"1С:Бухгалтерия 8" программа

Дата добавления: 16 Сентября 2011 в 18:13
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (578.32 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

1 БУХГАЛТЕРЛІК.docx

  —  591.31 Кб

1 БУХГАЛТЕРЛІК  БАЛАНС  ЖӘНЕ  ОНЫң МАЗМҰНЫ

1.1 БУХГАЛТЕРЛІК  БАЛАНС ТҮРЛЕРІ  

       Бухгалтерлік  есептің  негізгі  атқаратын  қызметінің функциясының  бірі - пайдаланушыларға  кәсіпорынның  мүлкі  және  қаржылық  жағдайы  туралы  ақпараттық  мәліметтерді  уақытылы  жеткізіп  беріп  отыру.  Осындай  ақпараттық  мәліметтің  негізгі  қайнар  көзі - бухгалтерлік  баланс.

       Сырт  көзбен  қарағанда  кәсіпорынның  бухгалтерлік  балансы  актив  және  пассив  деп  аталатын  екі  бөлімді  кесте  болып  табылады. Бухгалтерлік  есеп  стандартына  сәйкес  бухгалтерлік  баланстың  актив  бөлімінде  кәсіпорынның  өзіне  тиесілі,  яғни  қолда  бар  мүліктері  қарастырылады.  Ұйым  осыларды  пайдалану  арқылы  ғана  алдағы  уақытта  табыс  таба  алатындықтан  бұл  мүліктерді  кәсіпорынның  әлуетті  табыстары  ретінде  таниды.

     Ал  баланстың  пассиаві  деп  аталатын  бөлімінде  кәсіпорынның  қорлану  көздері  туралы  ақпаратты  мәлімет  жазылады.

       Өзінің  жасалу  уақытына,  қолданылу  барысына  қарай  бухгалтерлік  баланс  әр  түрлі  болып  келеді.  Кәсіпорынның  жаңадан  құрылған    уақытында  жасалған  бухгалтерлік  баланс  кіріспе  баланс  деп  аталады.

       Кіріспе баланста      ұйымның  қызметін  бастар  алдындағы  жарғылық  капитал  көрсетіледі.

       Ұйымның бухгалтерлік  балансы  ілгеріде  айтылғандай  белгілі  бір  уақытқа,  яғни  айдың,  тоқсанның  немесе  жылдың  басына  жасалынады.  Осыған  сәйкес  кәсіпорынның  өз  қызметі  барысында  әрбір  белгіленген  есеп  беретін  уақыттағы  құрастырылған  балансы   ағымдағы  бухгалтерлік  баланс  болып  есептеледі.

       Кәсіпорынның    жойылу  балансы   осы  ұйым  өз  қызметін  тоқтатар  кезде,  таратылатын  уақытта  жасалады.  Осы  аталған  жойылу  балансының   өзі  әр  түрге  бөлінеді.

       Жойылу  балансы  еліміздегі  бухгалтерлік  есеп  және  аудит  мамандарын  даярлауда  көп  еңбек  сіңіріп  жүрген  белгілі  ғалым Әбдіғали  Әбдіманапов  өзінің "Бухгалтерлік  есеп  теориясы  және  принциптері"  атты  еңбектерінде  екі  түрге  бөледі   және  оның  бірі  ұйымның  жабылуына  байланысты,   ал  екіншісі  ұйымның  жабылғандығын  қортындылау  үшін  қарастырылады  деп  жазылған  болатын. 
 
 
 
 
 

2 КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні

  Кәсіпкерлік феномені ерте кезден бері әлеуметтік – экономикалық ғылымның назарын аударуда. Негізінен,  кәсіпкерлік қызмет пен экономикалық қызметті айыра білу керек. Біріншісі, адам әлеуметтік – экономикалық тұрпат ретінде сипатталады, ал өсімдік теру, аң аулау, мал шаруашылығы т.б. экономикалық қызмет түріне тиесілі.

      Кәсіпкерліктің  қалыптасуы мен бекуіне себеп  болған шешуші шарттар мен факторлардың бірнеше түрін қарастыруға болады:

- Азаматтық  қоғам мен құқықтық мемлекеттің  қалыптасуы;

- Жеке  тұлғалық идеялардың қалыптасуы;

- Ерікті  түрде экономикалық таңдау мен  бостандықпен байланысты меншіктік  қызметпен шұғылдануға құқықтың  қалыптасуы;

- Меншіктің  мемлекеттік биліктен сәйкесінше  экономикалық биліктің саяси  биліктен бөлінуі;

- Өмірдің  экономикалық, әлеуметтік және саяси  аспектілерінің бір-бірінен бөлінуі;

- Нарықтық  экономиканың қалыптасуы және  т.б.

      Кәсіпкерлік пен бизнестің қалыптасуының  ел экономикасына әсері төмендегі  1 - сызбадағыдай ықпал береді.  

1-сызба.  Кәсіпкерлік пен бизнестің қалыптасуының ел экономикасына әсері

      Кәсіпкерлік әр түрлі елдерде  әр түрлі адамдармен 800 жылдың көлемінде әрқалай түсіндірілді. Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік терминінің бірдей түсінігінің болмауынан экономистер, социологтар, философтар мен құқықтанушылар оған түрлі анықтама беруде.

Сол анықтамалардың бірі:

      Кәсіпкерлік  - азаматтардың, жеке табыс пен пайда игеру мақсатында өз мүлкін қоя отырып, өз атынан немесе заңдық жауапкершіліктегі заңдық тұлға ретінде іске асыратын белсенді қызметі.

      Кәсіпкер – заңмен тиым салынбаған  кез келген шаруашылық қызметпен айналысады: саудалы-сатып алушылық, кеңестік, коммерциялық делдалдықты енгізе отырып, құнды қағаздармен операциялар және т.б. Кәсіпкер өз қызметінде пайда алу мақсатында қоғамдық игі істерді атқара отырып, жеке даралық табыстылықты қамтамасыз ету комбинациясын іске асырады.

      Кәсіпорын – ол өзіндік өндіріске қабілеті бар және де шаруашылықтық-өндірістік міндеттерді шешу үшін бағдарланған мүліктік оқшауланған шаруашылықтық бірлік. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. «АДАЛ»  ҰН ӨНІМДЕРІН  ШЫҒАРАТЫН  ӨНЕРКӘСІПТІҢ ШЫҒЫНЫН  ЕСЕПТЕУ
 
  1. кесте. Жұмыс кезеңінің  жоспарының есебі
Барлық  тоқтату түрлері Жылдық  күнтізбек Квартал бойынша
І ІІ ІІІ ІV
1. Барлық уақыттың күнтізбек қоры 365 90 91 92 92
  Жоспарлы тоқтаулар: 42 7 9 15 11
а Жалпы мейрам күндері 8   4 2 2
в Кәсіпорынның  санитарлық тазартуларға тоқтатулар 4 1 1 1 1
г Капиталды жөндеуге тоқтатулар 30   25   5
2. Барлық нақты  жұмыс істеу уақыты 323 83 82 77 81
3. Пайыз бойынша  күнтізбек қорының пайдалануы 88 92 90 83 88
 

1-кесте.  Шығарылу жолы:

  1. 1 жылда 365 күн бар, оны 4 кварталға бөліп тастадық. Яғни І-кв-90күн. ІІ-кв.-91күн. ІІІ-кв.-92күн. ІҮ-кв.-92күн. Бұл бізде барлық уақыттың күнтізбек қоры.
  2. Мейрам күндері мен Ағымдағы жөндеуге кеткен күндер, кәсіпорынның санитарлық тазартуларға кеткен күні мен Капиталдық жөндеуге кеткен тоқтауларының бәрін қойып шығып, осы тоқтатуларды қоссақ-  Жоспарлы тоқтатулар шығады.
  3. Барлық нақты жұмыс істеу уақытын табу үшін: Барлық уақыттың күнтізбек қорынан жоспарлы тоқтатуларды алып тастаймыз, яғни 365-42=323күн.
  4. Енді Барлық нақты жұмыс істеу уақытын Барлық күнтізбек қорына бөліп, оны 100%-ға көбейтсек, бізде пайыз бойынша күнтізбек қорының пайдалануы шығады. Яғни 323/365*100=88. Кварталдардың да пайызын осы жолмен табамыз. Мысалы:  І-ші кварт. 83/90*100=92
 

2-кесте.  Натуралды түрдегі  өнімнің шығын  есебі

  Өнім  түрлері өнім  мөлшері

гр

Өндірілген  өнім (дана)
Тәулігіне Жылына
1 Бөлке нан 850 1300 419900
2 Қара нан 700 1500 484500
  Барлығы 1550 1800 904400
 

2-кесте.Шығарылу жолы:

  1. Бөлке нанның мөлшері 850гр.деп алдым. Мен тәулігіне 1300 нан өндіремін. Енді жылына неше нан өндіретінімді білуім үшін, тәулігіне шығарған нанымды нақты жұмыс істеу уақытыма көбейтемін. Яғни: 1300*323=419900.
  2. Кара нанымның жылдық мөлшерін яғни жылына неше нан өндіретінімді осылай табамын.
 

3-кесте.  Ақшалай түрдегі  өнім шығару есебі

  Өнім  түрлері 1дананың  бағасы Өндірілген  өнім (тг)
Тәулігіне Жылына
1 Бөлке нан 70 59500 19218500
2 Қара нан 65 45500 14696500
  Барлығы   105000 331950000
 

3-кесте.  Шығарылу жолы:

Біз 2-ші кестеде жылына неше нан өндіретінімізді таптық, енді ақшасын есептеуіміз керек.

  1. Бөлке нанның бағасын 70тг. деп  алдым. Тәулігіне неше теңге кететінін білу үшін, 2-кестедегі өнім мөлшерін (850гр) көбейтемін өнімнің бағасына (70тг); Яғни 850*70=59500. Сонымен бізде тәулігіне неше теңге кететіні шығады.
  2. Енді жылына неше теңге кететінін табу үшін , тәулігіне кеткен ақшаны (59500тг) көбейтеміз нақты жұмыс істеу уақытына (323күн). 59500*323=19218500тг.
  3. Қара  нанның бағасы 65тг.   Тәулігіне неше теңге кететінін білу үшін, 2-кестедегі өнім мөлшерін (700гр) көбейтемін өнімнің бағасына (65тг); Яғни 700*65=45500. Сонымен бізде тәулігіне неше теңге кететіні шығады.
  4. Енді қара нанға жылына неше теңге кететінін табу үшін , тәулігіне кеткен ақшаны (45500) көбейтеміз нақты жұмыс істеу уақытына (323күн). 45500*323=14696500тг.
 

4-кесте.  Ұнның құны мен  мөлшерінің есебі

Өнім  түрлері Бөлке нан Қара  нан Барлығы
Өндірілген  өнім 419900 484500 904400
Пайызбен  шығын 167 172  
шикізат 1кг бағасы Жылдық мөлшері Сумма Жылдық мөлшер Сумма Барлығы
Ұн  жоғ. сорт 100 2514 251400     251400
Ұн 1-ші сорт 90     2817 253260 253260
Барлығы     251400   253260 504660
КДШ     5028   5065 10093
Жалпы     256428   258325       514753
Страницы:123456следующая →
Описание работы
"1С:Бухгалтерия 8" содержит ряд средств, которые облегчат самостоятельное освоение программы и позволят быстрее приступить к работе.

Необходимо последовательно ответить на вопросы Стартового помощника и можно сразу приступать к вводу текущих документов.
Содержание
содержание отсутствует