Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2012 в 14:31, курсовая работа
Қазақстан - қой шаруашылығы өркендеген мемлекет ТМД елдеріндегі бүкіл қой санының 28%-ті бізде шоғырланған, қой етінін төрттен бірі бізде өндіріледі, жүннің бестен бірі, барлық қаракөл елтірісінің үштен бірі Қазақстанда өндіріледі.
Қой басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы-тасты жерлердің жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда ондай жайылымдар көп.
І. КІРІСПЕ ………...............................................................................2
1.1.Әдебиетке шолу.............................................................................4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қойларды азықтандыру және бордақылау.................................9
2.2. Қойларды бордақылау және оларды жайып семіртудің
ерекшеліктері .....................................................................................12
2.3. Еркек тоқтыларды көктемгі жайылымда бағып семірту кезіндегі өсуі және сойыс өнімдерінің өзгерістері..................................................14
2.4. Тоқтыларды жазғы жайылымдарда жайып семірту кезіндегі ет өнімділігінің өзгерістері.....................................................................17
2.5. Қозыларды жайып семірту, ет өнімділігі және сапасы............22
2.5.1.Биязы жүнді қозыларды қыс мезгілінде үдемелі бордақылау және ет өнімділігі..............................................................................................24
2.5.2. Қозыларды бордақылауда өндірілген еттің қауіпсіздік көрсеткіштері.......................................................................................26
2.6. Жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды бордақылау , ет өнімділігі және өндірілген қой етінің қауіпсіздігі...........................................27
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................31
Елімізде зоотехникалық ғылымның негізін қалаушылардың бірі академик М.Ф.Иванов: шопандар қойдың қасиетін, жылдың бір мезгілінде қойлар қандай жайылым шөбін жақсы жейтінін білулері керек ден атап көрсеткен болатын.
П.Н.Кошкаровтың тәжірибелеріне қарағанда, бір қойға тәулігіне 2,5 миллиграмнан хлорлы кобальт бергенде,қосымша 230гжун қырқылған, әрі оның сапасы да жақсарған.
Зерттеулердін нәтижелері бойынша қазақтың биязы жүнді қой тұқымының бір саулығы наурыз айында күніне 2,9, сәуірде -6,5 және мамырда-7,5килограмм жайылым шөбін жейді. Ол шөптің 1килограмында наурызда -0,24 азық өлшемі және 28грамм қорытылатын протеин, сәуірде және мамырда тиісінше -0,25-0,29және 33-40 грамм болады.
Қазақ технологиялық қой шаруашылығы ғылыми зерттеу иниститутының аға ғылыми қызметкері А.Г.Племянниковтың жургізген тәжіриесінде – қазақтың құйрықты тұсақ саулықтары (Орташа тірілей салмағы-58кг,көктемде қырқылған жүн 1,8кг )гемпшир типіндегі етті биязылау жүнді және жақсартылған жартылай қылшық жүнді етті-майлықарғалы және еділбай қойларының жоғары өнімді тұқымдық қошқарларымен будандастырылады.
Тәжірибиенің
нәтижесінде етті-майлы
286грамм болды.
Тәжірибелік топтағы будан қозыларды 4,5-5айға толғанда бөлген кездегі еттілік сапасы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: еділбай қошқарларының будан қозыларының тірілей салмағы орта есеппен – 37,7, қарғалы қошқарларының будан тоқтыларынікі 40 және гемпшир типә қозылардың будан тоқтыларының салмағы 36,5 кг болады.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қойларды азықтандыру және бордақылау
Қойды бордақылау, әсіресе
жас еркек тоқтылармен
Бір ай жайып семірткеннен кейін қозылар ең соңғы бордақылауға қойылды. Сонымен қозылар екі топқа бөлінді. Бақылау тобындағы қозылардың жем-шөп мөлшерінде алғашқы кезеңде (30 күнде) 0,9 кг жоңышқа, 0,1 кг сабан, 0,65 кг құнарлы жем, (60% бидай дәні қалдығы + 40% арпа дәні), ал сонан кейін мәрелі кезеңде (30 күн) – 1,0 кг жоңышқа, 0,2 кг сабан және 0,75 кг құнарлы жем берілді. Тәжірибе тобындағығылардың азық құрамының тәуліктік үлесінен жоңышқаны 300 г азайтып (30%), ал оның орнына ұрығын жинап алынғаннан кейінгі қалған мақсары қалдығы берілді. Мәрелі кездегі азық құрамының қоректілігінің құндылығы бақылау тобындағыларда 1,15, ал тәжірибе тобында-ғылардікі 1,17 азықтық өлшемді құрады.
60 күндік бордақылау кезінде
бақылау және тәжірибе
60 күндік бордақылау кезінде қозылардың ұшасының салмағы 10,2 кг-нан 14,8-15,2 кг-ға дейін болмаса 1,45-1,49 есеге өсті. Ұшаның шығымы 41 пайыздан 43,7-43,9 пайызға жоғарылап, жоғарғы қоңдылықтағы қойларға қойылатын талап мөлшерінен едәуір артық болды. Қозылардың ағзасында іш майдың шырлануы біршама жедел түрде жүрді (3,5-3,6 есе), сондықтан сойыс шығымы айтарлықтай 41,9 дан 46,2% пайызға өсті.
Дененің таза салмағына шаққанда тәжірибе
тобындағы қозылардың ұшасы-ның
шығымы мен сойыс шығымы 52,8 және
55,6%, бақылау тобындағы
Бордақылау барысында бұлшық
еттердің жеделдете өсуі, әсіресе
майдың шырлануы (1,40-1,42 және 3,25-3,3 есе),
ұшаның қаңқа сүйектеріне
Бордақылау барысында жұмсақ еттегі судың құрамы әжептеуір 68,5 пайыздан 56,1-56,8 пайызға дейін кемиді, ал майдың үлестік салмағы керісінше 13,5 пайыздан 28-28,5% пайызға дейін едәуір ұлғайды.
Майдың жедел шырлануына байланысты ұшаның 1 кг жұмсақ етіндегі қуаттың құндылығы 9,3 мегаджоулдан 14,5-15 мегаджоулге дейін едәуір жоғарылады.
Бақылау тобы мен тәжірибе тобындағы қозылардың ұшасы және ұшаның жұмсақ еті химиялық және морфологиялық құрамы жөнінен айтарлықтай өзгеріске ұшырамады.
Қазіргі уақытта экологиялық таза өнім өндіру күрделі мәселе болып отыр, сондықтан мал ағзасына зиянды қоспалардың, ауа болмаса, азық арқылы түспеуін болдырмаудың және өндірілген етте осы заттардың болуын анықтау маңызды мәселе болып тұр.
Қойды жасына қарай бордақылайды.
Бордақылаудағы отарларды ертеңгі
салқынмен сағат 5-тен 10-11ге дейін
жайып, суарып, 11—12-ден бастагг 16—17-ге
дейін желдетілетін биіктеу жерде,
мүмкіншілігінше көлеңкеде күйі
1-кесте. Сақа қойларды бордақылау нормасы, (тәулігіне бір басқа)
Көрсеткіштер |
Жүнді және жүнді етті тұқымдар |
Етті-жүнді тұқымдар | ||||
Тірілей саламағы, кг | ||||||
40 |
50 |
60 |
40 |
50 |
60 | |
Орташа тәуліктік салмақ қосымы, г | ||||||
150 |
160 |
170 |
170 |
180 |
190 | |
Азық өлшемі |
1,3 |
1,4 |
1,5 |
1,5 |
1,6 |
1,7 |
Алмасу энергиясы, МДж |
14,8 |
15,9 |
17,1 |
16,5 |
17,6 |
18,7 |
Құрғақ заты, кг |
1,6 |
2,0 |
2,4 |
1,9 |
2,2 |
2,4 |
Шикі протеин, г |
182 |
195 |
210 |
200 |
210 |
225 |
Қорытылатын прот, г |
117 |
125 |
135 |
130 |
135 |
145 |
Ас тұзы, г |
15 |
16 |
17 |
16 |
17 |
18 |
Кальций, г |
7,8 |
8,4 |
9,0 |
9,0 |
9,6 |
10,0 |
Фосфор, г |
5,2 |
5,6 |
6,0 |
4,5 |
4,8 |
5,0 |
Магний, г |
0,6 |
0,7 |
0,8 |
0,5 |
0,7 |
0,8 |
Күкірт, г |
4,5 |
4,9 |
5,2 |
3,0 |
3,4 |
3,8 |
Каротин, мг |
10 |
11 |
12 |
12 |
13 |
14 |
Д витамині, ХӨ |
585 |
630 |
675 |
530 |
550 |
580 |
2.2. Қойларды бордақылау және оларды жайып семіртудің ерекшеліктері
Қой өсіру - қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының бірі. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі момын жануармен тікелей тамырласып жатыр. «Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сөздерде терең ұғым бар. «Қой егіз тапса, бір түп жусан артық шығады» деп қой малының өз несібесін өзі айыратынын айтса, «қой анасы — оннан, жылқы анасы — бестен» деп, қой малының жылдам көбейетінін меңзеген.
Бордақы қойларына берілетін минералды
заттардың жеткілікті болуы қажет.
Мал шаруашылығы институты
Жемі жеткілікті шаруашылықтарда, рациондағы жем мөлшерін 400-500 грамға дейін жеткізіп қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Қой шаруашылығы өнімдерін өндіруді күрт ұлғайту міндеттерін ойдағыдай шешуде біздің жағдайымызда қойды жайып семіртуді жөне бордақылауды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қой етін молайтудың аса маңызды көзі-мал бағудың технологиясын жетілдіру, оларды жайылымда семірту, жедел бордақылау.
Ересек қойды бордақылау үшін бракқа шығарылған саулықтарды пайдаланады. Оларды негізінде жайып семіртеді. Қолайлы жағдай туса, оларды сүрлем, жом т.б. бағасы арзан азық беріп бордақылауға болады. Ересек қойды бордақылау 2-3 айдан аспауы керек. Жем азықтарының ішінен сүйсініп жейтіні жүгері, арпа, күнжара мен шрот және бұршақ тұқымдас дәнді азықтар. Негізінде жемді екі мезгіл берген жөн.
Ересек қойды сүрлем типті рационмен бордақылағанда тәулігіне 5 кг сүрлем, 0,5 кг сабан, 0,5 кг пішен, 0,2 кг дәнді азық береді. Шамамен сақа қойларды 2-3 ай, ал қошақандарды 3-4 ай, салмағы 40-50 кг-ға жеткенше бордақылайды.
Бірден-бір арзан және ең бағалы қорек жайылымдағы жасыл шөп болып табылады.
Жайлауда ұсталатын мал өнімдерін екінші туынды өнім деп есептеу керек. Бірінші өнім-жайылынның өзі. Айталық, қой өнімінің сапасы да, көлемі де сол жайылымның құнарлылығына байланысты.
Жас қозылар мен тоқтыларды жедел өсіріп бордақылап 40—50 кг салмаққа жеткізіп дәмді жас қой етін өндіреді. Сақа қойларды 50—60 кг салмаққа дейін бордақылап, семіз қой етін өндіреді. Ең арзан қой еті табиғи жайылымда жайып семірткенде өндіріледі. Ересек ісек отарларын 1000—1200 бастан, бракқа шығарылған саулықтар отарларын 800—1000 бастан, тоқтылар отарларын 700—800 бастан, ал таулы, орманды және де жлйылым оты кедей жерлерде одан 20—30% аз отарларды құрады. Жаздың ортасына дейін ісектерді, екінші жартысынан бракқа шығарылған саулықтарды және еркек тоқтыларды жайып семіртеді. Тоқтыларда соңғы екі айында қорада бордақылап, 7—9 айлығында жоғары және орташа қондылықта етке өткізеді
Жайып семіртуге және бордақылауға биязы жүнді оңтүстік қазақ мериносы қозылары, тоқтылары және жарамсыздыққа шығарылған саулықтары қойылды. 2003-2008 жылдары жайып семірту және бордақылау барысында әртүрлі жастағы, жыныстағы қойлардың тірі салмағының, ет тәріздес өнімдерінің, іш майының және ұша шығымының, ұшасының еттілігін қалыптастыратын ұлпалардың, өзгеру сипаттары зерттелді.
Жайып семіртуге дайындалған жас еркек тоқтылар топтары сәуір айында, ал қозылар тамыз айында қалыптастырылды, олардың өсіп жетілуін бақылау, көктемгі-жазғы, жазғы және күзгі кезеңдерде, тау етегіндегі, таудағы жайылымдарда жайып семірту барысында жүргізілді. Жайылымнан соң төменгі салмақтағы қозылар, жас еркек тоқтылар және кәрі саулықтар жеделдете бордақылауға қойылды .
2.3. Еркек тоқтыларды
көктемгі жайылымда бағып
Ғылыми негізде
Қойлардың ет өнімінің қалыптасуының көктемгі жайып бағу кезінде жете зерттелмегенін есепке ала отырып, көктемгі жайып семірту кезінде 2005 жыл-дың 5 сәуірінде «Қарабау» тәжірибе шаруашылығында оңтүстік қазақ мерино-сы еркек тоқтыларынан тәжірибелік қойылу салмағы 31,8 кг (жүнін есептеме-генде) тобы құрылды. Қырқым кезінде жүннің орташа салмағы 3,45 кг болды.
Жас еркек тоқтыларды суғару өзеннен таң ертеңгісін және күнің екінші жартысында жүргізілді.
Биязы жүнді тоқтыларды жаю таңертеңгі сағат 6-700-де басталды. Күндіз сағат 1200-де жайылым тоқтатылып, сағат 1500-ке дейін талдың көлеңкесінде демалыста болды. Сағат 1500-тен қойларды жайылымға шығарып, онда олар сағат 2100-2200-ге дейін бағылды.
20-күндік жайылым кезінде яғни 5-сәуірден 25-сәуірге дейін тау бөктеріндегі жайылымда биязы жүнді қойлардың тірілей салмағы 31,8 кг-нан 36 кг-ға дейін өсті, ал абсолюттік өсімі 4,2 кг болды. Биязы жүнді тоқтылардың бұл кездегі өсуі жедел түрде жүрді және орташа тәуліктік тірілей өсімі салмағы 210 г құрады.
Жайылым шөбінің өнімділігі сәуір айында 35 ц/га болды, бұл еркек тоқтылардың жедел өсуіне жағдай жасады. Осыдан кейінгі 34 күндік жайып семірту кезінде 29-мамырға дейін тау етегіндегі жайылымда еркек тоқтылардың тірілей салмағы 36 кг-нан 41,6 кг-ға дейін өсті. Бұл уақытта да тоқтылардың қарқынды өсуі жоғары дәрежеде болып, олардың орташа тәуліктік тірілей салмақ өсімі 165 г болды.