Туризмдегі классификацияның мәні, түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 19:57, реферат

Описание работы

Туризм қозғайтын мәселелердің ең маңыздыларының бірі – қызмет көрсету және қонақжайлылық. Туризм индустриясына қажет кәсіптер саны өте көп. Бірақ, туризм саласындағы жұмысшылардың барлығына тән қасиет - кез келген уақытта адамдармен қарым-қатынас жасау. Сондықтан туризм саласында жұмыс істегісі келген тұлға шыдамдылық, төзімділік пен тез тіл табысу сияқты қасиеттерге ие болу керек. Туризммен байланысты көп мамандықтарда шет тілдерін меңгеру маңызды рөл атқарады. Шет тілдерін меңгеру деңгейі кәсіпорын жұмысын жандандыруда, дамытуда пайдасы зор, оған еш күмән жоқ. Қазіргі таңда туризм саласында туристік агенттіктерде мол тәжірибе жинақтаған әйелдер көп қызмет жасайды.

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

       

                     3.Қазақстандық туризм классификациялары     Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы., Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауд.) Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба а-нда — Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында — Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында — Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында — Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелi орындар бар.      Қазақ халқының азаттық күресi жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгiсi мемориалдар мен ескерткiштерде көрсетiлдi. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткiштерi (Алматы обл.) Қордайдағы (Жамбыл обл.) Өтеген батыр, Ақтөбедегi Есет батыр, Солт. Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткiштерi, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткiштерi, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздiң басын қосқан жер, тарихи орындар ретiнде Жошы және Алаша хан кесенелерi, Алматыдағы тәуелсiздiк монументi, Астанадағы үш би ескерткiштерi қастерлi орындар санатында туристiк нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткiштер қатарына: Қозы Көрпеш — Баян сұлу, Еңлiк-Кебек кесенелерi, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейiсова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, I.Жансүгiров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелiк орындар жатады. Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысының Жасыбай көл жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығ. Қазақстан обл. Бұқтырма бөгенi жағасындағы “Алтай мүйiсi”, Орал қ. Жайық өз. маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгiлi туристiк маңызы бар зоол., ботан. қорықтар да жеткiлiктi. Оларға Алматы қорығы (кешендi), Iле атырауы (зоол.), Тарбағатай (зоол.), Жалтыркөл (зоол.), Ұлытау (зоол.), Бетпақдала (зоол.), Қарақия-Қаракөл (зоол.), Зерендi (зоол.) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты — палеонтол.) және Шарын өз-ндегi “Шетен тоғайы” (ботан.), Күмiс қылқанды орман (ботан.), Жаманшық тауы (геморфол.), Айғайқұм, Әншiқұм (геоморфол.), Жаңғақ тоғайы (ботан.), Бүркiттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрол.), т.б. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар ХХ ғасырдың 20-30 - жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қаласында тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк қорымында (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды. Туризмнiң бұл түрiне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнiң бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкiнiң сегiз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтiп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс еттi. Сол жылы Алматыдағы Жетiсу губ. мұражайдың жанынан Бүкiлодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кiсiлiк “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слетi өттi. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi орналасты. Ұлы отан соғысынан кейiн “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсендi демалысы мақсатында 1952 ж. Қазақстанда Туристiк-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 ж. Алматыда Респ. жас туристер ст. ашылды. 1960 ж. кәсiподақтардың Қазақ респ. кеңесi жанынан туризм жөнiндегi респ. басқарма ұйымдастырылды. 1962 ж. Туристiк-экскурсиялық басқарма Туризм жөнiндегi кеңес болып қайта құрылды. 1965 ж. Қазақстанда респ. және 5 обл. (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент) туристiк кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды. 1950 — 60 ж. Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмi, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесiнде туристiк нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмдi дамытуда үлкен үлес қосты. 1958 ж. Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шеберi атағы берiлдi. 1970 ж. құрылған Туризм және саяхатшылықтың респ. кеңесi туризмнiң одан әрi дамуына әсер еттi.1971 — 75 жылдары Қазақстанда туризмнiң материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристiк ұйымдар көбейдi, жаңа туристiк базалар мен мейманханалар пайдалануға берiлдi. 1978 ж. Қазақстанда экскурсия мен туризмнiң респ. кеңесi және 14 обл. кеңес, 17 туристiк база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристерiне қызмет көрсететiн 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қ-ларында туристiк автомоб. базалары құрылды. Туристiк базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жеттi.       1988 жылы туризм құрылымында бiршама өзгерiстер болды. Жаңадан туристiк экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмiнiң дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездiбаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсiздiк алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көштi. 1993 ж. Қазақстан Дүниежүзiлiк туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 ж. Қазақстан Республикасының Ұлы Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 ж. 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристiк саланы дамытудың бiрiншi кезектегi шаралары, туристiк қызметтi лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет етедi.                      2002 жылы республикада 430 туристiк ұйымдар, фирмалар мен әр түрлi бюролар жұмыс iстедi. Оларда 6 мың адам, оның iшiнде 1500 кәсiптiк экскурсия жүргiзушiлер (гидтер) қызмет көрсетедi. Қазақстанның туристiк фирмалары дүние жүзiнiң 80-ге жуық елiмен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндiстанға, Түркияға, Бiрiккен Араб Әмiрлiгiне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлiк әуе рейстерiн жолға қойған.      Қазақстанда туризмнiң барлық түрлерi (танымдық, ойын-сауық, этн., экол., денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргiзiледi. Бұл үшiн Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгiленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлi категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетедi. Мыс., Алматы қ-нда қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есiк”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi. Астанада 30 туристiк фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың iрiлерi: “Окан — Интерконтиненталь Астана”; “Комформ — Отель Астана”, “Турист”, “Есiл”, “Жiбек жолы”, “Алтын дала”, т.б. Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетiнде, Алматы мемлекеттік университетiнде, Қазақ Ұлттық университiнде, “Тұран” университетiнде, т.б. жоғары оқу орындарында дайындалады.        Қазақстандағы қорықты аймақтарға қызығушылық танытқан туристердің саны барған сайын арта түсуде. Велосипедті туризм, атты туризм және су туризмі сынды туризмнің ұйымдасқан түрлері дамып келеді. Арнайы ұйымдастырылған саяхаттардың саны 2003-жылы 785 болса, 2004-жылы бұл көрсеткіш 1330 -ға дейін 1,7 есе өсті. Бұл туралы KZ-today тішісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.      Туристік топтар үшін саяхаттар ұйымдастырумен шұғылданатын қызметкерлер 1330 саяхат ұйымдастырып, оған 244,7 мың турист қатысты. Зерттеуге қатысқан туристік мекемелер жиҺанкездердің сапарынан 20 млн. теңге көлемінде пайда тапты.  2004-жылы елімізде төтенше қорғаудағы табиғи аумақтар саны 20-ға жетіп, 2003-жылғымен салыстырғанда 11 процентке өсті. Олардың 10-ы (50%) - мемлекеттік табиғи қорықтар, 8-і (40%) - мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, 2-і (10%) - мемлекеттік табиғи резерваттар.[3]          Әлемде туристік қатынастардың шарықтай өскендігі соншалық, 2010 жылы 1 млрд. адамға жетіп отыр. Ал мамандар 2020 жылы туристік қатынастар 2,5 млрд. адам қамтиды деп күтілуде.     Біздің елімізде туристік саяхат 1870 жылдан бастау алады. Солтүстік Тянь-Шань, Ыстықкөл маңының тамаша табиғатына қызығушылық сол мезгілден өріс алса да, бүгінге дейін қалыптасқан жүйенің болмауы әрине қынжылтады. Елбасының «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» – деп аталатын арнайы қаулысы қабылданса да, оң өзгерістер аздық етіп отыр. Бүгінгі таңда туризм саласында 40 туристік бағыттағы әр түрлі деңгейдегі кәсіпорындар лицензия алса, соның 21-і жұмыс жасап тұр. Оның 31-і турагент, 7-і тур оператор, 2 туризм нұсқаушысы. Туристік саладан көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 2007 жылы 4 млрд. болса, 2008 жылы 7 млрд. теңге, 2009 жылы 7 млрд. теңгеден асып отыр. Сонымен қатар Атырау облысының жағымды туристік бет бейнесін қалыптастыру және туристерді көптеп тарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Сала өкілдері жыл сайын республика көлеміндегі және шет елдерде өткізіліп жүрген туристік шараларға, көрмелерге ұдайы қатынасып жүр. Биылдың өзінде Алматы, Астана, Ақтөбе, Талдықорған қалаларында туристік жәрмеңкелер өтіп, мол бағыт бағдарлар алдық. Қыркүйек айында Токио қаласында халықаралық жәрмеңке өтті. Осындай жиындардан байқағандарымыз бен түсінгендеріміз, көңілге түйген ойларымыз баршылық.    Бүгінгі таңда туризм саласында әлемді таңдандырып отырған Түрік елінде 1983 жылға дейін жөнді ештеңе болмапты. Өз елінің қамын ойлаған ел президенті Торгут Озал 200-ден аса қалталы азаматтарды өзіне жинап, көрікті жағалауларды, ыңғайлы-ыңғайлы жерлерді талап-тілек, жоспарларына қарай бөліп берген. Осы алынған жерлерді дұрыс пайдалануын қатты қадағалап отырып, үкімет қайтарымсыз несие берген. Игеріле бастаған жерлерге инженерлік құрылымдар мен жол тораптарын салуды үкімет өз мойындарына алған. Осы жерлерге туристер тарту үшін туроператорларға да толық жағдай жасап, қайтарымсыз несие бөлген. Осындай көрегендік саясаттың негізінде Түрік елінің бүгінгі қаржы көлемінің 35%-ын туризм толтырады екен.[3]      Атырау облысы да туризмді дамытуда келешегі зор өңірлердің бірі саналады. Географиялық орны Азия мен Европа арасында болғанының өзін ұтымды пайдалануға болар еді. Осы жұмысты жан-жақты сараптай отырып, экономиканың дамуы, инфрақұрылымның, мәдениеттің дамуы, жаңа технологияларды пайдалануға туристік өлкетанымдық және экскурсиялық қызметтерді өркендету мақсатында «Шебер жоспар» деп аталатын құжат дайындалды. 2010-2012 жылдарға арналған Атырау облысындағы туристік кластерді құру мен дамытудың «Шебер жоспарын» облыс әкімі 2009 жылғы 10 желтоқсанда 318 а санды қаулысымен бекітті. Бұл құжатта облыс орталығынан 50 шақырым қашықтықта қазақ халқының көне тарихын көрсететін болашағы зор туристік маршруттардың бірі – «Хан Ордалы Сарайшық» мемориалдық кешенін дамыту оны халықаралық талаптарға сай туристік база ретінде тұрғызу жоспары бар. Сарайшықты сақтау және осы өңірде туризмді жан-жақты дамыту мақсатында Кореяның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің сарапшылары жердің туристік әлеуетіне зерттеу жүргізіп, Сарайшықты дамытуды көздейтін жоспар жасақтады. Оны іске асыру үшін «Керуен-сарай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен Сарайшық мемориалдық кешенінің жанында орналасқан «Қазына тал» учаскесінде туристік орталық салу инвестициялық жобасы ұсынылды. 
        Аудандарымызда да мән беріліп, күш салынса туристік орталық болғалы тұрған нышандар баршылық. Мысалы, Жылыой ауданындағы «Қамыскөл», Индердегі тұзды көл, оның шипалы балшығы, Еркінқала ауылы жанындағы «Жасыл арал», Каспий теңізінің ен жағалауы. Сонымен қатар жұрттың көзайымына айналған Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзені бойы. Тылсым табиғат, арнасы ай нұрындай жарқыраған, жағасында құба талдар шашын өріп, тұтасып өскен орманы мүлгіген осы өлке біздер үшін Швейцария емес пе? Қиғаштың «француздар дем алатын жер» аталып кеткен сұлу тұсын үлкейтіп, инфрақұрылымын жақсартса 5-10 күндік қысқа демалыстар үшін таптырмайтын орталыққа айналар еді. Туризмнің түрлері көп. Мысалы, мәдени-танымдық туризм, сауықтыру туризмі, балалар-жасөспірімдер туризмі, экологиялық туризм, спорттық-оқиғалық туризм, экстрималды туризм, іскерлік туризм, тағысын тағы болып бөлінеді.            Бүгінгі таңда келуші шетел азаматтарының саны жыл сайын өсуде. Атырау өңірінде шамамен әлемнің 50-ден астам елінен 480 ірілі-уақты компаниялар жұмыс жасауда. Көптеген шетел және бірлескен компанияларды материалдық-техникалық базалары жоғары деңгейде, олардың облыс көлеміндегі туристік нышандарға экскурсия жасайтын автобустары, жеңіл көліктері бар. Сол себептен де шығар, туристік нышандарға келушілердің 70%-ы облыста қызмет бабымен жүрген шетел азаматтары.         Облысымызда туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатында анықталған жобаларға инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен туризм инфрақұрылымын дамыту жөнінде бірнеше рет келіссөздер жүргізіліп, олардан туристік базалар салу қажеттілігі жөніндегі ұсыныстар алынды.       2010 жылы жеке инвестиция есебінен Атырау қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан Ақжар селосының жанында «Релаксация» ЖШС-і туристік база салуға жер телімін жалға алу үшін жұмыстанып жатыр. Сонымен қатар, Исатай ауданының Каспий теңізі жағалауында қонақ үй салуды жеке кәсіпкерлер жоспарлауда. Ол нышан облыс орталығынан 170 шақырым жердегі Забурын селосына жақын орналасқан.      Қазақ халқының тарихында соңына өшпес із қалдырған тарихи тұлғалар мен әулиелер аз болмаған. Мысалы, Махамбет батыр кесенесі, Мұрат Мөңке ұлы кесенесі, Құрманғазы баба туылған Сағырбай қыстауы маңы, жұмбақ сыры ашылмаған Құрманғазы ауданындағы «Бесшоқының үңгісі», Индер тауы, «Тұзды көл», Мақаш кесенесі, «Ақ мешіт» тарихи орны, Жылыой ауданындағы Ақкерегешін, Ақтолағай үстірттері, Иманқара тауы, тағы басқаларын мақтан етеміз. Туризм ел мен жерді, өткен тарихыңды, ертеңгі келешегіңді, қысқасы өзіңді жұртқа таныстыру, ордалы Отаныңды ұлықтау. Кәсіп көзін іздеген замандастарымыз осы әңгімеге құлақ түрсе деген тілегімді білдіремін. Мемлекеттен бөлініп жатқан несиелерді алып, қос алақанын ысқылап, білек сыбана кірісетін іскерлер табыла берсе.   Тағы бір келелі мәселе – эко оқиғалық туризмді жақсарту жұмыстары 1999-2002 жылдары арасында Жайық өзенінің сағасында спорт әуесқойлық туризм (рекрециялық) бойынша «ұстап-жіберу» балық аулау кәсіптік турлар ұйымдастырылып отырылды. Туристік ұйымдар Германия, Австрия, Бельгия, Югославия, Венгрия, Англия елдерінен туристер қабылдап, туризмнің бұл түрінен шет елдерге кеңінен таралып, танымал болды. Бірақ бұл жұмыстар кейін жайына қалды. Туризмнің бұл түрін қайта қалпына келтіру үшін қазіргі уақытта заман талабына сай жабдықталған «бранд-вахта» сатып алып, Жайық өзенінің сағасына орналастыру қажет. Сол сияқты «Аңшылар мен балық аулаушылар» қоғамдық бірлестігінің «Қиғаш» базасын 16 орындықтан 30 орынға дейін үлкейту жаңа туристік база жоспарлау секілді жұмыстар бар. Ол жерде туристік база салу үшін Құрманғазы ауданындағы Утера ауылына дейін көлік-жол инфрақұрылымын дамыту қажет.           Биылғы жылы университеттің осы мамандықтар бойынша алғашқы 60 түлегі ұядан ұшады. Айтылған әңгімелер мен жоспарлар іске асып, біздің түлектеріміз сол саланы көркейтуге ат салысса деген тілегіміз бар.    Атырау облысының өзінде-ақ туризм саласын кең көлемде дамытудың үлкен мүмкіндіктері бар екен. Оны дамытуға тек жергілікті азаматтар тарапынан талап пен іскерлік, ұйымдастырушылық болса деп ойлайсың. Себебі жер байлығы дегеніміз ол елдің атын шығара алмайды. Ол ертең таусылады, содан соң бәрі ұмытылады. Ал, ұмытылмайтын бір нәрсе бар, ол – әр елдің, әр жердің өзіне тән құндылықтары. Ондай құндылықтар біздің Атырауда да көп. Тек қана көрсете білейікші…     Енді ШҚО қарастырсақ. Шығыс Қазақстан облысында 47 туристік фирма жұмыс істейді. Соның ішінде 22-сі – туроператорлық, 24-і – турагенттік және 1-і - өзге де туристік қызметпен айналысады. Одан басқа, 12 жеке кәсіпкер туристік қызмет көрсетумен айналысады. [3]    Туристік қызмет субъектілерімен көрсетілетін қызметтер көлемі 159,8 млн. теңгені құрайды. Соның ішінде турфирмалар - 152,0 млн. теңгеге, туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер - 7,8 млн. теңгеге қызмет көрсетеді.[3]            Ішкі туризм бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 112,0 млн. теңгені (туристік қызметтердің жалпы көлемінің 70,1%-ы), шығу туризмі бойынша - 21,0 млн. теңгені (13,1%), келу туризмі бойынша - 26,8 млн. теңгені (16,8%) құрайды. Туристік фирмалар көрсеткен қызметтер көлемінен ең жоғары үлестік салмақ экскурсиялық қызметтерге келеді.[3]     Туристік фирамлармен және жеке кәсіпкерлермен орта есеппен 62,6 мың келіп-кетушіге қызмет көрсетіледі, соның ішінде облыс аумағына 1,3 мың адам келсе, кетушілер 9,0 мың адамды  және ішкі саяхаттаушылар саны 52,3 мың адамды құрайды.          Облыс бойынша саяхаттаушылардың негізгі мақсаты демалу болып табылады: келгендердің 63,7%-ы және ішкі туристердің  97,6%-ы осы мақсатта саяхаттайды. Кету туризмінің негізгі мақсаты болып табылатын шоп турлар 72,8%-ды құрайды.[3]         Облысқа келетін туристердің жалпы санынан 69,7%-ын - Ресей Федерациясының, 5,3%-ға жуығын - Түрік, 4,3%-ын - Канада, 4,1%-ын – Корей Республикасының, 3,7%-ын - Германия, 2,7%-ын – Қытай, 2,5%-ын - Франция, 1,4%-ын - Испания, 1,1%-ын - Италия, 0,8%-ын – Бельгия азаматтары құрайды; Шығыс Қазақстанға  Аргентинадан, Чехиядан, Финляндиядан, Грециядан, Үндістаннан, Жапониядан, Нидерландыдан, Польшадан және АҚШ-тан  (2-ден 7 туриске дейін) туристер келеді.    Облыстан кетуші туристер Қытайға (кеткендердің 75,5%-ы), Түркияға (9,1%), Таиландқа (2,8%), Біріккен Араб Әмірліктеріне (2,4%), Египет пен Ресей Федерациясына (2,1%-дан),  сондай-ақ алыс шетелдің 26 еліне және ТМД-ның (Украина) 1 еліне барғанды жөн көрді.[3]       Шығыс Қазақстандағы туризм экономиканың дамуындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді, оны турфирмалар мен қызмет көрсетілген туристер санының серпіні көрсетіп отыр. Егер 2006 жылы облыста жұмыс істеп тұрған турфирмалар саны 39, 2007 жылы – 40 бірлікті құраса, 2008 жылы – 47 бірлікті құрады. Олармен тиісінше 28,6; 41,4 және 62,6 мың туриске қызмет көрсетілді. Көліктік қызметтерді, жол шаруашылығын, байланыстың болуын, АЖҚС желісін, автомобиль сервисінің және қоғамдық тамақтандыру сияқты туристік сервистің тұтас жүйесін құру біздің облысты республикадағы бірден-бір туризмге қолайлы өңірге айналдыруға мүмкіндік береді.        

Туризмнің негізгі атқаратын 4 мақсаты аталады, олар:  1.Сауықтыру (рекреациялық);       2.Танымдық  (экскурсиялық, топтық серуен);     3.Іскерлік;          4.Ғылыми (зерттеу жұмыстары).                          Топтық серуендер: а) мәдени-тарихи объекті б)табиғи объекті.                     Табиғи объектілерге:          -таулы аудандар (Ақсу-Жабағылы, Марқакөл).      -өзен-көл маңы (Алакөл , Қорғалжың)       -орман (Наурызым).          -құмды дала (Үстірт, Мойынқұм).        -жартастар (Таңбалытас,Қаратау).

Ал көлік  түрі бойынша автомобиль,темір жол,теңіздік,ауа арқылы,өзен бойымен саяхат жасау бар.Сонымен қатар туризмнің дамуы соңғы кезде кез-келген елдің экономикасының табыс табу көзіне айналуына байланысты оның дамуына әр мемлекеттің өз бағдарлама-мақсаттарына үлкен маңыз береді. Дүние жүзі бойынша туризм жылына 500 млрд. доллар табыс береді. Бірінші орынды АҚШ алады, одан соң Батыс Еуропа елдері кіреді (Испания, Франция, Италия). Ал 2000 жылы дүние жүзілік туристік ұйым (ДТҰ)698 млн. туристердің халықаралық саяхат жасауын тіркеді. Туризмнің маңызы тек экономикаға тікелей әсер етуімен шектелмейді. Әр мемлекет өз елінде туризм индустриясын дамытуға ұмтылатын себебі:біріншіден,халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолының бірден-бірі осы туризм саласы; екіншіден, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда, яғни бейбітшілікті нығайтады. Қазіргі кезде туризм ғаламдық сипат алды. Туристік лектер материалдық байлықпен бірге, еңбек ресурстарының, ақпараттың өзара қарым-қатынасын жақсарта түседі. Қысқа мерзімде туризм саласы әлемдік кеңестікті жаулап алды, ал ДТҰ болжамы бойынша 21 ғасыр туризм ғасыры болмақ.. Ал саясатта соңғы жылдары өте үлкен өзгерістер болғаны мәлім:            -Кеңес Одағының ыдырауы, орнына егеменді 15 мемлекет құрылуы;  -постсоциалистік мемлекеттерде өмірлерінің барлық жағынан өзгерістерге ұшырауы;           -Варшава келісімі ұйымының қызметінің тоқтауы;     -«суық соғыс» кезеңінің аяқталып, ғаламдық «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» жүйелерінің өзара қарым-қатынас орнатуы;   -Германия мемлекеттерінің бірігуінен экономикалық потенциалының өсуі;              -Югославия федерацияның ыдырауы, тәуелсіз 5 мемлекеттің құрылуы;            Аталған саяси оқиғалар туризм саласының жаңа деңгейде, жаңа бағытта дамуына үлкен әсер еткендігін аталған саяси оқиғалар нәтижесінде тоталитарлы режимді бұрынғы социалистік елдерде демократиялық өзгерістер мен елдің дамуы бағыты рыноктық экономикамен байланысты болғандықтан, аталған елдердің азаматтары халықаралық туризм саласының күрт өсуіне ықпал етті. Постсоциалистік елдердің азаматтары батыс  әлемі мәдениетімен, тарихи-архитектуралық ескерткіштермен, әсем табиғат өлкелерімен танысып, серуендеп, демалып, саясат жасау мүмкіндіктеріне ие болды.Қазіргі уақытта аталған елдер әлі де өзгерері сөзсіз- әр мемлекет қазір азаматтарының әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөліп, арнайы әлеуметтік саясат ұстанды. Сондықтан жақын 5-6 жылда постсоциалистік елдер туризм лидері Франция, Испания, Италия; АҚШ-пен қатар дамитындығы соңғы уақыттағы осы елдерде жүргізілген мониторингтерден көрінуде. Әсіресе Польшаға саясат жасаушылар саны күннен-күнге өсуде. Бұл да Польша мемлекетінің экономиканы дамытудағы ұстанған саясатын және әлемдік қауымдастықтар арасындағы саяси келісім-шарттар мұрындық  болып отыр.  «Демалу-адамдардың  өздерінің  қызметі (туризм, саяхаттар, санаториялық –курорттық  ем  алу)  мен  бұған  көмектесетін  мекемелердің қызметінен (баспана  беру, тамақтану  мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады. Мұның бәрі жалпы  түсінікке-рекреацияға бірігеді. Оның негізгі мақсаты-еңбек ету процесінде жұмсалған күшті қалпына келтіру».  «Рекреация рухани дүниені байытып,адамның көзқарасын кеңейтеді.Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет:1) «өркениетті» дем алыс қымбатқа түсетіндіктен,адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек;2)рекреациялық қор және;3)рекреациялық шаруашылық болуы шарт.Халықтың кіріс деңгейі өсіп келеді.Бұның өзі елімізде туризм дүрбелеңін тудырады».           Ал біздің елімізде рекреациялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік кіреді. Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді.    «1990 жылдардың басында иесіз қалған демалыс базаларының көбі қалпына келтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонақ үй мен тау шаңғысы базалары салынып, жаңа ұлттық парктер («Бурабай», «Шарын каньоны», «Қатонқарағай») ұйымдастырылды».      Рекреациялық  қорлардың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени-тарихи  қорлар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем жерлер: сарқырамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар (яғни, табиғат ескерткіштері) жатады. Бұл қорлардың құрамдас бөлігі қолайлы климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді. Мәдени-тарихи қорлар адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен храмдар, тасқа қашалған суреттер, сәулет құрлыстары, мұражайлар-бұлардың бәрі Отанымыздың мәдени мұрасын құрайды.    Ал Жамбыл облысының рекреациялық қорлардың құрамына минералдық бұлақтарда емдік курорттар құрылған (Меркі шипажайы, Т.Рысқұлов, Бөбек).Су тоғандары (Талас,Аса, Шу, Теріс-Ащыбұлақ) шомылу жағажайлық демалыс зоналарына айналуда. Таулы аймақтарда саяхат пен туризм кең таралған (Қырғыз Алатауы, Қаратау жотасы). Тараз қаласы танымдық туризм орталықтарына айналуда.       Біздің ұлан-байтақ еліміздің әсем табиғаты мен көп ғасырлық тарихымен бірге қалыптасқан рекреациялық қорлары өте мол, әлі толық зерттеліп біткен жоқ.           Біздің кең-байтақ Отанымызды ойша шолсақ, оның әр түкпірінен рекреация үшін пайдалануға болатын табиғат пен мәдениет ғажайыптарын табуға болады.            Қазақстанның Орталығындағы ертегідегідей әсем өлке – Қарқаралы  таулы-орман сілемдері ұлттық парк болып жарияланған.Оның солтүстігінде емдік балшықтың еліміздегі ең үлкен қоры бар Қарасор көлі орналасқан. Ал, Алматы облысымен шекаралас оңтүстігінде балық аулауды, суға шомылуды сүйетіндерге етене таныс Балқаш көлі орналасқан.    Оқушылардың туристік таңдауын анықтау мақсатында 2006 жылы  Түркістан шаһарына алғаш рет сапар шеккен оқушылардан сұрау жүргізілген.. Әр жердің тарихын танып білу үшін олар гид-жолсеріктерімен бірге барған. Гид-жолсеріктері  жердің және тарихын түсіндірді. Ең алдымен киелі Тараз қаласындағы «Айша-бибі», «Қараһан баба» кесенелеріне жол тартты. Содан соң Түркістан қаласына барып саяхат жасады.Ол жақта  «Қожа Ахмет Иасауй», «Есім хан» кесенелерімен танысты.Саяхат өте сәтті аяқталд 

            4.«Туристік таңдау» атты сауалнама нәтижесі:

  1. Сіздің отбасыңыз  жазғы демалысты қалай өткізгенді қалайды?            

а) 10оқушы ешқайда  бармайды (үйде болады); ә) жақын маңдағы  елді мекенде (саяжайда,бақшада) жауабына 31 оқушы жауап беріп басым түсті.

2. Демалыстың  қай түрін ұнатасыз?       а) жауабына 34 оқушы белсенді туризм,саяхатын таңдады; ә) жауабына 4 оқушы белсенді емес-демалыс үйі (базасы), санаторий жауабын таңдады.

3. Егер сіз  немесе сіздің отбасыңыз саяхат  жасаумен әуестенетін болса,оның  қай түрін таңдар едіңіздер?      а)жауабын 2 оқушы жаяу жүруді таңдады; ә)жауабын 18 оқушы автомобильмен жүруді таңдады; б)жауабын 13 оқушы су көлігімен саяхат жасауды таңдады; в)  темір жолмен жауабын ешкім таңдамады; г) жауабына 6 оқушы ұшақпен саяхат кешуді таңдады.

4. Қандай табиғат  кешенінде демалғанды ұнатасыз?    а) шөлді жерде жауабын бір оқушы таңдады; ә) шөлейтті жерде дем алғанды жауабын ешкім таңдамады; б) далалық жерде жауабын ешкім таңдамады; в) орманды дала жауабын 4 оқушы таңдады; г) таулы өлке жауабын 11 оқушы таңдады; д) теңіз жағалауында жауабын 23 оқушы таңдады.

5. Өз саяхатыңызды  қалай ұйымдастырасыз?     а) өз бетімше жауабын 15 оқушы таңдады; ә) туристік ұйымдар жауабын 9 оқушы таңдады; б) жауабына 14 оқушы басқа жауап нұсқасын таңдады.

Қорытынды: көріп  отырғанымыздай жас жеткіншектер танымдық туризм  түрін таңдап,  туған  өлкесін, мәдениетін, салт-дәстүрін білуге-көруге ынтық оларды зерттеуге үлкен қызығушылық танытады. Туризм танымдық мақсатта ғана емес тәрбиелік мәні зор екенін көз жеткіздік. Сондықтан болашақ ұрпақты тәрбиелеуде экономиканың туризм саласының рөлі зор.[4]   

                                   Қорытынды

Жоғарыда  айтылған талдауларға байланысты туризм классификациясының үлкен ғылыми және практикалық мағынаға ие екені айқындалады. Әлемдік туристік айналымның ұғымын терең анықтауға мүмкіндік береді. Туристік қызметтердің сапасы мен көлеміне қойылатын талаптардың өзгеруіне, туристік кәсіптің жаңа формаларының пайда болуына байланысты үнемі өзгерісте болады. Соның дәлелі ретінде қазір халықаралық туризм тәжірибесінде туризмнің жаңа түрлері (парадорес, таймшер, ауылдық туризм) қарқынды даму үстінде.         Ішкі туризм бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 112,0 млн. теңгені (туристік қызметтердің жалпы көлемінің 70,1%-ы), шығу туризмі бойынша - 21,0 млн. теңгені (13,1%), келу туризмі бойынша - 26,8 млн. теңгені (16,8%) құрайды. Туристік фирмалар көрсеткен қызметтер көлемінен ең жоғары үлестік салмақ экскурсиялық қызметтерге келеді.     Туристік рәміздеріміз-атақты Хантәңірі шыңы, табиғаты ғажап Шарын каньоны, «Әнші шағылдар». Елді таңдандыратын Солтүстік Тянь-Шань тауларының қар басқан шыңдарының табиғаты әсем. Мұнда «Медеу» мұз айдыны («Әлемдік рекордтар ұстаханасы»)  мен дүниежүзілік дәрежедегі Шымбұлақ тау шаңғысы курорты орналасқан. Оңтүстікте әлемге әйгілі «Алтын адам» мен ЮНЕСКО тізіміне енгізілген жартастағы Таңбалы тас  суреттері бар. Іле Алатауының етегінде еліміздегі ең ірі рекреациялық орталық- Алматы созылып жатыр. Көптеген туристер «Көне Тараз ескерткіштері» мен Отырар мұражай-қорықтарына, «кіші түрік Меккесі»-Түркістанға келеді. Оның нысандарының бірін алғаш рет ЮНЕСКО әлемдік мәдениеттің жетістігі деп бағалады.         Біздің ұлан-байтақ еліміздің әсем табиғаты мен көп ғасырлық тарихымен бірге қалыптасқан туристік нысандар қорлары өте мол.   Біздің кең-байтақ Отанымызды ойша шолсақ, оның әр түкпірін табиғат пен мәдениет ғажайыптарын табуға болады.             

 

 

 

 

  

                                            Жоспар

Кіріспе

1.Туризмдегі  классификацияның мәні, түрлері.                          2.Туризмнің жұмыс істеу формалары                       3.Қазақстандық туризм классификациялары       4.«Туристік таңдау» атты сауалнама нәтижесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

                       Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ердавлетов С.Р. География туризма. История, теория, методы, практика/ Алматы, 2003, 257 б.
  2. Дуйсенгалиев Т. Тернистый путь отечественного туризма // 2001, 177 б.
  3. «Туристік классификация»// http:Google.kz
  4. «Туристік таңдау»/ http://www.egemen.kz

 

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ                                                                          ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ                                                                                                 «ТУРИЗМ» КАФЕДРАСЫ

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

 

                                                                          Орындаған: Дүйсенбеков С.С.

                                                           Тексерген: Муканов А.Х.

 

 

 

 

 

 

                                     

                                       

                                          Астана,2010жыл


Информация о работе Туризмдегі классификацияның мәні, түрлері