Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:32, реферат
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.
Туристік шығындарды анықтау үшін
үй шаруашылықтарын «Үй
сапарлар саны;
өткізген түндер саны;
туристік сапарлардағы шығындар;
шетелге сапар кезінде Қазақстан Республикасы аумағындағы шығындар;
Іскерлік сапардағы шығындар.
Сонымен қатар халықаралық тәжірибеге
сәйкес 2010 жылы Туризмнің қосалқы
шоттарына ақпаратты
сұралған келушілер саны;
келушілер саны және оларды туризм типтері бойынша бөлу;
келушілердің сапарлардағы шығындары;
келушілердің туризм типтері бойынша шығындары;
келушілердің болу ұзақтығы бойынша шығындары;
сапарлар мақсаттары бойынша;
көлік түрлері бойынша.
Сапар кезінде немесе оған дайындық барысындағы жасалған келушілердің шығындары туралы деректер ТҚШ көрсеткіштерін қалыптастыру үшін де пайдаланылады.
Бұл іріктеме зерттеуді жылына екі рет (қысқы және жазғы уақытта) жүргізген орынды.
Туристік тұтыну нақты ел аумағында барлық келушілермен тұтынылған тауарлар мен қызметтердің құнын қосады. Бұл ең алдымен орналасуға, көлікке, тамақтануға, көңіл көтеруге, қаржылық қызметтер мен туристік қажеттіліктер үшін пайдаланылатын ұзақ және қысқа мерзімді қолдану тауарларын сатып алуға кететін жеке шығындар. Шығындар сапарға дейін және одан кейін, сондай-ақ ел ішінде әрі шет елге саяхат кезінде жүргізілуі мүмкін.
Туристік сұраныс туристік тұтынуды және соңғы тұтыну құрамдас бөліктермен байланысты қамтылмай қалған тауарлар мен қызметтерді қамтиды. Оларға мыналар жатады:
1) ұжымдық туристік тұтынуға мемлекеттік ұйымдарды шығындары – туризммен байланысты нарықтық емес қызметтер (авияцияны басқару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, курорттардағы санитарлық қызметтер және басқалар);
2) капиталдық салымдар
– туристік индустрия
3) экспорт – туристік
пайдалану үшін шетелге
Туризмнің статистикалық көрсеткіштері
туристердің тарапынан тауарлар
мен қызметтерге қосымша
Туристік бизнес – әлем шаруашылығында тез дамитын салалардың бірі.Халықаралық туризм – мұнай өндіретін және автомобиль өнеркәсіптерінен кейінгі үш ірі экспорттық салалардың құрамына кіреді.Қазақстандағы туристік қызмет нарығы экономиканың ең дамыған саласы болып табылады. Туризмнің ерекшеліктері – қызмет саласында атқарылатын жұмыс, сату формасы мен еңбек сипатына байланысты. Ал, туризм саласындағы бизнесті ұйымдастыру – тікелей тұрақты дамыған компаниялардың көрсететін қызметіне дұрыс, есеп жүргізуге байланысты. Осыған байланысты туристік қызметтің дамуы бухгалтерлік есеп саласында жоғары мамандандырылған қызметкерлерді қажет етеді.
Аудит – есептерге баға беру, ұйымның қызметіне және жағдайына байланысты фактілерге қорытынды баға беретін, тәуелсіз жоғары білімді тұлғамен жүзеге асырылатын қызметтің түрі. Ол ақпараттық тәуекелді төмендету үшін бағытталады, себебі қатысушыларға қаржылық есептерде жалған және дұрыс емес ақпараттар беруі мүмкін.
Туристік ұйымдағы аудиттің мақсаты – осы ұйымның ұйымдастыру қызметі, нормативтік-құқықтық және есепті-сараптамалық құжаттарының дұрыстығына аудитор (аудиторлық ұйым) қорытынды жасау үшін дербес тексеру жүргізу болып табылады. Туристік ұйым аудитінің алдында мынадай мақсаттары мен міндеттер бар:
- туристік ұйымның құрылымын терең бағалау;
- туристік ұйымның шығындары, шығыстары мен кірістері есебінің ақпараттық дұрыстығын тексеру;
- туристік ұйымның валюталық операциялар есебінің ерекшеліктерін зерттеу;
- бухгалтерлік есеп және басқару есебінің жағдайын жан-жақты немесе толық зерттеу;
- даму перспективаларын зерттеу;
- ұйымды тексеру және салық есебінің әдістемесін тексеру;
- аудиторлық қорытынды құру;
- есептік талдау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарын және бағыттарын құру. Туристік фирманы аудиторлық тексеру – бұл туристік ұйымның қаржылық жағдайына байланысты аудиторлық бағалау мен талдаудың дәлелдерін көрсетеді, сонымен қатар, аудитор өзінің қорытындысында осы экономикалық субъектінің бухгалтерлік есебі және бухгалтерлік есептілігінің дұрыстығын растайды. Экономикалық субъектінің нормативті актілерінің талаптары орындалмау фактілерін аудитор анықтаған жағдайда, яғни ол орын алса терең зерттеп, осы орын алған ережелердің орындалмауы бухгалтерлік есепкерліктің дұрыстығына қалай әсер ететінін бағалау керек. Аудитор нормативті актілердің талаптары орындалмау фактілерін аудиторлық қорытынды жасаған
кезде ескеруі қажет.Аудиторлық тексеру ерікті (ұйымның жеке басқару шешімімен, меншік иелерімен мақұлданады) немесе міндетті болуы мүмкін. Міндетті аудит ұйымның немесе жеке кәсіпкердің әр жылдағы бухгалтерлік есебін және қаржылық (бухгалтерлік) есептілігін міндетті аудиторлық тексеру болып табылады. Әдетте туристік ұйымдарда аудиторлық тексеру негізінен ерікті түрде болады, яғни жеке меншік иесі талабымен орындалады. Аудиторлық тексеру толық болуы мүмкін, яғни бухгалтерлік есептің барлық
бөлімдерін қарастырады. Егер аудиторлық тексеру жеке ұйымда болса, онда турфирманың басшылығымен мақұлданған есептің тек таңдалып алынған бөлімдері ғана тексеріледі. Туристік ұйымда аудиторлық тексеру жүргізу үшін тексерілуші тарапынан негізінен келесі құжаттар көрсетілуі тиіс: мемлекеттік тіркелу туралы куәлігінің көшірмесі, салық есебі және жылдық баланстың табыстары мен залалдары есебінің шешімдері туралы куәлік, олар тексеріп жатқан кезең туралы салық ұйымына ұсынылған түпнұсқада мөр басылған және қол қойылған болуы керек, жарғылық құжаттар, қолда бар лицензиялар мен бұйрықтардың көшірмесі, банктегі есеп-айырысу, валюталық және басқа да шоттар туралы мәліметтер, қол қоюға рұқсаты бар бірінші және екінші басшыны және бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі, лицензия мен рұқсаттың көшірмесі, аудиторлық тексеру жүргізуге рұқсаттар немесе басқа да құжаттар, ұйымның (мекен жайы) және оның құрылымдық бөлімшелерінің мекен-жайы туралы мәліметтер, есепті кезеңдегі тексеру кезіндегі есеп саясатының бұйрығының көшірмесі, бас кітап, барлық шоттар, есептер бойынша алғашқы құжаттар, аванстық есептер, есеп-айырысу туралы құжат, сатып алу туралы кітап, сату туралы кітап, келісім-шарттар, атқарылған жұмыстың актілері. Қазіргі таңда жалпы аудитта және ұйымның мүліктік, салалық түрлеріне байланысты аудитта көптеген әдістер қолданылады, бірақ туризм саласында әдістемелік зерттеулер аз. Туристік ұйымдарда негізгі құралдары, материалды емес активтері, ақша қаражаты, есеп- айырысу қаражаты, қарыз құралдарының аудиттік әдістемесі басқа саладағы мекемелердің аудиттік әдістемесімен бірдей. Бірақ туристік ұйымдарда өзінің ерекшелігі бар. Туроператорлар мен турагенттердің құқықтық және нормативтік реттелуі, кірістер мен шығыстары, валюталық операцияларының аудиттегі ерекшеліктерін қарастырамыз. Туроператордың – ұйымның құқықтық және нормативтік жүйесін тексеру барысында аудитор тексеріліп жатқан субъектінің заңдық актілерін, туристік фирманың қызметінің реттелуін, яғни белгіленген
ережелерді сақтайтындығын анықтайды. Туризмдағы туристік қызмет және бухгалтерлік есеп заңдармен және нормативтік құжаттармен реттеледі. Тексеру барысында аудитор турфирманың қызметі нормативтік құжаттарға сай келуін қарастыру керек. Туроперторлық немесе турагенттік қызметке лицензиясы бар
болуын міндетті түрде тексеру қажет, әріптестерімен және клиенттермен (туристермен) келісім-шарттарын тексеру. Туроператор – ұйым өзінің қызмет барысында сату, сатып алу, қонақ үй, тасымалдау, тапсырмалар, агенттік келісім-шарттар, сақтандыру қызметтеріне келісім- шарт жасау арқылы құқық алады. Аудитордың міндеті осы құжаттарда орын алған заң бұзушылықты және қарама-қайшылықты заң тұрғысынан бағалау. Ең бірінші кезекте келісім-шарттардың атауының мазмұнға сәйкестігін анықтау. Содан соң, барлық шарттардың орындалуы тексеріліп, оның Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тіркелген барлық келісім-шарттардың заңдылығы зерттелінеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкестігі тексерілуі қажет. Агенттік келісім-шарттарға сәйкес көптеген туроператорлар турагенттермен шаруашылық операциялар жүргізеді. ҚР Азаматтық кодексіне және «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес барлық баптар бойынша құжаттарды тексеру, олардың осы келісім-шартта көрсетілгендей жетілдіру жөнінде ұсыныстар
енгізу. Коммерциялық ұйымда жүргізілген тексеру нәтижелері жайлы ақпараттан тұратын негізгі экономикалық құжат – аудиторлық қорытынды болып табылады. Аудит барысында аудитордың іс-әрекеті аудиторлық тексерудің басты мақсатына жету – экономикалық субъектінің бухгалтерлік есебінің сенімділігінің дұрыстығына назар аудару. Осы пікір аудиторлық қорытындының мазмұнын құрайды.
Аудиторлық қорытынды –
құжаттарға сілтеме, - бұлар бухгалтерлік есепті құрудың және көрсетудің тәртіптілігін реттеуі тиіс; зерттелген шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есептілігінің сенімділігі жайлы аудиторлық ұйымның пікірі; аудиторлық қорытындының мерзімі. Қорытындыда аудит жүргізілген қатынасқа сәйкес экономикалық субъектінің бухгалтерлік есептілігі қосылып алынуы тиіс. Бухгалтерлік есептің негізгі ережелерін ұйымдастыру және жүргізу – шаруашылық субъектілердің бухгалтерлік есеп беру құрамын, мазмұнын, мерзімін және жолданым иесін, бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігін, олардың құқықтылығын, міндеттері мен жауапкершілігін мемлекет анықтайтынын; кәсіпорында бухгалтерлік есепті мемлекеттік реттеудің ұйымдастырылуы, оның жетілдірілуі мен оңтайландырылуына кең ауқымды құқық беруімен ұштастыратын; бухгалтерлік есеп ақпараттарымен ішкі және сыртқы қолданушыларды қамтамасыз ететін, өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануда бухгалтерлік есептің ролін үнемі арттыратын; мәліметтерінің талдамалы болуын қамтамасыз ететін; серпінділігі, методологиясы мен техникасы, бухгалтерлердің жұмысын ұйымдастыруда үнемі есеп процесінің жетілдіретін жалпы принциптерімен құрылады. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде туристік кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелері осы туристік кәсіпорынның иегерлерінің мүліктері мен міндеттемелерінен оқшауландырылуы; туристік кәсіпорын өзінің қызметін болашақта жалғастыруы және оның өз қызметін тоқтатуға немесе қысқартуға ойы жоқ, сондай-ақ міндеттері бекітілген тәртіпте өтелуі; есеп саясаты ұзақ мерзімге (бір қаржы жылынан көп) қалыптастырылуы және бір есеп жылынан басқа есеп жылында қолданылуы; бухгалтерлік есепте шаруашылық қызметтеріндегі фактілер (шығыстары мен кірістері), сол есеп мерзімінде сәйкес көрсетілетілуіне және фактілерге байланысты ақша қаражаттарының нақты түсу мерзімінде тәуелсіз бухгалтерлік есепте көрсетілетін «ақша есептеу» принципін сақтауы қарастырылады. Туристік кәсіпорында есеп саясаты туристік кәсіпорындардың экономикалық
өміріндегі барлық фактілерді екі жақты жазба әдісімен дер кезінде және толық көрсетуді; өзінің іс-әрекетінде абайлампаздықты танытуды және кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығына өзінің іс-әрекетімен залалын тигізбеуді; әрекет етуші кейбір ережелерді формальды түсінуде құқықтық және экономикалық көзқараста болуды; аналитикалық шоттардағы дебет және кредит бойынша айналымдарында бастапқы және соңғы қалдықтарының және оларды синтетикалық шоттара біріктіретін дебет және кредит
айналымдары бойынша теңдіктің сақталуды; есеп беруді құру және қаржы нәтижелерін шығару мақсаттары үшін есеп және есеп беру кезеңдерін (мысалы, ай, тоқсан, жарты жылдық және т.б.) шектеуді; есеп беру көрсеткіштернің құрамында тәуелсіз салыстырылымдылықтың болуын; туристік кәсіпорындардың спецификалық есебімен бухгалтерлік есеп жүргізудің үнемділігі мен тиімділігінің болуымен қамтамасыз етеді. Есеп саясатын қалыптастыру жауапкершілігі туристік кәсіпорындар басшысына жүктеледі, ал есеп саясатының қабылдануы немесе бекітілуі бұйрықпен рәсімделеді. Туристік кәсіпорындарда есеп саясаты қолданатын есеп регистрларын таңдау, оларда бухгалтерлік жазулар жүргізу (бухгалтерлік есеп формалары); бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары негізінде шоттардың жұмыс жоспарын құру – турөнімді өндіру және сату технологияларына байланысты синтетикалық шоттар мен қорытынды есептер санын шектелген түрде қолдану; алғашқы құжаттардың типтік формаларында қарастырылмаған шаруашылық операцияларын, сондай-ақ ішкі айналымында жүргізілетін құжаттар үшін формаларды рәсімдеу; құжаттар айналымын жүргізу ережесі; түгендеу жүргізудің тәртібі; тауар-материалды қорларды бағалау әдісін құру; негізгі құралдар,