Кой азыктандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2012 в 14:31, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан - қой шаруашылығы өркендеген мемлекет ТМД елдеріндегі бүкіл қой санының 28%-ті бізде шоғырланған, қой етінін төрттен бірі бізде өндіріледі, жүннің бестен бірі, барлық қаракөл елтірісінің үштен бірі Қазақстанда өндіріледі.
Қой басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы-тасты жерлердің жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда ондай жайылымдар көп.

Содержание

І. КІРІСПЕ ………...............................................................................2
1.1.Әдебиетке шолу.............................................................................4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қойларды азықтандыру және бордақылау.................................9
2.2. Қойларды бордақылау және оларды жайып семіртудің
ерекшеліктері .....................................................................................12
2.3. Еркек тоқтыларды көктемгі жайылымда бағып семірту кезіндегі өсуі және сойыс өнімдерінің өзгерістері..................................................14
2.4. Тоқтыларды жазғы жайылымдарда жайып семірту кезіндегі ет өнімділігінің өзгерістері.....................................................................17
2.5. Қозыларды жайып семірту, ет өнімділігі және сапасы............22
2.5.1.Биязы жүнді қозыларды қыс мезгілінде үдемелі бордақылау және ет өнімділігі..............................................................................................24
2.5.2. Қозыларды бордақылауда өндірілген еттің қауіпсіздік көрсеткіштері.......................................................................................26
2.6. Жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды бордақылау , ет өнімділігі және өндірілген қой етінің қауіпсіздігі...........................................27
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................31

Работа содержит 1 файл

Гулка кой азыктандыру.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

Бордақылағаннан кейінгі  бақылау сойысынан алынған жұмсақ етте 0,083 мг/кг, қорғасын 4,702 мг/кг мыс  болды, бұл көрсеткіштер шектік мөлшерлік талаптардан едәуір төмен болды. Жұмсақ етте кадмий, сынап және мырыш болмады.

 

                        ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Бордақылау — малды  сапалы ет пен майды көп алу  үшін сояр алдында жемге байлап қолдан семірту. Бордақылау мерзімінің ұзақтығы түліктің түріне, малдың жасына, бастапқы салмағы мен қоңдылығына байланысты. Бордақылау қой өсіруде де жиі қолданылады. Қозыны 4,5 — 5 айлығынан бастап салм. 40 — 60 кг-ға жеткенше бордақылайды. Биязы жүнді қойдың қозысын 8 — 8,5 айлығына, биязылау және қылшық жүнді тегене құйрықты қойлардың қозысын 7 — 7,5 айлығына дейін, етке соятын саулық, қошқар, ісектерді басында жайылымда семіртіп, кейін 1 — 1,5 ай қолда жемдеп бордақылайды. Арнайы қой Бордақылау кешендерінде қозы Бордақылау 4 — 4,5 айлығынан 13 — 14 айлығына дейін жүргізіліп, салм. 55 — 65 кг-ға жеткізіледі, алдын ала (1,5 — 2 ай бұрын) қырыққаннан кейін етке өткізіледі. Дені сау мал ғана тез қоң алып семіреді. Сондықтан Бордақылауға қойылған мал бақылауда болуы қажет. Бордақылайтын табын құрамындағы малдың тұқымы, жасы, жынысы, салмағы, қоңы бірдей болғаны дұрыс.

Оңтүстік Қазақстанда  негізгі ет өндіру көзі ірі қара мен  қой  шаруашылығы болып  табылады. Бұл күнге дейін мал  шарушылығы өндірісінде мешеу технология басым. Осының салдарынан нарыққа 20-25% жуық  қойлар  арық, болмаса қоңдылығы орташадан төмен жағдайда түседі, сондықтан шаруашы-лық  түрлері  тиісті экономикалық нәтижелер ала алмайды.  Қойларды  жайып семіртуге арналған жұмыстар өте аз.  Қой  еті өндірісін жоғарылатудың бұл арзан әдісінің технологиялық тәсілдері толық жасалмаған және  қойларды  етке дайындаудың бұл әдісі, төменгі салмақтағы  қойларды  кейінгі соңғы қосымша бордақылаумен байланыстырылмаған. Осы жағдайда  қойларды  етке дайындау әдістерінің қарқындылығын жетілдіру, жоғары сапалы қозы еті мен  қой  етін өндіру жұмыстарынан алынған нәтижелер негізінде төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

Көктемгі жайып семірту  кезінде жас еркек тоқтылардың  ұшасының өсуі тағамдық тұрғыдан бағалы бұлшық еттердің (3,19 кг), май жиналуы (0,89 кг) және аз мөлшерде ұшаның сүйектерінің (0,47 кг) есебінен жүрді, сондықтан еттілік және бұлшық ет-сүйек коэффициенті тиісінше 3,19 және 3,01 бірліктен 4,01 және 3,58 бірлікке дейін жоғарылады.

Жаз кезінде қоңдылығы  төмен жас еркек тоқтылар қырқымнан соң тау етегіндегі жайылымға жайып сонан кейін тау жайылымында жаю ұшаның және жұмсақ еттің шығымын тиісінше 41,7 және 78,3 пайыздан 44 және 80,6 пайызға, еттілік және бұлшық ет-сүйек коэффициентін 3,55 және 3,29 бірліктен 4,51 және 3,73 бірлікке жеткізетін  қойларды  етке дайындаудың тиімді әдісі болды.

Бордақыланған қозылардан, жас еркек тоқтылардан алынған  еттерде кадмий, сынап, мырыш болмады. Қозылардан және тоқтылардан алынған  еттерде тиісінше қорғасын мөлшері  небары 0,019-0,021 мг/кг, мыс – 1,187-1,195 мг/кг болып мемлекеттік стандарттар белгілеген шектік мөлшерден анағұрлым төмен болды.

Төмен салмақтағы қозыларды  енесінен ажыратқан соң 60 күн бойы жергілікті және дәстүрлі емес (мақсары  дәнін тазалағанна кейінгі қалдықтар) азықтарды пайдаланып  бордақылау  әрбір етке өткізілген бастан 1825 теңге пайда алуды және тиімділікті 35,4% жеткізуге мүмкіндік жасады.

 

                    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Абдулаев. М. /Қой шаруашылығы.-Алматы,2011.-194с
  2. Әкімбеков.Б. /Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру. Алматы,1991.-65с.
  3. Бологлюбский С.И. Бологлюский С.Н. /Овцеводства.-1961.Алматы,1998.-175с.
  4. Больмонт В.A /Актуальные проблемы частной генетики сельскохозйственных животных. Алматы, Ғылым, 1993.-49с.

5  .Воробьев Н.А. /Қой шаруашылығының негіздері.-Алматы,1984.-228с.

6 .Голодиев А.В./ Сельское хозяйства Казахстана.-Алматы,1977.-156с.

7 .Данилюк А.П. /Технология производства продуктов животноводства. Алма-Ата,1989.-305с.

8. Ермеков М.А. Ермеков М.Ш. /Мал азықтандыру. Алматы,2000.-92с.

9. Құлатаев Б./ Қой шаруашылығының технологиясы. Астана,2008с.

10.Кулешов П.Н.  /Нормы и  рационы кормления  сельскохозйственных животных.Москва, 1990.-67с.

11.Медеубеков Б. /Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру. Алматы, 1991.-204с.

12. Модянов А.В./ Қой шаруашылығы. Алматы, 2011.-148с.

13.Омарқожаұлы Н./ Мал азығын бағалау және малды азықтандыру.Алматы,2005.-244с.

14.Сарбасов А.Б. /Қазақстанның қой шаруашылығы. Алматы,1984.-43с .

15.Сәбденов К.С. /Қой шаруашылығының тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар. Астана,2008.-237с.

16.Иванов М.Ф. /Курс овцеводства. Сельхозгиз,1947.-143с.

17.Лускин Е.Ф./,, Жаршы,2008.-24с.

 


Информация о работе Кой азыктандыру