Шымкент қаласы ветеринария бөлімі» ММ-нің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:47, лекция

Описание работы

Шымкент қаласының ветеринария бөлімінің миссиясы - қаланы жануарлардан алынатын өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эпизоотиялық жағдайларды қалыптастыру, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қаңғыбас ит мысықтарды аулап жою, мал тоғыту әуіттерін қамтамассыз ету, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру, бірдейлендіру бойынша дерекқорды электрондық тәсілмен компьютерлік базаға енгізіп, жануарларға ветеринарлық паспорт беру, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою, энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Работа содержит 1 файл

шымкент мал ш-гы.docx

— 68.98 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының 

Экономикалық даму және сауда 

министірінің 2010 жылғы 

«01» шілдедегі № 101

бұйрығына

5 - қосымша  

 

 

 

 

 

«Шымкент қаласы ветеринария  бөлімі» ММ-нің

2011-2015 жылдарға арналған  стратегиялық жоспары

 

1 – бөлім

 

1. Миссиясы (міндеті) және  пайымдауы

 

Шымкент қаласының ветеринария  бөлімінің миссиясы - қаланы   жануарлардан алынатын өнімдерінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету, эпизоотиялық  жағдайларды  қалыптастыру, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға  ортақ жұқпалы аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету, қаңғыбас ит мысықтарды аулап жою, мал тоғыту әуіттерін  қамтамассыз ету, ауыл  шаруашылық  жануарларын  бірдейлендіру,  бірдейлендіру  бойынша дерекқорды электрондық  тәсілмен компьютерлік базаға енгізіп, жануарларға  ветеринарлық  паспорт  беру, қоршаған ортаны ластаудың алдын  алу және оны жою, энзоотиялық  аурулардың алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру.

2011-2015 жылдарға стратегиялық жопардың  шаралардың іске асыру нәтижесі. Ветеринария саласында тұрақты  дамуды қамтамасыз ету. 

 

2 – бөлім

 

2. Ағымдағы ахуалды талдау

 

Шымкент қаласының ветеринария  бөлімі ҚР заңнамасына сәйкес ветеринария  саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік мекеме болып  табылады.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы ветеринария  бөлімінде 4 штаттық бірлік және      малдәрігер маман, 10 лицензият малдәрігер   келісім-шарт бойынша жұмыс істейді.

Шымкент қалалық ветеринария бөлімі қаламыздағы адамдар мен жануарларға  ортақ аса қауіпті жұқпалы  ауруларды алдын ала мақсатында ауылшарушылық жануарларын профилактикалық  егу және диагностикалық тексеру  жұмыстары жүргізіледі.

2010 жылы 011  «Эпизотияға қарсы  іс-шаралар жүргізу»  бағдарламасы       бойынша атқарылатын жұмыстар:

                   

          1. Диагностикалық тексерулер:

           1.1. 2010 жылдың жоспары бойынша сарыпқа  ірі қара мал 30000 бас  

        тексеріліп, оның  ішінде сарыпқа 

        оң нәтиже  бергені  8 бас. 

        1.2. Сарыпқа  уақ мал 60000 бас, оның ішінде  сарыпқа оң нәтиже бергені  8 бас 

        1.3. Сарыпқа  ит – 1052 бас,  оң нәтиже бергені  жоқ 

        1.4. Сарыпқа  шошқа – 1000 бас, оң нәтиже  бергені жоқ  

        1.5. Сарыпқа  жылқы -100 бас,  оң нәтиже бергені  жоқ

        1.6.Туберкулезге  ірі қара мал 36000 бас, оң нәтиже  бергені жоқ 

        1.7. Туберкулезге  шошқа - 500 бас,  оң нәтиже бергені  жоқ 

                        

        2. Егу-емдеу  жұмыстары: 

        2.1. Құтыруға  қарсы ірі қара мал-1500 бас 

        2.2. Құтыруға  қарсы  уақ мал- 7000 бас

        2.3. Құтыруға  қарсы  ит-6000 бас 

        2.4. Құтыруға  қарсы  мысық-2000 бас 

        2.5 Сібір жарасына  қарсы  ірі қара мал –  24000 бас

        2.6 Сібір жарасына  қарсы Уақ мал – 32600 бас

        2.7. Сібір жарасына  қарсы  жылқы – 1050 бас

        2.8. Сібір жарасына  қарсы шошқа - 4000 бас

        2.9. Ауысылға  қарсы- ірі қара мал – 23000 бас

        2.10. Ауысылға  қарсы уақ мал – 38000 бас

        2.11. Күлге қарсы   уақ мал – 40000 бас

        2.12. Обаға қарсы   уак ьал – 10000 бас

        2.13. Маңқаға  қарсы   жылқы – 500 бас 

        2.14. Брадзотқа  қарсы  уақ мал – 500 бас

        2.15. Шемендеу  ит – 15000 бас 

                                                                                                        

Мал шаруашылығы

 

        Қазақстан  Республикасының үш мемлекеттік  «Кенендік одаққа» кіруіне байланысты  мал шаруашылығы өнімдерінің  сапасының талапқа сай болуын  қамтамасыз ету жүктелген. Оңтүстік  Қазақстан облысы Статистика  департаментінің  мәліметтеріне  сүйенсек 2011 жылдың 1 қаңтарына қала  бойынша 15 871 бас ірі қара мал,  26422 бас уақ мал, 739 бас жылқы, 5315 бас шошқа,  58747 бас құстарды  құрап отыр.

          

 

Қала бойынша асыл тұқымды 2 шаруашылық бар:

      1. «Достық» шаруа  қожалығы   «Ірі ақ»  асыл  тұқымды шошқа малын  өсірумен  айналысуда мал басы 983 бас

      2. «Дидар» Ө/К   «Ірі ақ»  асыл тұқымды шошқа  малын  өсірумен айналысуда  мал басы 1040 басқа жетіп отыр.

 

3.Ағымдағы қазіргі жай  күйі

 

  «Қазақстан- 2030» Барлық Қазақстандықтардың өсіп- өркендеуі, қауіпсіздігі және  әл-ауқатының артуы.

Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Үкімет алдында қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған  бір қатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды.

        Қазіргі уақытта  халықтың өмір сүру деңгейін  одан әрі даму үшін ішкі  және сыртқы бәсекелестік қабілетті  азық түлік өнімдері мен ауыл  шаруашылық шикі зат өндіру  үшін жағдайды қамтамасыз ету,  оларды өткізуге көмек көрсету,  тауар өндірушілердің мүдделерін  қорғау қажет. Ол қазіргі әлемде  үздік ғылым мен ақпараттық  технологияларға негізделген ауыл  шаруашылығының қазіргі заманғы  үлгісіне көшкен жағдайда ғана  мүмкін.

        Қойылған міндеттерді  шешуде ауыл шаруашылығы саласында  да маңызды рөл тиесілі.

 Шымкент қаласының ветеринария  бөлімінің міндеті  ең алдымен  мемлекеттік саясатты жүзеге  асыру және азық - түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету. 

      

2.1. Стратегиялық бағыт  1.

          Ветеринария бөлімінің іс-әрекеттерін қамтамассыз ету.

 

Саланың инфрақұрылымдық  жағдайы 

          Бөлімде, бөлім бастығы -1 бірлік,  бас маман -2 бірлік, жетекші                    маман -1 бірлік. Барлығы 4 (төрт) мемлекеттік қызметкерлер  жұмыс атқарады.   Ветеринариялық дәрігерлер -3 бірлік, нұсқаушы -3 бірлік, жүргізуші -1 бірлік. Барлығы  7 (жеті) штаттан тыс қызметкерлер. Бөлімде 5 (бес) дана компьютер топтамасы бар.

 

Саланың табыстары  мен жетістіктері

           Еңбек ақы төлеу, өтем ақы төлеу, қызметкерлерге қосымша ақшалай төлемдер, бюджетке әлеуметтік салық төлеу, әлеуметтік аударулар, өзге де тауарлар сатып алу, қзметтік баспасөзге жазылу, байланыс шығындары, автокөлік, ұйымдастыру техникаларына қызмет көрсету, өзге деқызметтер көрсету (штаттан тыс қызметкерлердің жалақысы,құжаттарды түптеу, бланктер даярлау). Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерін қамтамасыз ету, бюджет жүйесінде бюджеттік және бухгалтерлік есептілікте бұзушылықтарға жол бермеу. Ақпараттық жеделдігін және дұрыстығын арттыру.

 

Саланы қаржыландыру

            2011 жылы 10 552,0 мың теңге және мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға 160,0 мың теңге жоспарланды.

 

Саланың ағымды және перспективадағы мәселелері

            Ветеринария саласындағы мемлекеттік  саясатты іске асыру жөніндегі  бағдарламаларын дамыту, бюджеттік  есепті жүргізуді қамтамасыз  ету, бюджет жүйесінде бюджеттік  және бухгалтерлік есеппен есептілікті  жергілікті бюджеттік бағдарламаны  іске асыру мақсатында бюджет  қаражатымен уақытылы қамтамасыз  ету. Жоғарғы техникалық талаптарға  сай компьютелер мен принтерлер  сатуа алуын қамтамасыз ету.

 

2.2. Стратегиялық бағыт  2

  «Беккари»  шұңқырларын салу және оларды ветеринариялық – санитариялық талаптарға сай күтіп ұстау.

 

Саланың инфрақұрылымдық  жағдайы  

  Қала аумағында мал өлекселерін тастайтын үш «Беккари» шұңқырлары бар. Оның екеуі – қаланың батыс жағындағы орыс мазараты аумағында, ал үшіншісі қаланың қоқыс төгу аумағында орналасқан.

 

Саланың табыстары  мен жетістіктері

Шымкент қаласы тұрғындарының денсаулығын  адам мен жануарларға ортақ жұқпалы  аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қаңғыбас иттер мен  мысықтарды аулап,  көзін жою жұмыстарында    мал өлекселерін тастайтын «Беккари»  шұңқырларының атқаратын рөлі маңызды. Мал өлекселерін қаланың сыртында орналасқан «Беккари» шұңқырына  тастау арқылы ветеринария бөлімі адамдар  мен жануарлардың денсаулығын   көптеген жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан қорғайды. 

 

Саланы қаржыландыру

2011  жылы жергілікті бюджеттен   – 5000,0 мың теңге 2 «Беккари  » шұңқырын салуға және оларды  күтіп ұстауға  1000,0 мың теңге  жоспарланды.

 

Саланың ағымды және перспективадағы мәселелері

2011 жылғы бөлінген қаржыға қала  аумағында қаңғыбас иттер мен  мысықтардың көбеюіне байланысты  екі  мал  өлекселерін тастайтын  «Беккари» шұңқырларын салу және  алдағы уақытта шұңқырларды күтіп  ұстау үшін: 

 

  • «Беккари» шұңқырының құрылысын жүргізу үшін Әл-Фараби, Еңбекші аудандарының  аумағынан  жер телімдеріне сұраныс беру;

 

 

2.3. Стратегиялық бағыт  3

Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты  алып қоймай залалсыздандыру және қайта  өңдеп, мал өнімдері мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу; 

 

  Саланың  инфрақұрылымдық жағдайы 

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында орналасқан  «Ақ мал» ЛТД  санитарлық мал мою бекеті бар.

 

  Саланың  табыстары мен жетістіктері

Қазақстан Республикасының « Ветеринария  туралы» 2002 жылғы                    10 - шілдедегі №339 заңының  10-бабына  сәйкес  алып қойылатын және жойылатын  жануарларды  диагностикалық тексеру  нәтижесінде сарып (бруцеллез) ауруына  оң нәтиже көрсеткендерін санитарлық талаптарға сай  Сайрам  «Ақ мал» ЛТД  сойылып, заласыздандырылып  мал иесіне өтемақы төленеді.

 

Саланы қаржыландыру

Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты  алып қоймай залалсыздандыру және қайта  өңдеп, мал өнімдері мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу үшін жергілікті бюджеттен 2010 жылға 533,0 мың теңге  бөлініп, оның 128,6 мың теңгесі  игерілді.                      

2011 жылға 500,0 мың  теңге   және ауру жануарларды санитарлық  союды ұйымдастыруға 1000,0 мың теңге  жоспарланды. 

 

Саланың ағымды және перспективадағы мәселелері

Қалада жұқпалы аурулардың ошақтарын  жою жөнінде кешенді ветеринариялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін  тиісті аумақтың бас мемлекеттік  ветеринариялыө инспекторының ұсынысы  бойынша шектеу іс-шаралардың немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау.

 

2.4. Стратегиялық бағыт  4

Адамдар мен жануарларға ортақ  аса қауіпті аурулардың бірі құтыру ауруының алдын-алу

 

Саланың инфрақұрылымдық  жағдайы 

  2010 жылы Шымкен қаласының ветеринария бөліміне қарасты «Шымкент малдәрігерлік қызметі» ЖШС –гінің иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын тәжрибелі адамдардан құралған 6 бригадасы жұмыс жасаған. 

 

 

 

Саланың табыстары  мен жетістіктері

2010 жылы  Шымкент қаласында 13 696 бас ит , 679 бас мысық, барлығы 14 375 бас қаңғыбас ит, мысықтар  ауланып,  арнайы биотермиялық шұңқырға тасталынып, залалсыздандырылды. 

 

Саланы қаржыландыру

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, көзін жоюға жергілікті бюджеттен 2010 жылы 13000,0 мың теңге бөлінсе, 2011 жылы 10000,0 мың теңге жоспарлануда.

 

Саланың ағымды және перспективадағы мәселелері

         Шымкент қаласы аумағындағы қаңғыбас ит, мысықтардың көбеуіне жол бермеу.

 

  2.5. Стратегиялық бағыт 5

Энзоотиялық аурулардың бірі қырым  қанды қызбасы ауруының алдын-алу  мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру  жұмыстарын ұйымдастыру.

 

Саланың инфрақұрылымдық  жағдайы 

Шымкент қаласы бойынша арнайы уақ  малдарды залалсыздандыратын              12 әуіттер бар. Әуіттердің алтауы  Абай ауданында,  үшеуі  Әл-Фараби ауданында  және үшеуі  Еңбекші  ауданында  орналасқан. 

 

Саланың табыстары  мен жетістіктері

Қала бойынша қырым қанды  қызбасы ауруын алдын-алу мақсатында  кенеге қарсы 19 112 бас ірі қара мал бүркіліп, 28 569 бас уақ мал тоғытылып, 144 702 ш/м қора –жайлар,  120 га. Мал жайылымның буферлік аймағы, 1 523,0 мың ш/м көп қабатты үйлердің жертөлелерімен 1400,0 мың ш/м мектеп, бала-бақша, әскери жаттығу алаңдары залалсыздандырылды. 

 

 Саланы қаржыландыру

2010 жылы жергілікті бюджеттен  27 100,0  мың теңге,  республика бюджетінен 7 740,0 мың теңгеге көктемгі, жазғы, күзгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.   2011 жылға кенелерге қарсы күрес жүргізуге жергілікті бюджеттен 5 875,0 мың теңге, республика бюджетінен 2093,0 мың теңге жоспарлануда.  

Информация о работе Шымкент қаласы ветеринария бөлімі» ММ-нің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары