеттемелерге ие болады.

Серіктестіктің қызмет мақсаты Қазақстан Республикасының  серіктес-тікке қатысушылардың мүдделері  үшін шаруашылық, кәсіпкерлік қызмет-терін біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.

Серіктестік өз мақсаттарына сәйкес өз қызмет түрлерін мынадай  бағыттарда жүзеге асырады:

құқық, мұнай, экономика, компьютер, медицина

-Полиграфиялық қызметтері

-ІТ-ттехнологиялық қызмет көрсету

-Құқық қызметі

-Көліктік-экспедиторлық қызмет  ету жүк тасымалы 

-Сауда-саттық,  делдалдық қызмет  көрсету

-Кадрлар дайындау  облысында қызмет көрсету, курстарын  ашу 

Бұл тізім заң актілерімен  белгіленген, басқа да қызмет түрлерін серіктестік берілген лицензия жүзінде  жүзеге асыра алады.

Осыған қарап біден  кәсіпорын мүлік жағдайына оң немсе теріс деп баға беруге болмайды, ол үшін активтердің ішкі құрылымын  қарастыру керек.

«АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдайтын болсақ, онда біз 2009 жылдың біршама негізгі көрсеткіштері 2008 жылмен салыстырғанда кемігенін байқаймыз (А қосымшасы).

Атап айтқанда, өнімді (қызмет көрсету мен жұмыс) сатудан түскен табыс 2008 жылы 136657440 теңгені құраса, сол көрсеткіш 2009 жылы 97941594 теңгені құрап, 38715846 теңгеге азайған. Өнімді (қызмет көрсету мен жұмыс) сатуға жұмсалған шығын да көрсетілген жылдар бойынша тиісінше 38715846 теңгеге азайған. Кәсіпорынның жиынтық табысы да 2008 жылы 349422715 теңгені құрап, 2009 жылы 28080911 теңгені құрап 6861804 жиынтық табыс азайған.

Қысқа мерзімді актив  ішінде қатты өзгеріске түсіп  отырған баптар қысқа мерзімді дебиторлық берешек пен Тауарлы материалдық қорлар. Тауарлы материалдық қорлардың үлесі аса қатты жоғарламасада, абсолютті көлемі 2 еседей өскен. Тауарлы материалдық құндылықтардың былай жоғарлауы кәсіпорын қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін жағымды факторы деп атауға болады, бірақ Тауарлы материалдық құндылықтардың өсуі айналымдылықтын бәсеңдеуіне әкелмеуі тиіс. Яғни кәсіпорын Тауарлы материалдық қорлар құрамында қолданыссыз жатып қалуы мүмкін қорлардың болмауы қадағалауы тиіс.

Дебиторлық берешектердің  абсолютті де үлестік те салмағы күрт өсіп отыр. Егер 2007 жылы дебиторлық берешек кәсіпорында болмаса (балансы теріс таңбамен берілгендікпен, ол кредиторлық берешекке жатады) 2008 жылы берешектер көлемі 34 млн-ға жетіп отыр. Бұл да кәсіпорын үшін оңтайлы жағдай емес. Өйткені кәсіпорын қаражаты өз қолында емес айналымнан шығып отыр. Тағы бір қауіпті жағы бұл берешектердің ішгінде күмәнді немесе үмітсіз берешектер болу мүмкіндігі.

Салықтық  активтер қарастырып отырған жылдарда төмендеуі, яғни кәсіпорын  алдын ала төлеу көлемін азайтып отыр. Бірақ 2008 жылы киінге қалдырылған салықтық активтер пайда болған.  Материалдық емес активтердің 2008 жылы болмауы өткен жылғы баланста тұрған активтердің пайдалы қызмет мерзімі біткендіктен есептен шығарылуы мен түсіндіріледі.

Кәсіпорын активтерін құралу көздері әр түрлі болуы мүмкін: меншікті немесе заемдық. Сондықтан, талдау барысында кәсіпорынның активтер құралымен ғана танысып қоймай, олардың қандай көздерден құралғаның қарастырудың да маңызы зор. Активтер құралу көздері баланстың пассив жағында беріледі. Зерттеліп отырған кәсіпорын бойынша құралу көздерінің құрамы берілген.

Мәліметтер бойынша активтерді қалыптастырудың негізгі көзі ретінде меншікті капиталды айтуға болады. Себебі оның абсолютті және қатынасты өсімі байқалады. Абсолютті мөлшермен алғанда 1160,9 % -ға немесе 3274 теңгеге өсті. Өз кезегінде қысқа мерзімді міндеттемелер 24,37 %-ға өскенімен басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер төмендегені байқалады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

Бухгалтерлік есепте тәуекелділікті басқару есебін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, оның экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, табыстар және шығыстар есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Қойылған мақсаттарға  қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

-кәсіпорын тәуекелі түсінігі, мәні мен маңызы зерттелді;

-тәуекел мәні, мазмұны  және түрлері

-кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері

-тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны

-қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері

-кәсіпорынның қаржылық тәуекелін талдау

-кәсіпорын қызметін  қаржылық талдау

-кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау

-кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру жолдары ұсынылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы: отандық және шетелдік авторлардың монографиялық және периодикалық әдебиетімен қатар бухгалтерлік есепке қатысты қабылданған қазақстандық заңдар мен заңнамалық актілер дипломдық жұмыстың ақпараттық базасын құрайды.

 Зерттеудің теориялық  және тәжірибелік құндылығы. Дипломдық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында тәуекелділікті ұйымдастыру бойынша, бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғарғы оқу орындарында кәсіптік білім беру қызметінің аймақтық нарығында қолдануға болады. 

Зерттеу пәні –кәсіпорында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру.

Зерттеу жұмысының құндылығы: жұмыстың негізгі ғылыми түйіндері мен оның ұсыныстары және алынған нәтижелері тек зерттеуге алынған объектілерде енгізіліп қалмай, Қазақстан Республикасы бойынша есеп саласының барлық бухгалтерлік жүйесіне енгізілудегі стратегиялық мақсаты бар деп танылды.

Сонымен қатар өндірістік кәсіпорнында бухалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша теориялық және әдістемелік базаны кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғарғы оқу орындарында кәсіптік білім беру қызметінің аймақтық нарығында қолдануға болады. 

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, мен міндеттері, зерттелу дәрежесі мен әдіснамалық негізі, зерттеу объектісі тәжірибелік құндылығы көрсетіліп қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.

Бірінші тарауда, қаржы тәуекелін басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, оны бағалау әдістері, тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері жазылған.

Екінші тарау нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын мысалы ретінде «АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алынып, қаржылық жағдайы, қаржылық тәуекелді басқару жүйесі талданады.

Үшінші тарауда, «АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы сөз болады Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижесі негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     1 ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ

 

    1. Тәуекелдің экономикалық әсері және оны бағалау

 

Тәуекел табиғаттың түрлі  құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын  жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.

Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).

Тәуекелді басқаруға  болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын  белгілі бір шекте болжамдау  және тәуекел  дәрежесін төмендету  үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік  беретін түрлі шаралар қолдануға  болады.

Көбінесе тәуекелді  басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.

Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен  топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.

Информация о работе Ұйымдағы қаржылық тәуекелділіктер және оның басқару есебі