Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 21:32, доклад
Қазіргі таңда әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде туризм мемлекет кірісінің бірден-бір көзі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша, Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Туризм экономиканың басым салаларының бірі ретінде белгіленген. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерге байланысты қазіргі уақытта туризмді дамытуға ерекше маңыз беріледі.